Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 17:28, курсовая работа
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі. Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жүйелердің дамуының пропорционалдығы мен теңдестірілуіне жету. Экономикалық жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөль атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
Кіріспе
1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
8
1.1
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қажеттігі, міндеттері және мақсаттары
8
1.2
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістер
17
1.3
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың кезеңдері мен түрлері
19
2
«СЕМЕЙ ЖОЛЫ СЕРВИС» ЖШС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
32
2.1
Кәсіпорын қызметімен танысу және оның көрсеткіштерінің техника-экономикалық негізделуі
32
2.2
Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
36
2.3
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
44
2.4
Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
53
3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
62
3.1
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері
62
3.2
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау көресткіштерінің нәтижелілігін арттыру бойынша шаралар
64
Қорытынды
71
Қолданған әдебиеттер тізімі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе |
||
1 |
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
ЖОСПАРЛАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ |
8 |
1.1 |
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қажеттігі, міндеттері және мақсаттары |
8 |
1.2 |
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістер |
17 |
1.3 |
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың кезеңдері мен түрлері |
19 |
2 |
«СЕМЕЙ ЖОЛЫ СЕРВИС» ЖШС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ |
32 |
2.1 |
Кәсіпорын қызметімен танысу және оның көрсеткіштерінің техника-экономикалық негізделуі |
32 |
2.2 |
Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау |
36 |
2.3 |
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау |
44 |
2.4 |
Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау |
53 |
3 |
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ |
62 |
3.1 |
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері |
62 |
3.2 |
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау көресткіштерінің нәтижелілігін арттыру бойынша шаралар |
64 |
Қорытынды |
71 | |
Қолданған әдебиеттер тізімі |
76 | |
Қосымшалар |
78 |
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі негізделген. Нарықтық қатынастардың құрылымын да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де Кәсіпорын қаржысы зор рөл атқарады. Кәсіпорын қаржысы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда, қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың түсініктемесін бермес бұрын, қаржының не екеніне тоқталып кеткеніміз жөн. Қаржы деп мемлекеттің функциялары мен міндеттерін орындау және ұлғаймалы өндірістің жағдайын қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты болатын экономикалык қатынастарды айтады.
Осы жұмыста қарастырылатын қаржылық жоспарлау мемлекеттік қаржыны басқару теориясының бір элементі болып табылады. Қаржыны басқару - бұл қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары) шараларының жиынтығы. Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты функционалдық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлардың нақты міндеттері қаржы саясатымен анықталады. Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында, халық шаруашылығының салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліністері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы арақатынасын (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі. Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жүйелердің дамуының пропорционалдығы мен теңдестірілуіне жету. Экономикалық жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөль атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
Жұмыстың мақсаты және міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты кәсіпорынның шаруашылық қызметінде қаржылық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу болып табылады.
Осыған байланысты келесі міндеттер шешілді:
Зерттеу объектісі қаржылық жоспарлау мәселелері, өндіріс үрдісінде оны жетілдіру.
Зерттеу әдістемесі. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде классик экономистердің еңбектері, алдыңғы қатарлы мамандардың теориялық және әдістемелік әзірлемелері алынды.
Зерттеудің жаңашылдығы. Қаржылық жоспарлау көрсеткіштерін зерттеуде экстраполляция әдісі қолданылды.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және 43 атауды қамтыған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 5 қосымша, 78 парақ компъютермен терілген мәтін қамтылған.
Бірінші тарауда кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қажеттігі, міндеттері және мақсаттары, кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері, кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың кезеңдері мен түрлері қарастырылған.
Екінші тарауда «Семей жолы сервис» ЖШС-ның мысалында кәсіпорын қызметімен танысу және оның көрсеткіштерінің техника-экономикалық негізделуі, кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау, кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау жүргізілген.
Үшінші тарауда кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері мен кәсіпорынның қаржылық жоспарлау көресткіштерінің нәтижелілігін арттыру бойынша шаралар ұсынылған.
Диплом жұмысының
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның қаржысының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Кәсіпорынның қаржылық керсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесіндс қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро-және микродеңгейлерде қаржы рссурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері
қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орыңдауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымеы (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер Инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
э) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға
бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш белгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі үштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Кәсіпорынның қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының керсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Кәсіпорынның қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың кездерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.