Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 13:20, дипломная работа
Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі. Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...................................................
6
1.1
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының мәні мен мазмұны...................................................
6
1.2
Әлеуметтік жұмыс объектісі, субъектісі және қағидалары.....................................................................................
26
2-ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ........
43
2.1
Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмсының барысы...............................................................................................
43
2.2
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау.................................................................................................
50
2.3
Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі.................................................................................................
60
3-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................
70
3.1
Әлеуметтік жұмысты жеттілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы...........................................................................................
70
3.2
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру...............................................................
81
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ең біріншіден бұл компоненттердің логикалық қаралуын мынадай дәйектермен белгілейміз: субъекттер өздерінің маңыздылығына қарамай, олар белгілі бір шамада объекттерден туындайды. Шынымен де, әлеуметтік жұмыс объектілері белгілі бір қоғамда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсерінен объективті түрде туныдайды және қалыптасады: субъектілер объективті жағдайлар әсерінен туындағанымен де, олар саяси және басқа да әлеуметтік институттармен қалыптасады, яғни қондырма болып табылады.
Әлеуметтік жұмыста объект пен субъектті түсіну үшін маңызды үш кезеңді белгілейміз: олардың айырмашылығы; органикалық өзара әрекеті, байланысы; олардың орын ауыстыруына мүмкінділігі.
Объектіні субъектіге, оның тәжірибелік және танымдылық қызметіне қарсы тұрады деп түсіндіруге болады. Ол жай ғана объективті шындықтарға ұқсас болып қана қоймайды – сонымен қатар субъектпен өзара әрекет ететін бөлігі болып табылады.
Кең мағынада әлеуметтік жұмыс объектісі болып барлық адамдар табылады. Бұл барлық халық топтары мен қабаттарының өміртіршілігінің белгілі бір шамада қоғам дамуының деңгейінің әлеуметтік сала жағдайының, әлеуметтік саясат мазмұны және оның жүзеге асу мүмкіндігінің алдын ала анықталу бағыныштылығымен түсіндіріледі.
Сонымен қатар кез келген Адам, кез келген уақытта, өзінің өмір сүру кезеңінде өзінің қажеттіліктері мен мүдделерінің толықтай қанағаттануын қажет ететіндігін ескеру керек.
Сонымен қоса әрбір тіршілік саласында олар теңдей қанағаттанбауы мүмкін: бай Адам стрестік жағдайымен байланыссыз тыныш ахуалда, денсаулығын сақтауды және нығайтуды қажет етеді; ал дені сау Адам өзінің түрлі идеяларын іске асыруға мүмкіндігі жоқ кедей болуы мүмкін; кез келген жанұяда ата-аналар арасында немесе бала мен ата-ана арасында келіспеушіліктер болады (бұндай әрекет әсіресе қоғамның кризистік жағдайында байқалады),- яғни, әрбір Адам қандай жағдай болмасын қолдауды, көмекті, қорғауды қажет етеді.
Халық әртүрлі негізде
құрылған және одан, өздерінің әлеуметтік
және басқада мәселелерінің
Бұндай объекттер жеткілікті. Олардың басымдылығын есепке ала отырып жіктеп көрейік:
өмір қиындықтарын өз бетіңше жеңуге мүмкіндік бермейтін денсаулық жағдайы.
Бұл келесідей халық
топтары: мүгедектер, радияциялық
әсерге шалдыққан адамдар,
жедел (экстрималды) әлеуметтік жағдайдағы қызмет және еңбек.
Бұл топқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткендер, соғыс кезінде қайтыс болған әскери қызметкерлердің аналары және жұбайлары жатады;
адамдардың егде, зейнеткерлік жасы, белгілі бір жағдайларға байланысты қиын тұрмыс жағдайындағылар, - олар жалғыз басты қарт адамдар, және зейнеткерлерден құралған отбасылар (жасына, мүгедектігіне және басқада негіздерге байланысты).
девианттық мінез-құлықтың әр түрлі формада көрінуі
Бұл санатқа девианттық
мінез-құлықтағы балалар мен
әр түрлі санаттағы отбасылардың бейберекет қиын жағдайы
Бұл халық тобына бала асырап алушы отбасыларды және асыраушысынан айырылған балаларды; төмен деңгейлі табысы бар отбасыларды; жас отбасыларды; ата-аналары кәмелетке толмаған отбасыларды; ажырасушы отбасыларды; ата-анасы үнемі конфликтті қарым-қатынаста болатын отбасыларды жатқызуға болады;
балалардың ерекше жағдайы (жетімдік, кезбелік және т.б.)
Бұл негізде келесі топтарға бөлінеді: бала үйлері мен мектеп- интернаттарының түлектері (олардың материалдық тәуелсіздікке дейін); жетім қалған немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар; бақылаусыз қалған балалар мен жасөспірімдер;
кезбелік, баспанасыздық
Бұл топқа тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар, тіркелген қашқындар, амалсыздан жер аударушылар;
босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі жағдай
Бұл жүкті және емізулі, сонымен қатар бала күтуіне байланысты демалыстағы әйелдер тобы;
саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және соңынан ақталған адамдардың құқықтық (сонымен қатар әлеуметтік) жағдайы
Ұсынылған топ бөліктері тек қана жалғыз бұл емес. Көрсетілген топтарды нақты түрде дифференциалдауға категорияларға бөлуге болады.
Бөгде адамдардың көмегін қажетететін адамдар әлеуметтік жұмыс объектісі болады. Олар: қарттар; зейнеткерлер; мүгедектер; ауыр хальдегілер; балалар; қиын өмірлік жағдайға душар болған адамдар; жағымсыз ортаға тап болған жасөспірімдер, маскүнемдер, нашақорлар, жыл сайын өзін-өзі өлтіретіндер, жұмыссыздар, жезөкшелер және т.б.
Мұндай адамдар тобы Қазақстанда ондаған миллионға жуық. Бұл ондаған миллион адамдардың әрқайсысы- қайталанбас ақылға, психикаға, күрделі өмірбаянға ие жеке тұлғалар. Бұлардың барлығы әлеуметтік қызметкерден адамның жан дүниесін теркең түсіне білуді, жанашырлық танытуды, жан-жақты болуды, үлкен шыдамдылықпен ынталылықты талап етеді.
Әлеуметтік жұмыстың бірден-бір маңызды және басты объектілерінің бірі– отбасы, жалғыз басты аналар отбасы, мүгедек балалары бар отбасылары. Сол сияқты ата-аналары мүгедек отбасылар. Әдетте, қиын материалдық жағдайда әсіресе кішкентай балалары бар (3 жасқа дейінгі) отбасылар. Осы отбасыларына қосымша мемлекет қамқорлығында босқындар мен көшуге мәжбүр болған отбасылары бар. Тағы бір көмек қажет ететін отбасы категориясы - ол кәмелетке толмаған балалары бар жұмыссыздар отбасы. Тағы бір отбасылар – ол маскүнемдер, нашақорлар мен тәртіп бұзушылар т.б. Әлеуметтік жұмыс осы отбасыларының проблемасын шешуге ғана емес, оларды нығайту, дамыту, отбасының ішкі потенциалын, әлеуметтік-экономикалық демографиялық жағдайын тұрақтандыру. Қаладағы қаңғыбастар мен үйсіздер бұл адамзаттың тіршілік ету аралығындағы құбылыс. Бірақ бұл құбылыс, әсіресе әлеуметтік күйзелістер кезеңінде және табиғи апаттар, атап айтсақ: соғыс, аштық, су тасқыны, жер сілкіну, дағдарыс процестері түрлі елдерде кеңінен кездеседі. Ол дамыған, сондай-ақ нашар дамыған елдерге тән. Қазіргі жағдайда көптеген елдерде қаңғыбастық пен үйсіздер проблемасын қиындататын жалпы принциптерге қоса принциптер сипаттамасы:
- тұрғын үй
мен арзан тұрғын үйдің
- жұмыссыздыққа байланысты тұрғын үйге төлейтін қаржының жоқтығы;
- кейбір азаматтар
мен көптеген отбасының
- қоғамның әлеуметтік саулығы (маскүнемдік, нашақорлылық т.б.);
- отбасындағы қарым-қатынастың
іске асыруда мүмкіндіктердің
нашарлығы, аз қамтылған
Үйсіздер тобын түрмеден шыққандар толдыруда, ата-аналарынан қашқан балалар, мүгедектер, нашақорлар, маскүнемдер, босқындар, басқа елдерден қайтқан әскери қызметкерлер. Үйсіздердің көпшілігі жалғыз басты ер адамдар. Үйсіздердің түрлі проблемаларын шешуде арнайы мекемелерде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер үлкен рөл атқарады., мысалы: баспаналар, әлеуметтік сауықтару орталығы, балалар үйлері және т.б. Мысалы үшін, Қазақстан Республикасы үкіметінің №408 2000 жылы 16 наурыздағы қаулысы. Белгілі тұрғылықты тұратын жері жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімделу орталығын құру, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің №99 2000 жылдың 25 сәуіріндегі «Әлеуметтік бейімделу орталықтарының жұмыс ережесін бекіту» туралы.
Субъект – бұл тәжірибелік қызметті, біліктілікті,танымды жеткізуші, объектке бағытталған белсенділіктің қайнар көзі.
Мұқтаж адамдарға көрсетілетін барлық қызмет түрлерін әлеуметтік жұмыс субъектісі орындайды. Әлеуметтік жұмысты жүргізетін және оны басқаратын барлық адамдар және ұйымдар субъект болып табылады. Ол - әлеуметтік саясатты жүзеге асыратын мемлекет. Ол- қайырымдылық ұйымдары, қызыл крест пен қызыл жарты ай қоғамы сияқты ұйымдар. Ол- әлеуметтік жұмыскерлер Ассоциациясы, офицерлер Одағы және т.б. ұйымдар.
Әлеуметтік жұмыс зерттеушілері. Ғылыми жұмысшылар әлеуметтік жұмыс жағдайын сараптайды, әртүрлі әдістерді қолдана отырып ғылыми бағдарламаларды қайта өңдейді, бар және пайда болған тенденцияларды (беталыстар) бекітеді; әлеуметтік жұмыс мәселесі жайлы статьяларды жариялайды, ғылыми есептер, кітаптар шығарады.
Алайда әлеуметтік жұмыстың басты субъектісі, әрине ұйымдар емес, әлеуметтік жұмыспен кәсіби түрде немесе қоғамдық бастауларда айналысатын адамдар болып табылады.
Кәсіби қызметкерлер айтарлықтай көп емес. Бүкіл әлем бойынша есептегенде кәсіби қызметкерлер саны 500 мыңға жуық адам. Бұлар «әлеуметтік қызметкерлер» маманы екенін куәландыратын дипломы бар адамдар. Соңғы жылдағы жүргізілген іс- шаралар нәтижесінде Қазақстанда бірнеше ондаған мың әлеуметтік қызметкер дайындалған.
Әлеуметтік жұмыс субъектісі болып келесілер табылады: 1) әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар; 2) басқаларды әлеуметтік жұмысқа үйрететін профессиялар мен, оқытушылар құралы; 3) зерттеушілер.
Жалпы мұқтаж адамдарға
әлеуметтік қызмет көрсету бойынша
негізгі ауырлық дипломы жоқ,
белгілі бір мән-жағдайларға
Қазақстанда 1990-2000ж.ж. аралығында кәсіби әлеуметтік қызметкерлер саны бірнеше есеге артса қазіргі күні 5 миллион адамды құрайды. Осы жылдары дипломы бар бірнеше жүз мыңдаған әлеуметтік қызметкерлер дайындалған.
Әлеуметтік жұмыс туралы айтқанда, тағы бір жағдайды ескере кеткен жөн. Жоғарыда айтылған қызметкерлер арасында негізінен әлеуметтік жұмысты ұйымдастырумен айналысатындар бар (оларды ұйымдастырушылар немесе басқарушылар деп атауға болады) және де кейбіреулері тек қана міндетті түрде әлеуметтік көмек көрсетумен айналысады. Ал оларды дағдыланушы әлеуметтік қызметкерлер деп атауға болады.
Функциялар ғылымда бір мағынада ғана трактатталмайды. Функцияны толықтай және әлеуметтік жүйенің жекелеген субъектілерін ұйымдастыруда, жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың, қоғамның мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асырудағы рөлі деп қарастырған жөн.
Әлеуметтік жұмыстың функцияларын атап өтейік және оның қысқаша мазмұнын қарастырамыз:
диагностикалық функция- әлеуметтік қызметкердің адамдар топтарының немесе жеке адамның ерекшеліктерін, микроортаның оларға деген (немесе оған) әсерін және әлеуметтік диагноз қоюды үйрену.
болжамдылық функциясы- қоғамдағы барлық әлеуметтік институттардың әлеуметтік жұмыс объектісіне әсерін болжамдау және бағдарламалау.
Сақтандыру – профилактикалық (алдын ала емдеу немесе әлеуметтік терапевтикалық) функция- әлеуметтік-құқықтық, юристік, психологиялық, әлеуметтік-медициналық, педагогикалық және басқада ескерту механизмдерін іске қосу және қажет ететін адамдарға негативті құбылыстармен күресуге көмектесетін әлеуметтік-терапевтикалық ұйымдар, әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық-педагогикалық, медициналық,заңдық және басқа да көмек түрлері; отбасының, әйелдердің, жасөспірімдердің, балалардың және жастардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Яғни, сақтандыру-профилактикалық қызметі тек қана аз қамтылған және жеңілген адамдарға барлық мүмкін көмектер мен қорғауды көрсетіп қана қоймайды және сонымен қатар олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарына негативті әсер ететін жағдайлардан мүмкіндігінше алдын-ала сақтандырады;
Құқық қорғау функциясы- елдегі және белгілі бір себептерге байланысты басқа елдің бөлігінде қалған халықты қорғауға, оларға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған барлық заңдар кешені мен құқықтық нормаларды қолдану;
Әлеуметтік педагогикалық функция- адамдардың әртүрлі қызметке деген (мәдени-бос уақыттың, спорт, сауықтыру және техникалық сонымен қатар көркем өнер шығармашылығы және туризм) қажеттіліктерімен қызығушылықтарымен арттыру және солармен жұмыс жасауға әртүрлі мекемелерді, ұйымдарды, қоғамдық, шығармашылық және басқада топтарды, мамандарды, тренерлерді, мәдени-бос уақыт өткізу қызметін ұйымдастырушыларды тарту немесе шақыру;
Әлеуметтік-психологиялық функция- тұлғааралық қарым-қатынастарын реттеу және кеңес беру түрлері, барлық мұқтаж адамдарға әлеуметтік реабилитация мен әлеуметтік бейімделу орындарында көмек көрсету;
Әлеуметтік-медициналық функция- ауруды алдын ала емдеу шараларын ұйымдастыру, алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізін үйренуге көмек, тамақтану мәдениеті, санитарлық-гигиеналық нормалар, отбасын жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру, репродуктивті және сексуалды мінез-құқыққа жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру, жастарды отбасы өміріне дайындауға жәрдем жасау, еңбек терапиясын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға болысу;