Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 18:00, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, егеменді, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін әлеуметтік - саяси және экономикалық заңдарды өзгерту қажеттігі туындайды. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демокра-тиялық, әлеуметтік зайырлы жөне құқықтық мемлекет құру жолына түскенін мәлімдеді. Сондықтан бұрынғы Кеңестер Одағының қылмыстың іс жүргізу заңын толық түрде қабылдау мүмкін емес еді, және бұл біздің мемлекет бағыт алған құқықтық саясатқа да сай келмейтін еді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Оқиға жерін қарастыру....................................................................................5
1.2 Оқиға болған жердің түсінігі.........................................................................12
1.3 Оқиға болған жерді криминалистикалық тергеу түсінігі...........................15

2.1 ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТІРКЕУ
2.1 Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері ........................................17
2.2 Тергеу әрекетінің техникалық әдісі.............................................................23
2.3 Табылған іздердің тіркеу нәтижелерін зерттеу және алудың әдістері......25
2.4 Әр түрлі тергеулік әрекеттер жүргізу барысындағы оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу ерекшеліктері........................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері және олардың түрлері.docx

— 90.55 Кб (Скачать файл)

Қажет болса, айғақтаушылар оқиға жерін қарау барысында анықталған мәліметтерді таратпауына міндетті ететін қолхатпен алдын ала танысып қол қояды. Осы кезде мәліметтерді таратқаны үшін 355 УК РК бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіледі.

Қарау барысында маман:

Өз білімін және тәжірибесін қолдана отырып дәлелдерді табу, тіркеу және айғақтау үшін тергеушіге көмектеседі.

Дәлелдерді анықтаумен, табумен және тіркеумен байланысты жағдайларға тергеушінің нащарын әрекетін түсіндіреді.

Жоғарыда аталған дайындық шараларын жүзеге асырғаннан кейін тергеуші оқиға жерін жалпы қарайды, оның мақсаты:

Қаралатын территорияның шекараларын анықтау;

Қараудың басты нүктесі туралы сұрақты шешу;

Оқиға жағдайын зерттеудің ретті әдісін анықтау;

Оқиға жерін қарауға қатысатын шұғыл қызметкерлердің санын өсіру қажеттілігін анықтауң (олардын келуі үшін шаралар қолдану);

Үлкен территорияны зерттеу туралы сұрақты шешу және қажет болса қоғам өкілдерін шақыру (жоғары оқу орны және техникумда оқиғандарды, жоғарғы сынып оқушыларын).

Оқиға жерін қарау барысында бағдарлаушы және шолушы съемка жасайды. Жалпы шолу процесі кезінде алынған мәліметтерге байланысты тағайындалады:

Өндірістер мен ұйымдардың бөлмелерін және территорияларын қарайтын жағдайда өкілдерді шақырту;

Кеңесі және техникалық көмегі қажет болатын жағдайда, егер тергеушімен бірге келмесе арнайы мамандарды шақыру үшін шаралар қолдану.

Заңға сәйкес, оқиға жеріндегі мәйіттің сыртқы қараулына сот медицинасы аймағындағы арнайы дәрігер маман қатысады, ал оның қатысуы мүмкін емес болса - міндетті түрде басқа дәрігер қатысуы қажет. Одан басқа әрдайым мына саладағы мамандар шақырылады:

а) Көлік, темір жол және әуе жол оқиғалары бойынша қарайтын маман;

б) Техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу қылмысын қарау бойынша маман;

в) Көлік заттары, сындыру қаруы, аяқ іздерінің (аяқ киім) саны көп болған оқиға жерін қарау маманы;

г) Киноға түсіру және видеозапись жасау, іздеу заттарын қолдану, заттай дәлелдерге алдын-ала  зерттеу жүргізу.

Егер қарау барысында күрделі тактикалық және  техникалық сұрақтарды шешу қажет болса, кеңес және техникалық көмек көрсету үшін криминалистті шақыру;

Автокөлік шақыру үшін және арнайы техникалық заттарды жеткізу үшін шаралар қолдану;

Тергеушінің жұмыс орны  тиімді жабдықталуы үшін шаралар қабылдау (қол хатты қайда және неде жазатыны, қарауға қатысатындардын жеке заттарын және анықталған объекттерді қайда орналастыратына, жеткілікті жарықтанумен қамтамасыз ету, қол жуу үшін арналған су және т.б.). Оқиға жерінде темекі тартуға жол бермеу. Темекі тартуға, қоқыстарға (қажет емес парақтар, қалдықтар) арналған орынды белгілеу.

Егер оқиға жеріне кинологпен қызметтік іздестіру ит болса, оны қолдану мүмкіндігін анықтау (бұл сұрақ қарау алдында шешіледі);

Шұғыл оперативті шараларды  жүргізу туралы полиция қызметкерлеріне тапсырма беру.

Тергеушінің нұсқауы бойынша полиция қызметкерлері орындауға міндетті тапсырмалар

Тергеушінің тапсыруымен полиция қызметкерлері келесі әрекеттерді орындайды:

а) оқиға жерін күзету, бөтен адамдарды қатыстырмау;

б) жәбірленушіге көмек көрсету және оқиға салдарын жою;

в) «ізін суытпай» қылмыскерлерді аңду және тұтқындау, шектеу шараларын жүргізу;

г) қызметтік іздестіру итін қолдану;

д)азаматтармен әнгімелесу, көргендерді және басқа қуәларді оқиға туралы сұрастыру жолымен алғашқы ақпаратты алу;

е)тергеушіге қажетті мәліметтерді алу үшін қылмсыстық тіркеу берілгендерін қолдану;

ж)жасалған қылмыс және қылмыскерлердін белгілері туралы полицияның басқа бөлімшелеріне, қажет жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне кеден бекеттеріне ақпарат беру;

з) жасырылған қылмыскерлерді іздестіру;

и) танымаған мәйіттін танылуы үшін шаралар қолдану;

к) оқиға жерін қарау кезінде тергеушіге басқұа көмек көрсету;

Оқиға жерін қарастыру барысында куәларды анықтау

Оқиға жеріндегі полицияның оперативті қызметкеріне тапсырылатын бастапқы маңызды әрекеттердің бірі - куәларды табу;

а) оқиға жеріндегі;

б) оқиға жерінен кеткен;

в) оқиға берілгендеріне байланысты куз бола алатын тулғалар;

Оқиға жерінің қаралатың шаралары

Оқиға жерінің қаралатын шекаралары алғашқұы кезде шолу барысында анықталады, кейінен оларды бекітеді және кеңейтеді. Шекараларын бекітіп, тергеуші жоспарға сай, маңызды заттарды және іздерді анықтау мақсатында барлық жерлерді және бөлмелерді зерттейді.

Оқиға жерінің қаралатын шекараларына жатады:

Зерттелініп жатқан жағдай болған немесе заттай дәлел сипатты бар іздер мен заттарды анықтаумен байланысты жер.

Қылмыс жасаудың алдында қылмыскер болған аймақ немесе бөлме (мысалы, құрбанын күткенде);

Қылмыскердің оқиға жеріне келу және кету жолдары;

Зерттелініп жатқан қылмысқа қатысы бар іздермен заттар бола алатын басқа бөлмелер мен аймақтар. (Мысалы, нәтижесінде жұмысшы қайтыс болған электрді қасқан басқару пульті)

Қаралған кезде тергеу жұмысы үшін мәні бар бірде-бір мекенді немесе бөлмені, бірде-бір затты немесе ізді көру алаңынан қалдырмау керек.

Оқиға жеріндегі объекттерді қарау кезеңі

Қарауды орталықтан бастайды, яғни тергеу жұмысы үшін мәні бар заттар мен іздердің ең көп саны жинақталған жер (мәйіт, бұзу жері және т.б.)

Қарауды шеттен бастайды егерде:

Оқиғаның орталық жері анықтамаса (мысалы, дене жарақаты немесе өлтіру әрекеті кезінде жәбірленушіні ауруғанаға жібергенде, оқиға жерінің әртүрлі орнында күрес, қан іздері, сынған  мүлік және т.б. анықталады)

Орталықта орналасқан іздердің жойылу қаупі болмай, шеткері орналасқан іздердің жойылу мүлкіндігі болса. (мысалы, дүкенді тонау кезінде орталық ретінде бүтіндікті бұзу орны, күзетшілердің іздері, орталықта орналасқан заттар сақталып, шеткеріде - дүкен айналасында орналасқан - аяқ іздері, көліктер, киімдер және т.б.  заттай дәлелдер кез-келген уакытта жоғалуы мүмкін).

оқиға жерінің орталығына жақындаған сайын шеткеріде орналасқан іздер жойылуы мүмкін болса (мысалы, мәйіт тар коридордын соңында жатса, ал коридор басының еденіндеәртүрлі іздер мен заттар болса)

Қарау кезінде тергеуші оқиға жеріне келгенге дейін өзгертілген жағдайларды ескеруі қажет.

Бұл өзгерістер мыналардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін:

а) қылмыскер және басқа да қызығушылық танытқандар;

б) оқиға  жерінде бола қалған тасқа түлғалар;

в) оқиға жеріне тергеушіден  бұрын келген оперативті  қызметкерлер (мысалы,  полиция  қызметкерлері, өрт сөндірушілер)

Өзгерістер сонымен қатар табиғи күштердің (жаңбыр, жел) немесе жануар, кептер, шіркейлердің  әсерінен болуы мүмкін.

Оқиға жерін қарастыру кезінде болжамдарды шығару және тексеру

Оқиға жеріне қарастыру кезінде тергеуші куәлардың айтқанына, қоғам өкілдерінің ақпараттарына және анықтау органдарының берілгендеріне сүйене отырып, ненің болғаны туралы өз болжамын шығарады:

оқиға (мысалы, кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру, төтенше жағдай).

қылмыс жасаған адамдар.

Оқиға жерін қарастырған кезде анықталған келеңсіз жағдайлар

Келеңсіз жағдайлар дегеніміз тергеу кезінде анықталған, тергеушінің болжағаны немесе нақты тұлғалардың түсіндірген болжауларына қарсы болатын жағдайлар.

Оқиға жерін қарастыру кезінде анықталатын бұл жағдайлар кісі өлтіруде (мәйіт орналасуы мен оныңң денесі және киімдеріндегі қайталанған жерлердің бағыты сәйкес келмеуі, лас жерде жатқан мәйіт аяқ киімінің табанының лас болмауы), тонауда (бөлменің ішінен жасалған бұзып-сындыру), көлік қылмыстарында (дененің зақымдалуы көп болса да мәйіт астында қанның болмауы), зорлауда (зорлаушыға қарсы күш көрсетседе жәбірленушіде күресу іздерінің болмауы).

Келеңсіз жағдайларды анықтағаннан кейін қорытынды жасауға болады:

Тергеуші ойындағы болжам дұрыс еместігі туралы;

Қылмыстық сахналық бейнеленуі орын алғын;

Оқиға механизмін қызығушылық  білдірген адамдар дұрыс талқыламаған.

Қарау барысында келеңсіз жағдайлардың анықталмай қалуына орын бермеу үшін тергеушіге қажет:

Анықталған іздер мен заттарды тіркеумен ғана шектелмей, болжамдарға тсүйене отырып олардың орналасуын және жағдайын түсіндіру;

Белгілі болжам шығарғаннан кейін, оны нақтылайтын берілгендерді жинаумен ғана шектелмей, басқа болжамдарды нақтылайтын басқа берілгендерді іздеу керек (мысалы, оқиға жерін қарастыру барысында өзін-өзі өлтіру болжамын шығарғаннын кейін, адам өлтіру іздерін де іздеу қажет);

Жағдайдың себебі туралы әртүрлі адамдардан алынған мәліметтерді салыстыру;

Макмандармае кеңесе отырып, олардың көмегін қолдану.

Оқиға жерін қарастыру кезінде келеңсіз жағдайлар зерттелуі керек, ал олардың болуы немесе болмауы хаттамада тіркелуі қажет.

Тәжірибелі әрекеттерді өндіру

Оқиға жерін қарастыру кезінде қаралайым тәжирибелі әрекеттерді өндіру керек (мысалы, электр тогын реттеуішті қолданғанда электр жарығы қосылады ма, кранды бұраған кезде ағады ма, шкаф есігі ашылады ма және т.б.) Күрделі тәжірибелік әрекеттер тергеу эксперименті кезінде жүргізіледі.

Оқиға жерін қарастыру процесінде зерттермеген заттар мен киімдер эксперимент объектісі бола алмайды.

Өлшеулер

Оқиға жерін зерттеудің негізгі әдістерінің бірі өлшеулер. Оларды өндіру кезінде қажет:

қашықтықты анықтау үшін рулетка, өлшеуіш, штангенциркуль қолдана отырып, максимальді дәлдікке талпыну керек. (өлшеу немен жүргізілгені туралы хаттамада жазылуы керек). Қашықтықты «көзбен» өлшеуге болмайды.

Бір затты немесе бір топқа жататын заттарды өлшеген кезде олшемнің бірлігі бірдей қолданылуы керек.

Өлшеу басталған заттардың орналасуының нақты нрүктесін белгілеу керек (мәйіттен емес, оның төбесінен, автокөліктен емес, оның сол жақ алдыңғы дөнгелегінен).

1.2 Оқиға болған жердің  түсінігі

 

Көптеген қылмыстарды тергеу оқиға болған жерді зертгеуден басталады. Бұл тергеу әрекеті алгашқы кезенде оқиға болган жер, оқиға және оны жасаган түлғалар жөнінде негізгі мағүлмат береді. Қылмыстың ашылуы әр кезде алғашқы оқиға болған жерді зерттеудің сапасына байланысты болып келеді.

Адамның іс-әрекеті, оның қоғамға жасаған қауіпті әрекетінің нәтижесі оқиға орнында қалдырған ізімен көрінеді. Бұл жасалынған қылмыстық іс-әрекетке де қатысты. Қылмыстық іс-әрекет дайындықтан, қылмыс жасаудан және қылмыс ізін жоюдан құралады. Осы кезеңдердің бәрінде көптеген іздер қалады. Әйтсе де заң әдебиеттеріндс көрсетілгеңдей, тәжірибеде көрініс тапқандай, оқиға болган жер қылмыс жасалған жердсн кеңірек болып келеді. Өйткені, оқиға болган жерден табылған қылмыс іздері, қылмыстың жасалынғандығы жайлы және қылмыс жасаған түлга жөнінде мағұлмат береді.

Көбінесе тегеушілер мен криминалистер қылмыс болған жерді оқиға болған жер деп санайды, алайда бұл екі түсініктің мағаналары бірдей емес. Бір жағынан, оқиға болған жер жөнінде түсінік қылмыс болған жер жөніндегі түсініктен кең көлемде болады. Кейбір оқиғаларда жағдайдың қалай болғандығын аныктау қиын болады. Мысалы, кейбір кездерде оқиға болған жағдай қылмыс па, әлде қылмысқа қатысы жоқ па, немесе табиғи апат салдарынан болған ба, осыны аңғару қиынға түсіп жатады, соның ішінде:

 а) адамның мәйіті табылғанда;

 б) мүліктер өртенгенде;

 в) өндірістік жарақаттарда және т. б.

Қылмыстың жеке түрлерін тергеу барысында бір кылмыстық істе бірнеше оқиғалар орны болады. Қызмет бабын пайдаланып мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті талан-таражға салғандарды тергеу барысында, ұрлықтың түріне қарай оқиға орындары әр түрлі болуы мүмкін:

а)өндіріс орны;

ө)шикізат өндірілетін орын;

б)шикізаттардан өнім шығарылатын орын;

в)шығарылған өнімді тарқататын сауда орны және т. б.

Окиға болған жерден табылған іздер істі одан әрі тергеуді, ең болмағанда оқиға болған орынды қарап шығуды қажет етеді. Оқиға болган жерден тыс табылған іздер қылмыстың мағынасына қатысты болғанымен, тергеу мәселесін шешуге көмектесе алмайды. Мысалы, қылмыс жасаған тұлға дүкеннің есігін бүзып, үрлық жасады, сонан соң оқиға болған жерден кетіп бара жатып, жолда қылмыс құралын тусіріп алған, ұрлаған заттарын сол жердегі оңтайлы жерге жасырған. Жедел іздестіру барысында қылмыс құралы, жасырған жсрінен ұрланған заттар табылды. Қылмыс құралы, ұрланған заттардың қылмыстық оқиғаға байланысы болғанымен, жеке-жеке алғанда қылмыстың жалпы мазмұнын аша алмайды. Тек қылмыс жасалған орын ғана оқиғаның мазмұнын және келтірілген шығын залалын анықтайды.

Қылмыстар әртүрлі орыңдарда жасалады:

а)тұрғылықты жерлерде;

е)саяжайларда т. б.

Әрине, оқиға орны автобус, поездарда басталып, басқа аймақта аяқталуы мүмкін және керісінше. Дегенмен, оқиға орнын қарау барысында оқиға шекарасын анықтау ескерілуі тиіс.

Жоғарыда айтылғаннан қорытатынымыз, яғни оқиға орны деп- тергеуді қажет ететін оқиға болған орынды айтуға болады.

Оқиға болған орындағы қалдырылған іздер

«Оқиға орны» және «іздер» түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты, іздерсіз оқиға орны болмайды. Соңдықтан, оқиға орныңдага іздерді қарастырмасақ, оқиға орны жөнінде түсініктеме толық болмайды.

Бәрімізге аян, барлық оқиғалар қоршаған ортадағы өзгерістерге байланысты.

Информация о работе Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері