Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 13:07, реферат
Қазіргі уақытта педагогикалық тілге педагогикалық технология туралы ұғым енеді. Технология - бұл белгілі бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын әдістердің жиынтығы. Технологиялық оқыту – бұл дидактикалық жүйенің құрамдас, процестік бөлігі. Педагогикалық технология – бұл оқу әдістері ғана емес, сонымен қатар тәрбие әдістемелерінің жиынтығы, ұстаздар мен оқушылар үшін оқу процесінде толық жағдаймен қамтамасыз етілген әрбір бөлшегіне дейін ойластырылған модель.
Жазылуы бойынша оқысаң химиялық элемент, ал керісінше оқысаң өткізгіш. Бұл не? Жауабы: мыс–сым.
Берілген сөздердегі өзара басқа әріппен ауыстырып оқығанда мағынасы басқаша болатын немесе жаңа мағыналы сөз шығатын жұмбақ сөз. Мысалы:
Минералдардың ішіндегі ең қаттыларының бірін ойлан, егер соның соңғы әрпін басқа бір әріппен алмастырсаң улы тұз болады.
Жауабы: алмаз–алмас.
Егер химиялық элементтердің бір оксидінің соңғы әрпін басқа бір әріппен алмастырса, сусыз тұзға айналады – минерал.
Жауабы: ангидрид – ангидрит (SO3– CaSO4).
Бірдей аталатын, бірақ мағынасы әр түрлі болатын сөздір. Мысалы: Периодтық жүйе тұрғысынан қарасаң химиялық элемент, зат тұрғысынан қарасаң жазу құралы. Бұл қандай зат?
Жауабы: бор– химиялық элемент, бор–жазу құралы.
Периодтық жүйе тұрғысынан қарасаң химиялық элемент, зат тұрғысынан қарасаң жараңды жазатын сұйық. Бұл сонда қандай зат?
Жауабы: йод – химиялық элемент, йод – қан тоқтататын сұйықтық (йодтың спирттегі ерітіндісі).
Пиктограмма – анаграмма – бұл жазудың алғашқы түрі – суретті жазудың кейбір элементтері бойынша жасалатын жұмбақ. Латынша «pictus» – суретті, «grarho» – жазамын деген мағына береді. Демек, пиктограмма тұтас хабар, сөйлемді түсіндіреді. Мысалы, пиктограмма – анограмма «Химиялық элементтер»
Химиялық элементтер саны жүзден асады. Оның бәрін оқулыққа үңілмей өзіндік ретімен әрқайсысына жеке–жеке қасиеттерін тізіп шығу оңай емес. Сондықтан химиялық элементтің біразын еске түсіріп жаттығу үшін мынадай қызықты пиктограмма–анограмманы оқушыларға ұсынуға болады. Торкөздерге тігінен 11 химиялық элементті дқрыс орналастырып шықса, айрықша көрсетілген жолдан атақты орыс химигінің аты–жөнін оқуға болады. Химиялық элементтер қалай аталады? Ал ғалымның аты–жөні кім?
Жауабы:
Ғалымның аты: Д.И.Менделеев
Мақсаты: белгісіз элементтің қазақша аталуы, химиялық таңбасы, салыстырмалы атомдық массасын табуға, элементтің мәнін ашып, жасырынып тұрған химиялық элементті тауып жаттығуға арналған ойын.
Керекті–құралдар: белгісіз элементті табуға арналған кесте. Уақыты 3-5 минут.
Ойын шарты: ойынға сынып толық қатысады. Кестедегі бос орында «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім химиялық элементті дұрыс айтса, сол ақсүйекті табады. Химиялық элементті дұрыс таппаса кермені аттап кетеді.
Периодтар |
| |||||||
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII | |
3 |
11 |
12 Mg 24,305 магний |
13 |
14 Si 28,0855 кремний |
15 |
16 |
17 |
18 Ar 39,948 аргон |
«Ақсүйекті» (периодтық жүйедегі элементті) кім көп жинаса, сол ұтады.
2.9. Ақ серек, көк серек
Мақсаты: химия есептері мен жаттығуларын ауызша және жазбаша тез есептеуге жаттығу.
Керекті–құралдар: бірнеше түрлі есеп және жаттығулар жазылған таратпалар, кестелер. Уақыты 5минут.
Ойын шарты: Сынып екі топқа бөлініп бір– біріне қарама– қарсы 5–6 метр қашықтықта отырады.
Ойын басталғанда, бір топтың оқушысы, екінші топқа қарап «Ақ серек, көк серек, бізден сізге кім керек?» деп дауыстап айтады. Сонда екінші топтың бір студенті «Ақ серек, көк серек сізден бізге (өздері қалаған бір оқушының атын айтады)... керек». Аты аталған оқушы шақырылған жаққа барады. Қарсылас топтың басшысы, оған ішінде тапсырмасы бар карточка береді. Бұл тапсырмаларды орындаса, бір оқушыны өз тобына алып кетеді. Егер орындай алмаса, өзі сол топта қалып қояды.
Ойын осылайша жалғаса береді. Ойын соңында қай топтың оқушысы көп болса, сол топ жеңеді. Жеңген топ бағаланады.
Мақсаты: бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылау тарауы бойынша оқушылардың байқампаздығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар: бейорганикалық қосылыстардың арасындағы негізгі генетикалық байланыстар жазылған бірнеше есептер мен жаттығулар таратпасы. Уақыты 5- 7 минут.
Ойын шарты: сыныптағы оқушылар екі топқа бөлінеді. Мұғалім бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына арналған бірнеше таратпаплардағы есептер мен жаттығулардың шығарылу жолдарын оқушыларға 1 минут көрсетеді. Олар өз естерінде қалған есептер мен жаттығуларды 5- 7 минут ішінде орындап, мұғалімге тапсырады.
Қай топтың оқушылары есепті дұрыс және түгел жазып келсе, сол топтың оқушылары жеңеді.
1- ойын. Тормен су әкелу.
Ойын шарты: екі топ оқушыларына металдан немесе жіптен тоқылған тор беріледі. Суды төкпей жылдам әкелу керек. Қалай әкелуге болады?
Жауабы: қағазға Н2О формуласын жазады да, торға салып әкеліп береді.
2- ойын. Торкөзге су толтыру.
Ойын шарты: мынадай 10 дана сутек нұсқасы, 10 дана оттек нұсқасы, 10 дана басқа элементтер нұсқасы жасалады
«1 –10 дана, –10 дана,
Екі топқа, екі үстелге бөлек–бөлек нұсқалар араластырып тасталынады. Солардың ішінен сутек пен оттек элементтерін тауып, торкөзге орналастырады. Су формуласын орналастырған кезде қай топ қате орналастырса, сол топ жеңілгені.
Атасы … (су)
Тот … жейді. (темір)
Батыр майданда шынығады. (болат)
Сынбайтын ... жоқ (темір)
2.12. Ойжұмбақ
Бір минуттың ішінде сөйлемнен берілген жұмбақталған химиялық элементтердің көп санын шешу керек. Бір айтқаннан элементті айта алмаса, екінші, одан кейін үшінші сөйлемді оқимыз. Әр шешілген элементке 1 балл беріледі. Мысалы:
Жай зат, бейметалл, сары түсті.
Латынша Sulfur (күкірт).
Сары түсті жай зат, қымбат металл.
Латынша Aurum (алтын).
Бұл заттың спирттегі ерітіндісімен жарақаттарды сүртеді.
Латынша Iodum (йод).
Ақ түсті металл – жай зат.
Латынша Argentum (күміс).
Жау зат газ, онымен жануарлар тыныс алады.
Латынша Oxygenium (оттегі).
Қызғылт металл жай зат.
Латынша Cuprum (мыс).
Жай зат, сұйық металл.
Латынша Hidrargirum (сынап).
2.13. Ойтүрткі
Оқушылар берілген тапсырмаларға 20 секундта жауап береді. Дұрыс жауапқа 1 балл.
2.14. Полиглот
Біз әр тілде кітап оқи аламыз. Химиялық тілден мақал-мәтелдердегі келесі сөздерді аударыңдар.
Сонымен, сабақта белгілі бір іс-әрекеттерді ретімен орындауға және өткен материалды бірнеше рет қайталауға мүмкіндік болады.
2.15. Химиялық лото
Химиялық ойындардың ішінде химиялық лотоның алатын орны ерекше. Ол химиядан аса көп білімді керек етпейді, сондықтан оқушылардың білгені өз алдына, білмеген нәрселерін біртіндеп меңгере түсуге жаттықтыра береді. Мысалы, бұл ойынды 8-сынып оқушылары үшін, мысалы екі серияда өткізуге болады. Лотоның бірінші сериясы химиялық элементтердің таңбас мен оксидтердің формуласын меңгеруге жәрдемдеседі. Ал екінші серияда оқушылар негіздер, қышқылдар және тұздардың формуласын меңгереді.
Лотоның карточкасы қалың қағаздан немесе картоннан жасалады, карточкаларды кәдімгі лото сияқты бағаналарға бөліп нөмірлейді. Нөмірдің астына химиялық элементтердің таңбасы немесе заттың формуласы жазылады. Ал кубиктердің орнына картоннан дөңгелектер кесіледі. Дөңгелектердің бір жағына химиялық элементтердің немесе заттардың аттары жазылады., ал екінші жағына химиялық элеметтердің таңбасы немесе заттың формуласы жазылады.
Бұлай қосарлап жазу бір мезгілде заттың белгісін, атын, яғни химиялық тілді білуге мүмкіндік береді.
Химиялық лотоның картасы
8 О |
22 Ті |
40 BeO |
55 Cs |
82 ВаО | ||||
15 Р |
35 Br |
49 MgO |
64 PbO2 |
84 Ra | ||||
18 Ar |
26 Fe |
58 SiO2 |
68 MnO2 |
76 Pt |