Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 18:00, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, егеменді, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін әлеуметтік - саяси және экономикалық заңдарды өзгерту қажеттігі туындайды. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демокра-тиялық, әлеуметтік зайырлы жөне құқықтық мемлекет құру жолына түскенін мәлімдеді. Сондықтан бұрынғы Кеңестер Одағының қылмыстың іс жүргізу заңын толық түрде қабылдау мүмкін емес еді, және бұл біздің мемлекет бағыт алған құқықтық саясатқа да сай келмейтін еді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Оқиға жерін қарастыру....................................................................................5
1.2 Оқиға болған жердің түсінігі.........................................................................12
1.3 Оқиға болған жерді криминалистикалық тергеу түсінігі...........................15

2.1 ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТІРКЕУ
2.1 Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері ........................................17
2.2 Тергеу әрекетінің техникалық әдісі.............................................................23
2.3 Табылған іздердің тіркеу нәтижелерін зерттеу және алудың әдістері......25
2.4 Әр түрлі тергеулік әрекеттер жүргізу барысындағы оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу ерекшеліктері........................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері және олардың түрлері.docx

— 90.55 Кб (Скачать файл)

Сонымен, маман процессуалды аспектіде - арнайы танымы мен тергеушіге кез келген кезде іске маңызды мәселелерді шешуге көмектесетін тұлға болып келеді.

Оқиға болған жерді қарауға қатысуға тергеуші, сондай-ақ, полицияның жедел іздестіру қызметкерлерін де шақыра алады. Анықтау органдарының қызметкерлеріне тергеуші оқиға орнын қараудың жалпы ережелерін мәлімдейді. Олар сонымен бірге жедел іздестіру шараларын жүргізеді, оқиға куәлерін анықтайды, қызметтік-іздестіру итін қолданады, ізін суытпай қылмыс жасаған тұлғаларды ұстауды ұйымдастырады т. б. Оқиға болған жерді қарауды тергеуші жүргізетін болса, оған криминалист үлкен көмек көрсетеді. Қылмыстық іс жүргізу заңымен криминалист процессуалды тұлға ретінде қарастырылмаған криминалист маман ретінде, біріншіден, өзінің тікелей қатысуымен оқиға болған жерді қарау кезінде әр түрлі іздер анықтау, зерттеу, тіркеу және алуда тергеушіге ғылыми-техникалық көмек керсетуге міндетті. Екіншіден, ол криминалист ретінде қарау заңдылығының толықтылығын ойластырады, тергеушінің жіберген кемшілігіне көңіл аударуға міндетті. Алайда, әдістемелік нұсқаулар бере алатын криминалист тергеушіні осы тергеу әрекетін жүргізуде негізгі тұлға болып алмастыра алмайды.

Оқиға болған жерді қарауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 222-бабының 5-бөліміне сейкес, тергеуші куәгерлер көзінше жүргізуге міндетті. Өздерінің қатысуымен болып жатқан іс-әрекеттерді толық және дұрыс қабылдауға қабілетті, іске мүдделі емес және кылмыстық ізге түсу оргаңдарына тәуелсіз кәмелеттік жастағы азаматтар ғана куәгерлер бола алады (кемінде екі адам болу керек). Куәгердің: тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге қатысуға; тергеу іс-әрекеті жөнінде хаттамаға енгізуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасауға; өзі қатысқан тергеу іс-әрекетінің хаттамасымен танысуға; қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өзіне келтірілген шығындарға өтем алуға құқығы бар.

Жоғарыда көрсетілгеңдей, тергеуші нақты жағдайларға қарай қарауға қатысуға айыпталушыны, сезіктіні, жәбірленушіні, мамаңдарды тартуға құқылы. Бұл түлғалардың оқиға болған жерді зерттеуге қатысуы көбіне қажет, өйткені бұл тұлғалар зерттелетін оқиғаның тікелей қатысушылары не куөлері бола тұра оқиға болган жердің күрделі мән-жайын анықтауға және айғақтық керек іздерді табуға көмектесе алады.

Жалпыға белгілі болғандай, оқиға болған жер зерттелетін оқиға жайлы аса маңызды ақпарат көздерінің бірі болып табылады.

Криминалистік зерттеуде пайдаланатын танымның ең көп таралған жалпы әдістерінің бірі бақылау болып табылады. Таным теориясында бақылау дегеніміз затты зерттеу мақсатында «әдейі, жоспарлы, нысаналы қабылдау». Мұнда көруді ғана емес, есту, сезу, түйсікті де қамтиды. Олардың бәрі криминалистік зерттеуде кеңінен қолданылады. Мұнда бақылау объектісі оқиға болған жердің жағдайы, оған қылмыс болған жер де кіреді. Оқиға болған жердің жағдайы өткен оқиғаның қалдық қүбылыстарын сақтаушы және бейнелеуші материалдық орта, оларды қабылдау, оның мәнін анықтауға бағытталған. Сондықтан бақылау негізінен ретроспективті сипатта болады. Бақылаудың жоспарлығы қриминалистика дайындаған  ұсыныстарды пайдалану, зерттеу кезектілігін оқиға сипатына қарай анықтаумен бейнеленеді. Бақылау кезінде бақылау шекарасын кеңейту және тереңдету мақсатында арнайы техникалық құралдар қолданылады.

Бақылаумен тығыз байланыста өлшеу әдісі қолданылады.Өлшеу таным әдісі болғандықтан оған техникалық құралдар мен өлшеу приборларын қолдану тиімді болып келеді.

Танымның ең көп таралган және әмбебап әдістерінің бірі салыстыру болып табылады. Салыстыру - бұл заттар мен қүбылыстардың анықталған үқсастығы және айырмашылықтары. Бұл әдістің тиімділігі екі негізгі шарттардың орыңдалуына байланысты: біріншіден, салыстырылатын заттар және құбылыстар салыстырмалы болуы тиіс; екіншіден, салыстыру олардың елеулі белгілерімен жүргізілуі тиіс.

Оқиға орнын криминалистік зерттеу процессінде эксперимент кең қолданылады. Эксперимент дегеніміз - зерттеушінің жасаңды жағдайлар жасау жолымен зерттеу объектісіне белсеңді ықпал ету әдісі.

Тергеулік қарауда эксперимент әдісі негізінен қосалқы сипатта болады. Ол реактивті анықтауга қолданылады, әсіресе, нақты жағдайларда әр түрлі заттардағы майлы тер сіңген көрінбейтін қол іздерін іздеуде өте тиімді. Күрделі жағдайда (қар, құмда) аяқ киім іздерін алуда да тәжірибелік жолмен іздің гипс калпын дайындау әдісі ұсынылады. Тергеу эксперименті барысында танымның бұл әдісі зерттелетін оқиға бойынша маңызды дәйекті мағүлматтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Криминалистикада   дайыдалған   және   басқа   ғылымдардан    алынған     және өз  мақсаттарына  бейімделген    зерттеу    әдістері криминалистиканың   арнайы әдістерін құрайды. Олар техникалық-криминалистік және   қүрылымдық - криминалистік болып бөлінеді. Оқиға болған жерді    зерттеуге қолданылатын шартты түрде іздерді анықтау, табылған іздерді зерттеу, тіркеу, іздерді алу әдістеріне бөлуге болады.

Өз кезегіңде іздерді анықтау және табылған іздерді зерттеу әдістерін техникалық құралдар қолданбай және қолданып, іздерді анықтау және зерттеу әдістеріне бөлуге болады.

Іздерді техникалық құралдарсыз анықтау жөне зерттеу әдістеріне әдеттегі түйсікпен қабылдаумен қатар, объектілерді табиғи және жасанды жарықта зерттеу жатады. Бұл майлы тер қолдардың іздерін шыныда, фаянста, фарфорда, жылтыр жиһазда, никельденген металл заттарда, терезе, әйнектері сынықтарында анықтауға мүмкіндік береді. Екінші топты физикалық, химиялық жөне физикалық-химиялық әдістер құрайды. Олар - қол, қолғап, жалаң аяқ, сілекей, қан іздерін әр түрлі реактивтер көмегімен анықтау; әр түрлі іздестіру құралдарын металл заттарды табуға қолдану; макро және микроскоптық зерттеу әдістері,

-объектілерді ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерде зерттеу; экспресс-әдістер.

Оқиға болған жерді зерттеуде, матеметикалық әдістер кең қолданылып келеді. Олар, мысалы, аяқ киім өлшемін және адамның бойын аяқтың іздері бойынша анықтау, оқ бағыты мен қашықтығын анықтау, қан шашырау кеңістігі, адамның биіктен құлағанда ауытқу өлшемдері, автомобиль дөңгелектері өлшемін олардың іздері бойынша анықтау т.б.

Оқиға болған жерді зерттеуде сонымен қатар криминалистикамен дайындалған тактикалық тәсілдер қолданылады. Олардың қатарына оқиға болған жерді криминалистік зерттеу процессін екі сатыға бөлу тәсілін жатқызуға болады: алдын ала жалпы және жеке-жеке зерттеу.

Тергеуші алдын ала зертеу барысында оқиға сипатын аныктап, ең алдымен бақылау және салыстыру әдістерін пайдаланып, әдетте, ештеңеге қолын тигізбей оқиға болған жердің мән-жай сипаты жайлы жалпы ұғым алады. Сосын ол оқиға болған жерде материалдық орта өзгерісі сипатын анықтайды. Осы мақсатга тергеуші жәбірленушімен бірге белгіленген кезектілікпен оқиға болган жердің бәрін аралап шығады және оқиға болғанға дейін жекелеген объектілер қандай жағдайда және қалай тұрғанын иесінің жоқ екендігін, ботен заттар бар-жоқтығын анықтайды. Жәбірленуші тиісті түсініктер бере отырып, ештеңені қолмен ұстамайды. Бұл тәсіл - тергеушіге одан әрі жеке заттарда қылмыс жасаған түлғалар қол-аяқтарының іздерін, заттарды т.б. нысандарды іздеуге мүмкіндік береді. Бұл тактикалық тәсіл-өзгерістерді нақтылау ұрлықты зерттеуде табысты қолданылып келеді.

Алдын ала зерттеу кезінде оқиға болған жерді қарау шекаралары аныкталады, жауап алынуға тиіс сұрақтар межеленеді, толық зерттеу жүргізу жоспары құрастырылады, ол барлық пайда болған болжамдарды тексеруді қамтиды. Сосын тергеуші сот фотографиясы ережелері бойынша, бірқатар жағдайларда бейнежазба көмегімен оқиға болған жердің жағдайын түсіреді.

Оқиға болған жерді толық зерттеу әдетте оның басталған орнын, бағытын және кезектілігін аныктаудан басталады. Оқиға сипатына қарай криминалистикамен оны жүргізудің арнайы әдістері жасалған.

Зерттеудің жүйелік немесе тұтас әдісі. Оның мәні мынада, тергеуші оқиға болған жердің бір шекарасынан, қарама-қарсы шекарасына, яғни зертгеу кеңістігіңде орын ауыстырып отырады. Әдетте жүйелік әдіс дәл оқиғаларды зерттеуде қолданылады.

Оқиға болған жердің ортасы ретінде жасалған қылмыстың құралы немесе басқа да айғақ заттардың орналасқан жері спираль бойымен зерттеледі.

Сағат тіліне бағыттас және қарама-қарсы бағыттас бағыты бойынша зерттеуді оқиға болган жер көп колемді алмайтын, оның шекаралары анықталған, бірақ центрі анықталмаған жағдайда қолданады. Бұл әдіс көбінесе магазин, буфет, жеке пәтерлерді тонағанда, ұрланған материалдық шығынды қарау барысында қолданылады. Әдетте, тергеуші оқиға болған жердегі бұзып түскен жерден бастап, оңнан солга қарай зерттеу жасайды.

Оқиға болған жерді толық зерттеу, бақылау және салыстыру әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Алғашқысы оқиға болган жерді жалпы жағдайды анықтауға қолданылса, ал екіншісі, жеке объектілердің жағдайы, қасиеттері мен белгілерін анықтауға, сол аркылы жасалған қылмыстың механизімі мен оны жасаған адамды табуга мүмкіндік береді. Бұлардан басқа толық зерттеу барысында елшеу, эксперимент, модельдеу  және т.б қолданылады.

Криминалистикалық зерттеуде қазіргі әдістердің бірі-оқиға болған жерден табылған іздерді зерттеу болып табылады. Оқиға болған жердің жалпы жағдайы, әр түрлі объектілердің оқиғаға қатысты адамдардың өзара байланысын көрсетеді.

Бұл аталған объектілерге мыналар жатады - оқиға болған жер, қылмыс жасаған тұлға, жәбірленуші, куәгер.

Оқиға болган жер мен қылмыс жасаған тұлғаның өзара байланысын зерттеу арқылы біз біріншіден, оқиға болған жердегі іздер, әрекеттері арқылы қылмыс жасаған түлға жөнінде мәлімет аламыз. Екіншіден, оқиға болған жердегі объектілердің материалдық ортаның элементтерінің қылмыс жасаған түлғаның киімінде немесе денесінде іздердің табылуы.

Жеке объектілерді  зертгеуге мысалы, қылмыс құралы, балтаның табылуын алуға болады. Бұл жерде біз екі өзара байланысты зерттейміз: а) оқиға болған жер, дәлірек айтсак, бұзылған объект және балта, б) балта және қылмыс жасаған тұлға.

Бірінші жағдайда біз, бұзып кірген объект және балтаның өзара байланысын анықтау арқылы;

Екінші жағдайда, балтадағы қолдың ізі арқылы біз қылмыс жасаған тұлға жөнінде мағұлмат аламыз. Осылар арқылы оқиға болган жер мен қылмыс жасаған тұлғаның өзара байланысын анықтауға болады.

Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеуде оймен модельдеу көп қолданады. Бұл ойша модельдеу тергеу болжамдарын тексеруде және оқиғаның механизмі мен жеке элементгерін құруда қолданылады. Тергеу болжамдары - бұл тергеушінің іс қозғалган оқиға жөніңде фактілердің болуы, ол фактілердің құрамында қылмыстық істің бар-жоқтығы жөнінде түжырымдары, жасалған қылмыстың себептері, оған кінәлі адамдар, қылмыстың мақсаттары жөнінде түжырымдары болып табылады.

Оқиға болган жерді зерттеуде көбінесе жеке болжамдар қолданылады. Жеке болжамдарды құру жөне тексеру тергеушіге табылған іздердің оқиғаға қатысын, ондағы орнын және басқа іздерді табуға көмектеседі. Мысалы, дүкенді тонау барысында қылмыс жасаган тұлға есікті бұзбаған болса, тергеуші қылмыс жасаган тұлга дүкеннің ішіне кіру үшін қандай затты алуы мүмкін, қаңдай затқа қолымен сүйенуі мүмкін екендігін ойша болжайды. Қылмыс жасаған тұлға қолымен ұстаған жерден қолдың ізін алуымыз керек.

Жеке болжамдарды құру және тексеру тергеушінің белгілі бір реттілікпен орындалатын әрекеттерінен тұрады. Оларды мынадай сатыларға бөлеміз:

•табылған із жөнінде тұжырым және анализ жасау,

• айтылган ойдың дүрыстығын логикалық және практикалық тексеру,

•берілген түсініктен бас тартып, жаңатұжырымды ұсыну.

Оқиға болған жерді зерттеуде болжамды құру және тексеру   барысында жағымсыз жағдайлармен кездесуге тура келеді. Жағымсыз жағдайлар әдетте, тергеушінің оқиға жөніндегі түсінігіне қарама-қайшылыққа келетін жағдайлар болып табылады.


Тергеушілер әдетте жағымсыз жағдайлар деп өзінің оқиға жөнінде болжамын бір немесе одан да көп тұжырымға бөлетін жағдайларды айтады. Сондықтан, тергеуші бір не одан да көп болжам ұсынады. Оның ішінде оның тандаған болжамы басқа да табылған фактілермен қарама-қайшылыққа келеді.

Мысалы, дүкен бастығы М-нің озіне адамдар бүзақылықпен  жабылғаны  жөнінде  арызы  бойынша тергеу жүргізу барысында, тергеуші одан түсініктеме алады. Ол дүкен жабардың алдында бейтаныс бір адам келіп, оның сол жақ көкірегіне үшкір затпен үрғанын баяндады, одан соң 35116 теңге мен 6 нейлон куртканы алып,  қашып  кеткенін  айтты. Жәбірленушінің денесіндегі жарақатқа қарап, оны өзінің жасауы мүмкін еместігін    ескере    келіп,   тергеуші    соңымен    бірге, материалдык. шығынды жабу үшін өзіне баска адам тарапынан  зәбір  корсеткені жөнінде жалған  көрініс жасайды.   Оқиға   болган   жерді   зерттеу   барысында тергеуші заттардың өз орнында болмай, шашылғанын, сол күнгі табыстың және алты нейлон қурткасының жоқтығын анықтады. Сонымен қатар тергеуші кітап сөресінің   астынан    пышақ   және   оны   бәтеңкенің бауымен байланған қағазға орап қойғанын, пышақта канның  іздері  бар  екенін  көреді.  Тергеуші  шетінен жыртып алынған қағаз орамын тауып алады. Бұл қағаз пышақ оралған қағаз болыл шықты.  Сонымен бірге бәтеңкенің   екінші   бауы   дүкеннен   табылды.    Бұл фактілер дүкеншіге сырттан жәбір көрсету көрінісінің жалған екендігін дәлелдейді.  Осы фактілерге түсінік бере   алмаған М. өз кінәсін   мойындады.   Тергеу барысында  ақша  өзінің  туысқанына үй   салу  үшін берілгені, ал алты куртка сатылып кеткені анықталды.

Криминалистикадағы  жалған  жағдайлар - бұл зерттеліп жатқан   оқиғаның   жеке   құбылыстарыньң тергеуші санасында бейнеленуі, ол басқа болжамға қатысты фактілерге қарама-қайшылыкта болады. Қорытындыда, оқиға болған жерді зерттеуде жеке және арнайы әдістер өзара тығыз байланыста болады, сол арқылы зерттеудің диалектикалық мағынасын аша 
түседі  деуімізге болады.

 

2.2 Тергеудің техникалық  әдісі

 

Танымда сезім органдарының мүмкіндіктері шектеулі. Оны кеңейту үшін, оқиға болған жерді зерттеуге арнайы техникалық әдістер қолданылады. Бұл техникалық әдістерді екі топқа бөлеміз.

Қылмыстық іздерді табу мен зерттеуде техникалық әдістерді пайдалану бірінші топты қүрайды.

Жарықтындыру құралдарына әр түрлі тұрмыстық жарықтандыру құралдары (лампы, фонарьлар) және арнайы бекітілген (прожекторлар, 
машиналардың фаралары) құралдар жатады.

Іздеу кұралдарына: механикалық құралдар, электромагниттік        армиялық  және    арнайы криминалистикалық мақсатқа арналган темір іздейтін кұралдар (олар арқылы қара және түсті металдарды табады); мәйітерді табуға арналған құралдар (қазіргі кезде мүндай құралдардың екі түрі бар) жатады. Біреуі, белоктық құрамның   ыдырауына,   екіншісі,   жердің  электр өткізгіштік толқындарына байланысты жасалған.

Информация о работе Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері