Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5

1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5

1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10

1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35

2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35

2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44

2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63

3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63

3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67

3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79

ҚОРТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

АЛПАМЫС 2014 ДР.doc

— 1.23 Мб (Скачать файл)

Банктердiң баланстарының құрылымы кәсiпкерлiктiң бағыты, нарықтық шарттар, клиенттердiң құрамына байланысты өзгешелене алады. Банктің құрылымдық талдауы нақтылы мерзімдегі қызметі нәтижелерiнің информациялық кезеңдері және  көрнекi  бағалауға жатады. Банк балансының активтерiнiң құрылымын бағалаудан бұрын, әрбiр элементті тәуекелге, пайдалылыққа байланысты және өтімділікке әсер етуіне қарай сипаттау керек.

«Қолма қол акша қаражатттары және Ұлттық банк есептеріндегі қаражаттар» бабы жоғары өтiмдi активтер, сондай ақ банкноталар, алтын монеталар мен құймалар, сонымен бiрге Ұлттық банктегi депозиттерді ұсынады. Банктiк тәжiрибеде депозиттердiң нақтылы пайызы резервтердегi Ұлттық банктiң қажеттiліктерiмен қамтамасыз етуi үшiн сақталуы керек. Тұрақты мөлшерлеме бойынша резервтегi талаптар банк қарыз ретiнде беретін құралдардың көлемiн  бақылау мақсаттарында қолданылады. Бірақ егер резервтiк активтерге қатысты банкке деген талаптар қалыптыдан артық болса, онда банк үшiн тиiстi шығындар өседi.

Бұл банкке резервтегi құралдардың құрылуына талап құрады және  оларды жаңа каналдарды қолдануға мәжбүрлейді және банктiк емес мекемелерге бәсекелестiк артықшылық бере алады. Ұлттық банктiң ақша-несие саясатының құралы ретінде мұндай тенденциялар резервтегi талаптардың тиiмдiлiгі мен маңыздылығын төмендетуі мүмкін.

Клиенттерге ссудалар  мен  қарыздар – бұл банк активтерінің өте маңызды компоненті. Олар ортақ айналым капиталының толықтыру, инвестициялық несие, өтелімi бар ссудалық активтердің бөлшектеп қосылуы және ипотекалық несие, дебиторлардың қаржыландыруы. Қарыздар және ссудалар экономиканың қаржыландыруы үшiн ұлттық және шетелдiк валютада банктермен берiледi.

Қайта сатуға арналған «Бағалы қағаздардарға инвестициялар және бағалы қағаздар» көрсетілген баптар пайыздар әкелетін бағалы қағаздар мен еншілес компаниялардың және қор биржасында тіркелген және тіркелмеген басқада кәсіпорындардың акционерлік капиталдарына салынған инвестицияларды қамтиды.

Бұл құралдардағы активтер әр ел бойынша өзгешеленеді.

Әлемдегі қаржы құралдарының әр түрлiлiгi, қаржы нарықтарының дамуы және  нарықтық бағыттың өсуi  өтiмдiлікті басқарудағы қысқа мерзiмдi иiлгiштiктiң  артуына әкеледi, өтiмдiлiк активтердiң үлкен көлемдерiндегi қажеттiлік өз кезегiнде төмендейдi. Егер банктер дамыған қаржы нарықтарында қызмет атқаратын болса, онда өтімді активтер жиынтық активтердің  5%-н құрайды . Әйтсе де бұл нарықтарды зерттеу қажет, өйткені өтімді активтер қиындау мерзiмде қарама қайшы болуы мүмкін.

Өтімді активтерге талаптардың негізгі мақсаты – мақсаттық алушыларға ақша құралдарының қозғалысын қамтамасыз ету.

Акционерлiк капиталға инвестициялауда активтер шоғырландырылған негізде талдануы тиіс, банк активтерінің сапасын бағалауға және банк балансының құрылымына әсер етуін түсіну үшін.

Активтердiң сапасы төрт критерийлер негiзiнде анықталады: өтiмдiлік, тәуекелдiктер, пайдалылық  және диверсификациялану.

Активтердiң өтiмдiлігi – қарыздық міндеттемелерді өтеуде активтердің тез арада ақша қаражаттарына айналуы. Өтiмдiліктiң дәрежесi олардың тағайындауына тәуелдi болады. Ақшалай формадағы банк активтері, төлем функциясының орындалуы үшiн арналған. Ссуда клиенттердiң ұзақ  және қысқа мерзiмдi қажеттiліктердi қанағаттандыра алады, соған ұқсас бағалы қағаздар және тағы да басқа инвестицияларға салуға мүмкіндік тудырады.

Банк активтерінің сапасының  негізгі сипаттамаларының бірі – активтердің  өтімділік дәрежесі.

Өтiмдiлік – банктiк менеджменттiң активтердi басқарудағы тиімділігін сипаттайтын кешендi ұғым және банкке деген сенiмдiлiкті анықтайтын маңызды компонент.

Өтімділікті – банк әдетте алынған міндеттемелермен активтерді қаржыландырудағы тиімділіктің жоғарылығына, сонымен бiрге күн сайынғы қызметтiң үнемi өзгермелі шарттарындағы сақтауға берiлген құралдардың көлемiнiң азаюы  және қарызды өтеудегі талаптардың орындалуын түсінеді.

Өтiмдiлік мақсаты өтімді активтерді адекватты деңгейін сақтай отырып қаржыландыру кезіндегі максималды табыстарының алуы,  клиенттердiң нақты және потенциалдық қажеттiліктерді қамтамасыз етуi және банк үшiн қажеттi өтiмдiлiк активтердiң бiрдей деңгейiнiң сақталуында қажеттiлік болып табылады.

ХҚЕС стандарттарына сай өтімділік ол мерзімі жеткен төлемдердің  және басқа да қаржы құралдарының орнын толтыру. Өтiмдiлік термині активтердi ақшаға еркiн аудару қабілеттілігін бiлдiредi.

Өтiмдiліктi сипаттауда екi көзқарас қолданылады. Өтiмдiлікті "қор " немесе "ағын" ретінде түсiнуге болады. Кең таралған бiрiншi болып табылады - қор қағидасы бойынша.

"Қор" ретіндегі өтiмділiк бұл, банктің баға және баланс бойынша, олардың талап етуiнiң мерзiмдерi бойынша активтермен және мiндеттемелердiң  арасындағы нақтылы байланыстардың  есептеуiне негiзделген тарихи  мәлiметтердiң негiзiнде анықталады. Банк қарқынды дамитын құрылым болғандықтан, бұл көрсеткіш маңызды,  бiрақ банктің активтері мен міндеттемелері құрылымындағы ағынды өзгерістерді есептемейді, сондықтан банктің ағымдағы өтімділік жағдайын барлық уақытта объективті көрсетпейді.

Мұндай бағаның негiзiн активтермен және банктің мiндеттеме шығарылатын ақша қаражат ағымдар құрайтындығынан, "ағым" әдiсi бойынша өтiмдiліктiң бағасы нақты шындыққа көп жақындатқан. Өтiмдiлік бағасының осы әдiсi қысқа мерзiмдi және орта мерзімді позицияларды талдауға  мүмкiндiк бередi. Оны негiзiнде жедел  басқаруда қолдануға болады, есеп берудiң сыртқы қолданушыларына қолдануға мүмкіндік жоқ.  Банктегі ақша ағымдары  туралы есептен тыс.

 Егер өтiмдiлік "ағым" әдiсi бойынша қаралса, онда банктің өтiмдiлігi  келесідей анықталады: егер оның өтiмдi активтерi және өтімді құралдарының сомасы ағымды міндеттемелерді   өтеуге жеткілікті болса, онда банк өтімді деп есептеледі.

Активтердiң өтiмдiлігiнiң деңгейi банктің сәйкес саясатын белгілеп, нақты жағдайларда банк үшін өтімділік деңгейін таңдайтын банк басшылығының квалификациясы мен бiлiктiлiгіне байланысты болады.

Банк активтерінiң өтiмдiлігiн анықтау үшiн банктiк тәжiрибеде коэффициенттердi қолданылады.

Олардың iшiнен ең негізгісі –тез өтiмдiлік коэффициентi және екi қосалқы:

  • мерзімді мiндеттемелер бойынша өтiмдiлік коэффициентi:
  • мерзімді мiндеттемелер бойынша өтiмдiліктiң негізгі коэффициентi.

Мерзімді мiндеттемелер бойынша өтiмдiліктiң коэффициентi (Кжө) банктің талап етуге дейінгі міндеттемелерді бiр-екi банктік күн ішінде  өтеу қабілетін көрсетедi. Талап етілетін міндеттемелердің бір уақытта ұсыну ықтималдылығы онша жоғары емес. Дегенмен банк өз жұмысында қандай да бір қиындыққа тап болса, клиенттердің өз шоттарынан қаражаттарын алуы көшкiн түрiндегi ерекшiлiкке айнала алады. Бұл жағдайда банктің өз клиенттерімен жедел есеп айырыса алмау қабілетсіздігі оның жұмысындағы кедергілерді көбейте түседі.

 

Кжө = Өтiмдi активтер/талап етілгенге дейінгі міндеттемелер*100

 

Егер шыққан нәтиже 100% жоғары болса, онда талап етілгенге дейінгі шоттардағы қаражаттың барлығын қайтарылса да; банк өз төлем қабілеттілігін сақтап, міндеттемелерін орындай алады.

 Бұл коэффициент клиенттерге  банктің олардың төлем тапсырмалары  бойынша тез есеп айырысу қабілеттілігін көрсетеді. Сайып келгенде,бұл жағдай банктегі есеп айырысу жағдайы  қажет болашақ клиенттер үшін қызығушылық тудырады.

Осы әдiстеме бойынша 30%-дан асатын Кжө банктің уақытылы есеп айырысуына кепілдік бере алады.  Жеткілікті деп 70%  есептеледі. Дағдарыстық мәні - 30%.

2. Мерзімді мiндеттемелер бойынша  өтiмдiлік коэффициентi, банктегі  операциялар жүргізуді тоқтатқанда  мерзімді міндеттемелердің қай  бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Мерзімді мiндеттемелер бойынша өтiмдiлік коэффициентi

(Км.м.ө) = (Өтімді активтер – Талап етілуге дейінгі міндеттемелер)/ Мерзімді міндеттемелер ·100%

Банк мiндеттемелер бойынша нақты есептеу жүзеге асатындай банктiң қолындағы өтiмдi активтер арқасында жүргiзiледi.

Егер коэффициенттiң шамасы бірден жоғары болса, онда банк клиенттерінің алдында барлық өз мерзімді мiндеттемелерiн өтеуге кепiлдiк береді.

Егер коэффициенттiң шамасы бір мен нөл  аралығында болса, онда банк   мерзімді мiндеттемелердiң бөлiгiн ғана өтеуге кепiлдiк береді.  Бұл жағдайда мәміле бойынша мерзiмнiң ұзақтығы рөл ойнайды. Мерзiмі қысқа болған сайын, мiндеттеме бойынша құралдарды кепiлмен қайтару  ықтималдылығы жоғары. Егер коэффициенттiң шамасы нөлден аз болса, бұл демек мерзімді мiндеттемелердiң өтелуi несиелердің қайтарымы бойынша және құралдардың қайтарылмау тәуекелі өседi.

Жеткілікті мәні минус 50% есептеледі.

3. Мерзімді мiндеттемелер бойынша  өтiмдiліктiң негізгі коэффициентi (Км.м.ө.н) мерзімді  міндетемелердің  капитал салымдарымен өтімді  активтер арқылы өтелуін көрсетеді. Мерзімді міндеттемелер бойынша негізгі коэффициент мерзімді мiндеттемелер бойынша өтiмдiлік коэффициентiмен салыстырғанда  банк жедел міндеттемелердің максималды қай бөлігін өтей алатынын көрсетеді.

Км.м.ө.н =(Өтімді активтер + Капитал салымдары - Талап етуге дейінгі  міндеттемелер)/Мерзімді  міндеттемелер*100%

Мүмкiн болатын мәні 50%, пруденциалдық нормативтер шеңберiнде инвестициялардың шектеулерiнiң айналымнан тыс активтерiнде кризистiк мәні - 25 %.

Тәуекелділік – активтердiң сапасының белгiсi ретінде, ақшалай формаға ауысуындағы әлеуеттік мүмкiндiктi жоғалтуын бiлдiреді. Активтердiң тәуекел дәрежесi көп факторлардан тәуелдi болады, әр түрiнің өзіндік ерекшелігі бар. Банк активтері тәуекел дәрежесі бойынша әр түрлі топтарға бөлінедi. Активтердiң әрбiр тобының белгiсi тәуекел дәрежесi және деңгейі бойынша активтердiң классификациясы мен әртүрлi елдерде бiрдей емес және әр түрлi мақсаттар үшiн арналған.

Банк өтімділігі мен  банк активтерінің тәуекелділігі әр түрлі елдердің актив жіктеліміне қарамастан ортақ қағидалы ұстанымда белгіленеді. 

Активтердiң табыстылығы олардың сапа белгісі ретінде активтердің жұмысқа қабілеттілігі мен тиімділігін айқындайды, яғни табыс табу қабілеттілігі арқылы капитал базасын нығайту және банктің табысының  бірден бір көзі болып табылады. Табыстылық  дәрежесi бойынша активтер  екi топқа бөлінедi: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін. Демек, табыс әкелетін активтердің үлесі жоғары болған сайын банктік табыс соған қарай жоғары болады және осыған байланысты банк капиталдық базаны нығайту мүмкіндігіне ие болады. Бұл банктің тәуекелдерге күштiрек қарсы тұра алатындығын бiлдiредi. Пайда табу үшін ұстамсыз талпыныс активтердi жоғалтумен және өтiмдiліктi жоғалтуға әкеліп соғады, сондықтан активтер құрылымдарын орынды реттеу  керек.

Активтердiң сапалық критерийі ретінде олардың диверсификациялануы қолданылады, ол банк ресурстарының әр түрлі орналатыру салаларына бөліну дәрежесін көрсетеді.

Активтердiң диверсификациялану  көрсеткiштері мыналар: ресурстардың салуының негiзгi бағыттары бойынша банктік активтердiң құрылымының көрсеткiштерi; объектілер және субъектілер бойынша несие салымының құрылымы; бағалы қағаздар портфелiнiң құрылымы; банкпен валюталық операцияларды жүзеге асыратын валюталардың құрылымы; осы банктің корреспонденттік депозит және несие катынастарын орнатқан банк құрылымы. Диверсификацияланған активтер көбейген сайын, банк активтердiң өтiмдiлігi өседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі заманға сай банктердің активтерін басқаруды жетілдіруге байланысты жүргізілген зерттеу мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

Қазақстан нарығындағы банктердің тез өсіп кеңеюі негізінен пайыздық табыс көзімен байланысты қызмет түрлерінен түсуде. Бұл банктердің бір табыс көзіне қарап қалуына әкелу мүмкін.  Екінші тарауда қаржылық коэффициентерді талдау кезінде көрінгендей екінші деңгейлі  банктердің табысы пайыздық  операцияларынан түсетіндігін көрсетті. Ал бұл банк тәуекелділігін арттыруына әкеледі. Сондықтан  банк активін диверсификациялау өзекті мәселеге айналуда. Бірақ қазіргі банк дамуының тенденциясына сәйкес отандық банктерде республика ішіндегі әртүрлі салаларға ене бастауы және көршілес елдердің нарығында  өзінің бөлімшелерін ашуы және шетелдік банктердің бақылау акцияларын сатып алуынан көрінеді.

Коммерциялық банктің активі басқару теориялары қаржылық менеджменттің ғылым ретінде қалыптасуымен байланыстырған дұрыс. Қаржылық менеджменттің өзі дербес ғылым ретінде таяу уақыт аралығында қалыптасқандығын ескерсек онда банктегі қаржылық менеджменттің әлі толық зерттеле қоймағандығына көз жеткізуге болады.  Қазіргі кезде банк активтерін басқару үш әдістемелік бағытқа негізделген. Біріншісі – коммерциялық банк өтімділігін сақтай алады, егер оның активтері қысқа мерзімге орналастырылып, сондай-ақ олар уақтылы қайтарылатын болса. Екіншісі – коммерциялық банк өтімді болуы мүмкін, егер ол өзінің активтерін қолма-қол ақшаларға өзге кредиторлар мен инвесторларға сата алса. Үшінші – коммерциялық банктің өтімділігін жоспарлауға болады, егер де несиені қайтару кестесін қарыз алушының болашақтағы табысы негізінде құраса.

Біздің ойымызша, коммерциялық банктің активтерін басқару  бұл банктің стратегиясына сәйкес, өтімділік пен табыстылықты қамтамасыз ететін банк балансының активтерінің құрылымдарын қалыптастыру және басқару шараларын білдіреді.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары