Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5

1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5

1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10

1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35

2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35

2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44

2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63

3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63

3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67

3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79

ҚОРТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

АЛПАМЫС 2014 ДР.doc

— 1.23 Мб (Скачать файл)

 

Оның алғашқы атауы "Тұран ӘлемБанкі" АҚ болып тіркелген болатын. 2009 жылы орын алған қаржы дағдарысы кезінде ел Үкіметінің шешімімен ол банктің 75,1 пайыз акциясын мемлекеттік "Самрұқ-Қазына" әл-ауқат қоры сатып алған. Соның арқасында банктің есеп-шотына банкті сақтап қалуға қажетті 251,3 миллиард теңге аударылған.

3-топ. Банктік активтердің маңызды  бөлігі – банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты көзін құрайды.

4-топқа инвестициялық портфель  жатады. Инвестициялық портфелді  қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ  мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.

Сурет-7. Жекелеген факторлардың ипотекалық кредиттердің өзгеруіне әсер етуі

Ескерту-ҚРҰБ сайтынан автормен құрастырылған

 

Сонымен бірге, банктер ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру жағдайларының ұлғайғанын атап өтеді, бұл қарыз алушылардың борыштық жүктемені төмендету ниетінің болуына және сол сияқты жекелеген банктердің осы бағытты дамытуға бағытталған кредит саясатына байланысты болуы мүмкін. Жалпы алғанда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру банктерді бәсекелестік ортада қарыздар беру кезеңінде ғана емес, сонымен қатар оларға қызмет көрсету кезеңінде де кредиттеудің неғұрлым тиімді жағдайларын ұсынуға мәжбүрлей отырып қарыз алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, жекелеген банктер банктің әріптестері болып табылатын ірі компаниялардың қызметкерлеріне жеңілдік талаптарымен ипотекалық кредиттерді белсенді түрде берді.

Ипотекалық нарықта өткен кезеңдегі сияқты 4-тоқсанда да банктердің басым бөлігі кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды (банктердің 93%) және банктердің тепе-тең саны (3%-дан) кредит саясатын шамалы жұмсартты және қатаңдатты.

Тұтынушылық кредиттеу нарығында кредитке сұраныс өсуінің бәсеңдеуі жалғасып отыр: тұтынушылық кредиттерге сұраныстың өсуін мәлімдеген банктердің үлесі 47%-дан 44%-ға дейін азайды. Сонымен қатар, қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредиттер сыйақының мөлшерлемелері жоғары болғандықтан халық үшін және сол сияқты банктер үшін неғұрлым тартымды өнім болып қалып отыр, кредиттеудің осы түрі бойынша мүдде айтарлықтай азаймауы мүмкін. Нәтижесінде, кредиттің осы түріне халық сұранысының деңгейі және банктер тарапынан ұсыныс жоғары деңгейде сақталады деп күтіледі. Сонымен бірге, банктердің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың өсуін шектеуге бағытталған реттеушілік шаралар енгізілгендіктен, банктер жеке тұлғаларды кредиттеудің өсуін қолдау мақсатында 2014 жылы кепілсіз қарыздармен қатар қосымша перспективалық бағыт ретінде автокредиттеуді, жалақы жобаларына қатысатын клиенттер үшін жеңілдікті бағдарламаларды дамытуды жоспарлап отыр.

2014 жылғы 1-тоқсанда тұтынушылық кредиттеу бойынша кредиттік тәуекелді азайту мақсатында, сондай-ақ тұтынушылық кредиттердің сапалы өсуі мақсатында банктердің 12%-ы кредит саясатын қатаңдатты, ал банктердің негізгі бөлігі (78%) кредит саясатын өзгеріссіз қалдырды және банктердің небәрі 9% оны жұмсартты (7-диаграмма). Бұл ретте тұтынушылық кредитте бойынша кредит саясатын қатаңдатуды шетелдік қатысуы бар жекелеген банктер, сондай-ақ ірі банктер бестігінің бір банкі жүргізді.

 

Кесте -5.

Қазақстан Республикасындағы банк секторының құрлымы

Банк секторының құрлымы

      2011ж

      2012ж

     2013ж

Екінші деңгейдегі банктер саны

39

38

38

100%-дық мемлекеттік жарғылық капиталдағы банктер

1

1

1

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының саны

365

378

376

Екінші деңгейдегі банктердің шетелдердегі еншілес банктері

17

14

14

ҚР резидент емес банктер саны

29

29

17

Жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдеме қорына мұше болатын банктер саны

34

35

36

Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банктер саны

10

11

11

Ескерту: ҚРҰБ сайтынан алынған


 

2013 жылғы 4-тоқсанда банктер үшін  жұмыс істемейтін кредиттер деңгейі жоғары болғандықтан кредиттік тәуекел және теңгелік өтімділік дефицитіне байланысты өтімділік тәуекелі негізгі тәуекелдер болып қалады.

2014 жылғы 1-тоқсанда банктер несие  портфелі сапасының айтарлықтай  нашарлауын күтпейді: банктердің 78% несие портфелінің сапасы өзгеріссіз қалады деп болжайды, 16%-ы несие портфелі сапасының жақсаратынын және небәрі 5%-ы несие портфелі сапасының нашарлайтынын күтеді (8-диаграмма). Бұл ретте баланстарды тазартуды ынталандыру жөніндегі реттеушілік шаралар банктердің несие портфелінің сапасын жақсартуды ынталандыруы тиіс.

 

Кесте- 6.

Банк секторының жиынтық активтерінің құрылымы

Көрсеткіштің атауы / күні

2013ж

2014ж

 

млрд. теңге

жиынты ғына %-бен

млрд. теңге

жиынт ығына %-бен

Өсімі, (%-бен)

Қолма-қол ақша, тазартылған қымбат металлдар жəне корреспонденттік шоттар

1 037,0

6,7

863,7

5,7

-16,7

Басқа банктерде орналастырылған салымдар

1 072,1

6,9

984,4

6,5

-8,2

Бағалы қағаздар

1 779,7

11,4

2 221,7

14,6

24,8

Банктік займдар жəне «кері РЕПО» операциялары

9 638,9

62,0

9 066,0

59,5

-5,9

Капиталға инвестициялар

290,6

1,9

376,1

2,5

29,4

Өзге активтер

1 739,4

11,2

1 727,5

11,3

 

Резервтерді (провизияларды) қоспағанда активтер жиынтығы

15 557,6

100,0

15 239

100,0

-2,0

Резервтер (провизиялар) Активтердің барлығы

-4 000,3 11 557,3

 

-3 201,3 12 038,1

 

4,2

Е с к е р т у – www.afn.kz




 

Банк секторы 2013 жылғы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша 38 екінші деңгейдегі банктермен ұсынылған. Екінші деңгейдегі банктердің активтері жылдың басынан бастап 15 462 749 998 трлн теңгені немесе 43,5%-ға ұлғайды, банктік займдар жəне «кері РЕПО» операциялары 572,8 млрд. теңгеге немесе 5,9%-ға азайды, резервтер (провизиялар) 799,0 млрд. теңгеге немесе 20,0%-ға төмендеді. 2012 жылғы қаңтар айында ЕДБ-ның активтері 89,1 млрд. теңгеге немесе 0,8%-ға азайды, банктік займдар жəне «кері РЕПО» операциялары 91,8 млрд. теңгеге немесе 1,0%-ға, резервтер (провизиялар) 43,8 млрд. теңгеге немесе 1,4%-ға азайды.

 

2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау

 

Пайыздық табыс – қарыз бойынша алынған есептелген теңге мен валюта түріндегі пайыз.

Пайыздық емес табыс – инвестициялық харекеттен алынған табыс (бағалы қағаздардардан алынған табыс; банктермен, кәсіпорындармен және ұйымдармен бірлескен харекеттен түскен табыс; валюталық операциялардан; айыппұл мен өсімнен жиналған табыс және т.б. табыстар).

Банктік табыстарды зерттеу тіке және көлденең талдаудан басталады. Содан кейін жалпы соммадағы табыс тобының үлесі салмағы анықталады. Сонымен қатар пайыздық табысының ырғақты өсуі коммерциялық банктердің қалыпты жұмысын дәлелдейді. Инфляциялық жағдайында несиеден алынатын пайыздық табыс көлемі азаяды, сондықтан банктер басқа табыс көздерін іздеп, солармен айналысатын болса, болашақта соншалықты тұрақты жұмыс істей алады.

Қазіргі таңда банктер көптеген төлем қызметтері мен дәстүрлі емес операция кешендерін кеңейтуде. Мұндай операция түрлерін сенімгерлік, лизинг, факторинг, клиринг және т.б. операциялар жатады.

Коммерциялық банктер сенімгерлік операциялармен айналысу арқылы бірнеше мақсатты көздейді:

  • қосымша табыс алу
  • корпорацияларға және оның ақша – қаражатын бақылау орнату
  • сенімді клиенттермен байланыс құру
  • Коммерциялық банктердің сенімгерлік операцияларын екі топқа бөлуге болады:
  • жеке тұлғаға көрсетілетін сенімгерлік қызметтер – мұрагерлік өкім, жеке меншікті басқару, қамқоршылық, мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру, делдалдық қызмет және т.б.
  • ұйымдарға көрсетілетін сенімгерлік қызметтер – активтерге өкім жүргізу, агенттік қызмет, кәсіпорынды жоюына байланысты операциялар және т.б.

Коммерциялық банктер траст бойынша көрсеткен қызметтері үшін комиссиялық сыйақыларды дифференциялық түрде алады. Агеттік және өкілдік операциялар бойынша сыйақы келісім негізінде алынса, ал қалған операция түрлерінің сыйақысы заң шығармашылығы негізінде алынады.

Комиссиялық сыйақы келесі түр арқылы алына алады:

  • басқаруға берілген мүліктің негізгі соммасы бойынша жыл сайын төленетін салым
  • берілген мүліктен түскен табыс бойынша жыл сайын төленетін салым
  • сенімгерлік басқаруға берілген мүліктің негізгі соммасы бойынша төленетін жеке салым

Отандық банктер арасында бұл операция жаңа ғана енгізіле бастады. Бірақ бағалы қағаздар нарығының дамуына байланысты сенімгерлік операцияларда кеңейе түседі.

Дәстірлі емес қызмет түрлерін төмендегідей топтастыруға болады:

  • несиелік – есептеу операциясында қосымша қызмет түрін енгізу (кепілгердік беру)
  • клиентураға кассалық қызмет көрсету
  • капитал салымдарын қаржыландыру қызметі
  • кеңес беру
  • халыққа қызмет көрсету түрі (құндылықты бағалау)
  • аудиторлық қызмет

Банктің жиынтық табысына әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатады:

  • Несиелік операциялар табыс деңнейінің жоғарлауы
  • Несиелік емес операциялар табыс деңгейінің жоғарлауы
  • «жұмыс істейтін» активтердің жалпы активтер соммасында үлес салмағының өсуі

Активтерді табыстылық бойынша топтастыру, олардың екіге бөлуге мүмкіндік береді.

Банкке табыс әкелетін активтерге қысқа және ұзақ мерзімді қарыздар; басқа банктерге несие; бағалы қағаздар; паилар; акциялар; факторинг бойынша қарыздар; кәсіпорындардың шаруашылық харекетіне қатысуға берілген қаражаттар;

Жалпы активтер соммасындағы табыс әкелетін активтердің тиімді деңгейі 85% деп есептелінеді.

Табыс әкелмейтін активтерге касса, корреспонденттік шот, резервтік шот, негізгі құралдар көлемі, иммобилизацияланған меншікті қаражаттар. Көрсетілген активтерді қысқарту банк табысының өсуіне әкеледі. Бірақта мұндай активтердің қысқаруы рентабелділікті өсіргенмен өтімділіктің қысқаруына себепші болады.

Операциялық қызмет құны еңбек сыйымдылығына тәуелді болса, ал банктік емес операция құны келісімдегі төлем бойынша өндіріп алынады.

Банктік табысын талдау кезінде жалпы соммадағы жеке табыс түрі бойынша анықталады. Мысалы, операциялық табыстың үлес салмағы (2.1.2)

Операциялық табыс / жиынтық табыс. (2.1.2)

Табыс баптарының тербелісі деңгейлес талдау көмегімен жүргізіледі. Операциялық табыстылықтың ырғақты өсуі банк харекетінің тиімді басқаруын көрсетеді. Банктік емес операциялар мен басқада қызмет түрлерінен түсетін табыс түрлерінің артуы актив операцияларының басқару деңгейінің төмен екендігін көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштің түрленуі (операциялық табыс / актив) көрсеткішін тудырды. Бұл көрсеткіш бойынша 1 теңге активке келетін операциялық табыс көлемін анықтап береді.

Банк табысын талдау кезінде (капитализацияланған активтер табысы / табыс әкелмейтін актив) көрсеткіш нәтижесінің рөлі үлкен. к Коммерциялық банк табыстылығының жалпы тараған көрсеткіштер қатарына (банктің жиынтық табысы / жұмысшылар саны) көрсеткіші жатады.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары