Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа
Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.
КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89
Ескерту: [автордың құрылуымен]
Сурет 7. – Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда шешендік дағдыларын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштері
Ескерту: [автордың құрылуымен]
Қорытынды нәтижеден мынаны көруге болады: егер эксперимент тобында жоғары деңгейді бастапқыда 2,5%-ға көрсетсе, соңында 15%-ға жетті; орта деңгейді алғашында 26,2%-ға көрсетсе, соңында 46,1%-ға жетті; төмен деңгейді басында 72%-ға көрсетсе, ол көрсеткіш соңында 38,9%-ға төмендеді. Бақылау тобындағы өзгеріс айтарлықтай жоғары емес.
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту даярлығының қалыптасуына ұсынылып отырған жүйе әсерінің тиімділігін анықтау үшін біз, Спирменнің (R) рангтік корреляция коэффициентін қолдандық. Бұл жағдайда R=0,519 болды. Ол мүмкін болатын қателік ықтималдылығы 0,05-ке сәйкес кестелік мән 0,456-дан үлкен. Сонымен, тәжірибелі-эксперимент оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда кредиттік білім беру жүйесінің құрылымдық моделінің, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерінің дұрыстығын, біздің ұсынған әдістемелік жүйеміздің дұрыстығын дәлелдейді.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтаушы педагогикалық эксперименті кезеңінде зерттеу базаларындағы мектептер бойынша эксперимент және бақылау сыныптары таңдалып алынды. Эксперименттік жұмыстарға қатысатын оқытушылар іріктелініп, оқытушыларге зерттеу мәселесіне байланысты арнайы дайындалған бағдарламалар мен әдістемесі бойынша ғылыми семинарлар өткізілді.
Анықтаушы эксперимент нәтижелері мынадай болды: оқушының 62%-і танымдық қызығушылығы төмен; өзіндік жұмыста ізденімпаздығы байқалмайды - 66%; дербес жұмыс істеуге талпынбайды - 58%; танымдық жұмысты қажет деп есептемейді - 49%.
Кешенді жұмыс формалары мен түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығы қалыптасуында маңызды компоненттерінің дамуы (мотивациялық-еріктік, мазмұнды-операциялық, рефлексиялық - бағалау) жағдайына талдау жүргіздік. Зерттеу жұмысы әр сынып бойынша жүргізіліп, қорытынды. нәтижесі жалпыланып, диаграмма түрінде сараптама жасалды.
Эксперименттің екінші диагносткалық қалыптастыру кезеңіндегі жұмыстар нәтижелері оқушыларының білімді меңгеруге белсенділігі, танымдық іс-әрекетке ынталануы, жаңашылдық процестер мен ғылыми зерттеулерге, дербес өзіндік жұмыстарға қызығушылығы, білімді меңгеруге деген құндылық бағдары мен көзқарастары оның іс-әрекетінде айқын көрініс тапқанын көрсетті.
Эксперименттің үшінші қорытынды кезеңі педагогикалық экспериментке талдау жүргізіліп, психологиялық-педагогикалық тұрғыда пайымдалған теориялық ұсыныстардың практикалық сипатта іске асуына қорытынды жасалды, педагогикалық тәжірибе жұмыстарының барысы мен нәтижелері сараланды. Ғылыми-педагогикалық тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар енгізілді.
Демек, оқушылармен жүргізілетін жұмыс оларды қызықтыратындай, жүйелі, білімнің қажеттілігі мен өмірлік бағдарға сәйкес үйлесімді жүргізілуі, оның дербес ерекшелігін ескеру, танымдыққа баулу, танымдық түйсігін жетілдіруде оның мотивтік амал-тәсілдерін аша түсу негізгі фактор болып табылады. Оқудың мотивациялық ролін күшейтуде диссертациялық жұмыс барысында көрсеткен жұмыс формалары мен ұсынған әдіс-тәсілдеріміздің тиімділігі дәлелденді.
Оқушылармен жүргізілген зерттеу нәтижесі олардың 60%-і өз бетімен жұмыс істеуге құлықсыздығын көрсетсе, 21%-і танымдық жұмыстың қиындығын алға тартып, оған көп уақыт бөлудің қажеттігі жоқтығын айтқан еді. 19% оқушы танымдық “жұмыс істеуді неден бастарымызды білмейміз” деген жауап берген болатын.
Біздің жүргізген жүйелі жұмыстарымыз нәтижесінде, соңғы қорытынды сауалнамада оқушылардың 84%-і танымдық жұмыстарға қызыға қатысқаны, 28%-і ғылыми жұмыс жасағысы келетінін, 39%-і өзінің сүйікті пәндері бойынша жаңалық ашқысы келетінін, 14%-і танымдық жұмыстар күрделі, уақытты талап еткенімен, оған қатысу қажеттігін айтса, 5%-і белгілі бір пән бойынша танымдық ізденіс қажет деген пікірлерді ортаға салды. Жалпы қорытынды: студент оқушысы танымдық жұмыстарға белсенді және оны қажет етеді, сондықтан әр пән бойынша танымдық сабақтар мен топтан тыс жұмыстардың нақты әдістемесін жасау елеулі міндет екені даусыз деп есептейміз.
Оқушылардың жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз етудегі маңызды компоненттер (мотивациялық-еріктік, мазмұндық-операциялық, рефлексиялық-бағалау) олардың танымдық ой-өрісінің даму деңгейлеріне де тікелей әсері бар екендігін көрсетті.
Кестеде көрсетілгендей, оқу жылының басында жоғары деңгей 7-8 % шамасын көрсетсе, жыл аяғында әдістемелік жұмысты жетілдіре отырып, танымдық қызығушылықты қалыптастырудың белсенді әдіс-тәсілдерін пайдалану,кредиттік білім беру жүйесінің ерекшелігін тиімді ұйымдастыра алу негізінде көрсеткіш 18,5 %-ға жеткен. Ал эксперимент топтарындағы 5 жыл бойында ұсынылған әдістеме бойынша жүргізілген сыныптарда оқушылардың танымдық қызығушылығы артып, танымдық ой-өрісінің кеңейгендігі байқалды. Тәжірибелік жұмыс жоғары көрсеткіштерді көрсетті .
Кесте 13. - Оқушылардың танымдық ой-өрісінің даму деңгейлері, %
ШығармаТанымдық ой-өрісінің даму деңгейі |
Бақылау тобы |
Эксперименттік топ | |||
Дәстүрлі оқыту |
Эксперименттік бағдарлама бойынша оқытудағы 1-жыл нәтижесі |
Эксперименттік бағдарлама бойынша оқытудағы 5-жыл нәтижесі | |||
Оқу жылының соңында |
Оқу жылының басында |
Оқу жылының соңында |
Оқу жылының басында |
Оқу жылының соңында | |
Жоғары |
8,1 % |
7,0% |
18,5% |
67% |
79% |
Орташа |
48,9 % |
49% |
55,5% |
33% |
21% |
Төмен |
43 % |
44% |
27% |
0 |
0 |
Ескерту: [автордың құрылуымен]
Сонымен қатар, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға арналған эксперименттік жұмыстар оқушының өзін-өзі бағалау деңгейіне де тікелей әсері бар екенін дәлелдеді .
Кесте 2. – Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейлері, %
Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейлері |
Бақылау тобы |
Эксперименттік топ | |||
Дәстүрлі оқыту |
Эксперименттік бағдарлама бойынша оқытудағы жарты -жыл нәтижесі |
Эксперименттік бағдарлама бойынша оқытудағы 1-жыл нәтижесі | |||
Оқу жылының соңында |
Оқу жылының басында |
Оқу жылының соңында |
Оқу жылының басында |
Оқу жылының соңында | |
Жоғары |
17 % |
22% |
39% |
79% |
82% |
Орташа |
53 % |
44% |
40% |
21% |
18% |
Төмен |
30 % |
34% |
21% |
0 |
0 |
Ескерту: [автордың құрылуымен]
Жалпы, жүргізілген эксперименттік жұмыстардағы маңызды компоненттердің даму динамикасын жинақтап, 6-кестеде көрсетіп отырмыз.
Сонымен қатар, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мәселесі бойынша кешенді тәжірибелік бағдарламада оқушының танымдық ойлау, шешендік дағдылары және жалпы меңгеру деңгейі қарастырылды.
Кесте 3. – Оқушылардың танымдық деңгейлері мен компоненттерінің дамуының жинақ кестесі (%)
Компоненттер |
Деңгейлер |
Экспер. дейін |
Эксперим. кейін | ||
БТ |
ЭТ |
БТ |
ЭТ | ||
Сөйлеу дағдысы |
Жоғары Орташа Төмен |
12,1 46,8 41,1 |
11,7 42,3 46 |
12,4 47,0 40,6 |
21,3 43,5 35,2 |
Шешендік дағдылары |
Жоғары Орташа Төмен |
17,1 51,9 32,0 |
16,3 51,2 32,5 |
17,7 52,3 30,0 |
29,5 52,3 18,2 |
Сөйлеу мәдениеті |
Жоғары Орташа Төмен |
11,2 37,0 51,8 |
9,0 37,5 53,5 |
11,8 38,7 49,5 |
25,5 36,1 38,4 |
Ескерту: [автордың құрылуымен]
Эксперимент жұмыстары оқушының танымдық әлеуеті мен білімді меңгеру деңгей арасындағы корреляцияны көрсетті.
Кешенді жүргізілген эксперимент жұмыстары нәтижесінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейінің өскендігі байқалып, ұсынылып отырған әдістеме дәйектілігін көрсетіп берді. Сондай-ақ тәжірибелік жұмыстар нәтижелері эксперименттік топтардағы оқушылардың білім деңгейі мен танымдық ой-өрісінің өскендігі, ал бақылау топтарында бастапқы көрсеткіш өзгеріссіз қалғандығын көрсетті.
Тәжірибелік-эксперимент нәтижелерін талдауда біз Торранс тестін пайдаландық. Оқушылардың танымдық әлеуетін бағалау эксперименттік топтарда жылына 2 рет, ал бақылау топтарында жыл соңында 1 рет жүргізілді.
Зерттеу нәтижесі ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін көрсетіп, танымдық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған жұмыстар арнайы жүргізілсе және оны қалыптастыруда жеке тұлғалық мотивациялық-еріктік, мазмұндық-операциялық, рефлексивті-бағалау компонентерінің дамуы ескерілсе, оқушылардың танымдық қызығушылығын жоғары деңгейге көтеруге оңтайлы мүмкіндіктер туындайды. Бастапқы көрсеткіш пен соңғы нәтижелерді салыстыру тәжірибелік-эксперимент барысында жүргізілген жүйелі жұмыс танымдық қызығушылығының даму деңгейінің өсуіне әсер еткеніне айғақ бола алады. Мұндағы мотивациялық-еріктік компоненттің деңгейінің оқушыларда танымдық іс-әрекетке қызығушылығының пайда болғандығын, өзіндік іс-әрекетті қажетсіну мен ынталылығының қалыптасқанын көрсетеді. Мотивациялық-еріктік компоненттің даму деңгейінің көтерілуі мазмұндық-операциялық компоненттің даму деңгейіне әсерін тигізді.
Біз пән бағдарламасы бойынша оқушылардың үлгерімінің жоғарылағанын байқадық. Оқушылардың іс-әрекеті мақсатқа бағытталған және ынталы, жүйелі бола түсті. Мұның нәтижесінде рефлексивті-бағалау компоненттің дамуы,
яғни оқушыларда тұрақты қызығушылық, танымдық жұмыстарда кедергілерді жеңуге ұмтылушылық, тапсырмалардың бірте-бірте күрделенуін және деңгейлік тапсырмалар мен логикалық жүйедегі тапсырмаларға ерікті түрде ұмтылысымен сипат алды.
Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың нәтижесін талдай келе, оқушылардың танымдық іс-әрекетте, дәстүрлі емес тапсырмаларды орындауда оңтайлы әдіс-тәсілдерді білмейтіндігі, өз бетімен ізденімпаздықпен жұмыс істеу білігінің жоқтығы, оқытушының сабақты бір сарынды өткізуі, ақпарат көздерінің жетіспеушілігі, танымдық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілмейтіндігі себеп болып отыр.
1-жоғары, 2-орташа, 3-төмен деңгейлер
Сурет 1. – Экспериментке дейінгі оқушылардың танымдық қызығушылығы мен шешендік компоненттерінің көрсеткіштері
Ескерту: [автордың құрылуымен]
1-жоғары, 2-орташа, 3-төмен деңгейлер
Сурет 2. - Эксперименттен кейінгі оқушылардың танымдық қызығушылығы мен шешендік компоненттерінің көрсеткіштері
Ескерту: [автордың құрылуымен]
Біздің зерттеулеріміз бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдары бар екенін, бұл бағытта дұрыс ұйымдастырылған жұмыстар арқылы оқушының ізденімпаздығын, шешендік дағдылары мен біліктілігін қалыптастыруға болатынын, тиімді әдіс-тәсілдері мен құнды нұсқаулар беру арқылы, жұмыс мазмұнын түрлендіру, оны жетілдіруде дәйектілігін көрсетті.
Оқушының танымдық дербестігін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру кезеңдері мен бейімделу деңгейлерінің технологиялық карталары жасақталынды.
Тәжірибелік зерттеуге барлығы 76 оқушыт қатысты. Зерттеу барысында оқушылардың танымдық дербестігінің қалыптасу өлшемін төмендегі 4 деңгей бойынша анықтадық: 1 деңгей 1-23% бейімделу кезеңі; 24-55% репродуктивтік деңгей; 56-79% рефлексивтік деңгей; креативтік деңгей 80-100%. Зерттелінетін сапаның мотивациялық-дербестік компонент деңгейі сауалнама, іс-әрекет нәтижесіне талдау, әңгімелесу, бақылау, өзін-өзі бағалау және педагогикалық жағдаяттарды шешу арқылы жүзеге асырылды.
Кесте 4. - Анықтаушы эксперимент нәтижелері, %
Танымдық дербестік компоненттері |
Деңгейлер |
БТ |
ЭТ |
Сөйлеу дағдысы
|
бейімділік |
41,0 |
41,3 |
репродуктивті |
31,1 |
31,5 | |
рефлексивті |
17,3 |
16,5 | |
креативті |
10,6 |
10,7 | |
Шешендік дағдылары
|
бейімділік |
31,5 |
32,5 |
репродуктивті |
29,4 |
27,7 | |
рефлексивті |
22,6 |
22,3 | |
креативті |
16,5 |
16,5 | |
Сөйлеу мәдениеті
|
бейімділік |
50,7 |
50,5 |
репродуктивті |
22,8 |
21,2 | |
рефлексивті |
16,0 |
17,5 | |
креативті |
10,5 |
10,8 |