Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 20:11, курсовая работа

Краткое описание

Курс жұмысының мақсаты мен міндеттері . Дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығулармен қозғалмалы ойындарға үйрету элементтерін тәрбие үрдісінде қолдану, қазақ этнопедагогикасының тарихын жүйелеу концепциясын жасауда ұлттық тұрмыс, ұлттық мінез ғылыми тұрғыдан алғанда құнды, кеңестік идеология дәстүріндегі педагогиканың зерттеу үлгісінен тыс ұлттық болмыстағы тәрбиелеу тәжірибесін қалыптастырып, өшпес елдің ұрпақтан ұрпаққа мұра болып кететін тәрбие құралдарының өміршеңдігі мен парасатты да байыпты әрі ұлттық құндылық ретінде танылды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығулардың этно-педагогикалық мәні мен маңызы нығайтудағы мәні
2.2. Бүлдіршіндерді саптық жаттығуларға баулу техникасы және жаттығулар комплексі
2.3. Салауатты өсір салтындағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларының алар орны
2.4. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Қолданылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Баларды саптык жаттыгуга уирету.doc

— 167.00 Кб (Скачать файл)

  Одан кейінгі  деректерді біз итальяндық Марко  Поланың австраляилық С.Герберштейннің, итальяндық И.И.Новокалский дің, орыс саяхатшысы П.И.Рычковтың, орыс ғалымы П.С.Паластың, венгер зерттеушісі А.Вамбердің, неміс этнографы Р.Картуцканың, неміс ғалымы А.Гумбольдтың, поляк халқының өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Зеленскийдің т.б. жазбаларынан кездестіреміз [16].

   Одан  кейінгі кезеңде қазақ халқының  бай этнографиялық материалдарын  жинаған және оның ішінде ұлт  ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Э.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазеревский, П.П.Пашин, Г.С.Загрежский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горечкин,  П.Ходырев, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды. [17,7]

    Қазақтың ұл  ойындары туралы алғашқы пікір  айтушылар мен оның жеке нұсқаларын  жинаушылардың қай-қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі  халықтан мұндай өрелі өнерді  күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай   жылы лебіз, құнды пікір айтқан  неміс ғалымы А.Гумбольт өзінің достарына жазған бір хатында былай дейді: “Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойын- сауықтары естен кететін шаруа емес... Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенінің ортасында болғандықтан да солай болуы керек ” [18;8]

    XIX ғасырдың бірінші жартысында  қазақ даласын аралаған поляк  халқының өкілі, революциялық күреске қатынасқаны үшін Сібірге жер аударылып кейін қазақ даласына тап болған, өзінің саяхаттары туралы “Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына жасаған саяхат туралы жазбалар” деген кітаптың авторы А.Янушкевич естен кетпейтін естеліктер жазды. Ол еңбегінде қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын –сауықтарының өзіне қатты ұнағанын айтады.Сонымен  бірге А.Янушкевич халық өнерін жан-жақты сөз ете отырып, оның табиғатпен астасып, халық-тұрмысымен, әдет-ғұрпымен, қоршаған ортамен байланысып жатқанын сөз етеді. “Кешкісін біздің үйде бір қазақ болды. Ол әртүрлі аңдар мен құстардың, әсіресе, түйенің, құланның, бүркіттің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің қолынан келмейді ”- деп тамсана сөз етеді. [19,62]

     Қай халақтың болсын оның ұлттық  ойындарының белгілі бір мақсатымен  әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан  ерекше қасиеттері болады. Сондықтан  халық арасында қалыптасқан ойындар  туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.

     Ұлттық  дәстүрлі халық ойындарының  ел арасындағы беделі, тарихи  қоғамдағы алған рөлі және  болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі,  оның шығу тарихы туралы ғылыми  тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зерттелген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп алып қарастырамыз.

  1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары.
  2. Кеңес заманы кезіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылами еңбектер.
  3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.
  4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін)  аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.

Алғашқы топтама  еңбектің тарихнамалық  тізгінін А. Диваевтың еңбегін талдауын бастайық . Ол өзінің “Игры киргизских детей”  еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын 3 топқа бөліп қарастырады: 1) кішкентай бүлдіршіндер ойындары; 2) ересек балалар ойыны; 3) жігіттер ойыны;

    А.  Диваев алғашқы топтағы ойын  түріне  рулық-қауымдық құрылыс  кезеңінде өмірге келген ойындарды,  екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға  қозғалыс ойындарын, үшінші топқа-спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтің дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар, денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады.

   А.  Диваев “Как киргизы развлекают  детей”  мақаласында “бала бас  бармағын көтеріп малды барымталаймыз,  ортан бармақты көтеріп оған  пайғамбарымыз не дейді ?”  деп көк аспанға қарап құдай  тәңірінен рұқсат сұраған дей  келіп, ”бес саусақ” ойыны  мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі [20].

   Қазақтың  белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев,  Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің ,дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды.[21,35]

    Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығулархалық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының күрмеу жалғасы.  Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрі, батырлық-батылдық туралы түсінік, адалдыққа,, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі-халық данышпендығының белгісі.

   ХХ  ғасырдың басында өмір сүрген  этнограв М.Гуннер қазақтың ұлттық  ойынларына мынадай классификация  жасады. 1.жалпы ойындар

2. қарсыласу  мен күресу сипатындағы ойындар  3. ашық алаңқайдағы ойындар 4. қыс мезгіліндегі ойындар 5. демалыс ойындары 6. ат үстіндегі ойындар 7. аттракциондық-көрініс ойындар.

   Қазақтың  ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық  ойындардан ажыратын, алғаш рет  бөліп қараған ғалым М.Гуннер  қазақ ойындарына топтамалық  жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.

  Кеңес  дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық  дәстүрлі халық ойындары күн  тәртібіндегі өзекті мәселе болмағанына  қарамастан, сол тоталитаризм кезеңінде  дәстүрлі ұлттық ойындары зерттеген  авторлар қатарында М.Тәпекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. М.Тәпекеев дене тәрбиесінің халықтың педагогикасы сияқты көкейкесті мәселенің негізін қалаған.

   М.Тәпекеевтің  авторлығымен шыққан алғашқы  туынды- “Казахские национальные  виды спорта и игры ” (Алматы 1957ж). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың тоғызқұмалақ ойынының ереже-тәртіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық  ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деректеніне сүйене отырып ғылыми сараланған пікірлер айтады.

   Кеңестік  кезеңдегі ұлттық ойындардың  маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен  қарастырған ғалым  Б.Төтенаев  “Қазақтың ұлттық ойндары ”  (Алматы 1994ж) еңбегінде дәстүрлі  қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген. Автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен  мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығуларарасындағы байласын және ойындардың ертеңгі болошаққа керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келді.

   Е.Сағындықұлының  авторлығымен жазылған ғылыми  монография “Ұлттық ойындарды  оқу-тәрбие ісінде пайдалану ”  деп аталады. Онда қазақ халқы  ойндарын жекелеген классификацияларға  топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді [22].

   Ә.Бүркітбаевтің  “Спорттың ұлттық түрлері және  оның тәрбиелік мәні ” жинағында ұлт спорты түрлерімен ұлттық спорт ойындарының балаларының күнделікті тіршілігіндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спортымен ұлттық спорт ойын түрлері еңбегінде ат спортына қатысты бәйгеден бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату,  аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне сапостологиялық талдау жасалады.

    Бала  өмірдегі ұлттық және спорттық  қимыл-қозғалыстың және ойынның  алатын орны формасы және мазмұны  үлкен адамның тұрмыстық күйімен,  еңбек түрімен және мазмұнның   салыстырылса, қоғамдағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз.

    Ғалым  А.Кова өз еңбегінде ойынның  мәні баланың дербес іс-әрекетті  айналасындағы өзгерістерді танып  білуге белсенді әрекет етуге  жол ашушы ретінде түсіндіреді.  Автордың айтуынша: шынайы өмірде баланың аты-бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жартпайтын жан. Қам- қаракетсіз өмір ағысына іліп кете барады: ал ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді, өз күшін сынап көреді.

   Мектепке  дейінгі тәрбие мен оқыту барысындағы  спорттық жаттығулар мен ойынның қажетілігі мен зәрулігіне ғалымдар И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьянова, Н.Михайленко, Д.Хухлаева және тағы басқалар ерекше назар аударған.

  И.Давыдов  ойын мен ойыншық және дидактикалық  құралдарға ғана сүйеніп мектепке  дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ойын ақыл-ой дамуында, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялар: талдау, салыстыру, қорыту қабілетіне қажетті организм деп тұжырымдайды.[23;38]

   Сапптық жаттығуларының сан алуан мәзірін байытатын ұлт ойындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып көзіміз әбден жетеді. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс-жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материялдың әзірліксіз ойнала беретіндігіде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында екендігіне көзіміз жетеді.

   Қазақ  халқының тарихи көне жырларының  эпостары мен лиро-эпостарының  қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың  ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ол-ол ма, осы жырлардың негізгі кейіпкерлері-болашақ ел қоршаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеде. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынның шындай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қарамаған. Ең бастысы-ел қорғауға қабілетті болршақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай-ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жатқызатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз.

  Ұлт ойындары  осылайша атадан балаға, үлкеннен  кішіге мұра борлып жалғасып  отырған және халықтың дәстерлі  шаруашылық, мәдени, өнер тітшілігінің  жиынтық бейнесі көрінісі де  болған. Әрине, ойын өнер ретінде  әдебиет пен мәдениеттің сан  алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып байыта түседі.

  Өзінің  өлең-жырларында халық ойынды  тәрбие құралы деп танып,  оның  бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша  түгседі. Ойын тек жас адамның  дене күш-қуатын молайтып, оны  шапшаңдыққа, дәлдікке, т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.

   Халық  өршіп ой-арманға меңзейтін шытырман  оқиғалы, ғажайып-қиялы әңгімелер,  тіл дамыту, ой- өрісін кеңейту  мүмкіншілігін байыту  тілегінен  туған жаңылтпаш: жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, балалар ертегілері, балалар ойынын, ойын-сауық жоралғыларын туғызыды.

   Әрбір  күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты  аяқталуынын кейін, сәтті аяқталған  аңшылықтан соң немесе ел шетін  басып көрген жауынын кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде халық мерекелері ойын-сауықтар өткізген. “Ру дәстүрлерінің нығаюына сонымен бірге рудық айрықша мейрамдары себепші болды, бұл мейрамдарда алуан түрлі салтанат жоралғылары істелді.”

      Бұл мерекелер күн іргері жарияланып  отырылды. Сондықтан мерекелерге қатысушылар ұлттық ойынның түр - түріне күн ілгері даярлнып, әзірлікпен келді. “Қыз ұзату, келін түсіру мен байланысты” “Қалыңдық ойнау” салты пайда болды. Қыз ұзату тойында  беташар айтылды, бұл нағыз шығармашылық негізі бар, салттық ойынның жоғары түрі және қазақтың “далостройлы” тәрізді болатын.

   Қазақтың  ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті,  батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті,  тапқырлықты, байсалдықты, т.б.  мінез-құлықтың ерешелігімен бірге  күш-қуат молдығын, білек күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.

  Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығуларадамгершілікке тәрбиелей  отырып, баланың танымдық процесінің жетілуіне мүмкіншілік туғызады. Балаларды ұжымдық бірлестікке, достық қарым-қатынасқа баулиды.

  Баланың  өмірінде ойын ерекше орын  алады. Баланың өмірді тануы,  еңбекке қатынасы, психологиялық  ерекшеліктері осы ойын үстінде  қалыптасады. Сондықтан да халықттық  ойынды тәнбие құралы деп танып, оны жеткіншек ұрпақтың ой-түйсігін ширықтырып баулитын тетік сынды бағалаған. Баланың көңілін өсіріп бойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның  өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігін де молайтады. Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады.бірінен-бірі ептілікті, сергекті, тапқырлықты үйренеді. Сондай-ақ дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтып, айналадағы заттар мен құбылыстардың ақиқат сырына қаныға береді.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі