Мемлекет ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 20:47, реферат

Краткое описание

Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы
бар: басқару түрі, саяси тәртібі, мемлекеттік құрылысы. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.
Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді.

Содержание

I.
Кіріспе
3
II.
Негізгі бөлім


2.1
Мемлекет ұғымы мен түрлері
5

2.2
Мемлекеттің басқару нысаны
11

2.3
Мемлекет құрылымы нысаны
13

2.4
Саяси тәртіп (режим)
15
III.
Қорытынды
21
IV.
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

мемлекет түрлері реферат.docx

— 67.92 Кб (Скачать файл)

Құқықтық мемлекет деген ұғымдағы “құқықтық” деген сөздің болуында үлкен мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық саласында құқық жоғары орында тұруы керек дегенді меңзейді. Бұл әрбір құқықтық мемлекеттің басты ұстанымы болуы керек, яғни құқық әрбір елдің Конституциялық негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқау болуы тиіс. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықтық мемлекет теболмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның 66 үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп санаған. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан егеменді мемлекет болғаннан кейін өзініңКонституциясында қоғамдағы құқықтық заңның үстем болуын басты принцип етіп жариялап, бірінші бабында — ақ: “Қазақстан Республикасы өзіндемократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады”- деп атап көрсеткен. Құқықтық мемлекеттің құқықтық еместен мемлекеттен ерекшелігі – заңдарының сапасында. Құқықты мемлекеттің заңдары әділ, ізгілікті болуыкерек. Онда адамдардың өмір сүру, өзіне лайықты күн көру, т.б. сол сияқты ажырамас құқықтары бекітілуі қажет. Құқық – мемлекеттің адамға берген сыйлығы емес, бұлай түсіну аңғалдық және түбірімен зиянды. Құқық адамның табиғатымен бірге жаралған. Мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. Жоғарыда аталған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында”: “Барлық адам жаратылысынан еркін, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Оларда ақыл, ар-ұждан болғандықтан бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс” — деп көрсетілген. Осы тұжырымды айқындай келіп, Декларацияның 3 бабы: “Әрбір адам өмір сүруге,еркін болуға және жеке басының өміріне ешкімнің қол сұқпауына құқылы” -деп бүкіл әлемге паш етті. Бүкіл адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың аталып өткен қағидалары Қазақстан Конституциясында толығымен енгізіліп: “… дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”- депатап көрсетілген.

Еркіндік, бостандық деген ұғымды шексіз (абсолюттік) деп түсінбеу керек. Әрбір адам қоғамда өмір сүргендіктен белгілі жағдайда сол қоғамдық ортаға тәуелді болады. Бірақ оның да белгілі шегі, өлшемі бар. Қоғам өміріндегі бостандық өлшемі құқылық формада анықталады. Ал ол өлшем жұрттың бәрінебірдей болу керек. Мәселен, Конституцияның 15-бабында көрсетілгендей, «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюғахақысы жоқ» деп жарияланған. Өзі өмір сүруге құқығы бола тұрып, бір адам екінші бір адамның өміріне қауіп төндіруге, қастандық жасауға ерікті емес.

Осылай болмаған күнде бір кісінің құқықтығы екіншісінің құқықтылығын жоққа шығарып, біреулердің ғана игілігіне айналған болар еді. Адам құқығы қоғамдық өмірдің әр саласында: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік және жеке басының әрекет жасауынан көрінеді. Құқық неғұрлым міндетті, неғұрлым кепілденген болса, соғұрлым кісі еркін болады. Құқықтық мемлекет адам бостандығы мен теңдігін тұлғаның туа біткен қасиеті деп жариялады. Адам еркін барынша қастерлеп, оның автономиялы екендігін танып, мемлекет меншігі деп қарамайды, қайта өзінің ажырамас бөлігі деп есептейді.

Сөйтіп, мемлекет барлық құқықтық жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқығын қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адам құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен, адам құқығының мәні — оның ар -ұжданының, адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғау кепілдігін қамтамасыз ету. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі – мемлекет пен жеке адам арасындағы өзара жауапкершілік принципінің қалыптасуы. Бұны біз жеке кісінің еркін белгілі бір мөлшерде шектеуге барып, мемлекеттің нұсқауларына бағынуға міндеттеуінен және мемлекет тарапынан жеке тұлғаның құқығын қорғауға жауапты болып, оның өмірлік қызметіне кепіл болуынан көреміз. Осыған байланысты құқықтық мемлекет өз азаматтарының мүддесіне сай келетін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға міндетті. Сондықтан да қазіргі кезде құқықты, әлеуметтік мемлекет туралы жиі айтылатын болды. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі билік жүргізуді бұйрық немесе жеке шешімдер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы.

Бұл заңдар әділ болып, әділетті шаралар арқылы іске асырылуы керек. Міне, осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Бұл ұстаным бойынша бірде-бір мемлекеттік органға толық өкімет билігі берілмейді, әрқайсысы өз міндеттерін өз билігі көлемінде заңға сәйкес атқарады және ешқайсысы бірінің қызметін бірі қайталамайды. Бұл шенеуніктердің өз қызмет бабын пайдаланып, басқа адамға қиянат жасаушылыққа жол бермеу үшін қажет.

Ал енді саяси биліктің үш тармағында үстемдік үшін таласқа түсуді болдырмау үшін құқықтық мемлекетте олардың біріне жоғары мәртебе берілуі қажет. Ондай мәртебе заң шығарушы билікке берілген. Өйткені, сол ғана ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына заңдық негіздегі күш беріп, қоғамдағы заңның үстем болуын қамтамасыз етіп отырады. Барлық құқықтық мемлекеттерде заңдық өкіметке парламенттер (формалары әртүрлі болғанымен)ие болады. Өйткені, парламент қоғамдағы саяси, әлеуметтік қарым-қатынастарды заң арқылы реттеп отырады, ал оған заң шығаруға өкілеттілік беретін халық. Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың конституциялығын бақылап отыратын мемлекеттік биліктің тармағы – сот билігі. Сонымен, сайып келгенде, демократиялық республиканың саяси сапасы жағынан жетілген түрі – құқықтық мемлекет, яғни демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, заңның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығын жан-жақты қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару.

Қорыта келгенде, мемлекеттің ең басты міндеті—қоғамда тұрақтылық орнатып, азаматтарының қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау. Мемлекет туралы тақырыпты талдаған кездегі жиі кездесетін сұрақтың бірі: «қоғамның мақсаты қандай мемлекет орнату, яғни қандай мемлекет халық үшін тиімді болып табылады?» деген сұрақ. Бұған саясаттанушы ғылымдардың қысқаша жауабы: «Ең жақсы мемлекет—ол өзімізді өзіміз басқаруға жәрдем ететін мемлекет» — деген қағида.

 

Әлеуметтік мемлекет

Әлеуметтік мемлекет — әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Мемлекеттің басқару нысаны

Аристотельдің берген мінездемесі бойынша, мемлекеттің нысаны ол    жоғарғы    өкімет    органдарының    іске    асатын    саяси    жүйесі.

Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар: Монархиялық басқару (королдік билік), Аристократтық және Полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады, ең дұрыс нысанды Аристотель полития деп түсіндірді.

Полития көпшіліктің мақсатын көздеп мемлекетті басқарады. Аристотельдің ойлауынша, политая олигархия мен демократияның өзіне жақсы жағын алады. Полития мемлекеттің орташа нысаны. Мемлекет ортанғы азаматтардан тұрса, ол ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік қатарға жатады.

Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауыншы дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франсия осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып, басқаруын конституциялық монархия дейді.

Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапон мемлекеттерін айтуға болады.

Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктару мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикадық режімдер жағдайынды ұшыраса береді.

Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:

- мемлекеттің жоғарғы  орғаны қалай құрылады және  олардың құрылымы қандай;

-  жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;

-  жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;

- жоғарғы мемлекеттік  органдардың ұйымдастыру қызметі  азаматтардың құқығы мен бостандығын  қамтамасыз етуге қандай деңгейде  мүмкіндік береді.

Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет «.

Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:

1. Президентті Парламентсіз  сайлау және үкіметті құру  тәсілі;

2. Үкіметтің Парламенттің  алдында емес, Президенттің алдындағы  жауаптылығы;

3. Парламенттік республикаға  қарағанда, мемлекет басшысының  өкілеттігінің көбірек кеңдігі.

Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша:

1. Қазақстан Республикасының  Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы  саясатының негізгі бағыттарын  айқындайтын, ел ішінде және халықаралық  қатынастарда Қазақстанның атынан  өкілдік ететін ең жоғары лауазымды  тұлға.

2.  Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құкықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

3.  Республика Президенті — мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын рөлін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, соттық құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. 33-баптың 14-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады.

Біздің еліміз Қазақстан Республикасын өз алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құруды негізгі шарты — барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Мемлекеттің саяси мекеме ретіндегі табиғаты әсіресе азаматтық қоғамда анық байқалады. «Азаматтық қоғам» түсінігі мемлекеттік-құқықтық ой классиктері қалдырған негізгі теориялық мұра болып табылады. Отандық заң ғылымында бұл ұғым ұзақ уақыт бойы ұмытылып, «өндірістік қатынастар» ұғымына сәйкестендірілді. Негізінде «азаматтық қоғам» – бұл қатынастарға қарағанда өте кең мағынадағы категория болып табылады. Оның құрылымына саяси мемлекеттен тыс қоғамдық қатынастар: экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, діни, мәдени, отбасылық және басқалар кіреді

Ал енді Республикалық басқару жүйесі деген не? Республика деген мемлекетті басқару жоғарыдан төмен қарай белгілі бір мерзімге сайлау арқылы жүзеге асуды білдіреді. Қазіргі кезде Республиканың екі түрі бар: олар Президенттік және Парламенттік. Аттарының өзі айтып тұрғандай, бірінде мемлекеттік басқару билігі президенттің, екіншісінде парламенттің қолында жинақталған. Біздің мемлекетіміз президенттік басқару нысанындағы республика түріне жатады, ол Қазақстан Республикасы деп аталады. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйенір жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады.

Информация о работе Мемлекет ұғымы мен түрлері