Шешендік өнер психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.

Содержание

КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89

Вложенные файлы: 1 файл

шешендк онер.doc

— 735.00 Кб (Скачать файл)

- еліктеушілік қимылдарды өте  тәжірибелі шешендер   қолданады.    Ондай   қимылдарды   пайдалану ережелерін есте сақтау қажет:

- қимылдар қажет болған кезде  өзінен-өзі жасалынуы керек;

- қимылдар бүкіл сөз барысында  үздіксіз болмауы керек. Әрбір  сөз бен пікірді қимыл-әрекеттермен  қосарлаудың қажеті жоң;

- қимыл әрекеттерді бағындырып, басқару керек;

- қимылдар әр түрлі болуы  керек;

- қимылдар орынды жасалуы керек. Олардың саны мен жиілігі сөз  сипаты мен аудитория құрамына  сәйкес келуі керек.

-  Жалпы сөйлеп тұрғанда ондай  қимыл-әрекеттер туралы арнайы  ойлаудың қажеті жоқ, бірақ  қажеттен тыс көп болып бара жатқанын сезген кезде, дереу оның санын қысқартқан жөн.

И.Андрониковтың бірінші рет жүргізуші ретінде сахнаға шыққанында көрермендер байыпты музыка туралы әңгіме естудің орнына шек сілелері қатқанша күліпті. Бұл жерде гәп сөздің мағынасында емес, жүргізушінің жүріс-тұрысында болған. Мұны көріп тұрып есінен танып қала жаздаған И.Соллертинский Андрониковтың сөз сөйлегенін былай суреттепті:

"Сөйтіп, сен артқа бұрылдың. Бірақ... сенің тіпті бұрылмағаның  жақсы еді. Сенің бет-әлпетің мүлде жиіркенішті, тіпті жексұрын болып көрінді. Сен қып-қызыл болып кеттің де, әрең дегенде екі рет маңдайыңның терін бірінші қатарға сілкіп салдың, қып-қысқа қолдарыңды ербеңдетіп, "О, құдай!", - деп айқай салдың". Сол кезде жалма-жан сол аяғыңды ербеңдетіп, дирижер үстелінің сукносын тырнай бастадың, сен орныңнан бірнеше рет атып тұрып, билей бастадың.

Сосын екінші аяғыңның өкшесін тарс еткізіп, залдың назарын өзіңе аудардың. Онымен қоймай сен құрысып, тырысып, кейін шегіндің, аузыңды ыржиттың, басыңды изедің. Көрермендер мойындарын созып, сенің сол құртаңандай жерде қалай құлап қалмай тұрғаныңа таңданып жатты. Сол кезде сен кенет оң қолыңды сермелей бастадың, қоймастан сілтедің-ай келіп. Көрермен бірауық  көз алмай сенің қолыңның қимылын бақылады. Кейбір жүйкесі жұқарады сенің қолың иығыңнан ажырап, залға ұшып түсетіндей қауіптеніп көздерін жұмып жатыр. Айызың қанғанша көрермендерді азаптап алып, кенет қолыңды артыңа тықтың да, оң қолың-ды саусақтарымен сол қолыңның шынтағынан ұстап алып, бар күшіңмен тартып қалдың. Үнсіз қалған залда сүйекің  қашыр құшыры естілді. Тап сол тұста бір кәрі аю одан да көрі текені жеп жатқандай әсер пайда болды Ақырында сен енді сөзді бастауға болады деп шешкен болуың керек. Оның  алдында сен залдағы біреуге көзіңді қыса бастадың, шамасы сенің біреумен көңілдес екеніңді білдіргендей ойың болды-ау деймін"

Көркем сөздің тамаша шебері өзінің өткен жолы туралы әңгімелей келіп, көшпілік алдында сөйлеушілерге бай тәжірибесі туралы айтып қана қоймайды. Сонымен бірге баға жетпес кеңестер береді. Біз бұл кітапта оның шығармаларынан бірнеше үзінділер келтірдік. Жоғарыда-келтірілген үзіндіден дұрыс қимылдау,ым - ишараны орынсыз пайдаланудың қаншалықты сөйлеушіге кері әсерін тигізетіндігін көрдік.

Қорыта келгенде айтарымыз, сөйлеушінің басы артық  қимыл қозғалыстары тыңдаушылардың зейінін бөліп, кедергі келтіреді, ал сахнада өзін-өзі дұрыс ұстау тыңдаушыларға қосымша әсер етіп, сөздің сәтті шығуына жәрдемдеседі.

 6. Сөйлеу техникасы

Жүріс-тұрыс, ым, ишара алынған ақпараттың сезімді  мағынасын арттырып, оларды жақсы сіңіруге жәрдемдеседі. Бірақ аудиторияға негізгі ақпарат беруші және әсер етуші құрал - ол дыбысты сөз. Сондықтан да жақсы шешеннің ең негізгі қасиеттерінің бірі - ол дауысты меңгеру, оның сан түрлі мүмкіндіктерін пайдалана білу болып табылады. Дауыстың сипаттар интонация, қарқын, тембр, дикция барлығы да тыныс алумен байланысты және шешеннің сөйлеу техникасын анықтайды.

Дауысты тәрбиелеу, қою - аса нәзік, күрделі, көп еңбекті талап ететін, бірақ аса қажет мәселе. Ол үшін қажымай-талмай еңбектеніп, арнаулы жаттығулар жасап, үнемі бақылап отыру қажет.

Шешеннің сөйлеу стилін сипаттайтын бұл мәселені келесі бөлімде қарастырамыз. Әрине, шешеннің жақсы мәнері көп жағдайларда сөздің сәтті шығуына көмектеседі. Сөз шешен мен аудитория арасында өзара түсіністік, яғни байланыс орнағанда ғана нәтижелі болады.

Аудиториямен байланыс орнату

Көпшілік алдында сөйлеушілердің шеберлігінің ең жоғарғы көрінісі - ол аудиториямен байланыс орнату.

Аудитория мен шешен арасындағы байланыс егер екі жағы да бірдей ойлау әрекетімен айналысып, ұқсас сезімдерді басынан кешіргенде ғана орнайды. Шешен мен аудиторияның бірге ойлау әрекетін ғылым тілінде зияткерлік ынтымақтастық, ал ұқсас сезімдерді бастан кешіруді - эмоционалдық түйсіктестік деп атайды. Егер шешен бір нәрсені айтса, ал тыңдаушы екінші бір нәрсені ойланып отырса, онда олардың арасында байланыс болмайды.

Байланыстың сыртқы көрінісі аудитория мен шешеннің көңіл-күйінен, мінез-құлқынан байқалады.

Кейбір шешендерді демін шығармай, ұйып тыңдайды. Екінші бір шешендер сөйлегенде де аудиторияда үнсіздік болады, бірақ, бұл бір сөзін жібермей тыңдай-ықшы деген көңілден шыққан тыныштық емес, әдеттегі "сыпайылық" тыныштығы. Сондықтан да тыныштық аудитория мен шешен арасында орнаған байланыстың белгісі бола алмайды.

  Осыған байланысты Д.Карнеги болашақ шешендерге мынандай кеңес береді:

"Тыңдаушылармен олардың қазір орындарынан тұрып, сізге жауап беруін күтіп түрған адамдай сөйлесіңіз. Көз алдыңызға сізге біреу сұрақ беріп, сіз оған жауап беріп тұрғандай елестетіңіз. Дауыстап "Сіз менің оны қайдан білетінімді сұрадыңыз ғой? Қазір мен сізге айтайын" деп айтыңыз. Мұндай жағдайлар нағыз табиғи болып көрінеді де, сіздің сөзіңіз бұдан былай ресмиліктен қалады, ол бұл сөзге жылы шырай беріп, адамдық қалыпқа түседі".

— хабарлама дәл, қысқа болуы керек. Мұндай жағдайда ол тыңдаушыларды зеріктірмей, мәселенің мәнісін тез түсінуге жәрдемдеседі;

— ақпаратты баяндау түрі жеңіл, түсінікті болуы керек.    Адамдармен    олардың    үйреншікті    тілінде сөйлесудің маңызы зор;

—  сөз тақырыбы орынды болуы керек. Күнделікті өмірде ептеп біліп, әңгімелеп жүрген нәрселер ресми кездесулерде, аудиторияда қажетсіз, күлкілі, тіпті орынсыз болуы мүмкін. Аудиторияның көңіл-күйі әр түрлі сәттерге байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, банкетке жиналған кісілерге ұзақ сөз тыңдау тіпті орынсыз;

—  талқыланып отырған мәселені шешудің қиындығына баса назар аударылуы керек. Бұл тыңдаушылардың айтылған ақпаратты қабылдауын жеңілдетеді;

—  мәселені шешу үшін балама нұсқауларды ұсыну керек, олардың жағымды және жағымсыз жақтарын көрсету қажет. Бұл да тыңдаушының ақпаратты қабылдауын жеңілдетеді;

— шешеннің тұлғасы, оның беделі, ол туралы қалыптасқан пікірлер аудиториямен байланыс жасауға үлкен әсер етеді.

Тыңдаушылартен көз қатынастарын орнату

Аудиториямен байланыс орнатуда және оны сақтап тұруда шешен көзқарасының бағытталуының да "Зеріктіретін оқиға" деген оқиғаның кейіпкері про-фессор Николай Степанович өзінің лекторлық  қызметін еске ала отырьш, былай деп жазады: "Жақсы дирижер композитордың ойын бере отырып бірден жиырма жұмыс атқарады: партитураны оқиды, таяқшасын сілтейді, әншіні бақылайды, бірде барабанның, бірде валторнаның жағына қозғалады, т.б. Менде сөйлеген кезде сондаймын. Менің  көз алдымда бір-біріне ұқсамайтын жүз елу бет, бетіме бақырайып қарап отырған үш жүз көз түр. Менің мақсатым - осы жеті басты айдаһарды жеңіп шығу. Егер мен сөйлеп түрған кезде әр минут сайын оның маған аударған назары мен оның түсінігінің дәрежесі туралы анық мәлімет алып тұрсам, онда ол менің билігімде".

Аудиторияның негізгі ерекшеліктері

1. Біртектілігі. Аудиторияның біртектілігі туралы қорытынды жасауға негіз болатын белгілер:

- жасы;

- жынысы;

- ұлты;

- білім деңгейі;

- кәсіби мүдделері;

- көңіл-күйі, т.б.

Аудитория біртекті болған сайын, шешенге сөйлеу жеңілге түседі. Керісінше, аудитория неғұрлым әртекті болған сайын, олар әдетте шешеннің сөзін бірдей қабылдай бермейді, сондықтанда ондай тыңдаушыларға өсер ету үшін қосымша күш жұмсауға тура келеді.

 

3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін  жетілдірудегі шешендік өнер  рөлін анықтап,дамыту жолдары                                                                                       

 

       Зерттеу  жұмысымның  мазмұнын,  мәнін  тереңірек  түсініп,  ғылыми  болжамым—баланың тұлғалық  қасиетін  қалыптастыруда,танымын жетілдіруде түрлі  өмірлік  жағдаяттарда  және  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесінде  әр  түрлі  тәсілдері  қолдана  отырып  оқушының шешендік дағдылары мен баланың мәдениетін  дамытуға  болатынын дәлелдеу  мақсатында, Ақмола облысы Шучье ауданы Қызылағаш ауылы Абылай хан атындағы орта мектеп оқушыларымен және ұстаздарымен жұмыстар атқардым. Зерттеудің  міндеті- оқушының танымдық деңгейін дамытуда—шешендік  өнер  мен  мақал—мәтелдердің  алатын  орнын  анықтау,  шешендік дағдылар мен  сөйлеу  мәдениетін -пәндер  арқылы  жетілдіру  жолдарын  көрсету,  сабақтан  тыс  уақытта  да шешендік дағдылар мен сөйлеу  мәдениетін  жетілдіруде  ата-ана  мен  мектепті  байланыстыра  іс-шаралар  өткізуге  болатынын  дәлелдеу.  Сабақтан  тыс  жүргізлетін  жұмыстың  маңызы  зор.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  жоспарлы  түрде  оқу  пәндерінің  мазмұны  мен  тығыз  ұштаса   жүргізілетін  жұмыстар  ғана  ойдағыдай  нәтиже  беретінін  байқадым.

Біріншіден—оқушының  тіл  орамдылығы,шешендік дағдылары мен сөйлеу  мәдениеті  артып,  өмірде  көзқарасын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.

Екіншіден—ой-өрісін  кеңейтіп,  сөздік  қорын  байытады.

Үшіншіден—балаларды  адамгершілікке,  сезімталдыққа,  имандылыққа, әсемдікті  сезіне  білуіне,  жалпы  таным  деңгейінің  кеңеюіне  мүмкіндік  жасайды..

     Сөйлеу  мәдениетіне  ерекше  жетілу  шешендік  өнермен  тығыз  байланысып  жатады.  Сондықтан да шешендік мәселе бойынша сабақ өткіздім:

Сабақтың тақырыбы:  “Шешендік  өнер-ұлттық  психология  мен  сөйлеу  мәдениетінің  бастауы”.

Сабақтың  мақсаты:  шешендік  асыл  сөздермен  таныстыра  отырып,  ұлттың  тіл  ерешелігін,  сөйлеу  мәдениетін  бойларына  сіңіру.

Дамытушылық  мақсаты:  баланың  терең  ойлау  алу,  шешен  сөйлей  алу  кабілетін  дамыту,  тіл  байлығын  сөздік  қорын  арттыру.

Сабақтың  түрі:               Таным  сабағы.

Сабақтың  барысы:  І. Ұйымдастыру  кезеңі

                                  ІІ. Жаңа  сабақ.

                                   а) Мұғалімнің  кіріспе  әңгімесі.

Қазақ  тілі—бай  тіл  және дамитын  тіл.  Оқушының  сөйлеу  мәдениетін,  сөздік  қорын  байыту, тілін  ширату,  ой-өрісін  дамытудың,  құнарлы  да  қайнар көздерінің  бірі-шешендік  сөздер.  Көбінесе  ауызекі  айтылып,  ауызша  таралған, қағазда  емес,  жадында  сақталған.  Сондықтан  олар  бастапқы  қалпында  емес,  бізге  кейінгі  ұрпаққа  ұзын-ырғасынан  үзік  жұрнағы  ғана  жеткен.  Олардың  өзі  бірден-бірге  тарала  жүріп,  өңдеп-жөндеуге  көп  ұшыраған,  әлденеше ұрпақтың    сарабынан  өткен,  сөйтіп  қысқартылып,  ұстарып  жалпы  халық  шығармасына  айналған. 

Шешендік  сөздер  көбінесе  түсінік  сөздермен  баяндалады.  Жүйрік  тілді,  құйма  құлақ  талапты  жастар.  өнер  құған  қыз  бозбалар  жүрген-тұрған  жерлерінде, жиын-тойларда,  бас  рәсімдерінде,  той  басқарғанда  немесе  бір  мәселені  талқылау  үстінде  шешендік  сөздерді  пайданалып  отырған.

Шешендік  сөздерді  құрылысына қарай  жалпы  екі  тарауға  бөлуге  болады.

1. Өлеңмен  айтылатын  шешендік  сөздерді  термелі  деп  атаймыз.  Қазір,  өздеріңнің  құбырыларың  оны  бізге  жеткізеді. (Қосымша А)

2. Қара  сөзбен  айтылған  шешендік  сөздерді  пернелі  деп  атаймыз.  Шешендік  сөздің  мазмұнына  қарай  үш  топқа  бөлуге  болады  екен: (Қосымша Ә)

Шешендік  арнау  дегеніміз--әзіл—сықақ,  бата  беру,  көңіл  айту, алғыс  айту.

  1. Шешендік  толғау  дегеніміз--өсиет,  насихат.
  2. Шешендік  дау  дегеніміз--өнер  дауы,  мал  дауы,  ер  дауы,  жесір  дауы.

Шешендік  арнаудан  үзінді  келтірейін:

“Ертеде  Атабай  мен  Рахымбай  деген    исілердің  балалары  болмай.  Төле  биден  келіп  бата  алғанда  былай  деген  екен:

Жарлықа  алла  қабыл  ет,

Жарылқаудың  қамын  ет.

Әлемнің  бетін  жарық  ет.

Кешіктермей  келіндерін,  жерік  ет

Аман—есен  босандырып,

Бір-біріне  серік  ет

Меккеден  Мұхаммед

Түркістанда  Қожахмет

Не тілесең  тілегімді  алла—тағала

Өзің  қабыл  ет…”.

Шешендік  арнау  оның  ішінде  көңіл  айтудан  үзінді  тыңдаңыздар:  (Бір  жолдастың  баласы  қайтыс  болып,  бидің  жолдасына  айтқан  жұбатуы екен)

Тұлпар  бар  ма  тұяғы  майырылмаған?

Сұңқар  бар  ма  қанаты  қайырылмаған?

Адамға  тағдыр,  ажал  жеткен  шақта

Кімдерден—кімдер  жылап  айырылмаған.

Бауыры  бүтін  пенде  жоқ

Өлімнен  үлкен  қайғы  алған,

Бұған    айтар  дауым  жоқ

Сабырлық  қыл  жылама,

Өлшеулі  өмір  тұра  ма?

Жылағанмен  шығарым,

Жаның  басқа  шыға  ма?—деп  көңіл  айтқан  екен.

Шешендік  толғау—бұл  өсиет,  насихат  айту.Енді  өсиет—насихат  айтудан  үзінділер  тындайық (Қосымша Б).

     Оқушылардың  сөйлеу  мәдениетін  тәрбиелеу-оқу  тәрбие  процесінде  көзделетін  негізгі  міндеттердің  бірі.  Оқушының  тіл  мәдениетін  дамытуда—пәндерді  оқыту  жолдары  маңызды  орын  алады.

Екінші тәжірибелік  жұмысым  бастауыш сыныпты  оқыта  отырып-сөйлеу  мәдениетін  дамыту.

Оқушылардың  дүниеге  көзқарасын,  ой-өрісін,  эстетикалық  талғамын,  адамгершілік,  имандылық  қасиеттері  мен  өнерге,  сөз  өнеріне  деген  ынтасын  қалыптастыруда  Ұлы  Абайдың  қасиетті  сөздерін  пайдалану  өте  маңызды.  Сондықтан  3-нші  сыныпта “қазақ  тілі”  сабағында Абайдың  ақыл-дана  сөздерін  оқыту  тіл  сабағының  негізгі  мақсаты.  Абайдың  көптеген  өлеңдері  нақыл  сөзден  басталып  отырады.  Абай  өлеңдерінің  үлкен  ой,  терең  пікіріне  құрылған  жеке  тармаға  да  нақыл  сөздің  рөлін  атқара  береді.  Абайдың  жыр  маржандарын  мектепке  келген күннен  бастап  пайдаланып  отырымыз  десек,  артық  айтқандық  болмас.

Информация о работе Шешендік өнер психологиясы