Корпоратиыные финансы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 18:53, курс лекций

Краткое описание

Корпорациялар қаржысы мемлекеттің біртұтас қаржы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ақша қатынастарының маңызды саласы және қаржының негізгі бөлігі. Ол материалдық өндіріс саласын қамтамасыз етеді. Мұнда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Сондықтан корпорация қаржысы өзінің мәні жағынан қаржы жүйесінің айрықша бөлігі. Корпоративтік қаржы өндіріспен тікелей байланысты және экономиканың даму заңдылығын бейнелейді, олар экономикалық негіздің құрамына кіретін категория болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Лекция4.doc

— 186.50 Кб (Скачать файл)

4- тақырып    Корпорацияның  айналым капиталы

4.1. Айналым  капиталының мәні мен сыныптамасы

4.2. Айналым  капиталын ұйымдастыру қағидалары

4.3.Айналым  капиталын экономикалық  тиімді  пайдалану

4.1 Айналым капиталының   мәні  мен  сыныптамасы

Кез келген шаруашылық жүргізуші субъектіге оның қалыпты жұмыс істеп, өнім өндіру және оны өткізу үшін негізгі қорлармен бірге өндірістік айналым капиталдары да қажет. Олар өндіріс сферасына қызмет етеді және өзінің бастапқы  нысанын бір өндірістік циклда өзгерте отырып, өзінің құнын дайын өнімнің құнына көшіреді.

Сатып алу – Тауар (ресурстар) -- ....Өндіру... --  Тауар1 – Сату 1

А – Т -- ....Ө... --  Т1 – А 1

1 сурет- Айналым капиталының ауыспалы  айналымының сатылары

Айналым капиталының ауыспалы айналымының  сатылары сызбада көрсетілген (1 сурет). Өндіріс үдерісінде тұтынылған айналым қорлары өндіріс сферасына тауар нысанында (қоймадағы және жөнелтілген дайын өнім түрінде) енеді, онан кейін ол дайын өнімнің өткізілуіне қарай ақша нысанына  (есеп-қисаптағы ақшалай қаражаттар, шаруашылық жүргізуші субъектінің  кассасындағы және банктегі оның шоттарындағы ақшалай қаражаттар) ауысады.

Капиталдың  шеңберлік айналымы үш  кезеңнен тұрады: жабдықтау, өндіріс, өткізу.

Айналым капиталдары түрлі сфераларға өндіріс  пен айналысқа қатыстылығымен ерекшеленетін айналым өндірістік капиталдары мен айналыс капиталын қамтиды. Айналым қаржылары кәсіпорын мүлкінің құраушы бөліктерінің бірі. Олардың жай күйі мен пайдалану тиімділігі – кәсіпорынның табысты қызметінің басты шарты.

Нарықтық  қатынастардың дамуын оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын анықтайды. Жоғары инфляция, төленбеген төлем және т.б. дағдарыстық құбылыстар  кәсіпорындардың айналым қаржыларына қатысты саясатын өзгертуге мәжбүр етеді. Сонымен қатар олар пайдалану тиімділігінің мәселесін шешуге де мәжбүр.

Айналым өндірістік капиталдары деп заттық мазмұны жағынан еңбек құралдары. Айналым өндірістік капиталдары  өндіріс сферасына қызмет етеді  және өндірістік цикл үдерісінде бастапқы нысанын өзгерте отырып өзінің құнын дайын өнімнің құнына көшіреді.

Айналым қаржылары кәсіпорын мүлкін  құрушы бөліктердің бірі. Олардың жай-күйі мен пайдалану тимділігі - кәсіпорынның табысты қызметінің басты шарты. Жоғарғы инфляция, төлемеушіліктер  және тағы да басқа дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым қаржыларына қатысты саясатын өзгертуге мәжбүр етеді, сонымен қатар олар толықтырудың жаңа көздерін іздеп, оларды пайдалану тиімділігінің мәселесін шешуге мәжбүр.

Өндіріс үздіксіздігінің басты шарттарының  бірі оның материалдық негізгі -өндіріс  қаржысын тұрақты жандандырып отыру. Ал ол өз кезегінде, шеңберлік айналым ретінде өтетін өндіріс қаржылары қозғалысының үздіксіздігін анықтайды. Айналыс капиталдары өндіріс үдерісіне тікелей қатыспаса да өндіріс пен айналыс үдерісінің бірлігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың іс-әрекеттерінің сипаты мен аясы оларды дербес «айналыс капталдары» ұғымына бөліп көрсетуге алғы шарттар жасайды. Айналым өндірістік капиталдары мен айналыс капиталдары үнемі қозғалыста бола отырып қаражаттардың үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге авансыланған құн нысандарының тұрақты және заңды  ауысымы  болып отырып: ол ақша нысандарынан  тауар нысанына, сонан соң өндірістік және қайтадан тауар және ақша нысандарына айналады. Сөйтіп, қажетті  өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді және оны өткізудің шарттарын жасайтын айналым өндірістік капиталдары мен айналыс капиталдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатымен қаражаттарды авансылаудың объективті қажеттілігі пайда болады.

Айналым өндірістік капиталдары мен айналыс капиталдары қозғалысының біркелкі сипаты олардың бірыңғай ұғымы - айналым қаражаттарына біріктіруге мүмкіндік береді.

Айналым капиталы (қаражаттары) – кәсіпорын  капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі. Айналым капиталы - бұл өндірістік және өнімді өткізудің үздіксіз үдерісін қамтамасыз ету мақсатымен айналым өндірістік капиталдары мен айналыс капиталдарын жасау және пайдалануға авансыланған ақша жиынтығы.  Шаруашылық жүргізуші субъектінің айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері мыналар болып табылады: табыс, тұрақты ең аз кредиторлық қарыздар, банк және коммерциялық несие.

Кез келген бизнесті бастау үшін қолма  – қол ақшаның біраз сомасы қажет, осы сома өндіріске арналған белгіленген ресурстың мөлшеріне  айналады. Айналым капиталының элементтері шаруашылық операцияларының үздіксіз ағымының бөлігі болып табылады. Сатып алу өндірістік босалқы қорлардың және кредиторлық қарыздардың ұлғаюына әкеп соқтырады, өндіріс даяр өнімнің артуына жол ашады. Сонымен қатар сатып алу дебиторлық қарыздардың, сндай-ақ кассадағы және есеп айырсу шотындағы ақшалай қаражаттың ұлғаюына себеп болады. Осы операциялар циклі көп есе қайталанады және қорытындысында ақшалай түсім және ақшалай төлем түседі.

Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт  кезеңі өндірістік – коммерциялық циклдің ұзақтығы деп аталады. Аталмыш цикл шикізат пен материалға ақша төлеу және даяр өнім сатудан ақша түсу арасындағы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің ұзақтығына жеткізушінің кәсіпорынды несиелеу кезеңі, кәсіпорынның сатып алушыны несиелеу кезеңі, шикізат пен материал запаста болатын кезең, даяр өнім шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ықпал етеді.

Өндірістің  үздіксіздігінің басты шарттарының  бірі оның материалдық негізі - өндіріс  қаржысын тұрақты нысандандырып  отыру.

Айналым қаржыларының жалпы сомасы тауарлы  материалдық қорлар, дебиторлық қарыз  және ақша қаражаттарының қосындысына  тең болады.

 

Е = Ед + Екфи + Екдз+ Ез+ Етна+ Етдса+ Епта

(1)


 

Мұндағы, Е – айналым капиталының жалпы  сомасы

Ед –ақша қаражаты

Екфи – қысқа мерзімді қаржы инвестициясы

Екдз- қысқа мерзімді дебиторлық берешек

Ез- қорлар

Етна- ағымдағы салықтық активтер

Етдса – сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

Епта - өзге қысқа мерзімді активтер

Айналым қаражатының айналым кезеңі кәсіпорын  балансындағы ақпарат пен кіріс және шығыс жөніндегі есептегі ақпарат бойынша есептеуге болады. Бұл үшін келесі көрсеткіштер есептеледі:

1) шикізат пен материал қорының  айналымдылығы;

2) кредиторлық қарыздардың айналымдылығы;

3) даяр өнім қорларының айналымдылығы;

4) дебиторлық қарыздардың айналымдылығы;

5) ақшалай қаражаттың айналым кезеңі (5т. = 1қ -2қ +3қ +4қ).

Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады. Өндіріс үдерісіндегі айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі негізгі капиталдың рөлінен өте ерекшеленеді. Айналым қаражаты өндіріс үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Айналым капиталының элементтері өндіріс  саласынан айналым аясына үздіксіз өтіп, өндіріске қайтадан оралады. Айналым  капиталының бөлігі өндіріс саласында, ал басқа бөлігі – айналыс аясында үнемді болады. Сондықтан  кәсіпорынның айналым капиталының құрамы мен мөлшері өндірістің қажеттілігімен ғана емес, айналыс қажеттілігімен де байланысты.

Шаруашылық  қызметтің сан алуан түрлерімен айналысатын өндіріс саласы мен  айналыс саласы, тіпті бір саланың жекелеген кәсіпорны айналым капиталын әр түрлі қажет етеді. Аталмыш қажеттілік айналым қаражатының мүліктік мазмұнына және айналымның жылдамдығына, сонымен қатар өндірістің мөлшеріне, өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, сондай – ақ өнімді сату және шикізат пен материал сатып алуға және басқа да факторларға байланысты болады. Сондықтан кәсіпорынның айналым активтерін қаржыландырудағы стратегияларды зерттеудің маңызы орасан зор.

Кәсіпорынның айналымдық қаржылары екі қызметте атқарылады: өндірістік және есептік. Өндірістік қызметті атқара отырып, өндірістік қорларға аванстала отырып, айналым қаржылары, өндіріс үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді және өз құндарын өндірілген өнімге көшіреді. Өндіріс аяқталысымен айналым қаржылары ретінде қорлары ретінде айналыс саласына өтеді, онда айналым қаржыларын тауарлы нысаннан ақшалай нысанға айналдырып, шеңберлік айналымды аяқтаушы қызметін атқарады.

Кәсіпорын жұмысының  ырғақтылығы, бірқалыптылығы және жоғарғы  нәтижелілігі көбіне оның айналым қаржысымен қамтамасыз етілгендігіне байланысты. Материалдық қорлар алуға авансталған қаржылардың жетіспеушілігі өндірістің қысқарып, өндірістік бағдарламаның орындалмауына әкеп соқтыруы мүмкін. Шын қажеттіліктен асып түсетін қорларға қаржыны артық жинақтау ресурстардың екіленіп, олардың тиімсіздігіне әкеп соқтырады.

Айналым қаржысына материалдықпен қатар ақшалай ресурстар да жатанындықтан, олардың ұйымдастырылуы мен пайдалану  тиімділігіне тек материалдық өндіріс үдерісі емес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да байланысты.

Айналымдық қаржыларды ұйымдастыру олардың тиімділігін  арттырудың жалпы кешеніндегі ең негізгі боп табылады. Айналым  қаржысын ұйымдастыру мынадан тұрады:

  • айналым қаржыларының құрамы мен құрылымын анықтау;
  • кәсіпорынның айналым қаржыларды қажет етуін анықтау;
  • айналым қаржыларының құрылу көздерін анықтау;
  • айналым қаржыларын жұмсау мен ырғақтылығын қамтамасыз ету;
  • айналымдық қаржыларының сақталуы мен тиімді пайдалануына жауапкершілік.

Айналым қаржыларының құрамына айналыс қорлары мен айналым өндірістік қорларды құраушы элементтердің жиынтығы жатады, яғни олардың жеке элементтер бойынша берілуі.

Айналым қаржыларының құрамына айналымдық өндірістік қорлардың арақатынасы  жатады, яғни айналымдық қаржылардың  жалпы сомасындағы әр элементтің үлесін көрсетеді.

Экономиканың әртүрлі  салалары мен кішігірім салаларындағы  айналымдық қорлардың құрамы мен  құрылымы бірдей емес. Ол өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық факторларымен  анықталады.

Құрамы жөнінен бөлінуден  басқа айналым қаржыларын келесідей белгілер бойынша классификациялауға болады:

1. Өндіру үдерісіндегі орны мен ролі бойынша айналым қаржылары  өндіріс саласындағы болып бөлінеді. Айналым қаржыларының құрамы мен құрылымын қалыптастыру айналым қаржысын ұйымдастырудың оларды өндіріс пен айналыс салалары арасында рационалды болу тәрізді маңызды мәселені қорғауға мүмкіндік береді. Өндіріс пен айналымда айналым қаржыларының тиімді арақатынасын орнату өндірістік бағдарламаны орындауды ақшалай қаржымен қамтамасыз ету үшін маңызды сонымен бірге айналым қаржыларын пайдалану тиімділігін арттырудың басты факторларының бірі болып табылады.

2. Жоспарлау деңгейі  жөнінде айналым қаржылары мөлшерленетін  және мөлшерленбейтін болып бөлінеді, яғни қордың жоспарлық мөлшері  мен нормативтерін айналым қаржысы элементтері бойынша орнатуға оған тиелген тауарлар, ақшалай қаржы мен есептеу қаржылары кірмейді. Мөлшерленбейтін айналым қаржыларының көлемі оперативті тәртіппен анықталады.                                                                    

3. Қалыптастыру көздері жөнінен айналым қаржылары меншікті, қарыздық және қосымша тартылған болып бөлінеді.

Кәсіпорындардың айналым  қаржыларын ұйымдастыруға олардың  сақталу мен пайдалану тиімділігін  бухгалтерлік және оперативті  есеп , статистикалық мәліметтер негізінде міндетті түрде жүйелік бақылау да жатады.

 Коммерциялық есеп  қағидасымен жұмыс істейтін кәсіпорындар  қабылданатын шешімдерге жауапкершілікпен  қарап, істі тиімді жүргізу  үшін белгілі бір мүліктік  және оперативтік тәуелсіздікке  ие болуы тиіс. Бұл кезде кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуінде басты рөл атқарушы меншікті айналым қаржыларына деген кәсіпорындардың  қажеттілігн анықтау керек болады.

Кәсіпорынның меншікті айналым қаржыларын қажет етуін  анықтау нормалау үдерісі, яғни айналым қаржыларын нормативтік анықтау кезінде жүзеге асырылады. Нормалау мақсаты айналыс саласы  мен өндіріс саласына белгілі бір мерзімге дұмсалатын айналым қаржысының оңтайлы көлемін анықтау болып табылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым қаржыларын нормалаудың  отандық тәжірибесі бірқатар қағидаларға негізделеді.

Әр елдегі   меншікті және қарыздық капиталдардың пайдалануына әр түрлі қатынастар мен нормативтер  пайдаланылады. Ресейде – 50/50; АҚШ  – 60/40; Жапонияда – 30/70 қатынасы қолданылады [2. 103 б.]

 

1 кесте - Айналым қаражатының өндіріс үдерісіндегі функционалдық рөлі бойынша құрамы

              мен құрылымы

Айналым қаражаттарының

тобы

Енгізілетін қаражаттың құрамы

1. Өндірістік айналым  қорлары.

1.1.  Өндірістік босалқы  қорлар:

  • шикізат
  • негізгі материалдар
  • сатып алынған жартылай фабрикаттар
  • көтекші материалдар
  • арзан бағалы және тозғыш зат
    1. Өндірістік үдерістегі құрал -жабдық:
  • аяқталмаған өндіріс
  • меншікті өндіріс жартылай фабрикат
  • болашақ кезең шығыстары

2. Айналыс қорлары  (айналыс қаражаттарының айналымы)

    1. Сатылмаған өнім:
  • кәсіпорын қоймасындағы, алайда әлі төленбеген даяр өнім;
  • қайта сатуға арналған тауар.

2.2. Ақшалай қаражат:

 - кассадағы ақша қаражаты

-жолдағы ақша қаражаты

-ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаты

-карт-шоттардағы ақша  қаражаты

-жинақ шоттарындағы ақша қаражаты

-өзге ақша қаражаты

3. Айналым қаражаттарының  жалпы сомасы.

 өндірістік айналым  қорларына айналыс қорларын қосу  арқылы анықталады.

Информация о работе Корпоратиыные финансы