Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 14:28, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен рөл атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық жағдай туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайда бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы күшейе түсті.
КІРІСПЕ…………………………………………………..............…………..……3
1. БУХГАЛТЕРЛІК ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҚСАТТАРЫ………………………………………………………..…............5
1.1. Құжаттар сипаты және жіктелуі.....................................................................5
1.2. Құжаттар деректемелері................................................................................12
1.3. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар.............................................13
1.4. Құжаттарды тексеру және бухгалтерлік өңдеу...........................................17
1.5. Құжат айналымы және оны сақтау...............................................................19
2. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ – ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА ТҮГЕНДЕУ ЖҮРГІЗУ................................................................................................................23
2.1. Түгендеудің түрлері және жүргізілу тәртібі................................................23
2.2. Түгендеу нәтижесін анықтау және оларды реттеу......................................31
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...…............34
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………...…............37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………….....................…..41
Барлық құжаттар бухгалтерлік өңдеулерден өткеннен кейін папкаларға тігіледі және олардың сақталуы мен сақтау жағдайын қамтамасыз ететін ағымдағы мұрағатқа беріледі. Бұл құжаттар нөмірлерінің тәртібіне байланысты кезектілігімен түптеледі. Папканың сыртқы бетінде кәсіпорынның атауы, папканың атауы мен реттік саны, папкадағы беттер саны мен жылы және айы көрсетіледі. Құжаттарды мұрағатқа беру және оларды жою кезінде мұрағатта сақталатын актілер жасалады. Сақтауды тәртіпке келтіру үшін мынадай нысандағы мұрағат істерінің тіркеу журналы жүргізіледі:
Мұрағатқа істерді жазбаша
өкімнің негізінде бас
Құжаттардың сақталу мерзімі жеткеннен кейін олар мұрағатқа өткізіледі, ал белгілі бір уақыт өткеннен кейін кәсіпорында жойылуға жатады.
Құжаттардың құрылуынан
немесе басқа кәсіпорындардан
Құжат айналымының басты
мақсаты құжаттардың қозғалысын
дұрыс ұйымдастыру болып
Құжат айналымын әрбір
кәсіпорында бас бухгалтер
Құжаттардың әрбір түріне (талап, ілеспе құжат, шотфактура және т.б.) құжаттар қозғалысының кестесі нысанындағы құжат айналымының ерекше сызбасы дайындалады. Бұл кестеде құжаттар қандай инстанциялар (жұмыс орындары) арқылы және қандай кезектілікпен жүретіні және мұнда әрбір инстанцияда құжаттарды өңдеу бойынша және оның негізінде бухгалтерлік жазбалардың қандай процестері жүргізілетіні көрсетіледі.
Дұрыс ұйымдастырылған құжат айналымы екі маңызды шартты қанағаттандыруы керек.
Біріншіден, әрбір құжат үшін жіберудің қысқа жолы бекітіледі, яғни артық және қайталанбалы рейестерсіз жүретін жеке инстанциялардың ең аз саны.
Екіншіден, әрбір құжат үшін әрбір инстанцияда (құру, рәсімдеу, өңдеу, есеп жазбалары және т.б.) құжаттармен жұмыстарды орындауға қажетті уақыттың шектелген шектерінің ең аз мөлшерлі жүру мерзімі анықталады.
Құжаттармен жұмыс жүргізетін кәсіпорынның барлық қызметкерлері бекітілген құжат айналымын қатаң сақтаулары керек, құжат айналымын сақтауды тексеру үшін белгілі бір күнге жазбаға (шоттар бойынша жазбалар) бағытталған барлық құжаттар нақты өткізілгендігін (жазылғандығын) күнделікті қарауға мүмкіндік беретін құжаттарды орындауды бақылау жүзеге асырылады.
Құжат айналымының ұйымдастырылуы үлкен маңызды рөл атқарады. Ол бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізудің басты шарттарының бірі болып саналады.
Қазіргі таңда, бухгалтерлік
есепті компьютеризациялаудың
Құжаттар қозғалысын дұрыс ұйымдастырмай есеп еңбегінің ұтымды бөлінуін, есеп қызметкерлерінің жұмыс мөлшерлемелерінің бірыңғайлығын, бухгалтерлік жазбалардың уақыттылығын қамтамасыз ету мүмкін.
Кез келген кәсіпорындағы құжат айналымын бас бухгалтер дайындайды, кәсіпорын басшысы бекітеді. Онда міндетті түрде мыналарды қарастыру керек:
Барлық орындалған есеп құжаттары мұрағатта сақталады.
Құжаттардың сақталуы бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуінде ерекше рөл атқарады. Сақтаудың ұтымды жүйесі заңмен бекітілген мерзімінің ішінде құжаттардың қаз – қалпында сақталуын ғана емес, сонымен қатар олардың қандай да болмасын анықтамалар үшін кез келген сәтте пайдаланылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Мұрағатқа тапсыруға
жататын құжаттар алдын ала іздегенде
тезірек табылатын ыңғайлы
Құжаттардың істерде орналастыруы олардың сипаты мен мақсатына байланысты мынадай белгілер бойынша жүргізіледі:
Бухгалтерлік құжаттарды сақтау әдістері қолданылатын есептің нысанына да байланысты.
Мысалы үшін, есептің журналды – ордерлік нысаны кезінде құжаттар атаулары мен журнал ордерлердің нөмірлері бойынша олар жазылған папкаларда сақталады. Папкалардың ішінде құжаттар олардың журнал – ордерлерге жазылу кезектілігіне байланысты орналастырылады.
Мұрағатқа істер белгілі
бір тәртіппен алфавит бойынша,
нөмірлері бойынша және т.б. орналастырылады.
Мұрағаттағы орналастыру
техникасына қатысты екі
Көлденеңінен сақтау кезінде істер бірінің үстіне бірі көлденеңінен қойылады. Сақтаудың бұл әдісі тәжірибе жүзінде пайдалануға қолайсыз, сондықтан сирек қолданылады.
Тігінен (кітапханалық) сақтау кезінде істер тігінен, яғни бір-біріне сүйеп, бетін алдына қаратып қойылады. Бұл әдіс кеңінен қолданылады, өйткені ол істермен пайдалануда жеңілдік және қолайлылық тудырады әрі кезектен тыс бүлінуінен сақтайды. Мұрағаттар материалдардың сақталу көлемі мен сипатына байланысты орталық немесе жалпы және жергілікті (қоласты, көмекші, ағымдағы) болып бөлінеді.
Орталық мұрағатта аяқталған есепті кезеңдердің (өткен жылдардың) істері сақталады.
Жергілікті қоласты мұрағаттарда ағымдағы есепті кезеңнің (ағымдағы жылдың) аяқталған әрекеттері бойынша істер сақталады.
2. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ – ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА ТҮГЕНДЕУ ЖҮРГІЗУ
2.1. Түгендеудің түрлері және жүргізілу тәртібі
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің құрамында, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелерінде болатын барлық өзгерістерді уақытында және нақты көрсетуге арналған. Есеп мәліметтері нақты бар шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздеріне сәйкес келуі керек. Шаруашылық іс-әрекет барысында бухгалтерлік есеп мәліметтерімен тауарлы-материалдық қорлардың нақты қолда бары арасында айырмашылық туындауы мүмкін:
Осы жағдайлар кәсіпорын басшысының мерзім сайын материалды жауапты тұлғаның міндетті түрде қатысуымен құндылықтардың нақты бар болуы мен есеп айырысулардың мәліметтерін тексеру қажеттілігін тудырады. Мұндай тексеруді түгендеу деп атайды.
Түгендеу – бұл негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, ақша-қаражаты, есеп айырысуларды есеп мәліметтерімен салыстыратын бухгалтерлік есеп әдісі элементтерінің бірі болып табылады. Бухгалтерлік есеп әдісі элементіне қатысты, ол тек бухгалтерлік есептің маңыздылығын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар бухгалтерге тәжірибе жүзінде өте қажетті болғандықтан, осы сауалға неғұрлым толығырақ тоқталамын.
Түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:
Түгендеуді меншік нысанына, қызмет ету түріне және жұмыс тәртібіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жүргізеді. Ол құжаттандырудың міндетті қосымшасы болып табылады. Барлық шаруашылық құбылыстарының толық және дұрыс көрсетілуін түгендеуді құжаттандырудың көмегімен ғана қамтамасыз етуге болады.
Шаруашылық құралдарын қамту толықтығына байланысты түгендеу толық және ішінара болып бөлінеді.
Толық түгендеу, ереже бойынша, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жүргізеді, оның мақсаты – кәсіпорын балансында барлық активтер мен пассивтердің шынайы бейнеленіп көрсетілуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге толық түгендеу бақылау жүргізуші органдардың талап етуі бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Ішінара түгендеу түгенделетін объектілердің тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды, яғни шаруашылық құралдарының қандай да бір түрін ғана, мысалы, негізгі құралдар, кассадағы бар ақшалай қаражат.
Түгендеу сипатына байланысты былай бөлінеді:
Жоспарлы түгендеу жүргізудің мақсаты мен мүмкіндігіне байланысты алдын ала белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын түгендеу.
Кездейсоқ, кәсіпорын басшысының өкімімен, бақылаушы органдардың тапсырысымен, материалды - жауапты тұлғалардың ауысуы кезінде, табиғат апатынан кейін жүргізілетін түгендеу. Түгендеуді тексерілетін құндылықтарға жауап беретін жауапты тұлға болып тағайындалған арнайы комиссия жүргізеді.
Әдетте түгендеуді мынадай мерзімдерде өткізеді: