Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 20:11, курсовая работа

Краткое описание

Курс жұмысының мақсаты мен міндеттері . Дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығулармен қозғалмалы ойындарға үйрету элементтерін тәрбие үрдісінде қолдану, қазақ этнопедагогикасының тарихын жүйелеу концепциясын жасауда ұлттық тұрмыс, ұлттық мінез ғылыми тұрғыдан алғанда құнды, кеңестік идеология дәстүріндегі педагогиканың зерттеу үлгісінен тыс ұлттық болмыстағы тәрбиелеу тәжірибесін қалыптастырып, өшпес елдің ұрпақтан ұрпаққа мұра болып кететін тәрбие құралдарының өміршеңдігі мен парасатты да байыпты әрі ұлттық құндылық ретінде танылды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығулардың этно-педагогикалық мәні мен маңызы нығайтудағы мәні
2.2. Бүлдіршіндерді саптық жаттығуларға баулу техникасы және жаттығулар комплексі
2.3. Салауатты өсір салтындағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларының алар орны
2.4. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Қолданылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Баларды саптык жаттыгуга уирету.doc

— 167.00 Кб (Скачать файл)

 

2.4. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі

 

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығу  ұжымдық спорттың негізгші құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтанда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығулардың коллективтік психология қалыптастырудағы мәнін  басты орынға қоямыз. Әр түрлі табиғи жағдайға қатысты жүгіру тәсілі де өзгеріп отырады. Мысалы, жазда жүгіруші жеңіл киініп жүгірсе, қыста жылы киініп жүгіреді. Алға қойған мақсатқа байланысты бірде тура жүгірсе, енді бірде бұлтарып жүгіреді. Жүгіру жолының ерекшелігіне қарай жүгіру түрі де өзгеретін болады. Мәселен, ылдиға (еңіске) қарай жүгіргенде өкшені жерге көбірек тіреп, денені  шалқайта ұстап жүгіру керек. Өйтпесе, жүгіруші денесін билей алмай, етпетінен құлауы мүмкін. Ал өрге қарай жүгіргендн аяқтың ұшын жерге қаттырақ басып, кеудені алға еңкейтіп ұстау қажет. Өйтпесе, жүгірушігің салмағы оны артқа қарай   ауытқытып жіберуі мүмкін. Ал енді қалың шөп өскен жермен жүгіргенде адымды қысқа алып, тізені неғұрлым жоғары көтере  жүгіруге тура келеді. Құмның үстімен жүгіргенде жүгіруші жүгіру тәсілін (техникасын) өзгертпесе, тез шаршап қалады.

Оқушыларға мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығуларды жасату жылдың қай мезгілі болса да, топ болып жалаң аяқ жүгірген денсаулыққа аса пайдалы. Сондай-ақ құм, тас, батпақты, тікенді жерлермен жүгіру адамның мінез-құлқын өзгертіп, оны шыдамдылыққа, төзімділікке баулиды.

Топ болып жүгірудіңЖүгірудің әр түрлі әдіс-тәсілдері мына төмендегідей қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жетіліп, қалыптасады.

«Жаңа қоныс» ойыны. Әрқайсысының құрамында 8-10 ойыншысы бар 2-3 команда жеке-жеке тізбек құрап бір сызықтың бойына келіп тұрады. Олар сол сызықтан алдыңғы жақтарындағы 15-20 м қашықтыққа сызылған екінші бір сызықтың бойына мынадай ретпен «қоныс аударулары» керек. Берілген белгі бойынша әр командадан екі ойыншы қол ұстаса жүгіріп, алдағы сызыққа жеткен соң, біреуі сонда қалып, екіншісі қайта жүгіріп келіп үшінші ойыншыны алып кетеді. Үшінші ойыншы төртіншіні, төртінші ойынша бесіншіні, сөйтіп қай команданың  ойыншылары жаңа қонысқа бірінші болып ауысып бітсе, сол команда жеңіске жетеді.  

Секіру  жаттығулары. Секіру жаттығуларының мынадай  түрлері бар: 1) биіктікке секіру; 2) ұзындыққа секіру; 3) сырықпен секіру; 4) үш аттапсекіру;

Өздерің өмір сүріп жүрген күнделікті табиғи ортада секірудің  осы түрлері үнемі кездесіп отырады. Мысалы, бала секіріп ағаштың  бұтағынан ұстау керек болса, ол  бір орында  тұрып биіктікке  секіреді.  Үлкен арықтан немесе бұлақ суынан өту керек болса, бір орында тұрып не жүгіріп келіп ұзындыққа секіреді. Ал егер бала  жуан бөрененің үстінен жерге секіріп түсу немесе бір нәрсенің үстіне секіріп шығу қажет болса, онда ол биіктікке секіреді. Далада табиғат аясында секіріп жаттығу қызықты да пайдалы. Бұл секіру түрлерімен арнайы  шұғылдануға үлкен жол ашады.

Дене тәрбиесі сабағында ғана емес, сабақтан тыс кездері және ойын үстінде  секіріп жаттыға берген дұрыс. Мысалы, шығыршықпен  секіріп жаттығу  немесе секіріп жарысу аяқтың бұлшық еттерін жетілдіріп, секіру әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Допты немесе басқа бір затты  екі аяқпен қысып алып қос аяқтап секіріп жарысу аяқтың күшін көбейтеді  және дененің қимыл-қозғалыс үйлесімін  арттырады.

Лақтыру жаттығулары. Лақтыру жаттығуларының түрлері мынадай: дискіні лақтыру, балға лақтыру, найзағай лақтыру, ядроны  итеру.

Лақтыру жаттығулары  күшті молайтады және қимыл түрлерін үйлестіре білу қабілетін  арттырады. Допты жоғары лақтыру және ұстау.  Допты жоғары лақтыру және жерге  түсіп ыршыған соң ұстау. Допты  жоғарыдан алға лақтыру. Допты желке тұстан жоғары лақтыру және ұстау. Допты кеудеден алысқа лақтыру. Тізерлеп отырып, допты бір-біріне лақтыру. Малдас құрып отырып, допты бір-біріне лақтыру. Шалқадан жатып, допты бір-біріне лақтыру.

«Қуғыншыдан құтқар».  (Жүгіруге арналған ойын) Арнаулы сызықпен қоршалған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. Мұғалім белгі берісімен  санамақ арқылы сайланған ойын жүргізуші: «Мен қуғыншымын» -деп,  қолын жоғары көтереді де, өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі. Қашып келе жатқан бала мен қуғыншының арасын басқа бір ойыншы кесіп өтіп кетсе, қуғыншы сол алдын кескен екінші баланы қуады. Егер қуып жетсе екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы ойынды әрі қарай жалғастырады.

«Мысық пен тышқандар».  (Секіруге арналған ойын) Ойыншылар  санамақ арқылы «мысық» сайлап алады. Қалғандары тышқандар болып, үлкен етіп сызылған бір шеңбердің бойында дөңгелене тұрып, сызықтың іші мен сыртына кезекпен қос аяқтап секіре бастайды. Мысық шеңбердің ортасында жүгіріп жүріп, сызықтың ішіне ескіріп кірген тышқандардың біріне қолын тигізсе, екеуі орын ауыстырып ойнайды.

«Жүгіріп өт». (Лақтыруға арналған ойын)  Ойыншылыр екі топқа бөлінеді. Сонан соң алаңның екі шетінен арасы бір-бірінен 20-30 метр болатын екі сызық сызылады. Бірінші топтың балалары бір сызықтың бойында бір қатар болып тізіліп тұрады. Екінші топтағылар қолдарына 1-2-ден кішкене доп ұстап бір жақ қапталда қатар түзеп тұрады.  Мұғалімнің «1,2,3 – жүгір !» деп дауыстауынан кейін бірінші топтың балалары қарсыдағы екінші сызыққа қарай жүгіре жөнеледі. Қолында доптары бар ойыншылар оларды доппен көздеп тигізіп ойыннан шығаруға тырысады.

Соңынан доп  тиген ойыншылардың саны анықталып, топтар орындарын ауыстырып ойнайды. Қай топтың балалары допты көп  тигізсе, сол топ жеңеді.

4. «Допты «Жолбарыс»  ұстайды». (Лақтыруға араналған ойын)  Шеңбер құрып тұрған 5-6 ойыншы бір-біріне допты лақтырып беріп ойнап тұрады. Осы кезде ортадағы бір ойыншы, яғни «жолбарыс» лақтырылған допты қағып алуға  тырысады. Ол кімнің лақтырған добын қағып алса, сонымен орын ауыстырып ойнайды.

Қимыл –қозғалыс ойындары ұлттық ойындардың негізінде пайда  болып қалыптасқан. Олардың спорттық ойындар сияқты ережесі болады. Бірақ  қимыл-қозғалыс ойындарының ережесі  спорттық ойындарға қарағанда қарапайым  әрі жеңіл болады. Және спорт құрал-жабдықтарын аса көп қажет етпейді. Төменде әрқандай ұлттардың қимыл-қозғалыс ойындарының үлгілері берілді.

 «Қаршыға мен үйректер»  Алдымен санамақ арқылы қаршыға  сайлап алынады. Қалған ойыншылар  үйректер болып есептеліп, олар  ара қашықтығы 10-15 м болатын  екі шеңбердің (көлдің) бірінің ортасында жүзіп жүреді.

Ойнауға белгі берілген кезде үйректер екінші көлге барып  қонулары керек. Сол кезде оларды қаршыға бір-бірлеп қуып ұстауға  тиіс. Ұсталған үйректер ойыннан шығып, ұсталмаған ойыншылар арасынан жаңа қаршыға сайланып, ойын әрі қарай жалғаса береді.

«Көтеріп кет» (Ойыншылар  екі-екіден арқаларын бір-біріне тақап  жүрелеп отырып, қолдарын шынтақтан  айқастырып ұстайды. Мұғалім: «1,2,3 ауылым жайлауға көш» дегенде, екеуі де алға қарай еңкейіп, бірін-бірі жерден көтеріп тұрып кетуге тырысады. Қарсыласын көтеріп кеткен ойыншы женген болып есептеледі.

«Ботақан» Ойыншылар  өз орталарынан атан түйе мен мыстан кемпір сайлап алады. Қалғандары, яғни ботақандар атан түйенің артынан  бір-бірінің белінен ұстап тізіліп  тұрады. Мыстан кемпір «ұшқыш сыпыртқысымен» атан түйенің алдына «ұшып келіп»: «Керуен, қайдан келе жатырсың, қайда кетіп барасың?» деп, артындағы ботақандарының біреуін беріп кетуін сұрайды. Бірақ оған атан түйе келіспейді. Сонда мыстан кемпір жүгіріп жүріп керуеннің соңындағы ботақанды күшпен тартып алуға әрекеттенеді. Ал атан түйе мыстан кемпірді ең соңғы ботақанға жібермеуге тырысады. Ботақанды ұстап алса, мыстан кемпір оны үйіне апарып қойып келіп, енді келесі соңғы ботақанды ұстап алуға әрекет етеді. Осылай 2-3 рет қайталанған соң атан түйе мен мыстан кемпір басқадан сайланып, ойын әрі қарай жалғастырылады.

«Қарақұс пен балапандар». Ойыншылар арасынан қарақұс және тауық сайлап алынады. Қалғандары балапандар болып есептеледі. Ойын алаңының бір  шетінен қарақұстың ұясы сызылады.

Мұғалім «Қарақұс!» деп  дауыстап белгі берісімен қарақұс  тауықтың артында бір-бірінің белінен  ұстап тізіліп тұрған балапандардың  ең соңғысын ұстап алуға ұмытылады. Ал тауық екі қанатын (екі қолын) екі жаққа соза балапандарын қорғаштайды. Балапандар да қарақұсқа алдырмауға тырысады. Олар тек тізбекті бұзбауға тиіс. Ұсталған балапандарды қарақұс ұясына алып кетеді. Екі-үш балапан ұсталған соң ойын жүргізушілер қайта сайланып, ойын қайта басталады. Бір тауықта 6-8 балапан болуға тиіс.

«Алтын дән» Ойыншылар екі-екіден қол ұстасып шеңбер жасап тұрады. Ойын жүргізуші бір жұпқа келіп, «Қайырлы күн !» «Қолдарыңда не бар ?» - дейді. «Алтын дән», -деп жауап береді ойыншылар. «Оның бағасы қанша ?» - дейді ойын жүргізуші. Ойыншылар «Тау – тау қар мен көлдің суы» деген бетте екеуі қарама-қарсы бағыт ұстап шеңберді айнала жүгіреді. Ойын бастаушы сол босаған орында тұрып қалады. Бірінші болып қайтып оралған ойыншы ойын бастаушымен жұп құрап, екіншісі ойынды әрі қарай жалғастырады

Қазақ халқының ұлы ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов өз еңбектері арқылы қазақ ұлттық ойындары этнопедагогикасының қалыптасуына теориялық алғышарттар жасады. Олар бүкіл қазақ халқына ұлттық тәрбие беру, ол үшін қазақтың ұлттық мектебін жасау,ол мектептегі ұлттық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижесін негіздеді, әсіресе сол мәселелерге мұғалімдерді дайындау қажеттігіне ерекше назар аударды. Сонымен олар ХХ ғасырдың басында қазақ халқының болашағын ойлап, оның мектебінің ұлттық болуы, қазақ тілінің тазалығын, мектептегі білім мазмұнының қазақ халқының ұлттық мәнімен, оның ұлттық рухымен бірлікте болуын дәлелдеді.

Еліміз еркіндік, мемлекетіміз егемендік алып, тәуелсіздік туы  астында өмір сүргенімізге 17жыл. Әлемдік қоғамдастықтан өз орнымызды тауып, экономикасы дамыған, өркениетті ел, мәдениеті жоғары қоғам құрып, әлемдік қоғамдастықтан өз орнымызды аламыз деп мақсат қойған шақта, соған жетуде жас ұрпақтарды қалыптастырудағы қазіргі қазақтың ұлттық педагогикасының алар орны ерекше болмақ[21.91].

Қазіргі күні заман талабына сай жалпы педагогиканың негізгі  және басты мәселелері дұрыс шешілмегендіктен адам баласын жаңа тұрғыда қалыптастыруда педагогика саласы үлкен дағдарысқа ұшырауда. Сол себептен жоғарыда келтірілген негізгі мақсатымызға жету үшін қазіргі қазақтың ұлттық танымның басты негізгі мәселелерін дұрыс шешуіміз керек.

Ұлттық намыс ғана басқалармен тереземізді тең  ұстап, құлқының құлы болудан арылтып, қисапсыз ұлттық байлығымызды толық  игеру арқылы, басқалармен иық тіресуге жеткізеді.

Мектеп жасына дейінгі  балаларға арналған  саптық жаттығулар – намыс пен жігер арқылы қанға сіңіп, санаға дариды. Ұлттық рухта спорттық тәрбие алмаған, тілін, дінін, ойынын, дәстүрін дұрыс білмеген ұрпаққа Отанды қорғауға сенім арту, болашақтың тізгінін ұстату үлкен қате. «Есек барға саналса да, салға саналмайды» деген сөз еріксіз есіңе түседі. Бала дүниеге келген сәттен оның сыртқы ортамен өзара қарым – қатынасы арта түседі.

 Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығулар – халықтық ғасырлар бойы жинақтап іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, дүние – танымын өмірге деген көзқарасының және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру.

Бүгінгі жас буынның  ұлттық мәдениеттен нәр алған, рухани – адамгершілік, кісілік қасиеттер қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері негізгі орын алады.

Балаға адамгершілік, имандылық, инабаттылық ізеттілік, атадан – балаға мирас етіп қалдырған  салт – дәстүрімізді қадірлеп, сүюге  үйрету – ұлттық тәрбиеден басталады.

Ұлттық спорттық ойындар  арқылы тәрбие беру жұмысын оқушылардың  психологиясына сай ойын ретінде  қызықтыра ұйымдастыру оқу –  тәрбие үрдісінде кең таралған.

Республикамыз бір саяси  құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару  жүйесі жаңа сападағы қарым- қатынасқа бет бұрып өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие жұмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына қарай пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажет. Өйткені, ұғымдар арқылы оқушылар санасында білім қалыптасып, ол өз кезегінде оның іс-әрекетіне бағыт береді.

Бүгін президент Н.Ә.Назарбаев  атап көрсеткендей, 90% Қазақстандықтар  ұлтына қарамастан өздерінің Отаны  Қазақстан деп есептейді. Бұл  өте қуанарлық жай, өйткені жаңа Қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан өз Әнұраны, Рәмізі, Туы бар ортақ жеріміз бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүюге, қорғауға біз міндеттіміз. Бүгінгі таңда патриот болу деген- ғажайып табиғаты бар ұлттық мәдени ерекшеліктері бар бүкіл ғаламшарды сезіну, бүкіл адамзаттың өзіне бір бөлшегі деп сезіну деген сөз.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығулар негізінде дені сау, дарынды тұлға ұрпақ мақсат тұтып, курс жұмысының шеңберінде ұйымдастырылған ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық зерттеу жұмысымыздың материалдарын кешенді түрде салыстырмалы талдап, саралап, жинақтай келе төмендегідей қорытындыға келдік:

  1. Оқушыларға мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығулар негізінде тәрбие білім беруде көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығулармен қозғалмалы ойындар түрі ұсынылып отырылуы керек. Бұл жұмыс түрлері оқушылардың епті, жігерлік дағдыларын қалыптастыруда ерекше роль атқарды.
  2. Сонымен қатар қазақ ұлттық спорт ойындары оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
  3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығулдар комплексінде қазақтың ұлттық спорт ойындарынан үзінділер келтіре отырып, олардан қысқаша қойылымдар қойып, белгілі бір тақырыптарды практикалық тұрғыдан бекітіп отырғаны тиімді болады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі