Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:55, лекция
Педагогика пєні , адам тану ѓылымыныњ ішіндегі жетекшілерініњ бірі ретінде, µте кµне ѓылымдардыњ бірінен саналады.
Педагогиканыњ ѓылым ретінде µз пєні, яѓни ѓылыми таным-білімніњ белгілі бір саласы бар. Б±л ќоѓамныњ жас ±рпаќты µмірге даярлау жµніндегі ерекше міндетті ќызмет (функциясы)- тєрбие беру саласы болып табылады. Педагогика бала жайындаѓы ілім, олай болса, ол ±рпаќ тєрбиесі жайындаѓы ілім. Педагогика гректіњ “paidagogas” –баланы жетектеуші, ертіп ж‰руші сµзінен алынѓан. Ењ алѓашќыда б±л сµз ќ±л ќожасыныњ баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тєрбие туралы ѓылымныњ аты ретінде ќалды. Тєрбиеніњ негізгі маќсаты – жинаќталѓан білім мен ќоѓамдыќ- тарихи тєжірибиені жеткіншек ±рпаќтарѓа беру.
Ал әрқандай қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиелік қызмет пен оның сипаты бір қалыпта тұрып қалған емес, қоғамдық жағдайлардың ықпалымен ол үздіксіз жетіліп дамуда болды. Мысалға, ұзақ уақыт балалар өндірістік және адамгершілік тәжірибені, бірлікті еңбек әрекетінде, үлкендермен араласа жүріп игеріп отырды. Осылайша жағдай тайпалық қауымға дейін де, тайпалық қауым кезінде де күнделікті іс - әркеттің қарапайымдылығынан болған еді. Сондықтан да бұл дәуірде тәрбие адамдардың арнайы кәсіби қызметі бола алмайды, яғни арнайы тәрбиелікмекемелер болмады, тәрбиені кәсіпке айналдырған адамдардың да қажеттігі әлі туындамаған кез еді. Құл иеленушілік қоғамда да бұл жағдай ұзақ уақыт сақталды.
Бірақ, уақыт өткен сайын тәрбие саласындағы бұл жағдай өзгере бастады. Жер өңдеу мен мал шаруашылығы, қөлөнершілік бірте - бірте дамып, күрделенеді. Адамдардың қоршаған дүние жөніндегі ілімдері қордаланып, м келе – келе ғылымның дамуына бастау берді. Жаңарған қоғамдық жағдайда өндірістік тәджірибе мен ғылыми біліктерді игеру енді арнайы және ұзақ мерзімді үйренусіз мүмкін болмай қалды.
Тәрбиенің дербес қоғамдық қызметі сипаты ала бастуы адамдарда тәрбиелік қызмет тәжірибесін жинақтап, қорытындылауды ойластыру қажеттігін туындатты. Тәрбиенің кең өріс алып күрделенуі тәрбие қызметімен байланысты теориялық білімдердің ерекше саласының қарқыны мен дамуына жол ашты. Қоғам мен табиғат жөніндегі барша білімдер секілді тәрбиелік білім де философия аясында нақтыланып, зерттелді. Бұл жағдай ежелгі грек дүниесінен басталып, ХІ ғасырдың аяғына дейін сақталды.
2. Педагогиканың арнайы ғылым, білім саласына бөлініп
шығу және оның көрнекті өкілдері.
Тәрбие теориясынының қарқынды дамуына қармастан, ХІІ ғасырдың басына дейін педагогика философияның бір бөлігі ретінде қарастырылып келді. Шынында, осы күннің өзінде де атақты философтардың қай – қайсысыда тәрбие мәселелерін айналып өтпейді, осының өзі педагогикалық проблемалардың қоғам мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.
Педагогика ерекше ғылым
ретінде философиялық білімдер
жүйесінен ХІІ ғасырдың
Коменский ізімен батыс
XVIII ғ Германияда алғашқы рет
мұғалімдерді дайындайтын
Сонымен, XII ғ. мен XIX ғасырдың
аралығы педагогикалық
К.Д. Ушинский (1824 – 1870), Н.И. Пирогов (1810 – 1881), В.И. Водовозов (1825 – 1886), А.Ф. Лесгафт (1837 – 1909), Л.Н. Толстой (1828 – 1910) және т.б. еңбектері үлкен маңызға ие болды.
Ұлттық педагогикалық
Аталған дәуірде мұншама
көп педагогтардың аренаға
3. Педагогика зерттейтін негізгі проблемалар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде
өздігінен пайда болып , жасамай,
тұлғаны қалыптастырып оны
Осыдан, тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметтің өзінде ғана көрінбей, ләеуметтік тұлға сипатына ие адамның дау және қалыптасу заңдылықтарына негізделеді. Сондықтан педагогиканың шұғылданатын заты жеке адамның дамуы мен оның арасында болған байланысты заңдылықтарды зерттеу және оның негізінде тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу, яғни педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән – мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіссипатындағы тәрбиенің теорясымен әдістерін айқындайды.
Келтірілген педагогиканың
анықтамасын зерттеушілерді
Мысалы, көп уақытқа дейін жеке тұлға дамуының қозғаушы күштері ретінде тек сыртқы ықпалдар ғана назарға алынды. Ал адамның ішкі жандүниелік кейіптері естен шығарылып, тіпті ол қажетсіз деп есептелінеді. Келе – келе сыртқы әсерлердің өзінен - өзі керекті нәтижелерді бере – бермейтіні айдан – анық болып, бұл ықпалдардың педагогикалық тараптан адам қалыптасуындағы ұнамды да, келеңсіз де, ал кей жағдайларда бейтарапта сипатқа ие болатыны айқындалды. Іс жүзінде, тәрбиеленушінің тәлімдік әрекетті қалайша қабылдайтыны, оған қалайш қатынастық байланыс жасайтыны үлкен маңызға ие. Осыдан педагогикада келесі теориялық идея бекіді: жеке адамның дамуы мен оның мінез – құлқы тәрбиелік ықпалды қабылдау сипатына, бұл ықпалдың адам жан дүниесі туғызатын сезімдік күйге байланысты. Осы идеяның қабылдануы педагогикалық теория мен тәрбие әдістерінің дамуын алға ілгерілетті, мағынасын тереңдете түсті.
Сонымен, педагогика тәрбие
теориясы мен
а) жеке адамның арнайы
ұймдастырылған тәрбие
ә) тәрбиенің мақсатын
б) тәрбиенің мазмұнын
в) тәрбие тәсілдерін зертеу;
Тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру.
Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және
қалыптасуының өзара
ә) Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық- әдіснамалық негіздерін сипаттау
б) Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторларды анықтау
в) Субъектінің қызмет- әрекеті рөлінің жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жетекші факторы ретінде негіздеу
Қарастырылатын мәселелер:
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.
Педагогика баланың дамуы
Белсенділік, оның түрлері.
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары; қозғаушы күштер, жеке тұлғаның қалыптасуының заңдылықтары; субъект және объект.
Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика тарихы, этнопедагогика.
1. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтіктәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдаы жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік фактрлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.).
Жеке тұлға бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаның зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегі” бар деп мойындайды, олар оны “Мен- жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның. ең маңызды
белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі,
бостандығы қадір – қасиеті,
даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы
оның қасиеттері мен іс - әрекеттерінде
қоғамдық процестің
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері ерекше белгілері (мысалы, салмақты- жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет- әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі ақылы ерекшеленеді. Осылйша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. “Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым “индивид”. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы “жекелік”. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты біртектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері
өмір жолында дамып,
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарвай қозғалыс. Сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спралды өрлеу процесі. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұл орайда бір нәрсе алынып тасталады, “теріске шығарылады”). Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама- қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.
Жеке тұлғаның дамуы
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық- физиологиялық жетілуінегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай- ақ танымдық және шығармашылық іс- әрекетіндегі, оның дүние танымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның “қалыптасуы” термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пйда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапалраға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз- бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор- баланың ата- анасынан немесе ата- бабаларынан биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда- адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, ақыл, шартсыз рефлекстер, нәсілік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық- физиологиялық бейімділіктер).