Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 21:49, реферат
Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т. б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т. б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы - бұл мемлекеттіх өзіне міндетті қызмегін атқаруы үшін қажетті (халық шаруашылыгын басқару, қорғаныс, заңдылықты және хұқтық төртіпті қорғау жәнс т. б.), ақша қорларының жүйесі.
- Экономиканың алғашқы
буындарының қаржылары - бұл кәсіпорынның
өндіріс пен ұдайы өндіріс
процссін қамтамасыз ететін, оның
шаруашылық шеңберінен
Халықтың қаржысы - бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша қорлары. Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл-аухатын жоғарылату мақсатына жұмсайды. Соңғы екі күйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар жиналады. Бұрын кері байланысы бар: мемлекеттік қаржыда шоғырланған қорлар көлемді инвсстиция, субсидия және дотадия түрінде халық царуашылыгына қайта оралып келеді. Сондықтан барлық қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы шешуші роль атқарады.
Қаржы нарығы бағалы кағаздар, қарыз, валюта және капитал нарықтарынан құралады, Оны жасаудағы басты мақсат уақытша бос ақша қаражаттарын мемлекеттің, кәсіпорындардың және ационерлік қоғамдардың мұқтаждарына жұмылдырып жұмсаулына табылады. Әкімшілік - әміршілік басқару жүйесі жағдайы қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, мнистрліктердің қаржы жоспарлары, банктердің несие жоспары және т. б. атқарған болатын.
Экономикалық реформа, кәсіпорындардың дербестігін арттыруы және шаруашылықты жүргізудің жаңа нысандарына өту жагдак да қаржы ресурстарының әдеттегі әдістерін қолдану шектеле бастады. Сонымен қатар, қаржы ресурстарын министрліктер арқылы салааралық бөлу біршама қысқарды. Бұның өзі кәсіпорындар; қосымша қаржы ресурстарын өз бетінше тұтыну жөне оларды арқылы қаржы нарығын құруға қолайлы жағдай жасады.Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принцп ақпаратты ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар сал Сондықтан қаржы нарығын құру үшің бағалы қағаздарды эмицялау, қаржы инфрақұрылымын құру жөне ақпаратпен қамтам; етуге байланысты жүйелі мөселелерді зерттеу қажеттілігі болды. Өтпелі кезенде қаржы нарығгының дамуы қаржы н жүйесін қайта құру проблемасын туғызады.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, нарықтық экономикаға тән қаржы қатынастарының екі типі - бюджет және нарықтық бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мелкеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер, сондай-ақ бюджеттік емес орталық қаржы қорлары кәсіпкерлік табыс ; азаматтардың табысының бір бөлігін алу жолымен құрылады оны мемлекеттің мақсатына сәйкес қайтарылымсыз бю, қаражатымен бөлу арқылы пайдаланылады.
Ақша ресурсгарын бюджетгік паидалану нарықтық пайдал мен толықтырылуы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде көрінеді және оны пайдаланудың бағасы заңына сәйкес, сұраным мен ұсыным негізінде орнығды. Каржы нарығы жағдайында – кәсіпорындар, ұйымдар және адамдар қорлары арқылы жасалған табыстарын, ал халық шаруашылығының қосымша қаржы көздерін тұрақты алуға талпынады. Бұндай нарық капиталынсыз кәсіпорындардың шын мәніндегі өзі қаржыландыруы мүмкін емес.
Каржы нарығы жоқ жағдайда ақша ресурстарын бюджеттік кәсіппен пайдалану басым болады. Ондай әдіс біздін осы уақытқа дейін жүргізген шаруашылық механизміне тән болды. Ақша ресурстары мемлекеттің қолында шоғырланды және мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі қайта бөлінді. Несие жйесінде тек мсмлекеттік банкілер жұмыс істеді, ал олардың кызметтерінде кәсіпкерлік белсенділік болмады. Бюджет қаражаттары жоне несие ресурстары, оларды пайдаланудың тиімділігі ескерілмей тек жоспар бойынша ғана бөлінді. Осындай саясаттың нәтижесінде шығынмен жұмыс жасайтын рентабельділігі (табыстылық) төмен кәсіпорындар қаржыландырылды, жалпы ұқыпсыздық жасырылды, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің тапшылығы күшейді. 1965 жылы басталған шаруашылық рсформалардың нәтижесінде косіпорындардың қаржы ресурстары сдоуір өсті, бірақ оларды пайдалану қатаң бақылауда болды. Қаражаттарды кәсіпорындар, кәсіпорымдар мен адамдар, кәсіпорындар мен банкілер арасында қайта бөлуге тиым салынды. Кәсіпорындардың қаржылары олардың банкідегі есеп шоттарында процентсіз сақталды.
Бізге қаржы нарығын қалыптастыруда батыл қадамдар жасау міндеттері, яғни бағалықағаздар нарығын құру, несие жүйелерін коммерциялық және кәсіпкерлік негізге көшіру, сондай-ақ қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту қажеттігі тұр.
Нарықтық экономика — адамзат экономикасының жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың тиімді түрі екендігі дүние жүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық. Ал Қазақстан Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту — ашық нарыққа өту ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік экономикалық саясаттағы субъективизмнен (әділетсіздіктен) бас тарту.
Бүгінде отандық бағалы қағаздар нарығын дамытудың жағдайы мен болашағы, оның тиімділігін арттыру маңызды проблемалардың біріне айналып отыр.
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің қүлдырауынан пайда болған сыртқы және ішкі факторлардың бағалы қағаздар нарығына тигізген жайсыз әсерін төмендету жөнінде белгілі бір дәрежеде жұмыс жүргізіп келеді.
Қазіргі кезең бағалы қағаздарға деген сұраныстың төмендеуімен және оның кірісінің артуымен сипатталады. 1999 жылғы сәуір айында валюта бағамы тәртібінің өзгертілуі мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың теңгенің алдындағы бағамына қатысты сақтық білдіруі айналымдағы мемлекеттік қағаздар ауқымының азайып кетуіне әкеп соқты.Өйткені Қаржы министрлігі екінші тоқсанда теңгемен бағаланған қысқа мерзімді қағаздар шығаруды тоқтатты.
Нарықты дамыту мақсатында инвесторларға валютамен бағаланған қысқа мерзімді Маңғыстау облысы әкімшілігінің облигацияларын шығару жүзеге асырылды.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары пайда болған уақыттан бергі қызметіне қарағанда, олар мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы басқа инвесторларды — екінші деңгейдегі банктерді бірте-бірте ығыстырып тастап, негізгі инвесторға айналды. Бірақ кейінгі екі жылдағы көрініс басқаша сипат ала бастаған сыңайлы. Егер 2008 жылдың аяғында мемлекеттік бағалы қағаздардың үлес салмағы 95.3%, корпорациялық бағалы қағаздар үлесі 4.7% болса, ал 2010 жылдың соңында мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 75.1 %-ға төмендеп, ал корпорациялық бағалы қағаздар 24.9%-ға көтерілді.
Қазақстандағы капиталды нақты секторға еркін бағыттай алатын қор нарығының қалыптаспағандығына айрықша қөңіл бөлу керек. 1998 жылы қор нарығында құрылымдық инвесторлардың - жинақтаушы зейнет-ақы қорларының пайда болуына байланысты бұрынғыдан да дами бастады. Өйткені қор нарығының барлық салаларының ішінде әсіресе жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық бағалы қағаздар нарығына қатысқаны мейлінше маңыздырақ.
Өкінішке орай, еліміздеіі көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қор нарығына белсенді араласуға және оның мүмкіндіктерін пайдаланып, қосымша қаржы көздерін тартуға дайын емес болып шықты. Тәрулік мәселелерін шешуге мемлекеттің өз активтерін басқарудагы икемсіздігі де елеулі кедергі келтіруде. Осы уақытқа дейін үкімет ұлттық компаниялардың мемлекеттік емес облига-циялардың эмитенттері (шығарушылары) ретіндегі қуатын да пайдаланған емес. Сондай-ақ мемлекеттік емес бағалы қағаздардың тартымдылығын арттыру мәселелері де шешілген жоқ. Көптеген эмитенттер шығарылған бағалы қағаздар бойынша кірісті уақытылы есептеу мен ақша аударуда тәртіпсіздікке үрынады, корпорациялық басқарудың тиісті нормаларын өз деңгейінде сақтамай-ды. Мұның өзі ұсақ акционерлердың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, өзінің іс-әрекеттері жөніндегі ақпарларды ішкі және сыртқы инвесторлардың сұранысына сай тиісті деңгейде ашық көрсете алмауына әкеліп соқтыруда.
Корпорациялық бағалы қағаздармен операция кезінде тәуекелдің салмағын бөліп көтеру жүйесінің жоқтығы, акционерлік қоғамдардың іс-әрекетінде трансферттік сипаттың болмауы, акционерлік қоғамдарга қаржыны өте аз мөлшерде ғана емес, аса сақтықпен де салуға мәжбүр етеді. Мемлекеттік емес облигациялар мен кейбір акциялардың "тез" пайда болулары, "құрылымдық" инвесторлардың едәуір жоғары деңгейде қосылуы, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылар және эмитенттердің өздері болғандығы себебінен туындап отыр. Осының бәрі ақыр аяғында мынандай жағдайға әкеледі: құрылымдық инвесторларда ақша болган кезде, нақты секторда осы ақшаға сұраныс бар кезде және әжептәуір қайтарымды сала бар болғанда, бірақ бағалы қағаздар-дың корпорациялық нарығы дамымаған кезде, тәуекелдік деңгейі өте жоғары болғанда бүл ақшаны тартуға мүмкіндік бермейді. Міне, осындай қолайсыз жағдайдың салдарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары ақшасын отандық кәсіпорындарға емес, ірі шетелдік эмитенттердің акцияларына салғанды жөн көреді.
Біздің акционерлік компаниялардың акцияларын тартымды ету үшін (қазіргі кезде олардың саны 9 мыңның шамасында) оларды қор нарығына қоюы қажет. Сонымен қатар тәуекел жүгін бөлісу жүйесін жасау қажет, оның үстіне инвесторлардың мүддесін қорғауға баса көңіл бөлу керек. Бұл нарықты бәсекеге түсе алатындай, жеке тұлғаларды да өз кірістерін корпорациялық бағалы қағаздарга салуға ынталандыратындай етуге ұмтылу қажет. Бүгінде қор нарығын жандандыруға әсер ете алатын ең маңызды міндеттер, міне осылар.
Қор нарығы — нарықтық экономикаға бет бұрған өркениетті мемлекеттің айқын сипаттарының бірі. Өйткені ол ең әуелі меншік қозғалыстарын (халықта меншікті қайта бөлісу деп айтып жүргендей) өркениетті түрде акцияларды сатып алу жолымен жүзеге асырады. Соның нәтижесінде кез келген инвестор іс-қимылы айқын әрі кез келген компанияның әрекетімен таныса алады.Сөйтіп инвестор қыры-сыры беймәлім, "айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отауды" сатып алмайды, ақшаны қайда салатынын, ең бастысы, кәсіпорын қуатының қай шамада екенін, менеджменті қалай қалыптасқанын, бір-бірін алдын ала білетін болады. Және кәсіпорынның өзі де меншік иесінен жан-жақты хабардар болмақ.
Екіншіден, қор нарығы субъективті факторлардан толықтай тәуелсіз болып, экономиканың нақты барометріне айналады, сөйтіп, алдын ала экономикадағы ахуалды талдау үшін де және ең маңыздысы, оң болжам жасау үшін де қызмет атқарады.
Үшіншіден, дамыған қор нарығы трансферттік менеджментті талап етеді. Яғни, бір меншік иелігін басқаратын компания сол жеке тұлғаның атынан немесе меншік иесінің тапсыруы бойынша сөйлей алады және егерде ол компания жасалған шарт бойынша талаптарды орындамайтын болса, меншік иесі бір жақты тәртіппен келісімді бүзады. Мұндай алғышарттар қалыптаспаған жағдайда өркениетті корпорациялық басқаруды талап ету қиын.
Осы секілді жөнсіздіктер салдарынан акциялар пакеті басқаруға берілетін компаниялар өздерін меншік иесі секілді ұстайды да, ал меншік иесі, тіпті, өз акцияларының қозғалысын қадағалау мен оларды басқару былай тұрсын, істің жай-күйіне көз жеткізе алмай дал болады. Экономикада дәл қазір осындай келеңсіздіктермен бетпе-бет келіп отырмыз.
Төртіншіден, қор биржасы ғана халықтың ақшасын нақты секторға тарта алады, сөйтіп азаматтардың бұл ақшасы еліміздің игілігіне жұмыс істейді және сонымен қатар азаматтарының өз кірістерін капиталға айналдыруына мүмкіндік береді. Ең бастысы, өз акцияларының тағдыры не болып жатқанын әр кезде де көріп, біліп отыруға мүмкіндік алады.
Каржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын аныктап беретін өзіндік аймақты қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. "Қаржы нарығы" ұғымы калыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сактандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөл атқарат. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.
Қаржы нарығы — бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизмінің жүйесі.Тәжірибеде ол акша қаражаттары ағымын меншік иелерінен карыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын каржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
реттеушілік — оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
ақпараттық — каржы
нарығына қатысушылардың
бөлу — қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының құйылымын экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ете отырып, каржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;