Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 12:44, курсовая работа
Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.
Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері.
Кіріспе:
І тарау. Бастауыш сыныптарда оқушыларының танымдық бедсенділігін дамыту мен жетілдірудің теориялық негізі.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
1.2. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің мәселелері.
ІІ тарау. Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының таным белсенділігін арттырудағы дүниетану пәнінің рөлі мен маңызы.
2.2. Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдірудің тиімді жолдары.
2.3. Сабақ жоспары.
Қорытынды. Қосымша.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бір қатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М.А. Данилов, И.Я. Лернер, Л.В. Занков, М.И. Махмудов, А.А. Люблинская, А.Н. Леонтьев, Н.Б. Менчинская, П.Я. Гольперин, Д.Б. Эльконин, М.И. Левина, Ю.К. Бабанский, Т.И. Шамова, С.П. Баранов) зерттеу обьектісіне қарау жүйелі талданған.
Г.И. Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мұғалімдер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс тәсілдерін меңгеруі керек деп дәлелдеді. Б.П. Баранов оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын оқушыларға меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс- әрекеттердің жиынтығы деп санайды. Осы жайында тіпті өз кезегінде А.Я. Коменский болса, “мүмкіндігінше адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден, яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын”- деп тұжырымдайды.
К.Д. Ушинский – бастауыш сатыда жаратылыстану мен географияны оқытуға үлкен мән берген әдіскердің бірі. Ол мектепте жаратылыстану ғылымын оқытудың мәнін өте жоғары бағалап, оған балалардың қисынды ойы мен тілін дамыту құралы ретінде қарады. Оқушылардың сөз қорларын молайтып, тілін дамыту үшін ең алдымен оларды қоршаған ортаны танып білуге дағдыландыру қажеттігін ескертті. Табиғаттан білім беру арқылы оқушылардың ұғымды саналы игеруіне негіз қаланады деп есептеді. Оқушылар табиғат заңдылықтарын меңгеру үшін үнемі ақыл ой сайысына түседі. Бұл сайыс олардың жаратылыс сырын ашылуына көмегін тигізеді деп қарады. Педагог ғалым К.Д. Ушинскидің бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқыту жайында бұл көзқарасы “Ана тілі” және “Балалар әлемі” оқулықтарында жан жақты сипаттаған.
А.Я. Гердте мектеп қабырғасында оқушыларға жаратылыс пәндерінен білім беру жайында құнды пікірлер ұсынады. Ол оқыту барысында оқушының өздігінен ойлануын, байқағыштығын, танымын дамытудағы жаратылыстану пәнінің маңызын ашып көрсетті. Өсімдіктердің, жануарлардың өзінің тіршілік ортасына қарай икемділігін ашық түсіндіру керектігін ескертті. Табиғатқа бақылау жүргізу нәтижесінде оқушылар өз пікірін айтуға, байқағанын қорытуға, ойларын тұжырымдауға жаттығатынын дәлелдеді. Әдіскер табиғаттан, қоғамнан берілетін білімнің мазмұнын ашты. Ол білім беруде ең бірінші орынға оқушылар көзқарасын қалыптастыруды қойды. Тек қана кітап арқылы алған білімінің үстірт, тиянақсыз болатынын айта келіп, нақты табиғат заттарының бетпе-бет қатыс жасау арқылы алатын білімнің нәтижесінің жоғарылығын басқа ешбір көрнекілікпен салыстыруға болмайтынын айтып, уағыздады. Өзінің бүкіл әдістемелік ой пікірін “Заттық сабақтар” атты еңбегінде тұжырымдап, бастауыш сыныпта әуелі өлі табиғатты, сонан кейін барып тірі табиғатты оқыту керек деген ұсыныс жасады. А.Я. Гердтің жаратылыстану пәнінің оқытуға арналған бұл еңбегінің мәні әдістемелік тұрғыдан да, териялық жағынан да тек сол кез үшін ғана емес сонымен бірге, қазіргі кезеңде де өте құнды зерттеулердің қатарына жатады. Жаратылыстануды оқыту әдістемесін жетілдіруде К.Н. Годовскиде көп еңбек сіңірді. Оның бастауыш сыныптағы жаратылыстану пәнін оқыту міселесіне байланысты көптеген еңбектері жарық көрді. Солардың ішіндегі ең бастылары: “Бастауыш мектептерде жаратылыстану сабақтары” “жаратылыстануды оқыту тәжірибесі” атты еңбектері. Бұл еңбекте де ғалым алғаш рет бастауыш саты оқушыларының табиғатты оқып үйрену және меңгерудегі психологиялық қажеттілігін ашып көрсетті.
К.Н. Годовский бастауыш мектепте оқушыларға табиғаттан берілетін білім жүйесін меңгерте отырып, балалардың табиғатпен қарым-қатынас дағдсын тәрбиелеуді көздеді. Әдіскердің бүкіл ғылыми жұмысының ққорытындысы ретінде “жаратылыстану әдістемесінің жалпы мәселелері” деген еңбегі жарық көрді. Ол осы жұмысында жаратылыстанудың әдістемесін педагогикамен, психологиямен байланыстыра жүзеге асыру арқылы балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшіліктерін ескеруге мүмкіндік туатынын, осылай еткенде ғана әдістемені қолдануды ғылыми жолға қоюға болатынын сөз етеді. Сонымен қатар, әдіскер ғалым жаратылыстану бағдарламасының мазмұны мен мақсатын да анықтайды. Бағдарламаның басты мақсаты - баланы дамыту және білімді саналы меңгерту мәселелері болу керек екенін атап көрсетті. Мұндай еңбектің педагогтар қауымы үшін ең басты құндылығы – қызыққыш, еліктегіш, сенгіш бала психологиясына сүйеніп, оларға табиғаттың сан алуан құбылысы мен байлығын түсіндірудің тиімді жолын іздестіру. К.Н. Ягодовскидің білім беру барысында оқушылардың саналы меңгеруін қамтамасыз етуге көмектесетін сарамандық сабақтарды жиі ұйымдастырып, табиғат бұрышында жүйелі бақылау жүргізуге көңіл бөлуді нұсқаған ұсынысы мұғалімдер қауымы үшін өте құнды пікір болды.
Алдыңғы қатарлы орыс әдіскерлерінің осындай пікірлері мен әдістемелік ұсыныстары Ы. Алтынсариннің “Хрестоматия” оқулығының шығуына септігін тигізді. Бұл оқулықта еңген тақырыптар қоғамға, табиғатқа, сонымен бірге адамдар арасындағы қарым- қатынасқа арналған.
Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныптар оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі. Дүниетану пәні бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, эканомикасы, ғылымы мен мәдениеті, эйтика, әдеп, эстетика, адам табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндерге кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады.
Жастардың болашаққа деген бағыт бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қорщаған дүние ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осның бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауаптық қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әр бір бөлігі оқушы дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Орта білім стандартында “мектептің әр бір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнын толық жүзеге асуын қаматамасыз ету” талабы қойылып отыр. Мұнда әсіресе, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды алмақ.
Дүниетану – “дүние және тану” деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз – дүние. Сол дүниені танып білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние – қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде-бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білуімен оның таусылмас ерекшіліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып білу әр адамның меңгерген білім деңгейімен мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Адамның әр бір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңберімен оның мәнің ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңінің психологиялы ерекшіліктеріне байланысты дүниетану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой пікірі, білім деңгейі даму керек. Керісінше дүниені танып білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана сезімі кеңейе түседі. Адамның көзқарасы сол кездері қалыптасады деп айтуға да болады.
Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным – адам санасының дамытудың негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаның игеруге де үйренеді.
Таным – филисофиялық ұғым, “айналадағы материалдық шындықты адам санасында бенеленуі”. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санадай бейнеленеді. Көру, сезіну түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер бірге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамыды.
Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты құбылысты танығаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап, өзгертеді, екінші зат ендіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді.
Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнені қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Таным практикалық қызмет барысында іске асады. Осылайша таным нақты дүниге, қоршаған ортада, бар заттарға негізделеді.
Қазіргі таңда адамның дүниені тани білу ауқымын тіпті күшейте, кеңейте түсу талабы болып отыр.
Философиялық ұғымда “дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орнына, тіршіліктің мән мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлері мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы”. Осы философиялық қағида дүние тану көзқарасының түп нұсқасы ретінде оның қалыптасу жолын көрсетеді.
Философия көзқарастың қалыптасуның теориялық мәселелерінің айналыса, оның дидактикалық жағымен педагогика ғылымы айналысады. Дүниеге көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны заңды. Даму өз-өзінен тумайды. Ол тынымсыз ізденіс, қателіктер мен қиындықтарын жеңе отырып, шындыққа жақындау және жету жолы. Қоғамдық өмірдің дамуы, рухани дүниеде болатын өзгерістер, осыған байланысты адамның өмірлік тәжірибесінің молаюы, өзгеруі дүниеге көзқарастың да өзгеруіне әкеліп соғады. Философиялық тұрғыдан алғанда адам қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның көзқарасы бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасау арқылы дамиды. Қазіргі өркендеген қоғам өзгерісі адам мен қоғам арасындағы жаңа байланысты тудырып, олардың дүние туралы көзқарасын өзгертуге себепші болып отыр.
Көзқарастың қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта дүние туралы білім беру, яғни оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады. Оқушылар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, абстракциялық ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара қатынасын талдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейде көтеріледі. 1 сыныпта дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған оқушы 4 сыныпта дүниенің әр бір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді.
Оқушылардың дүниетану көзлқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғары да айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу ағарту жұмыста әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болады. Бірақ ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғады. Өйткені балалар байқап көргендерін өз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түрінен, көрінісіне байланысты қабылдайды.
Қоғам дамуы, оқу ағарту ісінің ғылыми деңгейде көтерілуі нәтижесінде көзқарастың ғылыми мәні жоғарылайды. Білім мазмұнының тереңдеуіне байланысты дүниеге көзқараста жнақтылана түседі. Білім арқылы ғана әр заттың не құбылыстың шынайы мәні ашылады. Білім жоқ болса, көзқарастың дұрыс дамуы мүмкін емес. Дүниетанудан білім беру барысында ғылыми ұғымды меңгерту арқылы дүние заттарының, құбылыстарының нақтылығын, олардың біздің санамыздан тыс өмір сүретінін және бір-бірімен байланыстылығын, заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарын түсіндіріп, шындыққа сенімдерін арттыру мақсаты жүзеге асады. Шындыққа жету жолында өз іс - әрекеттерін қорытып, ой толғайды, оның нәтижесін тұжырымдайды. Белгілі дәлдікке жеткеннен кейін алған ұғымдарына сенімі артады. Сонымен қатар, әрекет жасап, ізденіп, талпыну арқылы өз-өзінің, алдына қойған мақсатты шеше алатындығына деген сенімі артады.
Бастауыш сыныпта дүниені танытуға байланысты материалдарды оқытуда бірнеше мақсат көзделеді.
Біріншіден адам баласы саясатпен, ғылыммен, өнермен және т.б. осы сияқты саяси, рухани мәселелермен айналысу үшін олардың көңіл күйі көтеріңкі, дені сау, рухани дүниесі бай болуы қажет. Өзіне қолайлы жағдай жасау үшін адамның еңбек етуі, өз өмірін өзі ұйымдастыра білуі, материалдық игіліктерді өндірумен айналысуы қажет.
Табиғат байлығының мән мағынасын түсініп, оны орынды, үнемді, тиімді пайдалану шеберлігіне адам баласы білім мен біліктілік арқылы жетеді. Бұл сияқты қоғамдық өмір талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімділік оқушыларға бастауыш сыныптағы дүние тану материалдарын оқыту арқылы қалыптаса бастайды.
Оқушылардың дүниетанымының қалыптасуында эмоция мен логикалық ойдың мәні зор. Бұл екеуі де адамның ішкі сезімін жан әрекеті. Сыртқы шындықтың сезімге әсер етуінен түрлі хабарлар миға жетіп, эмоция тудырады да, ой осыған орай шешім қабылдайды. Ой – қорытынды шығарып, шешім қабылдау тірегі десек, эмоция оның көзге түсетін нәтижесі ретінде сыртқа шығару күйі, түрі. Осыған қарап, эмоция мен ойдың көзқарастың қалыптасуына тікелей әсер ететіндігін көруге болады. Бір затты не құбылысты танық білуге олар үнемі қатар жүреді. Ал танып білу нәтижесінде дүгниетаным қалыптасады.
Дүниетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен ол қатынастардың әдіс тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс тәсіл бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселе, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түсін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу – мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.
Информация о работе Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері