Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 18:00, курсовая работа
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, егеменді, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін әлеуметтік - саяси және экономикалық заңдарды өзгерту қажеттігі туындайды. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демокра-тиялық, әлеуметтік зайырлы жөне құқықтық мемлекет құру жолына түскенін мәлімдеді. Сондықтан бұрынғы Кеңестер Одағының қылмыстың іс жүргізу заңын толық түрде қабылдау мүмкін емес еді, және бұл біздің мемлекет бағыт алған құқықтық саясатқа да сай келмейтін еді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Оқиға жерін қарастыру....................................................................................5
1.2 Оқиға болған жердің түсінігі.........................................................................12
1.3 Оқиға болған жерді криминалистикалық тергеу түсінігі...........................15
2.1 ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТІРКЕУ
2.1 Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері ........................................17
2.2 Тергеу әрекетінің техникалық әдісі.............................................................23
2.3 Табылған іздердің тіркеу нәтижелерін зерттеу және алудың әдістері......25
2.4 Әр түрлі тергеулік әрекеттер жүргізу барысындағы оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу ерекшеліктері........................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................31
3. Электромагниттік спектрдің
4.Жарық фильтрлері. Бұлар электромагниттік спектрдің көрінетін
бөліктеріндегі
іздерді шығаруға, құжаттарды техникалық
зерттеуде және суретке түсіруде қолданылады.
Көбінесе оқиға болған жерді зерттеуде
сары немесе көгілдір
Ж-1,4х; Ж-2х; О-2,8х. маркалы жарық фильтрлері
қолданылады.
Оптикалық үлкейткіш құралдар. Қарапайым үлкейткіш оптикалық құрал ретінде (2,5х бастап ІОх-ке дейінгі) лупа қолданылады. Олар көзге көрінбейтін іздерді зерттеуде қолданылады.
Іздерді табудың физикалық әдістері. Оған әр түрлі реактивтер және олардың қоспалары жатады (қалайы мен цинктің қорытыңдылары, түсті магниттік парашок, кристалдық йод, тканоль). Бұлар арқылы көзге анық көрінбейтін қолдың, еріннің, жалаң аяқтың іздерін анықтауга болады.
Іздерді табудың химиялық әдістері. Бұларға қол мен жалаң аяқтың және қанның іздерін табуға арналған реактивтер жатады.
Оқиғаны зерттеу барысында жекелеген процесстерді өлшеу әдістері. Айнымалы ток тізбегіндегі токты, кернеуді және қуатты өлшеу құралдары, өрт болған жердегі газдың концентрациясын аныктайтын газоанализатор, температураны өлшеу құралдары, ол арқылы өрт болган жердегі оттың және өртенген дененің температурасын аныктайды.
Өлшеу құралдары (милиметрлік және визирлік сызғыш, рулетка, транспортир, штангенціркуль, теодолит және т.б).
Екінші топқа оқиға болған жерден табылған іздер мен зерттеудегі оның нәтижелерін алуда қолданылатын техникалық құралдар:
-оқиға болған жердің жоспары мен схемасын құруға қажетті құралдары, жеке іздердің суреттері (планшет, компас, чертеж салуға арналган құралдар);
-сыртқы іздерді басып алуға арналған құралдар (дактилоскопиялық пленка, жапсырмалы лента) және үлкен іздердің жапсырмаларын жасайтын құралдар (пласталин, гипс, полимерлік пасталар);
3)фото-кино-ввдеоаппаратура
4)оқиға болған жерді қарап шығу жөнінде хаттама жазу үшін жазба машинасы және оны басып алу үшін қолданылатын диктофон мен магнитофон;
5)ірі іздерді алу үшін
6)майда іздерді алу үшін қалданылатын материалдар мен құралдар, оларға: медициналық лейкопластырь, магниттік кисточка, полиэтиленді және пластикалық пакеттер, қаптар, арнайы шаң сорғыш, арнайы құралдар (скальпель, пинцет, ине), пластикалық қолғаптар, медициналық және ветеринарлык шприцтер, пробиркалар жатады.
Техникалық құралдарды сақтау және қолдану мақсатыңда ыңғайлы болу үшін арнайы тергеу сөмкесіне жинақтап салып қояды.
Маман-криминалистің сомкесінде көптеген құралдар жинақталған. Мысалы маман-криминалистің чемоданыңда көптеген техникалық құралдардан басқа индукциялық металл іздегіш, трал, ультракүлгін лампы , және элекгронды-оптикалық құралдар да бар.
Техникалық кұралдардың көбеюі сонымен бірге оған сәйкес жаракатындырылған көліктің керек екендігін туғызды. Мұндай арнайы оқиға болған жерді зерттеуге арналган техника қазіргі кезде ішкі істер бөлімінде кеңінен таралған. (УАЗ-450, УАЗ-452, РАФ-2203, Ераз, Газелъ т. б).
2.3 Табылған іздердің тіркеу нәтижелерін зерттеу және алудың әдістері
Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеудің нәтижелерін бекіту әдісінің негізгі түрі - ауызша сипаттау. Бұл криминалистикалық жүйеде реттеліп жатқан объектілердің белгілерін сол арқылы оның қасиеттерін және оқиғадағы олардың орнын анықтауға мүмкіңдік береді Мысалы, мәйіт табылған жерде оны арнайы сипаттауға негізделген жүйе және бузу құралының т.б жағдайларды ауызша сипаттаудың жеке түрлері қалыптасқан. Оқиға болған жерді зерттеу ісінің нәтижелерін сипаттау шартта түрде бағыттық, жалпылама, нақты және бөлшектеп сипаттау болып бөлінеді. Бағытты бағдарлауда хаттамаға оқиға болган жердің орналасуы қоршаған кеңістікте жатыр деп жазылады. Жалпылама сипаттауда оқиға болған жердің мән-жайының сипаттамасы белгілі бір реттілікпен баяндалады. Жалпылама сипаттау - оқиға болған жердің жекелеген бөліктерін сипаттаудан тұрады, ал нақты сипаттау - жекелеген объектілерді бөлшектеп сипаттау болып табылады.
Оқиға болған жерді зерттеудің нәтижелерін ауызша сипаттау, алдын ала оқиға болған жерді қарау туралы жазылған хаттама арқылы заңды түрде тіркеледі. Хаттамаға қойылатын негізгі талапта оқиға болған жердің жағдайы жөнінде дұрыс мағұлмат аларлықтай толық, объективті, дәл, көрнекі және нақты тізбектеліп мазмұндалған болуы керек.
Кұрылымы жөнінен хаттама үш бөлімнен тұрады: кіріспе, сипаттаушы, қорытынды.
Кіріспе бөлімінде оқиға болған жерді қарауға қатысқандар жөнінде мәлімет пен оның уақыты мен қай жерде еткені жөніндегі мәліметтер қаралады.
Сипаттаушы бөлімінде оқиға болған жердің тұтас және жеке бөліктеріндегі мән-жайдың мәні баяндалады. Қорытынды бөлімінде қолданылған техникалық құралдар көрсетіледі, істің жоспары және алынатын объектілердің тізімі мен қарауға қатысқандарға ескертпелер енгізіледі.
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуымен оқиға болған жерді зерттеу және оның нәтижелерін тіркеуде көптеген техникалық құралдар қолданыла басталды, ал соған сөйкес криминалистикалық бекіту әдістері де қалыптасты. Қазіргі, кезде оқиға болған жерді зерттеудің нәтижелерін криминалистикалық бекіту әдісіне төмендегілерді жатқызуға болады.
1. Оқиға болған жердің жоспарын, жекелеген іздер мен
заттардың суреттері мен сызбаларын құру. Жоспар чертеж болып табылады, онда жоғарыдан қарағаңдағы оқиға болған жерді шартты белгілермен белгілеу арқылы суреттейді.
2.Жоспарлар масштабы схемалық
және аралас болып бөлінеді. Масштабты
жоспар құруда сызыктық немесе
саңдық масштаб қолданылады. Мұнда
объектілердің өлшемдері
Оқиға болған жердің жоспары бағыттық, жалпы және бөлшекті болып бөлінеді. Бағыттық жоспар қоршаған ортадан оқиға болган жерді белгілеп алуға арналған. Жалпы жоспар - тек оқиға болган жердің жоспары. Жеке жоспар оқиға болған жердің жекелеген бөліктерін көрсетуге бағытталған. Бөлшекті жоспарда жекелеген іздер көрсетіледі (аяқ киім, аяқ, қол, көлік құралдары және т.б).
Оқиға болған жердің жоспарында масштабтың өлшем бірлігі және шартты белгілердің мазмұны тұру керек. Жоспарға істі жүргізуші тергеуші, куәгерлер және іске қатысты адамдар қол қоюы керек.
3. Оқиға болған жердің жағдайы.
Оқиға болған жердің жағдайын тұтас, оның жеке бөліктерін, заттар мен іздерін суретке және бейнежазбаға түсіру керек.
Суретке түсіру криминалистикада қалыптасқан сот фотографиясының ережелері бойынша жүзеге асырылады. Мұнда мынадай сот фотографиясының әдістері: панорамалық түсіру (сызықтық және айналмалы), макро суретке түсіру, объективтерді ауыстыру арқылы суретке түсіру, репродуктивті, өлшемді, стереоскопиялық, стереофотограмметриялық түрлері қолданылады.
Іздің көшірмесін дайындау.
Техникалық құралдар мен әдістердің көмегімен табылған іздердің көшірмесін алуға болады.
Іздердің көшірмесін көбінесе оқиға болган жерден ізді алуға немесе оны ұзақ сақтауга болмайтын жағдайда алады. Бұл іздердің көшірмесі эксперт пен сот ісінде объектідегі іздің қасиетін анықтауға көмегі болады.
4.Оқиға болған жерді қарауды бейнетаспаға жазып алу. Бұның оқиға болған жерді қарау жөнінде хаттама жазуға кемегі болады. Осы мақсатта магнитофондар мен диктофондар қолданылады.
Фонограмма зерттеу ісінде қосымша техникалық құрал болып табылады, әсіресе, күн суық күндері зерттеудін нәтижелерін тіркеуде көмегі зор. Бұл жағдайда жазуды хаттама жазудан бастап зерттеу ісіне қатысты адамдар мен куәлардың берген түсініктерімен аяқтау керек. Ал фонограмма оқиға болған жерді қарау хаттамасына енгізіледі.
5.Кейбір жекелеген объектілердің
бұзылмауы үшін оларды бекітіп қояды.
Оған колданылатын әдіс объектінің материалына,
іздің түріне байланысты. Мысал,
әйнектегі қолдың ізін порошок арқылы
алады
да, оны йодтың буы арқылы бекітеді және
керісінше. Жердегі аяқ киімнің ізі медициналық
желім арқыль бекітіледі.
6. Ізді бекіту. Оқиға болған жерде
табылған іздерді зерттеу
Жекелеген табылған заттар түріндегі іздер тұтас қалпыңда алынады. Мұңдай іздерге мысалы, оқиға болған жерде табылған шапка, қолғап, түйме, гильза, оқ, бұзып кіру құралы, темекінің қалдығын жатқызуға болады.
Әйнектегі іздер немесе зат түріңдегі іздер, сол затпен бірге қоса (стакандагы қолдың ізі, киімдегі қанның ізі), ал кейде заттың бір бөлшегі алынады (есіктегі қанның ізі тұрған бөлігі).
Зат түріндегі іздер сол заттан орналасқан жерден қырып алынады (ағаштагы красканың болшектері, лактың бөлшектері).
Іздерді алуға мүмкіндік болмайтын жағдайларда, оның көшірмесі алынады. Ол үшін ізді сүретке түсіреді, содан соң ізді жапсырмалайды, сөйтіп оның көшірмесін алады. Мысалы, аяқ киімнің қардағы ізінен гипс арқылы жапсырмасын алады.
Оқиға болған жерден алынған іздер жинақталады. Оған белгілі бір талаптар қойылады. Алынган іздерді ауыстыру мүмкіндігі болуы мүмкін. Сол жағдайды болдырмау үшін табылған іздерді жинақгап, оның ішіне тергеуші мен куәлардың қолдары қойылып, мөр басылып сақталады. Себебі бұл іздер арқылы көптеген мәліметтер жинақтауға болады. Мысалы, пышақты алу барысында, бұл тек қылмыс құралы емес, сонымен қатар, пышақтан қанның ізі, оның киімінен қалған талшыктар, қолдын іздері арқылы жәбірленушіні анықтауға көмектеседі.
2.4 Әр түрлі тергеулік әрекеттер жүргізу барысындағы оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу ерекшеліктері
Окиға болган жерді криминалнстикалық зерттеу тек тергеулік қарау кезінде ғана емес, сонымен бірге жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу эксперименті, үй-жайларды тінту кезінде де жүргізіледі.
Берілген жауапты оқиға болған жерге барып тексеру мен нақтылау нәтиже береді. Онда жауап беруші адамның жасаған әрекетінің дұрыстығын оқиға болған жердің жағдайымен сәйкестендіру арқылы анықтауға болады.
Оқиға болған жерді зерттеуді тергеуші жүргізеді және алған жауаптардың барлығы тексеріледі. Одан әрі, оқиға болған жерді қриминалистикалық зерттеуде қылмыс болған орын жағдайымен табылған іздерге қатысты берілген жауаптар тексеріледі. Сонымен бірге оқиға болған жерде жауаптарды тексеру барысында бұрын тергеуші арқылы тіркелмеген жаңа іздер табылуы мүмкін. Соған сәйкес жаңа фактілер туындайды.
Окиға болған жерді криминалистикалық зерттеуде тергеу экспериментін жургізудің ерекшеліктері бар.
Тергеу эксперименті - іс жөніңде жиналған дәлелдерді тексеру, тергеулік болжамдарды тексеру және бағалау, қылмысты жасауға итерген себептер мен шарттарды анықтау, жаңа дәлелдерді алу үшін жүргізіледі.
Практикада көп кездесетін тергеу экспериментінің түрлері:
а)қандай да бір фактіні, қүбылысты бақылауга мүмкіндік беретін тергеу экспсрименті;
б)қаңдай да бір әрекетті жасау мүмкүндігін анықтайтын тергеу эксперименті;
в)қандай да бір құбылыстың мүмкіндігін анықтайтын тергеу эксперименті;
г)оқиға механизімінің жеке бөлшектерін анықтайтын тергеу эксперименті;
д)тергеу барысында табылған іздерді табу кезеңін анықтайтын тергеу эксперименті болады.
Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеуде сезіктіні тану үшін көрсету сияқты тергеу әрекеттері жүргізіледі. Бұл сезіктіні оқиға болған жерде байқалса, сол арқылы танытудың нәтижелері аныкталады. Сонымен қатар белгілі бір объсктіні таныту да оқиға болған жерді зерттеуде қолданылады.
Кейде жәбірленуші оқиға болған жерді біледі де, оның қайда орналасқаның білмейтін жағдай кездеседі. Бұл жағдайда тергеуші жәбірленушінің берген жауаптарына сәйкес келетін орынды танытуға ұсынады. Тергеулік әрекеттердің нәтижелері хаттамада тіркеледі. Тергеулік әрекеттің жүргізілуі бейнетаспаға және бейнежазбаға түсірілуі тиіс.
Оқиға болған жерді тергеулік қарауды криминалистикалық зерттеу барысында тінту де жүргізіледі. Бұл тергеу барысында іске қатыстылардың бір нәрсені жасырып, объектіні зерттеуге кесірін тигізген жагдайда тінту жүргізіледі.
Информация о работе Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері