Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа
Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.
Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің компоненті бола тура, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді. Шығармашылық – бұл адамның дүниеге қатынасының ерекшеліктерінің бірі және де тек қана адам баласына тән.
Тусіну – ойлау әрекетінің нәтижесінде белгілі бір оқиғаның немесе құбылыстың мағынасы жайлы ой-тұжырымға келу. Тусіну мүмкіндігімен сан алуан құбылыстардың себеп-салдарын, елеулі белгілерін, өзара байланысын, маңызы мен мағынасын ұғынуға болады. Басқа адамның амал-әрекетінің, ой-пікірінің мазмұнын ұғынуда, кез келген ақпаратты қабылдап, оған лайық ой түю түсіну арқылы жүзеге асады.Түсінудің арқасында адам қоғамдық және мәдени ортада, өзара қарым-қатынаста, ақпараттық кеңістікте өз орнын, өзіндік ой-пікірінің лайықты мүмкіндігін айқындайды. өзгенің ой-пікірін, көңіл-күйін, мақсатын түсінбей тұрып, өзіндік ой-пікір тұжырымдау, қарым-қатынасқа түсу мүмкін емес. Сондықтан түсінудің алғышарты өзгемен санасу, оны мұқият тыңдау. Ғылымдағы түсіну жүзеге асуы үшін арнаулы методол. ережелер, логик. қисындар, ғыл.-теор. нәтижелер пайдаланылады. Мәселені дұрыс түсіну үшін адамға тиянақты, саналы білім, ақыл-парасат, дағды қажет. Түсіну үшін мәселенің негізгі мәнін іздеу, түйінін шешетін сұрақ қоя білу, дәл тұжырымдау, жалпылау, топтастыру, т.б. шарттарды орындау керек.
Ақиқат пен адасуға келер болсақ, акиқат өзінің даму кезеңдерінде тұрақты серігі болып келе жатқан қарама-карсылығы - адасумен тығыз байланысты. Бұл ақиқатқа жетудің күрделілігі мен қиындығьш керсетеді. Адасу—өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім. Мысалы, мәңгілік козғалтқыш жасауға тырысу энергияның айналу және сақталу заңының ашылуына мұрындык болды. Эфир, жылу тегі идеялары толкындык оптиканың және электродинамиканың, сонымен қоса жылу үдерістері туралы физикалык ілімнің шығуының алғышарты болды. Кейде бүлардан да катал акикатты іздеу оған альш келмейтін, адастырып әкететін ахуалдар болады. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан аулак болу оңай емес. Адамның ақиқатка тырысуы әркашан адасусыз болмайды. Адасудан аулак болу онай емес, кейде киындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін мәні жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі. Әрине, адасу ақиқатқа жетуді қиындатады, бірақ одан күтылу мүмкін емес. Таным қозғалысының қиындығының да қажетті сөті бар .Танымдағы ақиқатқа қарсы адасуды ғана емес, жалғанды да айтуға болады. Жалған дегеніміз - алдау мақсатында нағыздығты сашлы бұрмалау. Адасудың қандайы болса да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір анықталады, "сахнадан түсіп қалады" немесе ақиқатты білімге айналады. Ол жалған ақиқатка дейін өспейді, оның жетістігіне кызмет ете алмайды. Жоғарыда айтылғандай, адасу білімнің сипаты болып табылады, ал қате божа, адамның түрлі салалардағы дұрыс емес әрекетінің салдары ретінде көрініс береді. Адамдар айғактық, логикалық, саяси, сонымен коса күнделікті өңгірде түрлі қателерге ұшырап отырады.
48. Ақпараттық қоғамның ерекшеліктерін сипаттаңыз.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Қазіргі заман талабына сай
адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына
ақпараттық – коммуникациялық
Т.Стоунвер ақпараттық қоғамның
ерекшеліктері туралы былай деп
жазады: “Байлықты адамдар жасайды.
Адамдық капитал—
Д.Беллдің пікірінше: “Келесі жүзжылдықта экономикалық және әлеуметтік өмір үшін, білім өндірісінің тәсілдері үшін, сонымен қатар адамның еңбек әрекетінің сипаты үшін телекоммуникацияларға негізделген жаңа әлеуметтік үрдістің қалыптасуы шешуші мәнге ие болады”
Сондықтан “...ақпараттық қоғам
адам болмысының мәнімен қатар құрылымын
өзгертетіндіктен мыңдаған жылдар бойы
философияның жұмбақ құбылыстары болып
келген шығармашылықтың құпиялары
мен адамзат ақыл-ойының терең
тылсымдарына ену мүмкіншіліктері
мен оны адами игеру
49. К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәнін ашып көрсетіңіз.
Маркстік философия 40-шы жылдардың ортасында қалыптасты (ХІХ ғ). Оның авторлары: материалист Карл Маркс (1818-83) және Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс Гегельді жоғары бағалай отырып, сынады. Энгельс болса, оның еңбектерін диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегель мен Фейербахты сынау нәтижесінде диалектиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-материалистік ілім ретінде жасады. ХІХ ғ Маркс пен Энгельс: «Идеяны тудыратын данышпандар, қозғаушы күш – халық», – деп түсіндірді.
Тарихи материализмнің гносеологиялық мәні:
Ганс Гадамер философияны таным позициясынан – түсіну позициясына ауысуға, көшуге шақырды. Адам болмысы оның өз болмысы туралы уайым – толғауынсыз мүмкін емес. Адам өмір бойы, біріншіден, тәжірибе жинақтайды (ол тәжірибенің көп құрайды), екіншіден , әлемдік тәжірибеге өз үлесін қосады. «Әлемдік тәжірибені» өткен ұрпақтан қазіргіге және қазіргі ұрпақтан – келешекке берудің басты жолы – кітап, ондағы мәтіндер «тіл». Демек, мәтін тілін талдау, оны түсіну – ұрпақтар арасындағы жетекші бағытқа айналуға тиіс.
Герменевтика - түсіндіру, өзінше пайымдау теориясымен практикасын зерттейтін қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Осы бағыттың негізін салушы Г.Гадамердің пікірі бойынша, герменевтика — гуманитарлық ғылымдардың методологиясы, онтологиясы және философиялық ойлаудың әмбебап тәсілі. Герменевтиканың басты мәселелері — түсінуге қалай болады?» «болмыс қалай құрылған?» «түсінудің мәні неде?». Герменевтиканың зерттеу нәрсесі әдетте мәтін (текст), бұл жерде мәтін кең мағынада қарастырылады: тек әртүрлі философиялық немесе басқа шығармалардың сөзбе-сөз мәтіні ғана емес, адам тәжірибесінің барлық жиынтығы, адамның барлық тарихы.
Герменевтика (грек. Hermeneutikos
- мағына беру) - Көне грек мифологиясындағы
Гермес адамдарға құдайдың қалауын
жеткізуші, құдайға адамдар мұқтажын
жеткізуші құдай ретінде
Герменевтика терминінің әр түрлі мағынасы бар. Ол мәтіндерді ұғындыру, түсндіру өнері, аудару өнері, түсіну теориясы.
Герменевтиканың негізгі сұрағы: Түсіну қалай мүмкін?
Герменевтиканың зерттеу нысанасы (пәні) – мәтін (текст)
Герменевтиканың негізгі ұғымдары: мәтін, түсіну, диалог;
“Герменевтикалық үш бұрыш”- мәтіннің авторымен, мәтінмен, және оқырман арасындағы өзара қатынас;
“Герменевтикалық шеңбер”- таным процесінің оралымдық(цикл) сипаты.
Ертеде діни, тарихи, көркем
шығармаларды түсіну, түсіндіру
оңайға түспеген. Орта ғасырда
теолог-схолостар қасиетті
Түсіну, ұғыну екі жолмен іске асады: дивинация- шығарма авторының жанына бойлап ену, сезіну, не айтқысы келгенін аңғару:; салыстыру- мәтіннің жасырын мағынасын ашу.
Ғалымдар тарихи деректерге
герменевтика әдісін
Герменевтикаға философиялық бағыт берген неміс ойшылы Гадамер. Негізгі идеяларын “Ақиқат және әдіс” атаулы еңбегінде мазмұндайды. Философияны Гадамер мәтінді түсінудің амалы деп біледі. Философия обьективті дүниемен айналыспайды, тіпті оны білмейді.
Герменевтикалық әдіс әртүрлі
мәтіндерді, ескерткіштерді, мәдени өмірдегі
оқиғаларды түсіндірумен шектелмейді,
олардың мағынасын ашуға
Тілдің көмегімен заттарды атаймыз, онсыз зат жоқ . Осыдан, философияның лингвистикалық табиғаты диалог (сұхбат) арқылы ашылады.
Сұхбат адамдардың бір
бірімен пікір алысуымен
Зертеуші, интерпретатор тарихи және әдеби мәтіндерге сұрақ қоя білуі керек, сонда ғана өткен мен бүгінгінің арасындағы сұхбат «сұрақ-жауап» формасында іске асады.
Герменевтер сұхбатты әлеуметтік қатынастың тәжірибесі ретінде бағалайды.
51. Қоғамдық сананың түрлері. моральдік, этикалық, саяси, құқықтық және діни сананың мәнін ашып көрсетіңіз.