Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5

1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5

1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10

1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35

2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35

2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44

2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63

3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63

3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67

3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79

ҚОРТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

АЛПАМЫС 2014 ДР.doc

— 1.23 Мб (Скачать файл)

Коммерциялық банктің тұрақты табысына ұзақ мерзімді табыс көздері жатады. Тұрақты табыс көзіне көбінесе негізгі операциялардан түсетін қаражаттар жатады. Тұрақтылықтың жоқтығы бизнестің тәуекелділігін көрсетеді. Табыстылықтың тұрақтылығын анықтайтын арнайы коэффициенттер қолданылады.

Банктің құрылымын талдау әр табыс түрінің үлесі мен даму қарқынын анықтауды білдіреді. Құрылымдық талдаудың мақсаты:

  1. банк табыстылығының негізгі факторын анықтайды
  2. табыс тұрақтылығын
  3. негізгі табыстылық факторы болып табылатын мақсатты банктік қызмет нарығын одан әрі болашақта сақтап қалуға бағытталған зерттеулер

Коммерциялық банктер табыстылық деңгейін бағалау үшін қаржылық коэффициенттер қолдануы мүмкін:

K1 = пайыздық маржа/актив

K2 = пайыздық емес табыс/актив

K3 = (пайыздық емес табыс – пайыздық емес шығыс)/пайыздық маржа

Жоғарыда келтірілген коэффициенттер негізінде табыс деңгейін бағалау үшін:

  • коэффициент нәтижесінің нақты және нормативті деңгейін салыстыру арқылы банк табыстылығын рейтинг көрсеткіші бойынша ауытқу деңгейін анықтауға;
  • коэффициентің нақты көрсеткішінің ағымдық және өткен жылғы нәтижесін салыстыру арқылы банк рейтингісінің түсуі мен жоғарлауын талдауға мүмкіндік береді. Алғашқы екі коэффициентің түсуі мен соңғы коэффициентің өсуі банк рейтингісін жоғарлатады;
  • ағымдық және өткен мерзімдегі нәтижесіні салыстыру арқылы коэффициенттер өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді;

Сонымен қатар банктің табысты басқарудағы негізгі міндеті ресурстар құнының төмендеуі мен несиелік емес сипаттағы қызмет түрлерінің дамуын қамтамасыздандыратын шаралар қабылдауды жалғастыру.

Банк 2009 жыл мен 2010 жылдар арасында әлемдік стандарт бойынша пайыздық маржа (K1) талабы 3 – 4 көрсеткішін орындады. Бұл банк табыстылығын басқарудағы табыстар арасындағы пропорционалдың дұрыс құрылғанын көрсетеді. K2 көрсеткішінің түсуі несиелік сипаттағы табыс көлемінің артуынан байланысты болды. Жалпы әлемдік стандарт бойынша K2 дәрежесі 1 артық болу қажет. K3 көрсеткіші әлемдік стандарттан әлде қайда төмен екендігін көрсетті. Сонымен банк табыстылығын басқаруда несиелік емес сипаттағы операция түрлерін дамыту және ресурстар құнын азайту болып табылады.

Коммерциялық банктер шығысы – бұл банк операцияларын орындауға кеткен және қамтамасыздандыруға жұмсалған ақша – қаражат шығыны.

Көрсетілген коэффициенттерге талданып жатқан банкті мысал ретінде келтірсек:

Банк шығысы көп түрлігімен ерекшеленеді. Бұларға банк операциялардың өзіндік құнына жатқызылатын салықтар, ресурстарды тартуға жұмсалған пайыздық шығыстар: валюталық операциялар бойынша шығыстар; амортизациялық аударымдар; активтер мен арзан өнімдерінің тозуы; почта мен телеграфқа кеткен шығыстар; канцелярлық шығыстар; банктік қызметті жақсартуға жұмсалған шығыстар және т.б. шығыстар.

Шығысты талдаудағы негізгі бағыттарға мыналар жатады:

  • жалпы шығыстар деңгейін бағалау;
  • жалпы және жеке шығыстар деңгейі мен тербелісін бағалау;
  • шығыстарды құрылымдық талдау;

Бүкіл және жеке шығыстардың мөлшері тек абсолюттік көлем мен өсу қарқыны бойынша бағалауға болмайды. өйткені банк көлемінің өсуі активтердің өсуіне әкелсе, ал бұл өз кезегінде шығыстардың абсолюттік көлемінің өсуіне әкеледі. Сондықтан жеке шығыстардың өзгеруін бағалау үшін салыстырмалы көрсеткіш қолданады.

Шығыстың құрылымдық талдауы негізгі шығыстар түрлерін анықтап, олардың тербелісі мен өсу себептерін мұқият талдап шығу үшін қажет. Шығыстар пайыздық және пайыздық емес, тұрақты және тұрақсыз, ағымдық және т.б. болып бөлінеді. Мұндай топтастыру шығындардың өсуіне әсер ететін негізгі факторды анықтайды.

Шығысты талдау табыс талдауындағы жоспар бойынша жүргізіледі. Ең біріншеден баланс баптары бойынша шығыстар топтастырылады:

Жалпы шығыстар = пайыздық шығыстар + пайыздық емес шығыстар (2.1.6)

Жоғарыдағы формула бойынша әр компонентті жеке бөліп қарастыратын болсақ:

  1. пайыздық шығыстарға жазылып, төленген теңге мен валюта түріндегі пайыздар;
  2. пайыздық емес шығыстарға операциялық шығыстар (почталық және телеграфтық шығыстар; корреспонденттік қатынас пен қызмет үшін төлентен комиссиялық шығыстар; валюталық операциялар бойынша шығыстар) және пайыздық емес шығыстар (банк қызметін қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстар мен басқада шығыстар) жатады.

Банктік шығысты талдау кезінде алдымен жалпы шығыстар соммасындағы шығыстар топтарының үлес салмағы мен тербелісі анықталады.

Пайыздық шығыстар жалпы шығыстар соммасында үлкен бөлік құрайды (70% айналасында). Өйткені пайыздық шығыстардың өсуіне әсер ететін факторлар обьективті сипатты иеленеді. Бірақ банк кейбір шығыстарды өз күшімен төмендетіп, банктің пайда деңгейін өсіре алады.

Банк басшылығы үлес салмағы жоғары шығыстарды азайтуға белсенді қызмет атқару қажет. Банк харекетін қамтамасыз ететін шығыстарды қысқарту дұрыс болмағандықтан, айыппұл мен өсім шығыстарын азайтуға болады.

Банктік шығысты талдау кезінде жалпы шығыстағы әр топтың рөлі мен орны анықталады. Мысалы, операциялық шығыстар үлесі: (операциялық шығыстар / жиынтық шығыстар), басқа банктерден алынған несие ресурстар үшін төленген шығыстар үлесі: (банктерге төленген пайыз соммасы / жиынтық шығыс).

Шығыстар бабы өткен жылғы және жоспарланған көрсеткіштер бойынша салыстыру арқылы талдау жүргізіледі. Сонымен қатар басқа шығыстар үлесінің артуы банктік операцияларын басқару деңгейінің төмендігін көрсетеді.

Шығысты талдау үдірісінде маңызды көрсеткіштердің бірі 1 теңге актив операциясына келетін кез - келген шығыстардың қатынасы:

  1. қызметкерлерді қамтамасыз ету шығындары / актив
  2. банктің шаруашылық шығыстары / актив
  3. басқа шығыстар / актив

Көрсетілген қатынастар арқылы банктің актив операцияларының қаншалықты пайдалылықпен жұмыс істейтінін көрсетеді. Алынған мәлімет басқа банктердің көрсеткіштер нәтижелерімен салыстырылады. (Төленген пайыз / табыс әкелетін активтер соммасы) көрсеткіші жұмыс істейтін активтердің шығыстармен қатынасын сипаттайды.

Банк харекетінің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер банктік өнімнің өзіндік құны болып табылады. Банктік актив операцияларының өзіндік құны 1 клиентке қызмет көрсетуге етуге кеткен орташа шығыстар соммасының

Банктік шығыс соммасының төмендеуіне әсер ететін факторларға ресурс базасының құрылымы және пайыздық емес шығыстардың азаюы болып табылады.

Коммерциялық банктің пайдасы дегеніміз банк табысының шығысынан асып түсуі. Жалпы пайданың соммасы жалпы табыс соммасы мен жалпы шығыс соммасының айырмасы ретінде анықталады. Банк пайдасының соммасы төменде көрсетілген топтардан тұрады:

  1. Операциондық харекеттен түскен пайда ( П1=Д1 – Р1 )

соның ішінде алынған пайыз бен төленген пайыз айырмасы арқылы және валюталық операциялар комиссияларынан түскен пайда соммасы.

  1. Қосымша харекеттен түскен пайда ( П2 = Д2 – Р2)
  2. Басқада пайдалар (П3 = Д3 – Р3) (2.2.3), соның ішінде айыппұл, өсім және өткен жылғы пайыз бен комиссиялары.

Пайда талдауын банк операцияларының табыстылығынан бастап, пайдаға әсер ететін факторларды анықтау керек. Жалпы банкте қалатын пайда соммасы үш компоненттердің қай факторы пайдаға әсер ету күшін анықтау керек.

Банктің жылдық пайда өсімін бағалау кезінде инфляция деңгейін ескеру қажет. Керісінше жағдайда нақты табыс көлемі азайып банк капиталының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан банк пайдасының көлемін талдау кезінде инфляция қарқынын есепке алу қажет.

Нақты әр операциялар бойынша табыстылықты анықтау банк үшін үлкен маңыз алады.

 Коммерциялық банктердің деңгейі  қаржылық коэффициенттер мен  факторлық талдау негізінде бағаланады.

Пайдалылық деңгейі мен банк қызметінің рентабелділігін сипаттайтын негізгі қаржылық коэффициенттерге: активке пайданың (баланстық немесе таза), активке салық салынғанға дейінгі пайданың, меншікті немесе жарғылық капиталға пайданың қатынастары жатады.

Банк харекет нәтижесін бағалау үшін коэффициенттер тербелісі талдауданады, басқа банктердің сол актив тобы бойынша нақты және норматив деңгейі өзара салыстырылады. Осылардың ішіндегі маңыздысы нақты мен нормативті көрсекіштерді өзара салыстыру болып табылады, өйткені бұл көрсеткіш банктің пайдалылық деңгейі көрсетіліп, банк класын анықтауға мүмкіндік береді. Коэффициенттердің тұрақсыз болуы банк жұмысы жөнінде теріс көзқарас қалыптастырылады. Пайданың активтерге қатынасы мен пайданың салық салынғанға дейінгі активке қатынасы коэффициенттер арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуы банктің пайда басқаруын жөнінде теріс көзқарас туғызады.

Пайданың меншікті капиталға қатынас коэффициентінің тұрақты болуы немесе жоғарлауы банк рентабелділік деңгейінің оңды екенін көрсетеді.

Зерттеудің негізгі бағыты банктік пайданың резервтік өсуін ашатын табыс пен шығыстардың өзгеру себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл талдау абсолюттік көлемде жүргізіледі. Бірақта банк пайдасын бағалауын жанама көрсеткіш көмегінмен атқаруға болады.

Баланс шотының көрсеткіштері бойынша талдау арқылы пайда әкелмейтін, бірақ шығысты толық жабатын табыс маржасының минималды деңгейін , яғни актив пен пассив операцияларының пайыздық көрсеткіштері өзара тең жағдайын есептеп шығаруға мүмкіндік береді. Банк табысының минималды маржасы (Кmin маржа) коэффициентін есептеу төмендегі формулада көрсетілгендей:

Кmin маржа = (әкімшілік–шаруашылық шығыс – басқа шығыстар) / табыс әкелмейтін актив соммасы

Коэффициенттің төмен деңгейді көрсетуі банк табысының үлкен және бәсекелес қабілетінің жоғарғы болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар маржаның төмен болуы банктің қымбат депозиттерді тартумен және табыстылығы төмен операциялармен айналысуын білдіреді. Егер маржа деңгейі жоғары болса, банктің арзан депозиттер мөлшерінің көп болуын немесе активтердің пайдасы жоғары тәуекел операциялармен айналысуын көрсетеді. Пайыздық маржа келесі сипатта көруге болады:

ПМ = (алынған пайыз – төленген пайыз) / табыс әкелетін активтер

Пайыздық маржаның тербелісін талдау кезінде нәтиженің өсуі актив операциялары бойынша пайыздардың артуын немесе пассив операциялары бойынша пайыздың төмендеуін көрсетеді.

Пайыздық маржаның минималды деңгейін анықтау кезінде американ банктер тәжірибесінде коэффициенттер деңгеці 3% көрсететін болса, банктер әр түрлі саладағы компанияларға қызмет көрсетеді. Егер коэффициент деңгейі 6% болған жағдайда банк тұтыну несиемен айналысуын белсендіреді.

Талдаудың келесі көрсеткіші пайыздық актив операциялары бойынша алатын пайыз бен пассив бойынша төленетін пайыздар айырмасы ретінде көрсетіледі:

Пр = (пайыздық табыс / пайыз түрінде табыс әкелетін активтер) / (пайыздық шығыстар / төленетін пассив)

Бұл коэффициенттің оңды болуы банк харекеттінің нәтижесі екендігін дәлелдейді.

Банктік тәжірибесіде пайыздық емес табыстың пайыздық емес шығысты жабу деңгей көрсеткіштері үлкен маңызға ие:

Ппе = пайыздық емес табыстар / пайыздық емес шығыстар

Бұл көрсеткіш нәтижесі бойынша 50% тең не болмаса 50% артық болу керек.

Пайдалылық деңгейін көрсететін коэффициенттердің өзгеруіне әкелетін факторларды талдау экономикалық көрінестерді бағалауға мүмкіндік береді. Тәуекелді операциялардың арқасында пайдалылық коэффициенттің өсуімен қатар банк рейтингісін өсіре беруге болмайды.

Пайдалылық коэффициенттеріне әсер ететін факторлар жұп пен тақ мазмұнына байланысты. Әсіресе пайданың активтерге қатынас коэффициенттері пайда мен активтің абсолюттік көлемінің тербелісіне байланысты. Бұл коэффициенттің түсуі жалпы актив соммасының пайдамен салыстырғанда жоғарғы қарқынмен көбеюін немесе активтің тұрақты кезіндегі пайданың түсуін білдіреді..

Сонымен қатар пайда деңгейі келесі факторлардың әсерінен өзгереді:

  1. табыс пен шығыс мөлшерінің өсу қарқындарының қатынасы
  2. пайыз мөлшерлемесі мен комиссия деңгейі
  3. жалпы актив көлеміндегі табыс әкелетін актив мөлшері
  4. жеке банктік қызмет көлемі
  5. қарызгерлердің қаржылық міндеттеме бойынша өз уақыттысында өтеуі
  6. қауіпті актив көлемі
  7. ресурстар құны
  8. активтің орташа табыстылығы және т.б.

Коммерциялық банктің рентабелділігі банктік харекетінің негізгі қаржылық көрсеткіштердің бірі болып табылады. Банктің рентабелділігі пайдалылық коэффициенттерімен сипатталады.

Банктің жалпы рентабелділік деңгейі (Rжал ) банктің жалпы пайдалылығын бағалауға, сонымен бірге 1 теңгеге келетін табыс мөлшерін анықтауға мүмкін береді:

Rжал = (пайда/банк табысы)*100%

Бұл коэффициент нәтижесі актив пен несие операциялар пайдалылығын көрсететіп нақтылана түседі.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары