Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5

1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5

1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10

1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35

2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35

2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44

2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63

3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63

3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67

3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79

ҚОРТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

АЛПАМЫС 2014 ДР.doc

— 1.23 Мб (Скачать файл)

Базалық пайыз тәуекелі – банктің қаражатты бір пайыз мөлшерлемесімен тарта отырып, оны басқа пайыз мөлшерлемесімен орналастыру нәтижесінде туындайтын тәуекел. [26, 33б.]

Базалық пайыз тәуекелінің банктің таза пайдасына ықпал етуіне мыал келтірейік. Айталық банк 100 млн теңгені үш айға ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне 5% қосып қарызға берсін. Ол уақыттағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 13%-ды құраған делік. Банк қарызға берген 100 млн теңгені үш ай мерзімге 15%-бен депозитке тартқан. Нарықта пайыз мөлшерлемесінеде ешқандай өзгеріс болмаған жағдайдағы банктің пайыздық маржасын есептейік.

Пайыздық маржа = пайыздық табыстар – пайыздық шығыстар

Пайыздық маржа = (100 млн теңге х 0,18 х 90 : 365) – (100 млн теңге х 0,15 х 90 : 365) = 4438,4 мың теңге - 3698,6 мың теңге = 739,8 мың теңге.

Бірақ екінші күні қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 10%-ға дейін төмендесін делік. Мұндай жағдайда банктің жоспарлаған пайыздық маржасы нөлге дейін төмендейді. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі енді өзгермейді деп ойлап, пайыздық маржаны есептейік. Пайыздық маржа = (100 млн теңге х 0,15 х 90 : 365) – (100 млн теңге х 0,15 х 90 : 365) = 3698,6 мың теңге - 3698,6 мың теңге = 0 мың теңге.

Банк қосымша табыс алар еді, егер орналастырған қаражаты бойынша пайыз мөлшерлеремесі бастапқы деңгейінен жоғары өссе. Басқа айтқанда банктің таза табысы нарықтағы пайыз мөлшерлемесінің ауытқуы салдарынан өзгеріске ұшырайды. Базалық тәуекел тұсында мұндай ауытқулар пайыз мөлшерлемесін анықтау шартына тәуелді болып келеді. Базалық тәуекелдің пайда болуы банктің тартытын қаражаттардың нақты құнын ескермеуінен, әсіресе Орталық банктегі міндетті резерв нормасының қорын құру шығындарына көңіл бөлмеуіне байланысты.[26, 32б.]

Жоғарыдағы мысалда бұл шығындар ескерілмеген. Айталық міндетті резерв нормасының қорына аударымдар мөлшерлемесі 10% болғандағы банктің тартқан ресурстарының нақты құнынын есптейік.

 Ресурстарының нақты құны = 0,15: (100-10)-100 =16,6%.

Сонымен пайыз мөлшерлемесінің өзгерісінен кейінге банктің пайыздық маржасы = (100 млн теңге х 0,15 х 90 : 365) – (100 млн теңге х 0,166 х 90 : 365) = 3698,6 мың теңге - 4093,2 мың теңге = - 394,6 мың теңге.

Ресустардың нақты құнын ескерсек, онда банк ресурстарды орналастырудан 394,6 мың теңге мөлшерінде зиян шегеді.

Базалық тәуекел, сондай-ақ валюта бағамының өзгісіне де байланысты туындайды. Айталық банк ұлттық валютада 120 млн теңгені 10%-бен депозитке тартқан делік. Сол уақытта VIP клиенттердің бірінен 1 млн доллармен қарыз сұраған өтініші түскен. Конвертациялау уақытында доллар мен теңгенің арасындағы бағам 1 доллар = 120 теңген құраған. Клиент банктен 1 млн долларды 6 % -бен үш ай мерзімге қарызға алады. Ұлттық ақша бірлігі мен АҚШ долларының арасындағы бағамдағы мүмкін болар өзгерісті ескермей-ақ, жоспар бойынша банктің пайыздық маржасын есептейік.

 Пайыздық маржа = (1 млн доллар х 0,06 х 90 : 365) х 120 теңге – (120 млн теңге х 0,1 х 90 : 365) = 1775,3 мың теңге - 2958,9 мың теңге = - 1183,6 мың теңге.

Бірақ та қарызды қайтару мерзімінің соңына қарай теңге мен АҚШ долларының арасындағы бағам өзгерді делік, айталық 1 доллар = 125 теңге. Онда пайыздық маржасы = (1 млн доллар х 0,06 х 90 : 365) х 125 теңге – (120 млн теңге х 0,1 х 90 : 365) = 1849,3 мың теңге - 2958,9 мың теңге = - 1109,6 мың теңге.

Банктің бұл жерде зиян шегіп отырғандығын көруге болады, бірақ зиянның мөлшері өте көп емес.

Пайыздық тәуекелдің екінші бір түрі – уақыт алшақтығының тәуекелі. Уақыт алшақтығының тәуекелі негізінен банк қаражатты бір базалық мөлшерлемеде тартып және оны сол мөлшерлемеде, бірақ уақыт алшақтығымен орналастырған жағдайда туындайды.

Мысалы, банк 100 млн теңгені қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне 5% қосып алты айға қарызға берсін. Банк ол қарызға берген 100 млн теңгені үш ай мерзімге қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен 3 % артық мөлшерлемеде депозитке тартқан. Бұл жерде банк үш ай өткеннен кейін қосымша қаражатты басқа пайыздық мөлшерлемеде тартуға тура келеді, бірақ оның мөлшерлемесі бүгін күнге белгісіз. Егер үш ай өткен соң банкаралық нарықтағы пайыз мөлшерлемесі өсетін болса, ал орналастырған қаржат бойынша пайыз мөлшерлемесі өзгеріссіз қалса, онда банктің таза пайдасының төмендеуіне байланысты мәселе туындайды.

 Банктік тәжірибеде банктің таза пайдасына пайыздық тәуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалауда мынадай тәсілдер қолданылады:

  • пайыздық маржа деңгейін және динамикасын бағалау;
  • Spread коэфиициентінің деңгейін және динамикасын бағалау;
  • GAP талдауы;
  • Дюрация;
  • Имитациялық моделдеу.

Пайыздық маржаның деңгейін бағалау тәжірибесі туралы жоғарыда мысалдар келтірілген.

Spread – бұл банктің активтері  мен пассивтері пайыздық мөлшерлемелер  арасындағы айырма.

 

 Spread = iа - іп      (7)

 

мұндағы, iа – табыс әкелетін активтер бойынша пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі;

іп - банктің міндеттемелері бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі.

Пайыз тәуекелін азайту үшін банк активтер мен пассивтер бойынша пайыз саясатын өзара байланысту қажет. Ондай келісілген саясат спрэд коэффиицентін К Spread (таза спрэд) анықтауға мүмкіндік береді:


 Займдар үшін Депозиттер үшін

 алынған пайыздар төленген пайыздар

К Spread = -------------- - -------------- х 100% (8)

 Берілген займдардың Мерзімді және талап

 орташа мөлшері етілетін депозиттерінің

 орташа мөлшері

 

Бұл көрсеткіш орналастырылған және тартылған ресурстар бойынша пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айырманы бағалауға мүмкіндік береді. Теріс айырма банктің тиімсіз пайыздық саясат жүргізуін көрсетеді. Спрэд коэффициентінің нормативтік мәні 1,25% тең болуға тиіс. Бірақ бұл нормативтің мәні инфляцияның деңгейін ескермейді.

Сонымен қатар спрэд арқылы бас банктен қарыз алған филиалдар мен бөлімшелерідің қызметінің пайдалылығын бағалауға болады.

Пайыздық тәуекелді бағалаудың келесі тәсіліне GAP талдауы жатады.

GAP – үлгісінің формуласы төмендегідей:

 

GAP = RSA – RSL      

 

мұндағы, GAP - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен пассивтерінің арасындағы айырма.

RSA - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері.

RSL - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтері.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтеріне мыналар жатады:

  • қысқа мерзімді бағалы қағаздар;
  • банкаралық несиелер;
  • өзгермелі пайыз мөлшерлермесімен берілген қарыздар;
  • пайыз мөлшерлересін қайта қарастыру көделген келісімшартқа сай берілген қарыздар.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтерге мыналар жатады:

  • өзгермелі пайыз мөлшерлермесімен тартылған депозиттер;
  • өзгермелі пайыз мөлшерлермесі белгіленген бағалы қағаздар;
  • банкаралық несиелер;
  • пайыз мөлшерлемесін қайта қарастыру көзделген келісімшартқа сай тартылған депозиттер.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтер мен пассивтерді өзара салыстырғанда оң және теріс GAP пайда болады.

Демек оң GAP тұсында пайыздық тәуекел егерде нарықта пайыз мөлшерлемесі төмендесе ғана пайда болады. Мұндай жағдайда менеджерлер тұрақты пайыз мөлшерлемесімен берілетін ұзақ мерзімді активтердің көлемін ұлғайтуға және сонымен бірге қысқа мерзімді сезімтал пассивтерді көбейтуге тиіс. Бұл шаралар активтер мен пассивтер арасындағы дисбалансты қалыпқа келтіріп, таза пайданың төмендеуін туындайтын шығынды азайтады.

Теріс GAP тұсында пайыздық тәуекел, егер нарықта пайыз мөлшерлемесі жоғарлаған кезде пайда болады. Мұндай жағдайда банк менеджерлері пайданың пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне сезімталдығын өлшеуге тиіс. Сонымен қатар мынадай шараларды қолдану қажет:

  • тұрақты пайыз мөлшерлемесімен берілетін ұзақ мерзімді активтердің көлемін қысқарту және сонымен бірге өзгермелі пайыз мөлшерлемедегі қысқа мерзімді сезімтал пассивтерді азайту;
  • активтер мен пассивтердің орташа қайтарылу мерзімдерін теңестіру;
  • ешқандай да шара қолданбау.

GAP-тік басқару стратегиясын мынадай формуламен беруге болады:

 

DN = GAP * Dі,     

 

Мұндағы, DN - % түріндегі таза табыстың күтілетін өзгерісі;

  • GAP - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен пассивтерінің арасындағы айырма;
  • Dі - Пайыз мөлшерлемесінің күтілетін өзгерісі.

Банктің пайыздық тәуекелге тәуелділігін мынадай GAP-тік көрсеткіштерді пайдалану арқылы бағалауға болады:

1) RSA / RSL

Егер осы көрсеткіш мәні RSA / RSL > 1 болса, онда GAP оң болады;

Егер осы көрсеткіш мәні RSA / RSL < 1 болса, онда GAP теріс болады;

Егер осы көрсеткіш мәні RSA / RSL = 1 болса, онда GAP нолге тең болады;

GAP/Активтер < 10% - қалыпты ұстаным;

GAP/Активтер > 10-12% - қысқа мерзімді ұстаным немес тактикалық ұстаным.

GAP/Активтер > 12-15% - ұзақ мерзімді ұстаным немес стратегиялық ұстаным.

GAP/Активтер > 15% - алыпсатарлық ұстаным.

 

 

 

 

 

График түрінде оларды төмендегідей 7-суретте көрсетуге болады.

 

                 Нөлдік GAP                                               Теріс GAP


                       

          


 

 

 


             RSA / RSL = 1                                            RSA / RSL < 1                                                

 


           Пайыздық  мөлшерлеме                         Пайыздық мөлшерлеме

 

 

                     Оң GAP


                     


          

 

 

 

                    RSA / RSL > 1

 


           Пайыздық  мөлшерлеме

                                         Сурет-12. GAP-тік көрсеткіштер

Ескерту: [14] әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған

 

2) GAP/Активтер

Қаншалықты, GAP талдауы пайыздық маржаға ықпал ететін пайыз мөлшерлемесін сандық жағынан өлшеуге мүмкіндік беретіндіктен, банктің пайыздық табысына ықпал ететін мынадай факторларды бөліп қарауға болады:

  • пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
  • тартылған және орналастырылған қаражаттардың арасындағы пайыздық мөлшерлемелерінің немесе спрэдтің өзгеруі;
  • банк балансының активі мен пассиві бойынша операциялар көлемі;
  • банк балансының активі мен пассивінің құрылымы.

GAP-тік талдаудың басты артықшылығы  оның көмегімен банктегі пайыздық  тәуекелді жылдам және оңай  бағалауға болады.[13, 229б.]

Ал оның кемшілігіне мыналар жатады:

  • тек қана нарықтағы пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтер мен пассивтері тұрғысынан пайыз мөлшерлемесінің пайыздық маржаға және банк пайдасына ықпал етуін бағалауға мүмкіндік беруі;
  • оның көмегімен банк капиталының шығынын бағалау мүмкін еместігі.

Банк капиталының пайыздық тәуекелге тәуелділігін тек қана дюрация тәсілмен бағалауға болады. Дюрация ақшалай қаражаттардың қозғалысын, соның ішінде негізгі қарыз және пайыздық төлемдердің қайтару мерзімдерін ескере отырып, банк активтері мен пассивтерінің нарықтық құндарының өзгерісіне болжам жасауға мүмкіндік береді.

Имитациялық моделдеу көмегімен пайыз мөлшерлемелерінің болашақтағы өзгерісіне болжам жасау арқылы, олардың ақша қаражаттар ағымына, сондай-ақ банктің табысы мен экономикалық құнына ықпал ету дәрежесін бағалауға болады.

Өкінішке орай, пайыздық тәуекелді бағалаудың екі тәсілі де отандық банктік тәжірибемізде қолданылмай отырғаны, бірақ алдағы уақыттарда қолданылуы маңызды тәсілдердің біріне жатады.

Пайыздық тәуекелді бағалауда аквтитер мен пассивтер мерзімдеріндегі алшақтыққа шек қою қолданылады. Шек қою активтер мен пассивтердің жекелеген топтары бойынша жүзеге асады. Мысалы пайыз мөлшерлемесі төмендеуі күтілген жағдайда, банк қысқа мерзімдік пассивтер есебінен активтік портфелін қалыптастырады, себебі пассивтердің бағасының төмендеуінен банк пайда көреді. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі күтілген жағдайда, банк ұзақ мерзімдік пассивтер есебінен активтік портфелін қалыптастырады.

Активтер мен пассивтердің арасындағы мерзіміне байланысты алшақтықты жеңілдету бағытында мынадай трансформациялау коэффициенті (Кт) қолданылады:

             Актив/ң орташа өлшемдік (сомалары бойынша) мерзімдері

Кт = ______________________________________________________  Пассив/ң орташа өлшемдік (сомалары бойынша) мерзімдері

 

Бұл көрсеткіштің ең жоғарғы мәні 1,75, ал ықшамды мәні – 1,25 болуға тиіс. Активтердің мерзімі пассивтердің мерзімінен барлық операциялар бойынша 1,5 аспауы тиіс. Егер бұл нормативттік мән орындалмаса, онда банк өз қызметінде тек қана пайыздық тәуекелге ұшырап қоймай, сондай-ақ өтімділік тәуекеліне ұшарауы мүмкін. Яғни өтімділіктің бұзылуы, өз кезегінде банкті қымбат ресурстарды тартуына мәжбүр етеді және ол ең ақырында банктің шығынға батуына себеп болады.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары