Дінтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:38, реферат

Краткое описание

Дінтану курстың қысқаша мазмуны өмірдің талабына сәйкес болып табылады. Дін адамзат мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, әрбір жоғары білімді адамдар дінің мазмунын білулері кажет. «Жауынгер» атеизмнің тоқтауымен, шетелден көптеген экзотралик және эзотриалық дінден көбейюде. Олардың идеологиялық және дүниетанымдық көзқарастары бізге жат. Мұндай жағдайлар «Дінтану» пәнән игеруді керек етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Filosofiya.doc

— 720.50 Кб (Скачать файл)

Мүхаммедтің қай кезде, неше жаста дін жолын бастағанын ешкім де айта алмайды. Бірақ білетініміз ол өз уақытында көптеген діндермен таныс болғандығы. Сауда-саттық жолда, көптеген елдерге барып, олардың діндерімен танысты. Меккенің өзінде де көптеген діндер болғандығын біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Бірақ Мүхаммед осы діндердің біреуін де қабылдамай өз жолымен жүрді.

Мүсылмандар түсінігі бойынша, ислам уағызында «Құран» Алланың үмбеті Мүхаммедке Жәбірәйіл періште көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мүхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп түрыпты. Ал Мүхаммед сол Қүдайдың берген өсиеттерін халыққа ауызша жеткізіп отырды. Қүран Қүдай сөзі болғандықтан бүған ешкім де ешбір шәк келтіруге тиіс емес.

Қазіргі «Осман шығарған Қүран» 114 сүре, 6225 аяттан (басқа да Қүранның түрлерінде 6204 жэне 6336 аяттан) түрады. «Медина Қүраныда» аяттардың саны 6000, «Куфа Күраны» мен үнді мүсылмандарының Қүранында 6232 аяттан түратын Қүрандар кездеседі. Шиитер қолданып жүрген Қүранында 115 сүре бар.

Барлық сүрелер көлеміне қарай орналасқан, басында үзақ сүрелер, одан кейін орта, ақырында қыска сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады. Бірақ біраз жағдайларда сүренің аты өз мазмүнына сәйкес келмейтіні де бар.

Біздің заманымызда  ең дүрысы Құранның араб тілінен аудармасы болып есептелетін академик И.Ю.Крачковскийдің еңбегі, оның аудармасы 1963 ж. шықты. Қазақ тіліне араб тілінен «Қүран кэрім» аудармасын 1991 жылы Алматы қаласынан қажы Р.Нысанбайүлы мен У.Қыдырханүлы аударды. Дегенмен Құранды аударуға рұқсат болғанымен, намаз оқу бес парызды орындау тек араб тілінде жүруі керек.

Ислам дінінің шығуына байланысты, Мүхаммедтің ауызекі айтқан қасиетті сөздері және Мүхаммедтің күнделікті өмірдегі мінез-кұлқы мен әдет-ғұрыптарын іс-әрекеттері аркылы айтылуы суннаны шығарды.

Суннаның немесе Хадистің шығу себебі Қүран кітабындағы 114 сүре барлық мүсылман өмірінің катынастарын көрсету мүмкін болмағандықтан, мүсылмандар арасындағы қатынастарды Мүхаммедтің өміріне сәйкес етіп көрсету. Қандай бір іс-әрекетке мүсылман кездессе ол шешімді Мұхаммед өмірінен тосуы керек. Екіншіден, Хадис арқылы мүсылман өміріне жаңа әдет-ғүрыптар енгізуге икемді болды.

ХІ-ХІІ ғасырларда Қүран  мен Суннаның арқасында фикха (мүсылман заңы) немесе шариат күрастырылды. Шариат пен фикха синоним есебінде қолданылады. Фикханың негізгі қызметі - мемлекет пен қоғам арасындағы, азаматтық қатынастарды реттейтін қүкық (заңы). Шариғат жолдары - Қүдай жолдары, оларды орындау әрбір мүсылманның борышы. Шариғатта діни әдет-ғүрыптар, діни салттарды орындау жолдары да көрсетіледі. Фикха сол орындаудың практикалық жолдарын, әрбір адамдардың өмірге байланысты, қалай және қайтып орындау керектігін көрсетеді.

Шариғат төрт Ислам қүқығына негізделген: Қүран, Сунне, Иджме (мүсылман қауымының және окымыстылардың пікірлеріне) және Қияса (үқсату арқылы жасалатын пікірлер). Қүранда заңдық емес, этикалық меже мен діни, азаматтық және қылмыстық талаптар бар. Заңдық межелер он шақтыдан аспайды. Екі-үш мыңдай заңдық шешімдер (Мүхаммедтің шешімдері) Суннада.

Мұсылман дінінің  парыздары. «Ислам» деген үғым араб тілінде «бас июшілік», «қүлшылық» деген мағына бойынша қүлшылық ету, табыну екі бөлімнен түрады. Біріншісі, міндетті түрде, ал екінші бөлімі, ерікті түрде орындалатын діни іс-әрекет.

Біріншіге, бес «парыз» діни іс-әрекеттер жатады. Олар: 1. Иманану (тавхид) - сену деген сөз, яғни бір Қүдайға сену «бір Алладан басқа Қүдай жоқ және Мүхаммед оның бізге жіберген елшісі» - дегенге сену. 2. Намаз - арабша «салят». Намаз сөздері Аллаға сыйыну, тілек тілеу, қүлдық үрумен өтеді. Күн сайын бес рет сыйыну (намаз). Әрбір сыйыну (намаз) рахаттан (араб тілінде қүран сүресінен үзінді, дене тұрғысы мен қозғалысы) түрады. Таңертеңгілік 2 рахаттан, түскайталық, кешкі және түнгі 4 рахаттан, түнгі - 3 рахаттан... Жүма күнгі намазды мешітте оқу үсынылады. Намазға қалай дайындалу керек, қалай оқылуы керек шариғатта рет-ретімен жазылып көрсетіледі.

3.Зекет (қайыр) - жылына бір рет мұсылмандар өздерінің табыстарының 10/1 бөлігін Мешітке беріп отырулары керек. Ислам діні мемлекеттік дін деген елдерде, барлык меншігінің нақты кұнының немесе оның таза пайдасының 2,5%-ын күрайды. Мүсылмандардың түсінігі бойынша, зекет-қайырымдылық, мейірімді іс, ресми салық, ерікті кұрбандық т.б. Ислам дінінде басқа да садақа беру бар, мүгедек, жесір, жетім адамдарға кайырымдылық ету.

4. Ораза - арабша «ас-саум» үстау, «Рамазан» айында отыз күн ораза үстау. Ораза үстауда таң атқаннан (ақ жіпті қара жіптен айырғанда) кешке дейін (ак жіпті кара жіптен айыра алмау), яғни жарык күннің өне бойында тамақ ішуден, судан, шылым шегуден, жыныстық қатынастан толық тыйылуды білдіреді. Ораза тек нәпсіні тазалау емес, рухани тазаруға да жатады. Денсаулыққа жақсы әсерін тигізеді деп түсіндіріледі. Рамазан айы ең «касиетті ай», ораза әрбір пенденің адамгершілігін білдіретін сауапты іс деп түсінеді..

5. Хаджи (хаджж) - әрбір мүсылман өмірінде ең болмағанда бір рет Мекке мен Мәдинеге барып, Каабаны айналып, намаз оқып, Мүхаммедтің бейітіне күран окып, күрбан шалып қайтуға тиіс шалып қайтады.

Қажыға барып келген адамдарға «кажы» атағы беріледі. Оның кіші мешітті басқаруға қүқықтык правосы бар. Болса да хаджның ең бір алға қойған мақсаты, барлык мүсылмандардың басын қосу, олардың барлығы, үлттарына, тілдеріне қарамай бауырлас екенін сезіну. Сондықтан хаджда терең діни, идеологиялык және саяси мән бар. Осы бес намаздан басқа діни көзқарас толық болу үшш әрбір мүсылман ең болмағанда 5 сенімге кәміл сенулері керек. Олар: 1) Алланың әр түрлі періштелері. 2) Қүран мен хадис кітабын Алланың жіберген кітабы есебінде, олардағы әрбір сөз Алланың сөзі деп сену керек. 3) Алланың пайғамбарларына, әсіресе ең соңғы пайғамбарға -Мүхаммедке сену керек. 4) о дүниенің барына - жүмақ пен тозаққа сену керек. 5) тағдырға, әрбір адамның тағдыры Алланың қолында екеніне сену керек.

Салттар. Қүлшылықтың екінші бөлімі, ерекше түрде орындалатын діни салттар мен діни мейрамдар. Оларға жататындар: 1) Балаларды сүндетке отырғызу. Жас балалардың балағатқа жеткенін көрсету, «шын» мүсылман қатарына қосылғандығын көрсетеді. Бала сүндеттеуді қазақтар көбінесе баласы есейіп қалған кезде, 5-9 жас арасында орындайды. 2) Қүрбан шалушылық. Қүрбан айтта орындалады. Бүл мейрам ораза өткен соң, жетпіс күннен кейін қүрбан айты мейрамдалады. Қүрбан айт 3-4 күнге созылады. Бүл салт Ибрахим пайғамбардың өз баласын Аллаға қүрбан шалуға дайын болғандығы туралы шықты.

Екінші бір мейрам ораза айт (ар. Ид аль-фитр.). Бүл мейрам ораза біткеннен соң жасалады. Бүл мейрамда мүсылмандар өздерінің қайтыс болған жақындарының бейітіне барады, үй-үйлерге кіріп тамақ, дәм татады, садақа береді. Елеулі діни мейрам деп жүма күнін айтады. Әрбір жүма намазда, мүсылмандар мешітке жиналып намаз оқиды, себебі Мүхаммед Меккеден Мединаға ауысқанда ол күн жүма күні болыпты. Ақыр заман болар алдында жүма күнінен басталады дейді. Со л себепті жүма күн мүсылмандар үшін қадірлі күн.

Жалпы Халифаттың басқаруы X ғасырдан бастап Аббасидтердің қолына өтті. XIII ғасырға дейін мүсылмандар орталығы Бағдат қаласына ауысып, бүл қала ислам дінінің тек орталығы емес, үлкен мәдени-ғылым орталығына айналды. Осы кезде атақты ғылыми адамдар шығып, Араб мемлекетін өркениетті елдер катарына қосты.

Ислам дінінің негізгі ағымдары. Қүранда пайғамбардың «бөлінбеңдер» деген нүсқауын тыңдамай Ислам діні бірнеше ағымдарға бөлініп кетеді. Хараджиттеден кейінгі, елеулі екі ағымына: суннизм және шиизм тоқталайық.

Суннизм. Ислам дінінің ең үлкен ағымы (90%) суниттер. Сунниттердің шиит ағымына қарама-қарсы, ортодоксиялық ағым болып құралды.

Суннәнің (хадистің) алты жинағын құранмен бірдей мойындаған көпшілік мүсылмандарды ахль-ас суннэ, яғни сунниттер деп атады. Суннизмнің негізгі айырмашылығы: алғашкы төрт халифаты заңды деп мойындау; 6-хадисты ешбір күмәнсіз мойындау; суннизмнің 4 мектебінің (маликитік, шафиитік; ханифиттік немесе ханбалитік) біріне жату. О дүниеде Құдай мен адам арасындағы қатынастарда Мүхаммед пайғамбардың ешбір қатысы болмауы; Мүхаммедтің пайғамбар, Али болса Халиф есебінде қабылдау; Шиизмге қарағанда Суннизм ағымында сектлердің аздығы және т.е.с

Шиизм. Араб елінде, Мүхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан соң, Халифаттық басқару басталды. Төртінші халиф Алидің түсында ең үлкен рулардың арасынан алауыздық көзқарастар пайда болды. Омейядтар рулары, хурайш руынан шыққан Алиге қарсы шығып, бір түтас халифаттық басқаруды қолдамады. Осының салдарынан, Алидің оппозициялары, оны өлтірумен аяқтады. Алиді жақтаушылар «екі нүр» деген (теория) көзқарас таратты, бүл көзқарас бойынша: бірінші нүр Мұхаммед болса, екінші нүр Али еді. Солай болғаннан соң Қүранға Алидің де атын пайғамбар ретінде ендіру керек еді. Осылай, Алиді де пайғамбар есебінде қабылдаушылар Шииттер (арабша, топ, партия) деп аталды. Осының арқасында Шииттер Қүранға тағы бір сүре қосты (114 сүренің орнына 115 сүре). Шииттер қасиетті аңызында, сүнниттік Халифтар билікті заңсыз күшпен тартып алушылар деп түсіндіреді. Олар Алиді және оның үрпағын өздерінің заңды басшылары деп санап, сүнниттік Халифтарға Мүхаммедтің қызы Фатима мен Алиден тараған үрпақтың 12 имамын қарсы қояды. Шииалардың діни догмасының қүрастырылуы VII ғасырдың ортасында Аббасид династиясында жасалды.

IX ғасырда Шииттердің 12-ші имамы жоқ болып кетті, оның аты Мүхаммед аль-Махди болатын деген аңыз таратты. Ол көрінбейтін басшы деп жарияланды, өйткені ол өлген жоқ, оны Аллатағала өзіне керек болғандықтан, жасырып қойды деп сенеді. Аллатағала кажет болған кез-де оны қайтып жер бетіне жібереді, ол келіп жер бетіне әділеттік орнатады дейді. Сөйтіп «Махди» (жасырып имам) мен оның жер бетіне кайта оралуы жөнінде ілім шиизмнің басты уағызына айналды Шиит ағымынан көптеген қауымдар (партия) бөлініп шықты және ол қауымдар өз бетімен тағы да майда қауымдарға бөлініп отырды. Ең үлкен қауымдары: қайсандықтар, зейдиттер, имамиттер, «шектелген» шииттер және исмайллиттер.

Қазіргі ислам. Ерте дәуірдегі «Алтын ғасырдағы исламға», қайта оралу идеясы көптеген елдерде әртүрлі саяси-элеуметтік қозғалыстар туғызды. Мысалы, XVIII ғасырда Аравияда Ваххабиттік қозғалыс шықты. Ол қозғалысты баскарған Абд ал-Ваххаба (1704-1792) болды. Оның негізгі идеясы алғашқы мүсылман қауымдық кезіндегі «таза» Мүхаммедтің ілімін қолдау керек деді. Ол ілім бойынша Алладан басқа Қүдай жоқ, Мүхаммед -жай адам, оны Қүдаймен теңеуге болмайды. «Алла жолына» қарсы келу-шілер қатарына әулие адамдары, киелі жерлерді, магиялык іс-әрекеттерді, басқа да ескі діндердің әдет-ғүрыптарын жаткызды. Олар тек Күран мен Суннаны ғана Ислам дінінің «таза жолы» деп қарастырды. Олар тағы да байлыққа, тойымсыздыққа карсы, кедейлікті мақтап, мүсылман «бауырлыкты» жақтады. Ваххабиттер мүсылман емес халықтарға «әулиелік соғыс» жариялады. Олар дінді қорғауда фанатикалық жолда, керек болса экстремистік іс-әрекеттер де жасады. Ибн Абд аль лімі орта аравияның Саудидов руына үлкен жәрдемін тигізіп Саудидстік Мемлекет күруына жәрдем берді. Қазіргі кезде ваххабизм Саудавия Аравиясының негізгі идеологиясы.

Қазіргі кезде немесе 1962 жылы «Ислам Әлем лигасы» деген мү-сылман одағы қүрылды. 1969 жылы «Ислам конференциясының одағы» деген, үкімет деңгейіндегі одақ қазіргі ең биік одақтасудың орны деуге болады.

Қазақстан жеріндегі Ислам. Ислам діні Қазақстанға VIII ғасырдың соңынан бастап IX ғасырдың басында тарай бастады. 766 жылы Карлуг Ханы Қазақстанның Жетісу және Оңтүстік аймақтарын жаулап алып, мүсылман мәдениетін таратты. X ғасырдың басында Карахандықтар мемлекетін күрған Сатук абд аль-Керим Богра ханның (915-955) баласы 960 жылы Исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады.

Дегенмен, кең байтақ Қазақстан жеріне X ғасырда ислам діні толық таралды деп айту киын. Себебі, осы күнге дейін ислам дінінің Қазақстан жеріне таралу мәселетеушілердің пікірінше, Ислам діні біздің еліміздің оңтүстік аудандарына, атап айтқанда, Орта Азия мен Кавказға VII ғасырда тарала бастаған десе, екінші біреулері Ислам діні Орта Азия мен Қазақстан жеріне ІХ-Х ғасырда енді дегенді айтады. Исламның VIII ғасырда Қазақстан жеріне енгенімен, бұл діннің өте ұзақ жылдар бойы кең байтақ қазақ жеріне таралғанын барлық зерттеушілер қолдайды. Бүған қосымша Ш.Уэлиханов-тың Ислам қазақ жеріне XIX ғасырда ғана толығынан таралды деген көз-қарасы да бар.

Ислам қазақ жеріне толық орнағанымен, оның даму «деңгейі» әр-бір аймақта бірдей емес. Бүндай ерекшелік тек Қазақстан жеріне ғана тән емес, ол қазіргі зерттеулер бойынша дүние жүзіндегі мүсылмандық елдерінде де осы секілді ерекшеліктері бар. Ең жиі кез-десетін көзқарастар: миссионерлік көзқарас - Исламды қазақтар үгіт-насихаттың күшімен, формалды түрде қабылдады, үлттық әдет-ғүрыпқа тигізген әсері шамалы деген көзқарас.

Екінші көзқарас, Реставраторлық пікір - қазақтың өзіндік, үлттық діндеріне: шамандық, зорастризмдік, тәңірлік діннің ықпалы басым, сондықтан Ислам қазақтар үшін негізгі дін емес. Үшінші көзқарас, қазақтар ислам дінін Орта Азия және Еділ бойы халықтарының ықпалымен қабылдаған деген тағы сондай көзқарастар бар. Осылардың барлығы бүл мәселенің күрделілігін білдіреді. Әрбір көзкарастардың өзіндік дәлелі бар. Мысалы, анимистік көзқарасты алып қарастырсақ, осы күнге дейін қазақтардың арасынан мынадай сөздерді естуге болады: «Иә аруақ, иә Құдай, қолдай көр, пәле-жаладан сақта!». Бүндай пікір туралы Ш.Уәлиханов: «Қазақтар өмірдің қиын сәттерінде өздерінің ата-бабаларының есімдерін еске алады. Ал, кез келген табыс аруақтың қолдауымен болады деп есептейді» - деп жазған немесе қазақтардың пікірлесу кездерінде мынадай сөзді жиі естуге болады: «Әруақ ырза болмай, тірі байымайды» деген сөзді. Міне, осылай сан-алуан ерекшеліктерін корсете беруге болады. Осының арқасында қазақтың діни жүйесі бірінен соң бірі келетін діндер деп қарастыруға да болмайды. XI ғасырда қазақ жеріне көптеген діндер сіңіп таралған болатын. Тек нақтылы тарихи кезеңдерде, ұлттық саяси-идеологияның қалыптасу кезінде, қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуында Ислам діні басым болды да, ол «үлттық» дінге айналды. Себебі ислам діні қазақ елінің көшпелі жеріне, әдет-ғұрыптарына баска діндерге қарағанда икемді де, тәжірибелі де болды. Ислам дінін қабылдай отырып, қазақ діни өкілдері ол діннің кейбір уағыздарын өзгертіп, оларға ғасырлар бойы өздерінің санасына калыптасқан ескі діни үғымның пішінін береді. Мүнымен бірге Ислам дінінің өзі де жергі-лікті діндердің ықпалымен өзгере бастайды. Сонымен, Ислам «ұлттық» дінге айналады. Қазіргі қазақ ұлттық минталитеті бойынша қазақтардың басым көпшілігі «қазақ» деген ұғымды «мүсылман» деген үғыммен бір-дей қабылдайды.

Жоғарыда көрсеткендей, Қазақстанға Ислам діні караханидтер (ХІ-ХІІ ғғ.) түсында да едуір таралды. Әсересе, В.В.Бартольдтың айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алған жерлердің бәрінде XIV ғасырда Ислам діні үстем дінге айналды. Сондықтан монғолдар жаулау тұсында да бүл дін қазақ даласында бірте-бірте тамыр жая бастады. Ақсақ Темір тұсында Ислам дінінің маңызы мұнан да жоғары көтерілді. Себебі, Темір заманында ірі қалаларда мешіттер салынды. Темір Ислам дінінен басқа діндерге қарсы болды. Ол Ислам дінінің идеологиясын нығайтты.

Информация о работе Дінтану