Теміржол көлігінде жергілікті жұмыстардың АБЖ-ң технико-экономикалық тиімділіктер есептеулері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Автоматтандырылған басқару жүйесі – экономикалық-математикалық әдістер, техникалық құралдар (ЭЕМ, байланыс құралдары, ақпаратты суреттеп көрсету құралдыры, мәліметтерді жіберу және т.б.) және күрделі объектілерді (мысалы, кәсіпорын, технологиялық процесс) рационалды басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған кешендердің жиынтығы.
Автоматтандырылған басқару жүйесін құрудағы ең маңызды мақсаты –басқарудағы еңбек өнімділігінің өсу негізінде және жоспарлау әдістерін толық жетілдіруде және басқару процесін икемді реттеуде объектіні басқару тиімділігін күрт көтерілуі (өндірістік, әкімшілік және т.б.).

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Проблемаға теориялық шолу..............................................................................5
1.1 Жүйе туралы мәліметтер..................................................................................5
1.2 Сұрыптау стансасына енгізумен байланысты теориялық тұжырымдамалар талдауы.....................................................................................................................7
2 Аналитикалық бөлім............................................................................................8
2.1 Станцияда құжат айналымын қолданатын ұйым жүйесі .............................8
2.2 Қазіргі заманғы талаптарға сай ССАБЖ қызмет атқарылуы ....................12
2.3 ССАБЖ шарты бойынша станса жұмысы туралы есеп беруді құру: жұмыс құжаттамасы, хабарламалар, сұраныстар ..........................................................14
3 Негізгі (ұсынылған) бөлім ................................................................................16
3.1 Жергiлiктi жұмыс құрылымы және басқару функциялары.........................16
3.2 Ауысымдық-тәуліктік жоспарлаудың міндеттері........................................17
3.3 Ағымдағы жоспарлау міндеттері...................................................................20
3.4 Бақылау, жол бөлімшелерінің жергілікті жұмыстарын диспетчерлік басқару және анализ міндеттері...........................................................................22
4 Теміржол көлігінде жергілікті жұмыстардың АБЖ-ң технико-экономикалық тиімділіктер есептеулері............................................................23
5 ТЖБАЖ құрамы және салмағы толық емес пойыздарды қысқарту нәтижесінде экономикалық тиімділікті есептеу................................................
Қорытынды............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................

Вложенные файлы: 1 файл

АСУ Айгерим курсоваяfce.doc

— 587.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................  
Кіріспе

Теміржол көлігі – халық шаруашылығының ірі салаларының бірі , оның үлесіне мемлекеттің өндірістік  қорының 10%. Теміржол көлігінде 148 мың.км желіге 10 млн. астам басқару объектілірі бар. Теміржол көлігінің жұмыстарын ұйымдастыру үшін алдымен жүк тасымалының жоспарын құрастыру керек. Көлік түрлері арасындағы жүкағымын тиімді ұйымдастыру керек, желіде локомотив және вагон парктерін орнату, сұрыптау стансалары арасында тасымал жұмыстарын бөлу және т.б. Осы қиын, көпнұсқалы тапсырмалар тек ЭЕМ көмегімен ғана шешілуі мүмкін.

Теміржол көлігіні пайдалану есептерін шешу үшін ЭЕМ қолдану 50 жылдардың соңында болды. 60 жылдардың басында машиналарда бағыттарда пойыздарды құрастыру жоспарының есебі, жоспарлы тәулікте түсіру болжамы және т.б. есептелді. 60 жылдардың соңында лабораториялар, содан кейін  Свердловск, Донецк жолдарында есептеу орталықтары ашылды.

ЭЕМ қолдану жылжымалы құрамның жұмысы және күйі, орнеасқан жері туралы оперативті және статистикалық  ақпараттарды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Құжатайналымы, есептеу, жоспарлау және басқаруды жаңартуға жағдайлар болды. Еңбек өнімділігін бірден жоғарылатуға және қол операцияларының көлемін қысқартуға мүмкіндік болды.

ТЖБАЖ басты мақсаттары: басқару жұмыстарын және ең бастысы оны пайдалану саласын жаңарту; барлық жоспарлау түрлерін және кәсіпорын жұмыстарын басқару; негізгі қорларды,материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану; сала жұмыстарының  техникалық-экономикалық көрсеткіштрін жақсарту.

Сонымен бірге ақпараттандыру саланың негізгі стратегиялық міндеттерін – тасымал көлемін өсіру, бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру, көлік щығынын төмендетуді шешуге арналған құрал ретінде қарастырылады.

Құрылымдақ реформалар шеңберінде тасымал процесін басқарудың дәстүрлі құрылымы қайта қарастырылады, басқару деңгейлері арасында функциялар қайта үлестіріледі, шұғыл диспетчерлік қызметкерлер және олардың жауапкершіктегі аудан шекараларының лауазымдық міндеттері өзгереді. Тасымалды шұғыл басқару процесінің ажырамас бөлігі болып әр түрлі автоматтандырылған жүйелерді қолдану табылады.

Автоматтандырылған басқару жүйесі – экономикалық-математикалық әдістер, техникалық құралдар (ЭЕМ, байланыс құралдары, ақпаратты суреттеп көрсету құралдыры, мәліметтерді жіберу және т.б.) және күрделі объектілерді (мысалы, кәсіпорын, технологиялық процесс) рационалды басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған кешендердің жиынтығы.

Автоматтандырылған басқару жүйесін құрудағы ең маңызды мақсаты –басқарудағы еңбек өнімділігінің өсу негізінде және жоспарлау әдістерін толық жетілдіруде және басқару процесін икемді реттеуде объектіні басқару тиімділігін күрт көтерілуі (өндірістік, әкімшілік және т.б.).

Берілген жүйелердің дамуы олардың құрамында қазіргі заманға сай, ең дұрыс және берілген мәліметтерінің өзінің толықтығы мен тәптіштеулігі бойынша ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-басқару міндеттерін; тұтынушыларға – шұғыл диспетчерлік қызметкерлерге құрал-саймандарды құруға мүмкіндік беретін – диалогтік режимде басқарылатын шешімдерді қабылдау және дайындауды жүзеге асыру олардың орындалу бақылауын қамтамасыз ету; жоспарланатын және басқарылатын пайдаланушылық шешімдерді, олардың техникалық-экономикалық бағасымен қолдау көрсетуді тұспалдайды.

Темір жол көлігін ақпараттандыру – бұл теміржол көлігіндегі ақпараттық қызмет пен ақпаратты барлық жерде қолдану және тарату, көптеген тәсілдерді енгізу және құралдарды өңдеу, ақпаратты жіберу және сақтау негізіндегі өндіріс үрдісі.

Ақпараттандырудың басты мақсаты – барлық технологиялық үрдістерді және темір жол көлігіндегі қызмет көрсету қабаты, жарық экономикасы жағдайларында жұмыс саласын максималды тиімді ету үшін ақпараттық негізді құру.

Ақпараттандырудың 2 деңгейін қарастырылады: қолданбалы және қамтамасыз етуші.

Қамтамасыз ету деңгейі ақпаратты ортаның құрылуымен және ақпараттандырудың инфрақұрылымын дамытумен байланысты. Ақпараттық орта – бұл деректер базасы жүйесіндегі ұсынылған ақпарат, нысанды функциялауды қамтамасыз ететін басқару органдары мен жеке қолданушылар теміржол көлігімен байланысты.

Әрине, ақпараттық ортаны жобалау мақсаты әрбір қолданушының барлық жері бойынша қажетті сенімді ақпараттармен керек уақытында және қолайлы түрде қамтамасыз етуге бірыңғай ақпараттық кеңістік құру.

Ақпараттық инфрақұрылым мынаны өзіне қосады:

  • тасымалдау үрдісін басқаруда, барлық талап бойынша маркетингтік және экономикалық қызмет өткізу үшін қамтамасыз етуші мен қолданушы деректер базасы бар басты есептеу орталығы;
  • жолдағы ақпараттық есептеу орталықтары, ақпараттық қызметтің кешенді түрін ұсыну;
  • ақпаратты қамтамасыз ету оталарын орындау, есептеу, телекоммуникациялық қондырғылар;
  • деректерді беру жүйесі;
  • ақпаратты ортада пайдалануға арналған, ақпараттық құралдар құрылғысы.

1 Проблемаға теориялық шолу

1.1 Жүйе туралы мәліметтер

Сұрыптау станциялары технологиясы жағынан өзара байланысты элементтердiң күрделi кешендерiн ұсынады. Олар жүйе теориясының позицияларымен қажеттi және элементтерi тұрақты функционалдық өзара әрекеттесулерде болатын олардың күрделi технологиялық жүйелерiн түсiндiруге мүмкiндiк беретiн жеткiлiктi шарттарға толық жауап бередi.

Сұрыптау станциялары атқара алатын функцияларға жатады:

• жолаушылар пойыздарын жіберу және өңдеу, жолаушыларды отырғызу және түсiру, оларға вокзалдарда қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

• жолаушылар және қала маңындағы пойыздарын құрастыру, өңдеу, тарату багаж және поштаныы қайта өңдеу;

• өтпелi жүк пойыздарын жіберу және өңдеу, локомотив және локомотив бригадаларының ауысымы;

• өтпелі жүк вагон ағымының өңделуi;

• жергiлiктi пойыздарды құрастыру, өңдеу, тарату;

• жүктерді тиеу, түсіру және жүк жiберушiлерден қабылдау және оларды жүк қабылдап алушыларға беру, жүктердi сақтау, пойыздар, вагондар, жүктермен және құжаттармен коммерциялық операциялардың орындалуы.

Сұрыптау станцияларының қолдану кезiндегi қызметтерінің негізгі түрлеріне жатқызуға болады:

1) станция жолдары бойынша жүк пойыздарын жіберу;

2) пойыздық құжаттаманың және мәлiметтiң өңделуі;

3) жолаушылар және жүк пойыздардың пойыздық локомотиві және локомотив бригадаларының ауысымы;

4) станция жолдары бойынша жол ішіндегі және мемлекетаралық қатынастың жолаушылар пойыздарын жіберу;

5) станция парктеріндегі пойыз құрамдарын өңдеу: қабылдап-жөнелту және сұрыптап-жөнелту өзіне қосады:

• вагондарға техникалық қызмет көрсетілуі;

• вагондар және тасымалданатын жүктi коммерциялық тексеру, коммерциялық ақаулықтарды жою;

• кеден бақылауы;

• фито-санитариялық бақылауы;

6 ) маневр операциялардың орындалуы:

• төбеде өңдеуге түскен пойыздардың таратылуы;

• құрастыру жоспарына сәйкес пойыздардың құрастырылуы;

• берiлiс пойыздарын тарату және құрастыру;

• пойыздарға құрамның массасы (ұзындығы) өзгерген кезінде вагондарды ағыту-тіркеу;

• жергiлiктi вагондарды iрiктеп алу, беру, жинау, орналастыру, құрастырылуы;

• жекеленген маневрлiк және пойыздық локомотивтерінің және тағы да басқа жылжымалы бiрлiктердің станция жолдары бойынша орын ауыстырылуы;

7 ) вагондарға техникалық қызмет көрсету;

8 ) кедендік тексеру;

9 ) мал дәрiгерлiк, карантин, фито-санитарлық бақылау;

10 ) вагондардың бос тұруы.

Темір жол желілеріндегі ірі сұрыптау стансалары тікелей стансада электронды есептеп шығару техникасының құралдар кешенінің қондырғысымен ССАБЖ жабдықталған. ССАБЖ СТО қызметкерлерінің еңбек өнімділігі мен сапасын жоғарлатуын өңдеу және ақпаратты сақтау мен пойыздарға құжаттарды беру функцияларының автоматтандырылудың; жоспарлау процесінің автоматтандыру мен оңтайландыру арқылы стансаны басқару тікелей және дәйекті шешім қабылдаудың; стансалық процестерді реттеу бойынша кепілдеме берудің арқасында қамтамасыз етеді.

Сұрыптау стансаларын жолдық ССАБЖ қызмет көрсету кезінде технологиялық процедуралар ССАБЖ ұсынған тасымалдау процесі туралы мәліметтерді толық пайдалану негізінде жетілдірілуі керек. Бұл жүйе өңдеу және өңделетін пойыздар құрамы туралы, пойыздар дислокациясының жол полигонында және олардың стансаға келуінің болжамдалатын уақыты туралы  мәліметтерді ұсынылған функцияларын автоматтандыруға; пойыздарға натур парақтарын толтыру бойынша бақылау және есептеу операцияларының орындалуының, пойыз құрылуын жоспарлаудың, тарқатылатын құрамдарға жинақтаушы ведомостерін берудің іске асуына мүмкіндік береді.

Стансаның жұмыс технологиясы ақпаратпен қамтамасыздандыру, жоспарламаны автоматтандыру, технологиялық құжаттарды дайындау, анализ функцияларын автоматтандыру және есеп беруді дайындаудың жетілдіру мүмкіндіктерін толық пайдалану есебімен құрылуы керек. ССАБЖ міндеттерін нақты стансаларда практикалық шешілуі станса жұмысының ерекшелігі мен ССАБЖ ақпараттық қамтамасыздандырудың сапасымен анықталады.

Жүйенiң мүмкiндiктерiн кеңейту үшін үлкен қуаты бар қазiргi ЭЕМ арналған бағдарламамен қамтамасыз етудi өңдеу iске асырылады.

ССАБЖ пайдалану кезінде станцияның технологиялық ерекшелiктерін есепке алатын сәттi де тиiмдi функционалдық есептердiң түбегейлi саны жиналған.

Iс жүзiнде ССАБЖ жергiлiктi жүйе ретінде болуды тоқтатқан болатын. Олар өзара байланысқан және жолдық ТЖБАЖ өзара әрекеттеседi.

ССАБЖ көпшiлiгiнiң жұмыс iстейтiн негiзгi кемшiлiктерi: ақпаратты қолмен енгiзуге бейімделу, станциялық орталықтандыру жүйелерімен байланыстың болмауы (ЭО, МРЦ, ДАО), сонымен қоса станцияларда «екі түрде басқару» принципі жүзеге асырылатын, яғни әрбiр жедел қызметкерді (ДСПФ, ДСПО, ДСПГ)  ССАБЖ СТО қызметкері жұмыс істеу барысында қоса жiбереді.

1.2 Сұрыптау стансасына енгізумен байланысты теориялық тұжырымдамалар талдауы

Бастапқы мәлiметтің және міндеттердi шешу жеделдігін қамтамасыз ету жүйеге енгізілетін көлемнiң ықшамдалуы АБЖ құрамында басқару объектісінің ағымдағы күйдегі жедел үлгiсін ұйымдастыру барысында қол жеткізедi. Бұл үлгi кез келген уақытта станцияның нақты күйiне аса толық және тура сәйкес келуі керек. Үлгi жүйенiң барлық міндеттірін шешуге арналған ақпараттық база болып табылады. Оның негiзiнде (құрама бөлiктер) келесi массивтерге ерекшеленеді:

1. 3-4 сағат ілгері t0 ағымдағы уақыттан бастап пойыздарды тасымал жоспары (жоспар пойыздың нөмірі мен индексі және станцияға оның келуін күту уақыты туралы мәліметтерді қосады);

2.  Парктегі әрбір пойыз туралы ақпараттан тұратын келу паркінің үлгісі (нөмiр, бос емес жол, келу уақыты);

3. Әрбiр құрастырылатын белгіленген станция және әрбiр сұрыптау жолы бойынша (физикалық вагондардың жалпы саны, бруттоның ортақ массасы, жалпы шартты ұзындығы) вагон паркінде бар болуы туралы қорытынды мәліметтерді қосатын сұрыптау паркінің қорытынды үлгiсi;

4. Сұрыптау паркінің парктегі әрбір вагон туралы мәліметтер реттелген натур парағының жолдар көлемiнде болатын вагон арасындағы үлгiсi;

5. Парктегі әрбір құрам туралы (индекс, бос емес жол, келу уақыты) ақпараты бар жөнелту паркінің үлгісі;

Информация о работе Теміржол көлігінде жергілікті жұмыстардың АБЖ-ң технико-экономикалық тиімділіктер есептеулері