Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа
Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.
КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89
“Асыл сөзді іздесең, Адамдықты кездес сен,
Абайды оқы ерінбе. Жаттап тоқы көңілге—
деп Сұлтанмахмұт айтқандай Абай адассаң жол көрсетер, шөлдесең су берер, шаршасаң қуат бере, қиналсаң ақыл бере, асыл тұлға болғандықтан Абайдың қанатты, нақыл сөздері бүгінгі күнгі талап-тілегіне сай, бала тәрбиесінде үлкен орын бар дүние және қай жастағы адамның болсын қажетіне жарайтын қасиетті сөздер.
Абайдың маржандай тізілген қасиетті дана сөздерін ана тілі сабағында пайдаландым. Мысалы: 3-нші сыныптың ана тілінде еңбек тақырыбына байланысты “Күн күлше”, “Нан қасиетті тағам” деген тақырыптар өткенде “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей: “Егіннің ебін, сауданың тегін үйреніп, ойлап мал ізде”, “Адам бол, мал тап, адал бол”… Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, азырдар адам баласын”.
Мінеки адам баласын аздыратын да, тоздыратын да жұмысы жоқтықтан безуге шақырған мақалдарын пайдаландым.
Жалқаудың арманы—тақырыбында “Қызмет қылып мал таппай, ғылым оқып ой таппай, құр үйіңде ас ішіп, жалқау арын сатады”-деген нақыл сөздермен байланыстырып отырдым.
“Жақсы деген немене, жаман деген немене тақырыбы бойныша …Талап, еңбек, терең ой, қанағат рахым ойлап қой. Бес асыл көнсеңіз” адам байындағы жақсы қасиеттерді талапкер, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымды болу керек, “Өсек, өтірін, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ, бес дұшпанын білсеңсіз” деген сөзлермен адам байындағы нашар қасиеттер осы екенін оқушыларға ой сала отырып, өздеріне шағын әңгіме құрастырдым. “Адам болам десеңіз, тілеуің, өмірдің алдыңда”, “Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, құмарланып шаттан ба, ойнап босқа күлуге”-деген сөздерді қолданым. Өмірде аз күн ойнап масаттанба, нағыз адамгершілікті, адал адам болам десеңіз ғылым үйрен, білім ал. Адам бойында болатын жақсы қасиеттерді қабылдай білу керек екенін түсіндіріп айттым. Хайуанаттар жайлы ертегілер оқығанда халықтың дәстүрлі ауыз әдебиеті арқылы халық арасында даңқымен атағы кеңінен жайылған айтулы тұлға “Жиренше шешеннің төрт түлік жайлы жазылған “Түйе түлік шыдамы, мол “ әңгімесін қосымша оқып, талдадым.
Тіл ұстарту, тіл сабығында баланы сөйлетіп, логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту мақсатында халқымыздың асыл қазынасы—шешен-мақсатында халқымыздың асыл қазынасы—шешендік сөздер-соның ішінде мақал-мәтел, нақыл сөздер өсиетті дана сөздерінің жиынтығын сабақтың түріне, тақырыбыны қарай сәйкестендіре колдануға тырыстым.
2-нші сыныптың “Қазақ тілі сабағындағы” сөз, сөйлем, дыбыс” деген үлкен тақырыбын өткенде “Қай ауыл баласы тал еккен” деген ойынмен байланыстырып өткіздім.
Ойын шарты:
Үш қатардың балаларына үш талдың белгісін қатар, берілген сұрақтары бойынша тапсырманы қай қатар оқушылары бұрын орындап үлгерсе, сол қатардың балалары тал еккіш болып санылады”.
Ары қарай талға қиыстырылып жапырақ-карточкаларға билер мен ел ағаларының, ұлы адамардың дана нақыл сөздері жазылады.
Ал буын тақырыбында ребустар шешу, шешендік сөздерден буындатып, дауысты, дауыссыз дыбыстарға атырытып, талдау жұмысын жасаттыру керек.
Заттың атын білдіретін сөздерді өткенде сөзжұмбақ пайдаландым. Шешуі: Төле би, Бала би, Әйтеке би, Қазыбек би, Сырым батыр.
Тасымал тақырыбына байланысты мамандық таңдау ойыны. Карточканың 1-нші бетіне шешендік ақыл-дана сөздерден мысалдармен берілген тапсырмалар жазылды, 2-нші бетіне мамандық иелерінің суреттері жапсырылды.
Халықтың ұлттық мұрасын, салт-дәстүрі халқымыздың данышпан, ұлы адамдарының жирмажандарын тек ана тілі, қазақ тілі сабақтарында ғана қолданбай, математика, сабағында қолданғанда көптеген мысалдар келтіріп, есептеп шығаруға болатанын байқадым.
Мысалы: “Қосу және азайту” тақырыбын өткенде мынандай ойан-есеп пайдалындым. “Бір күні Нау деген шешеннің лақтайын деп тұрған ешкісі үшті—күйлі жоғалып кетіпті. Әбден іздестіріп жүріп, ақыры тауып алды. Нау шешенге ұры “Екі ешкі ал” дейді. Нау шешен көнбепті.
Содан екеуі жүгінуге Әйтеке биге келіпті. Сонда Ә!теке би:
“Төлуіне төрт ешкі,
Айыбына алты ешкі,
Өзімен қоса бір ешкі,
Билін ақысы бір ат”—Осындағы өлең есепті ойын есебінде. Барлығы болады қанша енкі” деп шешкіздім.
Төле би 90 жасқа келіп, отырып қалған шағында Қаз дауысты Қазыбек би және тамам жақсылары мен шешендері жиналып, сәлем беруге барады.
Сонда Төле би “Бүгін бәрінің бастарың қосылып қалды ғой, сендерге айтар 10 түрлі жұмбағым бар-деген екен. Жұмбағым шешуі : 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10;
Қаз дауысты Қызыбек би шешкен екен:
1 дегеніңіз—бірлігі кеткен ел жаман
2 дегеніңіз—егесіп өткен ер жаман
3 дегеніңіз—үш бұтақтан шошынған ат жаман
4 дегеніңіз—төсектен безген жас жаман
5 дегеніңіз—белсеніп шапқан жау жаман
6 дегеніңіз—асқынып кеткен дерт жаман
7 дегеніңіз—жас келіншек, жесір қалған сол жаман
8 дегеніңіз—серпілмеген қайғы жаман
9 дегеніңіз—торқалы той, топырықты өлімге бас көрсетпесе сол жаман
10 дегеніңіз—оңалмас кәрілікке дауа болмас.
Бірліктер мен ондықтар тақырыбын өткенде Қазыбек бидің өлең есебін пайдаландым.
Қасымбет бидің ауылына майлы Қожа жырау келіп, 4—5 жыраласа риза болған халық, ауыл-аймақ, түйе бота, ешкі, қозылы қой беріпті. Сонда Қазыбек би:
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяған тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Шырағым бірінің санын ойлап қой!-деген екен.
Барлық саны 17 болса, ондығы нешеу, бірлігі нешеу деп абалардың өздеріне бірнеше қайталаттым .
Шешендік сөздерде қиял—ғажайып нәрселер болмайды өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардын туады. Сан жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өткен мақал-мәтел, аңыз-өсиет сөздер, терме, шешендік сөздер ел ішінде сақтау арқылы баланың өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, оларды ақылдылыққа, әдептілікке, тәрбиелілікке, сыпайылыққа, достыққа тәрбиелеуде игі ықпал. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысында пайдаланып отыру керек.
Үшінші тәжірибе. Оқытудың жаңа технологиясы бойынша мектеп бақша ұжымы мен өткізген модульдік сабақ болды.
Балаларға сөйлей бастаған кездерінен бастап олардың дұрыс, анық дәл сөйлей алуына ерекше көңіл бөлуі қажет. Осы мақсатта даярлық тобында бірнеше психодиагностикалық әдістер қолданым.
Әдіс № 1 “Әңгіме құрастар”.
Балаларға мынандай тапсырма беріледі:
1 минут ішінде біреулер неме бір нәрсе туралы әңгіме, ертегі ойдан құрастырып, әңгімелеп бер.
Бағалау қорытындасы: Баланың сөздік қорын, қиялының даму деңгейін мынадай себептерге байланысты бағаладым:
1-нші себеп бойынша—Олжас 30 сек. Ішінде әңгіме құрастырды—2 балл.
2-нші себеп бойынша—Айжан әңгімесінің сюжеті бұрынғы көргендерін, естігендерін қайталап берді 0 балл, ал естіген көргендеріне жаңадан сөз, қимыл детальдарын косқан Әлихан 1 балл, Олжас әңгімесі мағыналы, қиялынан шыққан—2 балл. Бұл сыныптағы оқушылардың сөздік қоры-орташа деңгейде болды.
Әдіс № 2 “Сөздерді жатта”.
Осы әдіс арқылы баланың сөздік қорын кеңейтудегі жаттау динамикасын анықтау болды. Балаға рет санымен дұрыс және жатқа айтып беретін 12 сөздер ұсындым:
Ағаш, қуыршақ, шанышқы, гүл, телефон, стакан, құс, пальто, шаң, сурет, адам, кітап.
Осы сөздерді қатарымен еске сақтап жаттау процесі төмендегідей өтті. Сөздер қатары айтылғаннан кейін бала оны еске түсіруге тырысты. Мен неше рет оқығаннан соң баланың қанша сөз жаттағанын белгілеп отырдым, сөздер 6 рет оқылды. 6 ұмтылыстан соң олар жаттап алуы керек болатын. Жаттау нәтижесін төмендегідей бағаладым:
Бағалау қорытындысы:
10 балл—барлық 12 сөзді 6 ұмтылыстан аз уақытта қатесіз есте сақтаса.
8—9 балл—бала 6 ұмтылыстан соң 10—11 сөзді айтса.
6—7 балл—6 ұмтылыстан 8—9 сөзді айтса.
4—5 балл—6 ұмтылыста 6—7 сөзді айтса.
2—3 балл— 4—5 сөзді айтса.
0—1 балл—3 сөз ғана айтса.
Сыныптағы 7 баланың 4 еуі—жоғары балл жинасы 2-еуі орташа 1-еуі төмен балл. Жоғары балл жинаған көңіл бөлетін, ол бала үнемі кітапханада отыратын.
Міне, баланың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамытуда—жанұя тәрбиесінің ықпалы да өте зор.
Әдіс № 3 “Сөздерді ата”.
Баланың сөздік қорын анықтауға арналды. Кейбір топтарға сәйкес келетін сөздерді балалардың айтып-беруі сұралды. Әр топқа 20 секунд берілді. Тапсырманы толық орындау уақыты—160 секунд.
Бағалау қорытындысы
10 балл—барлық топ бойынша 40 сөз айтса.
8—9 балл—түрлі топтарға сәйкес 35—39 сөз айтса.
6—7 балл—түрлі топтарға сәйкес 30—34 сөз айтса.
4—5 балл—түрлі топтарға сәйкес 25—29 сөз айтса.
2—3 балл—түрлі топтарға сәйкес 20—24 сөз айтса.
0—1 балл—19 сөз ғана айтса.
Бұл әдістің нәтижесінде Айман 1 балл, Олжас—7 балл, Әлихан—3 балл, Гүлнұр—3 балл жинады.
Тәжірибе бөліміндегі жұмыстардан кейін, сөйлеу мәдениетін дамытып, жетілдіру жолдары, шешендік дағдылар мен біліктіліктер —жанұяның, мектептің, қоғамның өзекті мәселесі екенін байқауға болады. Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізгенде ғана сөйлеу мәдениеті жетілген ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Зерттеу жұмыстары барысында сабақтарды ұйымдастыру мен жүргізуге танымдық тұрғыдан қарауды қалыптастыруға, әсіресе, оқушылардың алған білімдерін қорытындылау мен жүйелеуге аса назар аударылды. Қорытындылау сабақтарында оқушылардың біліміндегі жіберілген олқылықтарды анықтап, оларды жою және өздігінен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдысын жетілдіру бойынша жұмыс жасай отырып, оқулықтағы білім жүйесі мен оқушы санасында қалыптасқан білім жүйесі бара-бар болуы үшін бұрын меңгерген білімді қайта топтастыруға, жүйелеуге және қорытындылауға мүмкіндік туғызып, олардың танымдық ойлау қабілетін дамытуды көздейді.
Ұсынылып отырған оқушылардың танымдық қабілетін дамыту барысында шешендік өнер дағдыларына даярлау жүйесі өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға шешендік дағдыларын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейлерінің көрсеткіштері 1-кестеде, қорытынды динамикасы 2-суретте беріледі.
Кесте 1. - Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда шешендік дағдыларын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштері (%)
Компоненттер |
Жұмыс кезеңдері |
Жоғары |
Орта |
төмен | |||
ЭТ |
БТ |
ЭТ |
БТ |
ЭТ |
БТ | ||
Сөйлеу дағдысы |
Басы |
4,4 |
7,5 |
57 |
57 |
38,6 |
35,5 |
Соңы |
25,8 |
8,6 |
62,4 |
61,5 |
11,8 |
29,9 | |
Шешендік дағдылық көріністері |
Басы |
5,4 |
5,2 |
22,6 |
24,4 |
72 |
70,4 |
Соңы |
21,6 |
6,4 |
53,9 |
28,3 |
24,5 |
65,3 | |
Сөйлеу мәдениеті |
Басы |
- |
- |
18,2 |
17,5 |
81,8 |
82,5 |
Соңы |
8,2 |
4 |
54,6 |
22,5 |
37,2 |
73,5 | |
Шешендік біліктілік белгілері |
Басы |
- |
- |
4,5 |
5,2 |
95,5 |
94,8 |
Соңы |
4,3 |
- |
13,5 |
6,3 |
82,2 |
93,7 | |
Орташа мән |
Басы |
2,5 |
3,2 |
25,3 |
26,0 |
72,0 |
70,8 |
Соңы |
15,0 |
4,8 |
46,1 |
29,7 |
38,9 |
65,6 |