әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 13:20, дипломная работа

Краткое описание

Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі. Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...................................................


6

1.1
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының мәні мен мазмұны...................................................

6

1.2
Әлеуметтік жұмыс объектісі, субъектісі және қағидалары.....................................................................................
26
2-ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ........


43

2.1
Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмсының барысы...............................................................................................
43

2.2
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау.................................................................................................

50

2.3
Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі.................................................................................................

60
3-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................


70

3.1
Әлеуметтік жұмысты жеттілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы...........................................................................................

70

3.2
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру...............................................................

81

ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ӘЛЕУМЕТТІК-ЖҰМЫСТЫ-ҰЙЫМДАСТЫРУ.doc

— 617.50 Кб (Скачать файл)

Өмір ылғи да үлкен  өкілеттіліктегі кадрлардың аз жауаптылығы  әкімшілік қаталдыққа, ойланбаған шешімге  жақсы жағдай мен мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге аз өкілеттіліктегі кадрлардың үлкен жауаптылығы кесімді, оперативті әрекет етуіне мүмкіндік бермейді, инициативтілікті өрістетпейді және іс жүзінде әлуметтік қызмет мамандарының жауапсыздығына әкеліп соқтырады. Міне, сондықтан да әлеуметтік қызметтегі әрбір маманға, әрбір әлеуметтік жұмыс басқарма органдары жүйесіндегі бөлімдерге қатал және мөлшерлес өкілеттілік пен жауапкершілік тағайындалған және оларға жүктелген функционалды міндеттерді дәл орындау жалпы әлеуметтік жұмыс тиімділігінің міндетті шарты болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасы психологиялық-педагогикалық  принципке үлкен орын берілуінің мәні, клиенке ықпал ету тәсілін, әлеуметтік жұмыс формасы мен  әдісіне деген талапты білдіреді.

Бұл топтағы әлеуметтік жұмыстың негізін қалаушы принциптердің бірі кешенді әдістеме принципі болып табылады. Әлеуметтік жұмыстағы кешенділік, бір жағынан, әлеуметтік жұмыс объектісіне тұтас, жан-жақты әсерін қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан, әлеуметтік проблемаларды шешуде шектеуге, жершілдікке (текшілдікке), мекемешілдікке қарсы тосқауыл қызметін атқаруға және адамдар көңіл-күйлерінің, мұқтаждықтарының, мүдделерінің есебі мен зерттеуі ұйғарылады; сонымен қатар адамдардың тиістілігін, әлеуметтік статусын, тұрмыстық жағдайы және өмірлік тәжірибесі т.б. делдал болатын олардағы шынайы тұлғаны, мұқтаждықты және тілекті көре білу шеберлігі.

Әлеуметтік жұмыстың психологиялық-педагогикалық принциптері  ішінен саралау әдістемесін ерекше бөліп алған жөн. Әлеуметтік жұмыстағы  саралау әдістемесі әлеуметтік қабаттар, топтар, мамандықтардың және ерекше көзқарас тағы адамдардың және қоршаған шындықтың материалды және рухани байлықта шартты заңдылық сипатта өндірілген. Осыдан әлеуметтік жұмыста тұлғаның  қызығушылық ерекшелігінің максималды және нақты есебін алудың нұсқауы шығады.

Халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған шараның сәтті іске асуы көп жағдайда әлеуметтік жұмыста  әлеуметтік қызметкерлердің, әлеуметтік қызмет басқармасы органдарының технологиялық  контингенттілігі принципін сақтаумен анықталады.

Психологиялық компоненттік – бұл әлеуметтік жұмысшының туындап отырған мәселенің мән-жағдайымен оны шешудегі технологиямен жете таныстығы іс жүзінде өз білімін  кәсіби сауатты түрде жүзеге асыра білу, ал бұл кадрлардың жүйелі оқуын және қайта дайындығын, дәл мағлұматты, барлық басқару буындарында аналитикалық және болжамдық қызметтің, әлеуметтік жұмыс объектілерінің терең және жан-жақты білімі олардың ұйымшылдығы және іскерлігі мен ерекшелігі болуын әлеуметтік қызмет клиенттерімен жұмыс барысында қажет етеді.

Әлеуметтік-психологиялық  принципінің бастыларының бірі- әлеуметтік белсенділікті ынталандыру, белгілі  бір әлеуметтік маңызды мақсатқа жету үшін, адамның белсенді, қызығушылығын  ояту, оның қуатын, қабілетін, өнегелілігі  және жігерлігінің  мүмкіндігін тарату. Десек те кез келген қызмет түрінде қайнар көзінің оятушы күші адам қызушылығы мен мұқтаждығы емес, олардың  қанағаттану деңгейі болады.

Әлеуметтік жұмыстағы  ынталандыру принципі оның өнегелі-идеялық  және материалды формаларының сәйкестігі және бірлігі; тәсілдердің адекваттылығы және тұлғалардың ынталандыру әдісі; адамның  жұмысқа, тіршілігіндегі әлеуметтік құндылықтарға объективті және әділ баға беру қатынасы деп топталынады.

Психологиялық-педагогикалық  топқа әлеуметтік жұмыстағы мақсаттық принципі жатады. Әлеуметтік жұмысшының назарының орталығында тұратын клиентке ықпал етудегі мақсат оның іс-әрекетінің сипаты мен әдісін анықтайды, әлеуметтік жұмыстың формасы мен мазмұнын алдын ала анықтайды. Мақсатқа жету әлеуметтік жұмысшының қолданған күш-жігерінің тиімділігінің және іскерлігінің өлшеуіші болып табылады. Мұның барлығы – мақсаттылық принципінің әлеуметтік жұмыстағы жеке маманның болсын, барлық құрылымның болсын қызметіндегі орны мен маңыздылығының куәсі.

Мақсаттылық, әлеуметтік жұмыс принциптерін бір бүтінге біріктіре отырып, оған жұмыстың әдісі мен формасын таңдауға ғылыми сипат береді. 

 

 

 

 

 

 

ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ

 

2.1 Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмысының барсы

Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі (білім, еңбек, бос уақыт және т.б.) үшін және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың спецификалық (өзгеше) проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.

Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс табыстылығының маңызды шарты болып, жастардың әлеуметтік проблемаларының туындау «деңгейін» анықтау табылады.

Ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер мынадай екі мәселеге назарларын аудару керек: мектепте оқуын жалғастырып жатқан жасөспірімдер еңбегі және орта мектеп түлектерін жұмыспен қамту.

15-29 жас аралығындағы азаматтардың  жалпы саны – 3 787 700 адам, немесе жалпы халық санының 25,7% -ын құрайды.

 

1-кесте. 2001-ші жылмен 2004-ші жылдар халық құрылымындағы жастардың үлесі,% (15-29)

 

Жылдар

2001

2002

2003

2004

Халықтың жалпы  саны,%-бен

 

100%

 

100%

 

100%

 

100%

Жастар үлесі

24,7

25,0

25,4

25,7


 

*Агафанов А.Н, Менлибаев К.Н. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие.-Караганда: Издаетльство КарГУ, 2003г.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген  кестеден халық құрылымында жастар санының ұлғайғаны көрінеді. Дегенмен, жастар санының өсуі регрессивті  сипатты процестер есебінен болып отыр.

 

2- Кесте.   Жастық топ бойынша жас халықтар саны (мың адам)

 

 

2001ж

2002ж

2003ж

2004ж

2004ж-2001ж %-бен

15-29

1431,4

1418,0

1418,7

1374,3

96,01

20-24

1288,2

1307,6

1293,6

1251,0

97,11

25-29

1153,9

1150,4

1152,7

1162,4

100,73


 

Жоғарыда көрсетілген 2-Кесте бойынша 15-19 жас аралығындағы қазақстандықтардың жалпы саны 5642,4 адам. «Орта» (20-24) жас тобы 5140,4 адамды құрайды. Бұл топтағы жас халықтар саны 15-19 жас аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда 502 адамға кем.

25-29 жас аралығындағы топтар 4619,4 жас қыздар мен ұлдарды құрайды. Ең төмен көрсеткіш осы топтағы жас халықтар санынан байқалады. Яғни, 20-24 жас тобы аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда-521 адамға кем, ал 15-19 жас тобы аралығындағы халықпен салыстырғанда – 1023 адамға кем екенін көре аламыз.

Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары;  өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда  болуына,  олардың  тұрақсыздығына  алып  келеді.

       

 

 

                       1994 жыл                        2004 жыл

 

1-сурет   Жастардың білім деңгейі, %

 

Республика экономикасында 1205,8 мың жастар жұмыспен қамтылған, немесе олар жалпы халықтың 28%-ын құрайды. Сонымен бірге 15-24 жас аралығындағы жастардың үлесі – 50,5% және 25-29 жас аралығындағы жастардың үлесі – 49,5%.  Жұмыспен қамтылған жоғарғы және аяқталмаған жоғарғы білімі бар жастар үлесі- 17,1% -ды құрайды, орта мамандар – 27,1%-ды және  жалпы орта білімді жас азаматтар – 44,3% -ды құрайды. Ауыл, орман және балық шаруашылық секторларында 356,8 мың жастар жұмыспен қамтылған (жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 29,6%-ын құрайды), өнеркәсіпте және құрылыста – 189,5 мың (15,7%), ал қызмет көрсету саласында – 659,1 мың (54,7%) жастар жұмыспен қамтылған. 

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер - әлеуметтік қамсыздандыру,  білім,  жұмыспен қамту қызметі және әскери салаларда жұмыспен қамтылған

 

 

 

 

 

3-Кесте.  Халықтың  жас ерекшелігі мен саны

                                                                                                                  пайызбен

 

Халықтың орташа республикалық  санының пайыздық көрсеткіші

2000ж

2001ж

2002ж

2003ж

2004ж

Барлық халық

100

100

100

100

100

Соның ішінде жас еркшілігі  бойынша,жыл:

1 жасқа дейін

 

 

1,6

 

 

1,5

 

 

1,5

 

 

1,4

 

 

1,4

1-4

7,3

1,5

6,5

6,1

5,8

5-9

10,6

6,9

10,0

9,7

9,3

10-14

10,3

10,5

10,7

10,8

10,7

15-19

9,2

9,3

9,4

9,6

9,8

20-24

8,4

8,5

8,6

8,7

8,8

25-29

7,4

7,6

7,7

7,8

7,9

30-34

7,7

7,4

7,2

7,1

7,1

35-39

8,0

8,1

8,0

7,9

7,6

40-44

6,5

6,7

6,9

7,1

7,4

45-49

5,4

5,6

5,7

5,8

6,0

50-54

2,8

3,0

3,5

4,1

4,7

55-59

4,8

4,4

3,7

3,1

2,6

60-64

3,1

3,4

3,8

4,1

4,2

65-69

2,9

2,7

2,4

2,2

2,2

70-тен жоғары 

4,0

4,0

4,4

4,5

4,5


 

2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі халық саны  1,5%-ға,  1-4 жас аралығындағы халық саны 3,4%-ға, 5-9 жас аралығындағы халық саны 1,3%-ға, 30-34 жас аралығындағы халық саны 0,6%-ға, 35-39 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 55-59 жас аралығындағы халық саны 2,2%-ға, 65-69 жас аралығындағы халық саны 0,7% -ға кеміді.

Ал, 10-14 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 15-19 жас аралығындағы халық  саны 0,6%-ға,  20-24 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 40-44 жас аралығындағы халық саны 1,1%-ға, 45-49 жас аралығындағы халық саны 1,6%-ға, 50-54 жас аралығындағы халық саны 2,1%-ға, 60-64 жас аралығындағы халық саны 1,1%-ға  және 70 жастан жоғары жастағы халық саны 0,5%-ға 2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ұлғайған. Және де осы кестеден көріп отырғандай халықтар арасындағы  ең үлкен өсім 10-14 жас аралығында байқалады.

Қазір Қазақстан Республикасы аумағында 3527000 отбасы тұрады. Еліміздегі қазіргі жағдай отбасы жағдайын шиеленістірді. Көптеген отбастарында әлеуметтік қызметтерді іске асыру шарты – репродуктивті, экзизтенциалды мәндегі және балаларды алғашқы әлеуметтендіру күрт төмендеді. Алаңдатушылықтың басқа бір себебі аборт процентінің жоғары болуы. Аборттан кейінгі өлім – ана өлімінің жоғарғы коэффициентіне қатысты негізгі себептердің бірі.

Тек орыс әйелдері емес, сондай-ақ қазақ әйелдері арасында да жас айырмашылығына байланысты бала туу деңгейінің нақты төмендеуі  байқалады. 2003 ж. мәліметтері бойынша  қазақ әйелдерінің бала туу жасының  мөлшері нақты алғанда, 35 жасқа дейін ақталады: бала туудың 90,9% 35 жасқа дейінгі аналар. Орыс әйелдерінің бала туу жасының мөлшері негізінен, 30 жасқа таман аяқталады. (барлық туудың 84,1% 30 жасқа дейінгі).

Қазіргі кезде қазақстандық әйелдері көпшілік жағдайда, бір екі  бала туумен ғана шектеледі, сондықтан халық санын көбейту үшін отбасы жалпы санының жартысынан көбі үш және одан да көп балалы болуы керек. Тек қаланың емес, сондай-ақ ауылдық жердегі әйелдер де баланы аз туатын болды. Бала тууды саналы түрде шектеу, негізінен бала туу барынша қабілетті жастағы әйелдерде байқалады. Осыған байланысты әйелдер мен балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау аса өзекті проблема болып қалады.

2001 жылы неке саны 145686, ал ажырасу саны 41567 болса, 2004 жылы  неке саны 96048, ажырасулар 35460, яғни халықтың неке-6,4, ажырасу-2,4 болған. Яғни, 4 жыл ішінде неке саны қысқарған, егер жылдармен салыстырсақ, онда ажырасудар саны қарқынды өсуде.

Некеге тұрушылар санының  қысқаруы байқалады. 2000 жылы халықтың 1000 адамына 6,4 неке, 2002 жылы 9,8 неке қиылған, яғни осы мерзім ішінде некелік 1,7 есе кеміген.

Әрине, әлеуметтік қызметкер  жеке отбасы мен оның мүшелерінің  барлық мәселесін шешпейді, ол әлеуметтік топқа туындаған қиыншылықтарды өз бетінше жеке білуге көмектесу  мақсатында, иек ынталандырып немесе оңтайландырады. Бұл жағдайда отбасы мәселелерін шешуде отбасы мүшелерінің шын мүдделілігі, сол сияқты әлеуметтік қызметкер ықпал етуге қабілетті өз бетінше шешім қабылдауға дайындығы орасан зор роль атқарады. 

Информация о работе әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру