Дінтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:38, реферат

Краткое описание

Дінтану курстың қысқаша мазмуны өмірдің талабына сәйкес болып табылады. Дін адамзат мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, әрбір жоғары білімді адамдар дінің мазмунын білулері кажет. «Жауынгер» атеизмнің тоқтауымен, шетелден көптеген экзотралик және эзотриалық дінден көбейюде. Олардың идеологиялық және дүниетанымдық көзқарастары бізге жат. Мұндай жағдайлар «Дінтану» пәнән игеруді керек етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Filosofiya.doc

— 720.50 Кб (Скачать файл)

1.Тхераведа ағымы - (ескі жол) будданың салт жолы. Үстаздың бейнесін жай қүрмет етудің орнына тәңірге айналдырылған Буддаға табыну Үндіде етек алды. Мифтік аңыз есебінде Гаутаманың жүрген жерлері, айтқан сөздері барлығы киелі ретінде көрсетіліп, сол жолмен жүру керек дейді. Қатардағы буддистерді сергектену жолындағы жүмыс, жақсы жиған еңбегі бойынша бағалайды. Сол себептен Оңтүстік және Шығыс-Оңтүстік Азиядағы монастырдің рольдері биік болды. Осыған байланысты Тхеравада ағымы немесе хинояна (кіші күйме) үнді мемлекетінен басқа елдерге жақсы таралған жоқ. .

2. Махаяна ағымы (үлкен күме, үлы жол) - сергектенуге және нирванаға баратын жол, барлық адамға ашық, тек монах тәртібін сактау мен будда жолы және бодхисаттардың жәрдемі керек дейді. Сол себептен, бүл ағым бодхисаттарды пір тұтып, данышпандық рөлдерін өсіреді. Олар нирванаға қатардағы адамдарды жеткізуге жәрдем береді. Махаянада көптеген діни қауымдар пайда болды.

Жапониялық буддизмнің «Дзен» деген ағымы таралып, қатардағы будда адамдарының діні болды. «Дзен-буддизм» Шығыс Азияға таралған, жаңартылған түрі. Дзен-буддизм қос ағымдық сәулеленуді, ақиқатқа жетуді, саториді уағыздайды. Ішкі сезім, медитация арқылы сергектенуге, өмірдің шыңдығына жетуге болады дейді. Дзен - буддизмнің иррационализмі мен интуитивизмі, оның экзотикалық ғүрпы, әсіресе, соңғы он жылда Батыс Европа және Америка философтарының назарын аударуда.

3. Ваджраяна немесе тантраяна ағымы (айрықша салт күймесі) б.ғ.д. II мыңыншы жылы шықты. Ол гуру (оқытушы, бастық) басшылығымен йогамен шүғылданады. Әрбір гуру өз әдістерімен йога жүйесін қолданады. Иоганы адамның ойын кірден тазарту, үяту деп түсіндіреді. Цзян хавай (1357-1419) қүрастырған Ламаизм ағымында әрбір гуру немесе басшы тірі құдай есебінде қабылданады. Ламаизм иерархиялық шіркеу жүйесі мемлекет жүйесіне үқсас, Шыңғысхан жасап кеткен жүйе.

Ламаизм будда дінінен бөлініп шықкын ағым. Бүл ағым екі бөлшектен түрады. Ламаизмнің сырткы табыну тәжірибесі тхеравадаға үқсап, ішкі жақсы тәжірибе жинау, рухани оқу жүрегі немесе ваджараяна ілімі бойынша, адамның ақылы космостық Будда денесімен қосылуы. Рухани жүрек эр түрлі күрылымнан түрады, ваджарамен теңестіріле отырып, мәңгілік символы - түрақтылық және бүзылмайтындығы.

Ламаизм Буддизм дінінің кең таралған формасы есебінде қарас-тырылады. Ол көбінесе, Тибетке, Орта Монғолияға, Непалдың кейбір аймақтарына жэне Индияға таралды. Олардың монахтарын ламдар (жо-ғарғы, негізгі) деп атайды. Ламаизм алғаш VIII ғасырда Тибеттен шығып, XV ғасырда мемлекеттік шіркеу болып қалыптасты. Оның шіркеу басшысын, «далай-лама», (теңіз ламы) немесе «хушухты» деп атайды. Далай-ламалар Будданың жер бетіндегі образы, олар өлгеннен кейін де балалары арқылы өмірге келеді дейді. Ламаизм Тибетте тарау кезінен бастап, жергілікті шаман дінінің міндеттерін өзіне алды.Ламаизмге шаман дінінің мистикалык «тантр» ілімі жэне «сикырлық» салттары енді.

XIII ғасырда Моңғолия ханы Хубилай «қызыл бөрікші» жоғары лам етіп тағайындалды. «Пазел» - Қытай, Моңғолия, Тибет мемлекеттеріндегі барлық абыздардың басшысы болып табылды. ХҮ ғасырдан бастап, Тибеттегі будда дін орталығына айналды, ламаизм қауымдары өздерінің ламдарын Қүдай есебінде, әулиелер деп жариялады және олар коғам және мемлекет жүмыстарына араласты. 1550 жылы ламдардың басшысына далай-лама атағы берілді. Тибеттегі далай-ламаға Бандида хамо-лама деген атақ беріліп, ол бүкіл дүниежүзілік және рухани билікке ие болды. 1959 жылы Тибет астанасында Лхаста діни үлт көтерілісіне байланысты Бандида хамо-лама және 100 мыңдай тибеттер шетелге қашып кетуге мәжбүр болды. Қазіргі кездегі Банди хамо-лама Индия мемлекетінде түрады.

ХҮІІ ғасырда лама діні Моңғолия арқылы Буратияға, Ресейге енді. Ламдар мен бурят нойондары лама дінін бурят, калмақ және тувинстердің ішіне зор ынтамен таратты. 1991 ж. шілденің 10-ынан 31-іне дейін, Ұлан-Удэде ламаизмнің Ресейге тарағанына 250 жыл толғандығын той лады.

 Орта Азия мен Қазақстан жеріне Будда діні Ү-ҮІ ғғ. таралды деп есептейді. XX ғасырдың екінші жартысында жүргізілген археологиялық зерттеу бойынша буддизмнің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Қытаймен шекаралас Жоңғар қақпасының аймағында іздері табылды..

Қазіргі кезде буддистер  Қазақстанда аз, Алматыда будда қауымы тіркелген. Оларға жергілікті бурят, қалмақ, монғолдар барады.

Негізгі әдебиеттер: 4, 9, 10, 11, 13.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 8.

 

№5 тақырып  « Христиан діні».

Христиан діні - екінші әлемдік дін. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа үлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар христиан дінінен басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Мүның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы түрды..

II ғасырдан бастап қүл иеленуші жүйесінің дағдарысқа үшырауы салдарынан, империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағ-дарысқа түсіп, пессимизмге үшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстем таптың адамдары христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан кауымының қүрамы өзгерді.. Епископ пен пресвитерлер бірте-бірте қауымға басшылық етуді өз қолына алды. Әр түрлі культті өткізу, уағыз айту, күнделік жүмысты басқару осы адам-дардың қолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиасының жоғарғы топтары қүл иеленуші мемлекетпен жақындасты. II ғ. аяғы кезінде Христиан діні Рим империясының барлық облыстарына таралды. III ғ. басы кезінде 313 жылы Миланда Константин император Христиан дінін ерікті түрде кабылдау жөніндриялады. Міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды. Ал, 324 жылы христиандықтар ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның бас-шылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіләлемдік христиан шіркеулерінің соборы (съезі) шақырылды. Собор Христиан дінінің негізгі уағыздарына қысқаша түрде каулы алды. Бүл қаулы Құдайға «сенудің - Никкейлік символы» деп аталды. Сөйтіп, император өкіметі мен христиан шіркеуінің одағы қүрылды да, Христиан діні мемлекеттік дінге айналды

Христиан дінінің негізгі догмалары Шіркеудің шығуымен бірге діни қасиетті жазбалар мен қасиетті аңыздардың жасақталуы катар жүрді. Христиан дінінің қасиетті жазбасы Библияда (грек. - Кітаптар) жинақталған. Қазақша атауы - Інжіл. Библия екі бөлімнен түрады. Бірінші бөлім, Ескі өсиет (Ветхий завет) және Жаңа өсиет (Новый завет). Ескі өсиет көлем жағынан 4/5 Библияның бөлігін алады. Бүл бөлігі Иудаизм дініне де ортақ. Өсиет деп ертедегі еврей халқы Қүдаймен, кейін келе баска да халықтармен Иисус Христос келісім жасаған деген түсініктен шығады. Екінші бөлімі Жаңа өсиет (Новый завет) деп аталады. Жаңа өсиет тек Христиан дініне тән. Барлығы 77 кітап. Олар ежелгі еврей, арамей және көне грек тілдерінде жазылған. Библия кітабына сүйене отырып, Христиан дінінің акиқат делініп танылатын діни қағидалары (догматтары) парыз есебінде күрастырылды. Христиан дінінің қандай бір ағымдары болмасын осы парыздық діни кағидаларды мойындайды да, бірақ өз беттерінше орындайды. Мүндай кағидалар (догматтар) негізінен 12 бөлімшеден түрады, оны негізі «діни наным» символы деп атайды. Бүл символдық сенімнің 325 жылы Никей соборында сегізі қабылданды да және Царьгород немесе Константинопль (381) әлемдік соборларда, жетінші Никкей (787) соборын коса есептегенде 4 символы қабылданды. Ал, католик ағымында Триденттік соборда (1545-1563) әрі қарай өңделген болатын.Осы 12 символдық сенімге күмәнсіз сену керек. Христиан табыну культтерінен фитиштердің калдықтарын көреміз: икондар, крестер, киелі дейтін табыттар, киелі су жатады.

Христиан дінінде магиялық қалдықтары да бар. Оларға әр түрлі дуа оқу (молитва), діни іс-әрекеттер жасау (таинства), күпия, сырлы жұмбақ, діни салт-жоралары.

Діни мейрамдарарын төртке топтап қарастыруға болады. Иисусқа арналған, Құдай туған (богородаца) әйелге арналған, әулие адамдарға арналған және киелі икондарға арналған.

Христиан дінінің бөлінуі. Христиан шіркеуі алғашқы уақыттан бастап біртүтас дін болған емес. Кең байтақ Рим империясының халықтары өздерінің түрып жатқан әлеуметтік, әдет-ғүрып жағынан әр түрлі болғандықтан, Христиан діні де сол жергілікті өмірге бейімделініп тара-лады. Рим мемлекетінің нәтижесінде алғашқы кезде төрт дербес шіркеулер пайда болады. Олар Константинопль, Александрия, Антиохий, Иерусалим шіркеулері, іле шала Антиохий шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православы шіркеуі бөлініп шықты.

Ең үлкен бөліну 1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері болып, ыдырап аяқталды. Шығыс бөлігі Православиялық, ал батыс бөлігі Католик болып дербес шіркеу болып шықты.

Православие-христианшылдықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі, қазіргі кезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие шіркеуі бар: Константинопль (Туркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия, Румен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак жэне Американдық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин жэне жапондық). Әр-бір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеу анықтайды.

Әкімдік жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке), викариант (облыс), благочин (район) жэне приход (жер-гілікті, кішкентай) шіркеуі болып бөлінеді. Барлық православия шір-кеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттары бірдей. Православие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325) және Константинопльде (381) әлемдік соборлардағы шешімді бұлжытпай орындайды.

Русьтегі христиан діні. Х ғ. аяғында 988 ж. Владимир князінің бұйрығы бойынша Христиан діні мемлекеттік дін деп жариаланды. Христиан діні, Біріншіден, өкіметтің маңызын жоғары көтерді және мемлекеттің жеке бөліктерінің арасындағы байланысты нығайтып бір орталықты мемлекеттік халге жеткізді. Екіншіден, Христиан дінін қабылдау Батыс Европа елдерімен қарым-қатынасты жеңілдетті. Үшіншіден, Христиан діні орыс қоғамының мәдениетін көтеруге себепкер болды, орыстар Византия ғылымымен және өнерімен танысты. Византия ол кездегі Европаның ең мәдениетті елі еді. Ақырында, Христиан діні халықтарға (Библияны оқу үшін) сауат ашуға жрдемі тиді.

1037 жылы Владимирдің баласы князь Ярослав Мудрый Киевте митрополитті шіркеу басқармасын қүрды. Митрополит епархияға бөлінді, оның басында епископтар түрды. 1325 жылы митрополит Петр митрополия кафедрасын Мәскеуге ауыстырды. XIV-XVI ғғ. Русьте көптеген монастырьлар салынды. 1448 жылы бірінші орыс митрополиті Ион Кон-стантинопльдің патриархатының рүқсатынсыз Мәскеу митрополиті болып сайланды. Ал 1589 жылы Федор Иоаннович патшасының қолдауымен бірінші патриарх митрополит Иова сайланды. Осыған байланысты Орыс Православия шіркеуі дербес автокефалды болып жарияланды.

Орыс православие шіркеуі бүгінгі таңдағы үлкен екі мәселені шешті. Бірінші, Русьтің шокындырылғанына 1000 жылы толуына арналып, 1988 жылы маусымның 6-сында Троице Сергеев Лаврында ашылған орыс православие шіркеуінің жергілікті соборы көп көңіл бөліп, міндеттер қойылды. Жергілікті собордың барлық қатысушылары бірауыздан шіркеу өміріне өзгеріс енгізу қажеттігін мақүлдады. Екінші жағдай, 2000 жылы тамыз айының 13-16 күндері Орыс Православие шіркеуіне Архиерей юби-лейлік салтанат соборы өтті. Бүл соборда «Негізгі әлеуметтік Орыс православие шіркеуінің концепциясы» деген қаулы қабылданды. Бұндай қаулы бұрын-соңды болмаған әлеуметтік ресми шіркеу қүжаты болып есептеледі. Бүл қүжатта шіркеу қызметкерлері қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелерге өте кең көңіл бөлген. Бүл мәселелер әрбір салада - экономикалық, саяси, мемлекет шіркеулік, моральдық, денсаулық, ғылыми, мәдениет, білім алу жэне т.б. мәселелер бар. Бүл қүжаттық бағдарлама шіркеу канонымен салыстырылады.

Орыс Православиясы  Қазақстанда исламнан соң екінші орын алады. Бүл дін Қазақстан  жеріне ХҮІІІ ғасырдан, Қазақстан Ресейге қосылғаннан бастап тарайды. 1876 жылы Верный қаласында (қазіргі Алматы) Түркістандық епархиясының кафедрі қүрылды. 1945 жылы Алматылық-Қазақстандық Епархия қүрылды. 1991 жылы осы епархия үш епархияға бөлінді. 1999 жылы епархиялық басқару Алматыдан Астанаға ауысты. 1995 жылғы 1 қаңтардағы санақ бойынша қазіргі Қазақстан жерінде 212 приход, 8 монастрь жүмыс істейді.

Католик дінінің шығуы. Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиан дінінен бөлініп шыкты. IV г. Рим империясы Батыс және ІІІығыс империя болып бөлінген кезде, Батыс Рим империясыньщ христиан шіркеуі батыстық немесе Рим-католик шіркеуі болып аталды. Католик немесе «Католикос» деген ұғым грек тілінде «әлемдік», «барлық» деген мағына береді.

Он бір ғасыр бойы VIII ғ. - 1870 жылы Рим шіркеуі Италияның мемлекетіне қосылғанша Папалық жеке мемлекет болып түрды. Бірақ та 1929 жылы Папа Пий XI және Италия мемлекетінің басшысы Муссолиимен келісе отырып, Рим қаласына 44 гектар жер беріп, Католик шіркеуін дербес шіркеу ретінде жеке мемлекет болуына жәрдем берді. Содан бастап Ватикан мемлекеттік қала ретінде барлық католиктердің осы күнге дейін орталығы болып есептелінді.

Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим Папасының резиденциясы - Ватикан. Ол Рим қаласының ортасында қала-мемлекет (ауданы 44 гектар, шекарасының үзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам), өз гербі, гимні, жалауы, поштасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі т.б. сондай-ақ, шағын гвардиясы мен жандармериясы бар. Қысқаша айтқанда, қала ішіндегі мемлекет. Мемлекет басшысы - Папа. Оның дипломатиялық корпусы 100-ден астам мемлекеттермен қатынас жасайды. Күнделікті өмірде мемлекеттің жүмысын орындайтындар Ватиканның Куриясы (әкімшіліктер). Рим куриясы барлық саяси, экономикалық және діни жүмыстарын орындайды. Католик шіркеуінде жалпы Христиан дініндегі диакон, пресвиттер, епископ дәрежелерінен басқа тағы да жаңа кардинал, митрополит, патриарх, примас шендері енгізілген. Кардиналдар сословиесі барлық эпископтардан жоғары қойылады. Бұл атақ XI ғ. бекітілген, олар Папаны сайлауға және Папа болып сайлануға болады. Рим Папасы кардинал жиналысымен сайланады. Ол атақ өмір бойы беріледі. Қазіргі кезге дейін тарихта 265 Папаның аттары бар. 1523 жылдан 1978 жылға дейін Папаның тағына тек Италяндыктар сайланды. 1978 жылы бірінші рет бүл атақты Поляк кардиналы король Войтыл Папа атағына сайланды.

II Ватикан соборының шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа Иоанн Павел II шынында «үлы» Папа болып атағы қалды. Себебі жоғарыда көрсетілген Собордың шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа болды. О Қазіргі 265-ші Папа, неміс кардиналы Иозер Ратцингер, оған Бенедикт XVI деген ат қойды.

Қазақстан жерінде 80 католик қауымы, 2 монастырь жүмыс істейді. 1991 жылы Ватиканның шешімі бойынша Қарағанды қаласында Орта Азия мен Қазакстан жерінің Апостолдық басқару әкімі орналасты. 1994 жылдан бастап Ватикан мемлекетімен Қазақстан дипломатты қатынасы басталды. 2001 жылы қыркүйек айының 22-25 күндері аралығында Рим папасы Иоани Павел П-нің біздің елге ерекше сапармен келіп кетуі католик шіркеуінің Қазақстанға деген жақсы ниетін көрсетед.

Информация о работе Дінтану