Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 11:11, реферат
Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым – қатынас формасы ретінде көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың субьективті ренжу, айналасындағылардың барлығына сананың қатынасы бар.
Жинақталған білімнің шынайы әрекеттермен қатынасы және адамның жеке тәжірибесін қосу болған жағдайдың саналы түрде шындықты ұғыну процесі болып табылады. Тұлға санасы сыртқы объектілерді ұғыну емес, сонымен қатар өзін және өзінің психикалық әрекеттерін түсіну болып табылады.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Сананың философиялық концепциясы
б) Сана қасиеті
в) Адамның қалыптасуында еңбектің ролі
в) Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі
г) Сананың негізгі қасиеттері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер, приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі — еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды. Алғашқы адам қалдықтары табылған жер француз деревнясы Неандерталь болғандықтан, оларды неандертальдықтар деп атайды. Неандертальдықтар тастан қанжар жасай білген, найзаның ұшын, сүйектен қарулар жасады, жасанды жолмен отты алды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс қатынастары орнады. Еңбек құралдары өлі жетілмеген дамудың алғашқы кезеңінде өмір үшін күрес ширығып, еңбек қызметі сол мақсаттарға ғана арналып, тек қана ұжымның күшімен жүзеге асырылатын жағдайда болды. Бүл мақсаттарды іске асу, еңбек үдерісін басқару үшін жақсы сигнал жүйесі, жылдам ақпарат алмасу қажет болды. Осындай жағдайлар ойдың дамуы мен жетілуінде шешуші рөл атқарған тілдің пайда болуына алып келді. Қалыптасқан бірқатар жағдайларға байланысты біздің ежелгі ата-бабаларымыз өмірінде өте маңызды өзгерістер болып жатты. Кездейсоқ, жағдайда ғана қару ретінде қолына белгілі бір затты — тасты немесе бұтақты алып әрекет еткен кездің орнына қаруды тастан және сүйектен дайындап, үнемі пайдаланатын кез келді. Тас және басқа да қарапайым қарулары бар адамдар тобыры енді жануарлармен салыстыруға болмайтын, әлдеқайда күрделі жүйеге — қоғамға айналды. Онда атқарылатын қызмет түрі өте көп еді. Тобырға қарағанда адамдардың бір-бірімен қатынасы, пікір алмасуы күрделеніп, түрлене бастады. Тас қаруды жасау және оны пайдалану, шұңқырды бірігіп қазып, оны жасыру, аңды оған қуып әкеліп құлату үшін аңшылар көптеген жұмыстарды бірігіп атқаруы керек болды. Өмір оларды соған үйретті, бірігіп еңбек етудің ұтымдылығы жалпының күшімен жеке адамның қолынан келмейтін мақсаттарды іске асыруға болатынын көрсетті және сонымен қоса ақпаратты да ұжым болып пайдалануға алып келді. Демек, біреу бірдемені көрсе, естісе, ұжымдық қозғалыстың барлық катысушылары оны естиді және көреді.
Адамдар арасында
таралуға тиісті аппараттардың әр түрлі
болуы оның әрқайсысы жекелей
белгілі бір затты және әрекетті
білдіретіндей жағдайдың
Ойлау — адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті. Еңбектің үнемі жаңа нышандары мен жалпылама қасиеттері жалпылама атқа ие болды. Жалпылама тілдік қолданыстар көрнекі түсініктерден бөліп алынған ұғымдарға етуге, адамның санасының ерекше қасиеті — ойлауға себеп болды. Одан әрі қарай адамдар қарапайым, әр кадам аттаған сайын кездесетін, қайталанып отыратын байланыстарды аңғарды: "Осы зат екінші заттан қатты болса, егер ол үшінші заттан да қатты болса, онда бірінші зат үшінші заттан қатты болады", "Егер белгілі бір нәрсе екінші бір нәрсенің ішінде болса, ал ол үшінші бір нәрсенің ішінде де болса, онда біріншісі үшіншінің ішінде болады". Осылай бұрыннан белгілі түп текті қорытындылардан олардың арасындағы байланыс негізінде белгілі бір жаңа білім шығатын логикалық ой қорыту пайда болды. Уақыт өткен сайын логикалық түрде ой қорыта білу жылдамдады. Адамдардың бірқатар ұрпақтарының көздері жетуіне орай логикалық байланыстар оқиғалардың, әрекеттердің және сол заттардың ез арасындағы қатынастар мен өзара байланыстарға сәйкес келетіндігі белгілі болды. Адамша ойлауға тән логика шықты. Осылай сана өзіне сай атрибуттарымен (сезім мен ойлау, логикамен) ұзақ мерзім ішінде пайда болған адамның жануарлық күйден адамдар коғамына өтуге және тіл сияқты коғамдық еңбек қызметі кезінде пайда болған қоғамдық құбылыс ретінде көрініс береді. Сананың мұндай әлеуметтік мәні қалыптасып келе жатқан адам күнде өзі пікір алысып, қатынасып тұратын басқа барлық адамдарға тән жалпыны анықтай отырып, ол өзінің адам екенін, өзімен рудың мүшелерінің арасында белгілі бір қатынастар бар екендігін сезетін болды. Адамның өзін-өзі тануы және өзінде болып жатқандардың, өзінің санасынан тысқары болып жатқандардан тәуелсіз екендігін білуі — адам санасының аса маңызды ерекшелігі. Хантәңірі шыңының басына жауып жатқан кардың маған қалдырған өсерін еске түсіре отырып (мен тауға төменнен қарадым), мен ой қорытамын. Алайда өзімнің ойларым туралы пікірлерді талқылай отырып, мен Хантәңірінің басындағы карды алыстан көргендей емеспін, ол туралы пікірім мүмкін қате шығар деп күдіктенемін. Адамның жеке өзінің ойлары, сезімдері, зауқы, бағалауы, оның дұрыс немесе бұрыстығы туралы ойлау қабілеті мынаны білдіреді: оның санасы тек қана объективті нағыздықты емес, сонымен қоса өзін-өзі көрсете алады, демек, ол — жарқ етудің көрінуі, өзіндік сана. Адам өзінің санасынан орын алғанның субъективті шындық, ал оның санасынан тыс тәуелсіз болып жатқандар объективті шындық екендігін жақсы аңғарады. Біздің психикамыздың идеалдығы осындай, оған ешбір жануар қол жеткізе алмайды. Сыртқы табиғатты және өзінің коғамдық қатынастарын өзгерте отырып, адам сонымен қоса өзінің сипатын, өзінің санасын қалыптастырды және дамытты.
Арнайы жүргізілген ғылыми зерттеулер мыналарды көрсетті. Сана мидан бөлек болмайды, тек ми ғана сана органы болып табылады. Ал сана адам миының функциясы. Адамның миы биохимиялық, физиологиялық және жүйкелік үдерістер жүріп жататын күрделі материалдық құрылым. Бұл өз бетінше, сонымен қоса адамның тұтас ағзасының құрамындағы ішкі үдерістері мен ішкі қатынастарын реттеп отыратын жүйе. Материяның өте нәзік құрылымы ми бұзылса, сананың да құрылымы бұзылады. Қалыпты мидың қызметінен тыс қалыпты психика болмайды. Сана әрқашанда мияда болып жатқан үдерістермен байланысты, одан тыс ерім сүрмейді. Бірақ олар сананың мәнін құрай алмайды. Психика өзінің мазмұнына тепе-тең деп айтуға келмейтін психикалық құбылыстардың физиологиялық механизмдері субъективтік бейнелер формасында нағыздықтың бейнеленуі бола алады. Философия тарихында "адам өтінін бауырға қатынасы қандай болса, ой адамның миына да сондай қатынаста болады" дегенді айтатын философтар болды. Бұл тұжырымның жалғандығы психикалық құбылыстарды өзінен-өзі тудыратын, оның себебі және қайнар көзі деп есептейтін мидың жүйелік тұжырымдамасында. Мұндай тұжырым жағдайында сана сыртқы өсерлердің субъективтік бейнесі болмайды, ол тек материалдық ми үдерістерінің өзінен-өзі жүріп жатқан әлсіз жаңғырығы сияқты болады. Заттардың бейнеленуі олардың мидағы қасиеттері мен қатынастарының көрінісі, әрине, олардың миға орын аударуын көрсетпейді немесе қоймалжыңда қалған бармактың ізі сияқты онда физикалық із қалдырмайды. Мен қарағашты көріп тұрғанда, менің миымда ол қарағаштың өзі де, оның физикалық қолтаңбасы да тұрған жоқ. Миға қатты, көк немесе суық заттар өсер еткенде, оның формасы өзгермейді, көгермейді, суып қалмайды. Мен көріп тұрған бейне заттың сыртқы бейнесі, ол субъективті идеалды. Ол менен тыста тұрған материалдық объектінің өзіне мидың ішінде жүріп жатқан және осы бейнені тудырып жатқан физиологиялық үдерістерге қосылып кетпейді. Расында, адамның миынан осы уақытқа дейін ешкім ешқандай сұр немесе ашық ойды тапқан жоқ: ой идеалды, ол сөздің физикалық және физиологиялық мәнінде өмір сүрмейді. Сонымен қоса ой мен идея шынайы, олар бар, сондықтан идеяны "нағыздық емес" деп есептеуге болмайды. Оның нағыздығы, шынайылығы материалды емес, идеалды. Бұл біздің ішкі дүниеміз, жеке санамыз, сонымен қоса тұлғадан жоғары тұратын рухани мәдениеттің бүкіл дүниесі. Сондықтан ешқашанда материя мен сана екеуінің қайсысы шынайы деп айтуға болмайды. Бүл жерде сөз шынайылықтың белгілі бір тұрпаттары туралы ғана болуы мүмкін. Материя— объективті, ал сана — субъективті шынайылық. Сонымен, сана дегеніміз — тек адамға ғана төн, оның тілімен байланысты, адам миының жоғары функциясы. Ол нағыздықтың бейнеленуінің жалпылама және мақсатты бағытталғандығынан, жоспарлы әрекеттің адамның тәртібінен, өзін-өзі ақылмен реттеуінен және бақылауынан көрініс табады. Өзінің мазмұнына қарай сана объективті нағыздықтың бейнесі ретінде көрінеді. Сананың мазмұны — сыртқы дүниені адамның мақсатты бағытталған бейнеленуі негізінде алынған ақпарат. Бұл — сананы қарастырудың гносеологиялық аспектісі болып табылады. Сана және объективті — дүние біртұтастықта, бірлікте болатын, практиканы адамдардан сезімдік заттың қызметінде ғана негізге алатын қарама-қарсылықтар. Тек сана нағыздықтың психикалық және сапалы бейнеленуінің қажеттілігін тудырады. Дүниені дұрыс бейнелейтін сананың қажеттілігі өмірдің езінің шарттары мен талаптарынан туындаған. Біз "сана" ұғымын қарастырған кезде оның сипаттамасында білімнің үлкен рөл атқаратындығын көреміз. Осыған байланысты сананың өмір сүру тәсілі және сана үшін өмір сүретін нәрсе — білім. Сондықтан сананың құрылымында адамның дүниеге қатынасының танымдық байланыстары ерекше қарастырылады. Олар білім алуға, қоршаған дүние туралы алдымен жаңа білімдер алуға бағытталған. Таным мен заттардың танылуы, объектіге терең үңілуі, түсінудің органдарына өсер етуінің негізінде пайда болады. Көру түйсігі бізге заттың формасы, оның түсі, ашықтығы туралы мағлұматтар береді. Есту түйсігі қоршаған ортадағы дыбыстық тербелістердің түрлерін адамға жеткізеді. Тері арқылы біз қоршаған ортадағы температураны, денеге түрлі материалдық факторлардың өсерін, олардың қысымын сезінеміз. Ал иіс және дәм қоршаған ортадағы химиялық қосылыстар мен тамақтың құрамы туралы мағлұматтар береді. Әрине, сезім органдарының мүмкіндігі шектеулі. Олар қоршаған ортаны белгілі бір шектеулі диапазондардағы физикалық, химиялық әсерлерді көз алдыңа әкеліп көрсетеді. Адамның естуі дыбыстық толқындардың бірнеше ондаған герцтен 20 килогерцке дейінгі мөлшерін қабылдай алады. Ал жоғары жиіліктегі (ультра дыбыстық) тербелістер мен өте төменгі жиіліктегі (инфрадыбыстық) тербелістерді біздің құлағымыздың сезу мүмкіндігі жоқ. Өзге сезім органдары туралы да осыны айтуға болады. Адамда қоршаған ортадағы кейбір факторларды сезуге қабілеті бар белгілі бір қосымша сезім органдарының болмауы, оның зияткерлік және практикалық іскерлік мүмкіндіктерімен толықтырылады. Адамда радиацияны сезе алатындай белгілі бір сезім органы болмаса да, оның осы кемшілігінің орнын толтыратын арнайы құрал (дозиметр) жасап алып, радиация қаупінен сақтана алатын мүмкіндігі бар. Демек, адамның организміндегі сезім органдары дүниені тану үшін жеткілікті деп айту керек. Түйсік, әдетте, одан да күрделі бейне қабылдаудың бір құрауышы ретінде көрініс береді. Қабылдау дегеніміз — зерттелінетін объектінің тұтас бейнесі, ол бірнеше сезім органдарының бірлесіп жұмыс атқаруынан пайда болады. Қабылдаудың негізінде түрлі түйсік түрлері қабысады. Бірақ ол қарапайым механикалық жиынтық емес, ол — синтез. Түрлі сезім органдарынан келіп түскен түйсіктер қабылдауда біртұтас, толық заттың сезімдік бейнесін алдыға алып келеді. Сонымен көрудің және түсінудің негізінде форманың мейлінше тұтас бейнесін және заттың бояуын көз алдыңа келтіреді. Түйсік ЖӘН6 қабылдаудың жиынтығынан түсінік туады. Түсінік дегеніміз — өткен уақытта сезім органдарына әсер етіп, казіргі сәтте қабылданбайтын заттың талданып, қорытылған сезімдік бейнесі. Егер түйсік пен қабылдау адамның затты керген кезінде жүзеге асырылатын болса, түсінік затпен тура қатынас жасау арқылы пайда болмайды. Белгілі бір уақыттан кейін белгілі заттың бізге қалай өсер еткенін, оның бейнесін есімізде сақтай аламыз. Мысалы, белгілі бір уақыт өткеннен кейін алма туралы біз оны қолымызға тағандығымызды, артынан оны жегендерімізді еске түсіре аламыз. Мұндайда заттың бейнесі біздің кабылдау кезіндегі алған түйсігімізден өзгеше болады. Біріншіден, біздің затты тура қабылдау кез індегімен салыстырғанда, оның бейнелері солғын және қораш болып көрінеді. Екіншіден, бұл түсінік бізде жалпылама болады. Біздің есімізге түскен бейнеде заттың бізді қызықтыратын жақтары алдыңғы ретке шығады. Сонымен қоса түйсікте шындығында болмаған нәрселер, тіпті адам ешқашан тура қатынаста болып көрмеген заттар мен құбылыстар да орын алады. Мысалы, кентавр, русалка дегендер. Мұнан түсініктің қабылдауға қарағанда анағүрлым алға басқандығын көреміз. Өйткені түсінікте адам белгілі бір заттың құбылысы туралы талдай, қорытынды жасай алады. Талдап қорыту нақты жекелеген заттар туралы түсініктен орын алады. Одан да жоғары деңгейде ол жалпылама түсініктен көрініс табады. Мысалы, түсінікте біз бір түп раушан гүлі туралы емес, жалпы раушан гүлі туралы түсінік аламыз. Сонымен, түсінік дегеніміз — сезімнің көрнекі сипатына орай таным деңгейлерінің алғашқы қадамына жатады. Сонымен қоса түсінік сезімдік танымнан рационалды танымға ететін көпір міндетін атқарады.
Рационалды таным деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және олардың болмысына үңілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Адам сезім органдары арқылы танылатын объекті мәнінің нақты бейнесін қалыптастыра алмайды. Адам сезімдерінің осы шектеулігін рационалды таным арқылы кеңейте алады, заттардың мәні тек адамның ойлау қызметінің көмегімен танылады. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз — құбылыстардың айқындамаларында бекітілген жалпылама байланыстағы заңдылықтарын, жақтарын, белгілерін көрсететін адам ойының формасы. Ұғым тілдік формада жекелеген сөздермен, терминдермен, мысалы: молекула, сутек немесе объектінің дәрежесін көрсететін (Күн жүйесіндегі планеталар, экономикалық қатынастар, т.б.) бірнеше сөз тіркесімен беріледі. Ұғым барлық білімдер қорының негізінде жатқан бүкіл адамзат ойлауының мейлінше кең формасын жинақтаған. Ұғымның қалыптасуы — күрделі үдеріс. Онда салыстыру (бір затты екінші затпен ойша катар қою, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау), талдай қорыту (біртекті заттарды олардың жалпы белгілерінің негізінде ойша біріктіру), абстракциялау кезінде заттың белгілі бір мәнді жақтары екінші қатардағы мәнді емес белгілерінен бөліп алып қарастырылады. Түсініктің қалыптасуы кезінде осы логикалық амалдар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, "үстел" ұғымын тиянақтаған кезде адамдар, бір жағынан, оның мәнді емес қасиеттерін, оның формасын (дөңгелек, төртбұрыш?) түсін, аяқтарының санын, осы үстел жасалған ағаштың қасиеттерін бөліп тастайды да, екінші жағынан, олардың күнделікті өмірде пайдалылығын айқындайтын жалпылама белгілерін алады. Ұғымдар затты ғана айқындамайды, олардың қасиеттерін, өзара қатынастарын да айқындайды. Мысалы, мынандай ұғымдар — қатты және жұмсақ, үлкен және кіші, суық және ыстық сияқты заттың белгілі бір қасиеттерін көрсетеді. Ал қозғалыс немесе тыныштық, жылдамдық және күш ұғымдары зат пен адамдар арасындағы және басқа да заттар арасындағы немесе табиғаттағы үдерістер арасындағы өзара қатынастарды білдіреді. Ғылыми танымның тереңдеуіне және дамуына байланысты күшті және кезге көрінетіндей жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Ғылыми жетістіктер мен ашулар жаңа ғылыми ұғымдардың пайда болуына септігін тигізеді. Әр ғылымның өзінің кең ұғымдар жүйесі болады. Оларды түсінік аппараты деп атайды. Физиканың түсінік аппаратында — масса, энергия, заряд; химияның түсінік аппаратында — элемент, валенттілік, реакция; биологияда — жасуша, организм, өмір, тағы осы сияқты ұғымдар бар. Қоғамдық ғылымдардың негізін — өндіріс, мемлекет, құқық, саясат, коғам және басқа ұғымдар құрайды.Техника ғылымдарында — машина, қозғалтқыш, автоматика, телемеханика деген ұғымдар кездеседі. Қазіргі ғылымда жалпы ғылыми ұғымдар үлкен рөл атқарады. Олар түрлі ғылымдардың өзара байланысы мен ықпалы нәтижесінде пайда болған. Жалпы ғылыми ұғымдар санатына — жүйе, модель, ақпарат, ұйым сияқты сөздерді алуға болады. Адамның дүниені тану арсеналында жалпылама ұғымдар философиялық категориялар делінеді. Оларға сапа, сан, материя, кеңістік, уақыт, тағы басқалар жатады. Мынаны естен шығармау керек: адамдар өздерінің өмірінде жекелеген, бөлініп алынған ұғымдармен ойламайды. Осыған байланысты ұғымдарға құрылған және оларды өзінің құрамына қосатын ойлаудың рационалдық және логикалық формасы болатын — пікірдің рөлі айқындала түседі. Пікір — заттардың, құбылыстардың, үдерістердің және олардың қасиеттерінің байланыстарын, арақатынастарын көрсететін ойлау формасы. Пікірде нәрселер арасындағы байланыстар мен қатынастардың бар немесе жоқ, екендігі ашылады. Мысалы, ғылым мен практика темірдің электрөткізгіштігін дәлелдеді. Темір мен оның жеке қасиеттерінің арасындағы байланыстар мынадай пікір тудырады: темір — электрөткізгіш, сонымен қоса ол мөлдір емес сәулені де өткізбейді. Бұған катысты "темір — мөлдір емес" деген пікір туады. Пікір формасында заттың кез келген қасиеттері мен белгілері көрініс табады. Бүл ой, әдетте, хабарлы сөйлеммен беріледі. Ол ақиқат ("Будапешт Дунайдың жағасында орналасқан") немесе жалған ("Астана Еділдің жағасында орналасқан") болуы мүмкін. Егер пікір, бір жағынан үнемі ұғымдар арасындағы қатынасты көрсететін сөйлеммен берілсе, пікір немесе олардың жиынтығы, ез кезегінде, ұғымның маңызын ашады. Ұғым мен пікірдің ара-қатынасы осындай. Ой қорыту — логикалық ойлаудың жоғары формасы. Ол пікірдің логикалық байланысына негізделген. Ой қорыту бізге белгілі пікірден жаңа пікір алатын ойлау формасы. Мысалы: "Біріккен Ұлттар Ұйымының барлың мүшелері бейбітшілік ұстанымын ұстауы керек" және "Қазақстан Республикасы — БҰҰ-ның мүшесі" дегеннен гөрі "Қазақстан Республикасы бейбітшілік ұстанымын ұстауы керек" деген ой қорытып шығаруға болады. Тағы бір мысал: таңертең терезеге қарап, көрші үйдің төбесінің суланып тұрғандығын көріп, біз түнде жауын болғандығы туралы ой қорытамыз. Ой қорыту күнделікті және ғылыми танымда кең қолданылады. Ой қорытудың аркасында біз өр пікірде берілген айғақтарға негіздеп жатпаймыз. Егер ой қорыту жаңа білімдер алуға мүмкіндік бермесе, онда адамдар ешқашан атом әлеміне үңіле алмас еді. Атомның бөлінетіндігі туралы қорытынды тура бақылаумен алынған жоқ, ол ой қорытумен алынды. Ой қорытуды негізге ала отырып, Күн жүйесінің және Жердің пайда болуы, біздің планетамыздағы өмірдің пайда болуы, коғамның пайда болуы және оның даму кезеңдері туралы білімдер қалыптасқан. Ой қорыту келешекті болжау үшін де маңызды. Сондықтан ғылымда толып жатқан болжау, долбарлау, гипотезалар кең тараған. Ұғымдармен, талқылармен бірге ой қорыту сезімдік танымның шектеулігінен асып түседі. Олар сезім органдарының күші жетпеген, белгілі бір объектінің себептері мен пайда болуы анықталмағанда, оның мәніне қол жеткізе алмағанда, өмір сүру формасын, дамуының заңдылықтарын білмеген жерде өте қажетті құрал болып табылады.[1]
Дәріс мақсаты: Сана туралы философиялық түсінік. Бейнелеу ұғымы. Бейнелеу формалары. Сананың пайда болуында еңбектің және тілдің маңызы. Сана және өзіндік сана. Сана және бейсаналылықпен таныстыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Сана туралы философиялық түсінік.
2. Бейнелеу ұғымы. Бейнелеу формалары.
3. Сананың пайда болуында еңбектің және тілдің маңызы. Сана және өзіндік сана. Сана және бейсаналылық
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Сана — адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлері жанарларда да бар. Ао сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниененің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Сананың миға бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқандар да болған ол махист Р. Авенариус.
Идеалист философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінді. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректің hule – материя, zoe – тіршілік деген екі сөзінен құралған. Сана — материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені сана обьективті дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас.
Шопенгауэр, Ницше санасыздық (иррационализмді) мойындайды. Бәрін ырғаққа бағындырады. Ал Зигмунд Фрейд ақылсыздықты (нерационализм) дәлелдей отырып, оның аржағында сана тұрғанын айтады. Интуицияның өзі де толық санасыздық емес. Бірақта адамда, екі түрлі құбылыс бар дейді З. Фрейд. Бірі — «ол» (id) (моральдық қасиет), екіншісі «мен» (ego) (тәртіптілік). Ego-ті қыспақта ұстайд, оған ерік бермейді дей келіп, З. Фрейд өзі «id»-ті қолдайтынын айтады. Сондықтан З. Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан, оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды демекпіз.
Бейнелеу барлық материя тән қасиет. Обьективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процестер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды, әрбір зат құбылс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады.
Сананың пайда болуы екі факторға байланысты: бірі — еңбек, екіншісі — тіл. Тілде бірден пайда болған жоқ. Оның алдында алғашқы адамдар бір-бірімен түрлі дыбыс, қимыл-әрекеттер, ымдасу арқылы ұғысқан. «Алдымен еңбек, одан соң бөліп-бөліп айтылатын тіл – дейді Ф. Энгельс.
Сана белгілі бір дәрежеде – сана-сезімге айналады. Сана –сезім — өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғары сатысы. Сана-сезім дегеніміз — адамның өзін-өзі ойлай алатын, сезе білетін әрекеттенетін субьект ретінде түсіне бастауы. Сонымен сана-сезім — философия, социология, этика, психология, педагогика, этнография сияқты бірнеше ғылымдардың басын біріктіретін құбылыс. Өзіндік сана — адамның өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білу, өзіне деген сыни көзқарасы, өз мүмкіндіктерін бағалай білуі. Өзіндік сана рефлексия феноменімен тығыз байланысты. Рефлексия – тұлғаның өзі туралы ойлануы, ішкі рухани дүниесінің тылсым қатпарларынана үңілуі.