Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 17:59, курсовая работа

Краткое описание

Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ...........................5
1.1 Мемлекет нысанының ұғымы мен түрлері.....................................................5 2. МЕМЛЕКЕТТІ Ң БАСҚАРУ НЫСАНЫ........................................................12
2.1 Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері.........................................12
2.2 Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы..................................................................................15
3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ..........................................................................20
3.1 Мемлекеттің аумақтық құрылымы...............................................................20
3.2 Мемлекеттің саяси режимі............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

мемлекет нысаны.docx

— 63.84 Кб (Скачать файл)

16 желтоқсан 1991 жылы «Қазақ  ССР-нің Президенттік сайлау»  туралы заңы Президенттің күшейтілген  жағдайы халық сайлауында үлкен  роль атқарды, себебі ол халық  атынан өзінің ойларын мақсаттарын, қызметін жүзеге асырды. Бұл орайда Президентіміз кезекті дауыс беру сайлауында жеңіп шығып екінші кезекке тағы да ел басы болып қалды.

Бұл дегеніміз халық сайлаған ел басы өз қамын ойламай, халқының ойынан шығып, халқы үшін қызмет істеп Қазақстан жерінің экономикалық жағдайын көтеріп, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын реттеп, қадағалап отырғаны өзімізге мәлім. Әуелден бастап елімізге егемендігімізді бейбітшілік жолмен алып берді, содан егеменді ел болғалы 1993 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дербес, тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Конституциясы қабылданды, өзіміздің ақшаларымыз, теңгелеріміз жарық көрді. Содан келе Қазақстан жері бөлінбейтін біртұтас мемлекет болды.  

 Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздік мемлекеттер достастығы  елдерімен де Бірікке Ұлттар  Ұйымымен де мүшесі болды. Қазақстан көршілес мемлекеттермен достығын нығайтып, халықтың бір-бірімен араласып, халықтың экономикалық әл-ауқатын дұрыстауға жол ашты.

1993 жылы 28 ақпанда қабылданған  Конституция жаңа мемлекетте  пайда болтан мәселелерді білдіре  алмады, яғни мемлекеттік, экономикалық  өмірдің, адам құқығы мен бостандықтарының  мәселелері және басқалары жататын. Басқару жүйесі туралы мәселе де тиянақты шешілген жоқ. Сондықтан     қоғамдық  өмірдің  өзі Конституцияны қайта құру туралы мәселені алға тартты. Президенттің басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды. Бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Өз еліміздің көркендеуі, гүлденуі, дамуы өздерімізге де байланысты екенін естен шығармайық. Егер халық азаматтары үкіметтің берген 8 сағат жұмысын тиянақты істеп, төленетін салықтарды уақытылы төлеп тұрса, еліміздің Конституциялық заңдарын сақтаса, онда еліміздің әл-ауқаты биікке көтеріліп, ең биік шыңдарда Қазақстан туы желбіреп тұрар   еді.   Осы   мәселелерді   іске   асыру   өзіміздің   қолымызда.   Осы бейбітшілік жолмен келген егеменді тәуелсіз мемлекетімізді қастерлеп, сыйлап, ат салысайық.

Қазіргі уақытта Қазақстан бір орында тұрған жоқ екені өзімізге белгілі, тәуелсіз мемлекетіміздің экологиялық жағдайлары жақсаруда, Қазақстан жерінен құнды қазба байлықтар, шикі зат экспорттары өндірілуде (мүнай, газ, алтын, руда, көмір, гранит және т.б.). Жоғарғы басшылардың қабылдаған зандарының өзі де халықтың ғана емес елдің дамуына әсерін тигізеді.

 

         3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

 

         3.1 Мемлекеттің аумақтық құрылымы

 

Мемлекеттік құрылым -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі.

Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі. Унитарлық мемлекет әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін. Федерация - бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады. Федерация ұлттық, аумақтық не аралас (ұлттық-аумақтық) негізде құрылады. Конфедерация - екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы. Конфедерация мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар.

Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.

Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.

Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.

Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі әртүрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі – олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік-құқықтық мәртебесі болмаған.

Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құраған егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынастар субъектісі болып қала береді, оларда өз азаматтығы, билік, басқару және сот әділдігі органдарының жүйесі болады.

Федерация – бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады; федерацияда жоғарғы федералдық органдар мен федералдық заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамасы да болады; федерацияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланылады, оның белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.

Достастық – бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болуы мүмкін. Достастықтың мүшелері – бұл толығымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері. Одақтастық – бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт болады. Ол одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейте түседі және оларды конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді.

Осы заманғы теория бойынша мемлекеттік құрылым унитарлық және федеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтың құрылымында басқа мемлекеттер болмайды. Осы мағынады унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет болып табылады. Унитарлық мемлекет тек әкімшілік - аумақтық бөлшектерге бөлінеді де, мемлекеттік ішкі әкімшілік - аумақтық құрылымын құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылымдарға ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекеттерде бір ғана конституция, бір заң шығаратын жоғарғы орган, бір жоғарғы басқару органы, біртұтас азаматтық болады.

Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып табылады.

Мемлекет құрылымының екінші бір түрі - федерация. Федерация құрамында екі немесе одан да көп мемлекеттер болады. Федеративтік мемлекет күрделі мемлекет. Онда федералдық конституция, заң шығару, басқару органы бар.

Дегенмен федерациялық мемлекеттің билігі оған кірген мемлекеттерден өріс алады. Бұл әр түрлі формада көрінуі мүмкін. Кейде мемлекеттер федерациясына кіретін үкімет одақ мемлекеттің ең жоғарғы билігін құруы мүмкін, мысалы президент. Бірақ бұл екінші жағдайда да мемлекеттерге одақ мемлекетінің билігін жүзеге асыруға қатысуға құқық берілген.

Мысалы, барлық республикалық одақ мемлекеттерінде палаталарының бірі федерация мүшесінің өкілдігі ретінде қызмет етеді және де бұлардың кейбіреулерінде федерация субъектілерінің теңдігі әрі мемлекет - мүшесіне, көбіне федерацияға енетін, конституцияны өзгерткенде шешуші дауысы бар бөлек мемлекеттерге депутаттарының санының теңдігін ұсынғанда көрінеді.

Бұл федеративтік құрылыстың үлкен және эмперикалық түрлілігіне куә болады. Бұлардың жартысы тарихи өзгеріп бірқатар федерациялардың унитарлық мемлекетке айналу тенденциясында көрініс табады.

Сондай-ақ, тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі конфедерация деп аталады.

Конфедерация - тәуелсіз мемлекеттердің одағы. Бұндай одақ бір немесе бірнеше саяси, экономикалық, әскери т.б. мақсаттарды көздеп құрылады. Конфедерация белгілері бар құрылым мемлекет конфедерациялық одаққа кіре отырып, өзінің тәуелсіздігін толық сақтайды.

Мемлекет конфедерациялық одаққа өзінің тәуелсіздігін толығымен сақтап, ішкі және сыртқы істердің барлығында дербес субъект бола береді. Әдетте конфедерацияның бір әскери заң шығарушы органдары, бір азаматтығы, бір салық, бюджет, ақша бірлігінің жүйесі болмайды. Конфедерацияның маңызы бойынша шапқыншылық немесе қорғаныс одағы болатын шатастырмау керек. Оларға қарағанда конфедерация тиісті тұрақты болады және оның мемлекеттік заңды сипаттамасымен және өз биліктерімен тек қана сыртқы істерде ғана жүзеге асырылмайтын, басқарудың конфедералдық органдары бар.3

Конфедерация мысалы 1776-1764 жылдардағы АҚШ, 1815-1867 жылға дейінгі Германия, 1815 жылғы Швейцария, 1918 жылға дейінгі Австро-Венгрия болады. Бірқатар мемлекет ісі жөніндегі мамандар федерация құрамына кіретін мемлекеттердің толық тәуелсіздігі болмайды деп санайды. Оларға федерация мемлекеттік билікті жүзеге асыруда азды-көпті қатынастарының суверенитетіне кейбір эквиваленттерін ұсынады.

 Георг Элипеканың пікірі  бойынша одақ мемлекеттің заң  тәртібі оның өз заңы болатын  конституцияға негізделеді және  одақ мемлекетінің заңымен ғана  өзгертіле алады. Одақ мемлекетінің  шегінде бөлек мемлекеттер өзінің  мемлекеттік сипаттамасын жояды.

Бұл шектерде олардың қызметі мүлдем тоқтайды немесе одақ мемлекеттік өз басқармасымен ауыстырады, әлде коммуналды одақ тәрізді өзін-өзі басқаратын корпорация сипаттамасын алады, себебі басқаруды заңға сәйкес және одақ мемлекетінің бақылауында өз органдары арқылы жүзеге асырады. Бұл пікірдің пайдасына федерация территориясы және бөлек мемлекеттердің тұрғындары көбіне ажырамас бірлікте болуы куәлік етеді. Бөлек мемлекеттер территориясы болады, ал бөлек елдердің халқы – оның бір халқы.

Мемлекеттерді өркениет тәсілімен түрлерге бөлуде олардың мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық факторымен салыстыра отырып қарастырады.Өркениет - әлеуметтік-мәдени жүйе. Бұған қоғамның тіршілік етудегі болмысының әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, экономикалық діни негіздері, адам мен табиғаттың үйлесу деңгейі, сондай-ақ жеке адамның экономикалық саяси әлеуметтік және рухани бостандықтарының деңгейі кіреді.

Өркениет дегеніміз қоғамдық салыстырмалы түрде тұйықталған және жергілікті ахуалы, қал-жағдайы. Монархиялық мемлекеттердің бірігуі жеке немесе уния формасында болады. Бұл екі формасының ортақтығы екі немесе бірнеше мемлекеттер монархтарының бір адамға үйлесу салдарында пайда болуында.4

Бір монархпен біріктірілген мемлекеттер арасында соғыс мүмкін емес. Дегенмен көп жағдайда олардың арасында маңызды жақындық болмайды.5

Империя - күшпен құрылған күрделі мемлекет. Империя бөліктерінің тәуелділік дәрежесі әртүрлі болады.

Бұрын көлік пен байланыс құралдарының дербес негізіндегі империяға құрылулар империя билігімен аз сәйкестелінеді. Жаңа уақытта, әсіресе XX ғасырда, жағдай маңызды өзгереді. Кейбір мемлекеттің ісін жүргізетін мамандар империяның құрамды бөліктерінде бір мемлекетті - заңды статус ешқашан болмаған жоқ деген қорытындыға келеді. Империя шеңбері жеткілікті кең. Олар тарихи дәуірлердің барлығында болған. Ертедегі Рим мемлекеті өзінің соңғы өмір сүру кезеңінде, Ұлыбритания және Ресей империя болған.

Енді мемлекеттік құрылым нысандарына келер болсақ, бұл - мемлекеттік биліктің территориялық ұйымдастырылуы. «Мемлекеттік құрылым нысаны» түсінігі халықтың дараұлттық құрамы, бар елдерге қарасты қолданылады.

Ұлттық мемлекеттік құрылым нысаны дегеніміз көпұлтты қоғамға негізделген, мемлекетті немесе одақты құрайтын мемлекеттің территориялық ұйымдастыру әдісі. Бұндай түсінік көпұлтты қоғамға қатысты пайдаланылады.6 Ұлттық мемлекет құрылымының нысаны 3-ке бөлінеді: федерация, біртұтас мемлекет және конфедерация. Федерация — бұл мемлекеттік қабілеттіліктің анықталмаған саласына ие саяси құрылымдарға негізделген мемлекеттің немесе ұлттық мемлекеттік құрылымның нысаны. АҚШ, Мексика, ФРГ - бұл территориялық белгімен құрылған  федеративті  мемлекеттер. Үндістан, Югославия, Чехословакия - бұл ұлттық белгімен құрылған федеративті мемлекеттер.

Біртұтас мемлекет – бұл  әкімшілік-территориялық бірлік теріс негізделген ұлттық мемлекеттік құрылым нысаны. Біртұтас мемлекет дара ұлтық та, көпұлтты да болуы мүмкін. Көпұлтты біртұтас мемлекеттер болып — Қытай, Ауғанстан, Тәжікстан, Қазақстан және т.б. табылады. Дара біртұтас мемлекеттер болып - Жапония, Гаити, Египет және т.б. саналады.

Конфедерация бұл саяси орталықтандыруды менсінбейтін мемлекеттер одағы. Оған ортақ конституцияның ортақ билік пен басқару органдарының болмауы тән.

Ол әскери, саяси немесе экономикалық мақсатта құрылады.

3.2 Мемлекеттің саяси режимі

 

Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп атауға болады–демократиялық және антидемократиялық режимдер. Демократиялық режимнің белгілері:

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы