Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа
Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.
КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89
Ескерту: [автордың құрылуымен]
Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру шығармашыл белсенді, өз бетінше, дербес жұмыс жасай алатын,шешендік біліктілігі мен дағдыларын тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.
Қалыптастырушы эксперименттің соңғы нәтижесі бастапқы көрсеткішпен салыстырмалы түрде берілді. Зерттеудің қорытынды бөлімінде нәтижелік танымдық деңгейге эксперименттік топ оқушыларының пайыздық көрсеткіші жоғары болып, бақыланушы топ бақыланушытөмен деңгей көрсетті.
Қалыптастырушы эксперимент барысында мынадай мәселелер шешілді:
Әр кезеңнің мақсаты ретінде оқушылардың танымдық дербестігінің қалыптасуындағы өзгерістерге сай сыртқы және ішкі әрекетіндегі сандық және сапалық өзгерістер қарастырылды. Біз ұсынған модельге негізделген эксперименттік жұмыстың нәтижесі аталған сапаның эксперименттік топ оқушыларының бойында жеткілікті және жоғары деңгейде қалыптасқандығын көрсетті.
Сонымен, зерттеу нәтижесі эксперименттік-тәжірибелік жұмыс барысында жүзеге асырылған біз ұсынған танымдық дербестікті, шешендік дағдыларды қалыптастыру моделінің тиімділігін көрсетті.
Оқушының танымын жетілдірудің әдістемелік жүйесі олардың оқу үдерісін білім беретін, дамытатын, танымын жетілдіретін,шешендік дағдылары мен біліктіліктерін саналы түрде меңгерулеріне көмектеседі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Халықтың мақтанышына
Сонау аласапыран дәуірде ұлт-азаматтық көтерілістің ұйытқысы болып, талай тағдыры таразыға түскенде, ел жұртының бірлігі мен тірлігін көксеген Төле, Қазбек пен Әйтеке бастаған билердің халық тарихынан алар орыны ерекше. Қазақ тарихында елдің елдігін көксеген, елді адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, халқының мұң-мұқтажын, мүддесін көздеп ғұмыр кешкен ділмалар көптеп саналады. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер-заманында қоғамдық қайраткерлер дәрежесіне көтерілген ірі тарихи тұлғалар, қара қылды қақ жарған әділ шешендер.
Бұлар-қазақтың әлем алдында ардақ тұтар, қайталанбас дара тұлғалар.
Қазақ шешендік өнері көне заманнан тамыр тартып, бастау алады. Шешен, яғни оратор өзінің сөзінің, баяндамасының тақырыбына қатысты материалдарды оқып, зерделеп, теріп алған фактілерді сұрыптап талдайды, салыстырады, сөйтіп ойын қорытындылайды. Ал қазақтың би-шешендері сөйлейтін сөзін күні бұрын дайындалмайды. Төле би мен Әйтеке, Қаз дауысты Қазыбектер «заготовкамен» пайдаланбаған. Бұлардың сөзі айтыс-тартыс, қырқыстан қызу сөз сайысы, пікір таласы үстінде тығыз таяңда, күтпеген жерден кенеттен туады, жай оғындай жарқ етіп шығады.
Қазақ шешендерінің сөзі-интеллектуалды импровизацияның жемісі. Екінші бір айырмасы- қазақ шешендік сөздерінің ұйқасқа, ырғаққа құрылатындығы. Ілгеріде көне Греция шешені Сократтың сотта сөйлеген сөзінен үзінді келтірдік. Онда ырғақ та, ұйқас та жоқ екені көрініп тұр. Ал қазақ шешендерінің сөзі ырғақты, ұйқасты болып келеді. Қазақ шешендік сөздерінің тағы бір ерекшелігі-мұнда ымдау, тұспалау, меңзеу, оспақтау, жұмбақтау кең қолданылады. Бұлар аңғарымпаздықты, тапқырлықты, ой ұшқырлығын қалыптастырады. Ұшқыр ой, ұтымды сөз-шешендіктің басты шарты. Сөйтіп сонау көне заманнан бермен қарай келе жатқан ымдау, меңзеу, жұмбақтау шешендік өнердің сарқылмас бір бастауы, қайнары болып табылады.
Осыдан келіп, шешендік сөздердің халық әдебиеті шығармаларымен байланысты туралы мәселе туындайды. Сондықтан кейбір сөздерді біреулер Төле бидің сөзі десе, екінші біреулер Байдалы немесе Тоқсан би айтқан екен дейді. Сондай-ақ кейбір сөздердің бірнеше нұсқасы кездеседі, яғни халық әдебиеті туындыларына тән көп нұсқаулық мұнда да кездеседі. Міне, осы мәселелер жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ қазақ шешендік өнерінің бастау-қайнарлары, би-шешендердің өсу жолдары, билердің әлеуметтік өмірдегі алатын орны, атқаратын істері, билер мен шешендердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы айтылып кетті.
Билер сөздеріндегі жасөспірім тәрбиесіндегі тәлім-тәрбиелік маңызы зор. Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тарихи, мәдени мұрасын шашау шығармай зерттеп, оның тәлім-тәрбиелік құнды жақтарын тиімді пайдаланамыз.
Ұзақ жылдар бойы қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесі мәселесімен айналысып келе жатқаны белгілі.
Қазақстандық Отан сүйгіштікті тәрбиелеу, басқаша айтқанда, ұлттық, этномәдениеттік дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды оқып-үйрену, ана тілін білу, өз халқының ерлікке толы өткен тарихына құрметпен қарау, азаматтық білім беру, экологиялық, көркем-эстетикалық және басқа да тәрбие-бүгінгі өмір талабы. Бұл дегеніміз оқу-тәрбие жұмысында этномәдениеттік білімді жалпыадамзаттық құндылықтармен ұштастыра беруге тың көзқараспен келуді талап етеді.
Ұл мен қыздың жеке тұлғасын қалыптастыруда таптырмас тәрбие құралы болып табылатын жыраулық әдебиетіміздің бүгінгі таңда күн өткен сайын құндылығы арта түсетіні осында.
Қазақ билерінің шешендік сөз өнерін педагогикалық мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға болады. Ал мұның практикалық мәні де зор. Барлық мектептерде оқу тәрбие үрдісінде пайдалануға болады. Шешендік өнер, яғни риторика, Европада сонау көне заманнан бастау алып, қалыптасып, дамып келеді. Көне Грецияда, Римде риторика мектептері болған. Қазір оқу орындарында арнайы пән ретінде оқылады.
Әлемде мұндай ғылым бар екенін қазақтарға алғаш таныстырған ұлы ағартушы ғылым Ахмет Байтұрсынов болды. Ол кісі өзінің «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде шешендік сөздердің түрлерін атап көрсетіп, әрқайсысына сипаттама берілді. Бұл игі істі С.Садырбаев, С.Негимов, т.б. ғалымдар жалғастырды. Алайда қазақ шешендік өнерінің өзіндік ерекшеліктері, оның бастау, қайнары, түрлері сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылмаған.
«Европа отарының сөзі интеллектуалды танымдық нәтижесі болып табылады. Қазақ шешенінің сөзі-интеллектуалды импровизацияның жемісі»-деп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығарамын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақтың тәрбиелік ой-пікір антологиясы (VI ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезең) І том. Алматы. Рауан. 1994.
2 Қ. Жарықбаев. “Аталар сөзі—ақылдың көзі”. Алматы—Қазақстан 1980.
3 М. Әуезов “Халық тағылымы”. Алматы—Білім. 1993.
4 С. Қалиев, Қ. Жақырбаев “Қазақ тәлім-тәрбиесі”. Алматы—1994.
5 Ұлы ойшылдардың философиялық ой-пікірлері антологиясы Алматы “Ана тілі”—1995.
6 Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. Алматы: 1984 ж.
7 Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиев. “Әдеп және жантану”. Атамұра—Қазақстан. Алматы 1994.
8 Ә. Табылдиев. Халық тағылымы. Алматы, Қазақ университеті 1992.
9 Бес ғасыр жырлайды. 1-т “Жазушы”—1989.
10 М.Жұмабаев Педагогика Санат баспасы 1999 -19б
11 Қазақтың тәрбиелік ой-пікір антологиясы (VI ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезең) ІІ том. Алматы. Раун. 1994.
12 Қ. Жарықбаев. “Қазақ психологиясының тарихи”. Алматы Қазақстан—1996.
13 А. Құдиярова. Қ. Жарықбаев. Жантану пәнін оқытудың мәселелері. Алматы—2004.
14 М. Әуезов “Халық ауыз әдебиеті”. Алматы—Білім. 1993.
15 Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы. Алматы Мектеп 1986.
16 А.Байтұрсынов «Тіл тағылымы »—Алматы, Мектеп 2002.
17 “Өзіндік таным”. №1. 2005 жыл. 2—6 бет.
18 “Ұлағат” № 5/2004—26—30 бет.
19 №6/2004. 24—31 бет.
20 Ұлағат №3/2004. 28—32 бет.
21 Ұлағат №1/2005. 46—53 бет.
22. Ұлағат №2/2004. 35—38 бет.
23 Ұлағат №3/2001. 32—34 бет.
24 Ұлағат №4/2003. 7—10 бет.
25 Ұлағат №2/2001. 3—7 бет.
26 «Бастауыш мектеп», (2000-2003) жинақтамалары.
27 Баймұратова, «Алты жастағы балаларды оқыту мәселелері», 1992ж. 3-28
28 Давыдов В.В. «Бірінші сынып оқушысының психологиялық дамуы», 1982ж. 17-37 бет.
29 Давыдов В.В. «Возростная и педагогическая психология», 1980ж. 5-17
30 Дүйсенова Ә. «Бала мінезін тәрбиелеу», 1996ж. 3-10 бет.
31 Корчак Я. «Балаларды қалай жақсы көру керек», 1968ж. 38 бет.
32 Қоянбаев Ж.Б. «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі», 1972ж. 10-25 бет.
33 Құрманалина Ш.Х. «Дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар», 1-сынып. Атамұра. 1997ж.
34 Мухина В.С. «Алты жастағылар жинақтамалары», 1989ж. 3-28 бет.
35 Михалков С.В. «Бәрі балалық шақтан басталар», 1972ж. 57-60 бет.
37 Аймауытов Ж. Психология. Алматы. Рауан 1995.
38 Адамов Е.А. Шешендік сөздер. Қазақ әдебиетінің тарихы, 1т,Алматы 1991
39 ӘбдіқұловаР. Шешендік өнердің көркемдігі. // Бастауыш мектеп. №4, 2005ж, 50б.
43 Любинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде—Алматы Мектеп 1981.
44 А.В. Луначарский «Рухани-адамгершілік тәрбие маңыздылығы» // поиск 2005ж, №8. 43-44б.
45 Еламанов Қ . Билер қызметі, Билердің құрылымдық жүйесі, Билер
шешімдері, Түйін 11 Фемида-1997- №11-71-75 б.
46 Жанаш Нұ. Еламанов Қ . Билер қызметі, Билердің құрылымдық жүйесі, Билер шешімдері, Түйін 11 Фемида-1997- №11-71-75 б.
47 Ж. Нұрмахан «Тұманшы би», «Бимырза би», «Билер сөзі» мақала.
«Кең жылай» газеті, 1993ж;
48 Жарықбаев Қ , Қалиев С. Ж ., «Қазақ тәлім- тәрбиесі»: (Оқу құралы)
– Алматы; «Санат», 1995-352б
49 Негимов С. Шешендік өнер. Алматы. «Ана тілі», 1997ж.
50 Жарықбаев Қ, Қалиев С.Тас бұлақтың суындай.Қазақ әдебиеті. 1989ж,
51 Жәнібекова С. Хан дәуіріндегі ақын-жазушылардың тәлімдік ойлары. // Ұлы тағылымы.2004ж, №2. 30-34б.
ҚОСЫМШАЛАР
Сөйлеу мәдениетіне ерекше жетілу шешендік өнермен тығыз байланысып жатады.
Сондықтан да шешендік мәселе бойынша сабақ өткіздім:
Сабақтың тақырыбы: “Шешендік өнер-ұлттық психология мен сөйлеу мәдениетінің бастауы”.
Сабақтың мақсаты: шешендік асыл сөздермен таныстыра отырып, ұлттың тіл ерешелігін, сөйлеу мәдениетін бойларына сіңіру.
Дамытушылық мақсаты: баланың терең ойлау алу, шешен сөйлей алу кабілетін дамыту, тіл байлығын сөздік қорын арттыру.
Сабақтың түрі: Таным сабағы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақ тілі—бай тіл және дамитын тіл. Оқушының сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын байыту, тілін ширату, ой-өрісін дамытудың, құнарлы да қайнар көздерінің бірі-шешендік сөздер. Көбінесе ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, жадында сақталған. Сондықтан олар бастапқы қалпында емес, бізге кейінгі ұрпаққа ұзын-ырғасынан үзік жұрнағы ғана жеткен. Олардың өзі бірден-бірге тарала жүріп, өңдеп-жөндеуге көп ұшыраған, әлденеше ұрпақтың сарабынан өткен, сөйтіп қысқартылып, ұстарып жалпы халық шығармасына айналған.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөздермен баяндалады. Жүйрік тілді, құйма құлақ талапты жастар. өнер құған қыз бозбалар жүрген-тұрған жерлерінде, жиын-тойларда, бас рәсімдерінде, той басқарғанда немесе бір мәселені талқылау үстінде шешендік сөздерді пайданалып отырған.
Шешендік сөздерді құрылысына қарай жалпы екі тарауға бөлуге болады.
1. Өлеңмен айтылатын шешендік сөздерді термелі деп атаймыз. Қазір, өздеріңнің құбырыларың оны бізге жеткізеді:
Асылан:
(1-оқушы) Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышықылаған сөз қиын.
Тыныштықпен сол қиын.
Берік:
(2-оқушы) Сыбайлас болса, нағашың жақын.