Дидактикалық ойындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 13:07, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақытта педагогикалық тілге педагогикалық технология туралы ұғым енеді. Технология - бұл белгілі бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын әдістердің жиынтығы. Технологиялық оқыту – бұл дидактикалық жүйенің құрамдас, процестік бөлігі. Педагогикалық технология – бұл оқу әдістері ғана емес, сонымен қатар тәрбие әдістемелерінің жиынтығы, ұстаздар мен оқушылар үшін оқу процесінде толық жағдаймен қамтамасыз етілген әрбір бөлшегіне дейін ойластырылған модель.

Вложенные файлы: 1 файл

курсавая_работа 2014.docx

— 221.05 Кб (Скачать файл)

8. Лакмус, метилоранж (индикаторлар)

9. Сұйық металл (Hg–сынап)

10. Қай химиялық элементті  миллионер дейді? (С–көміртек)

11. Электролиттік диссоциация  теориясын ашқан ғалым (С.Аррениус)

12. 100 градуста су неге  айналады? (бу)

13. Натрийдың салыстырмалы  атомдық массасы? (23)

14. Біз онымен тыныс  аламыз (оттек)

15. Екі элементтен тұрып, біреуі оттек болып келетін  заттар (оксид)

                        

                                    

 

 Сұрақтар: ІІ топ 

 

1. Заттың химиялық жолмен  бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі. (атом)

2. Ең жеңіл металл. (литий)

3. Химиялық таңбаның алдына  қойылатын цифр. (коэффициент)

4. Күкірт неше валентті? (2,4,6)

5. Оң зарядты ион (катион)

6. Периодтық кесте неше  топтан тұрады? (7)

7. Атом молекулалық ілімді  ашқан ғалым.  (М.В.Ломоносов)

8. Көмір қышқылының тұзының  аты. (карбонат)

9. Алғашқы көмекке пайдаланатын  бейметалл. (иод)

11. Айдаһар бейнесіне  ұқсайтын элемент. (S)

12. Күкірт қышқылының  формуласы. (Н2SO4)

13. Сұйық металл. (сынап)

14. Реттік нөмірі 19, салыстырмалы  атомдық массасы 39-ға тең болатын  элемент. (калий)

15. t=Оо С  су неге айналады (мұз)

 

                                 2 кезең - «Біліміңді сына» 

 

Құрметті ойыншылар, «Сиқырлы ұяшықтар» атты сайысымызды бастаймыз. Ойнаушылар берілген төрт бағаннан ұяшық нөмірін таңдап алып, жасырынған сұраққа жауап береді.

 

Химиялық жұмбақтар

10

20

30

40

50

Химия және денсаулық

10

20

30

40

50

Ғалымдар тоғысында

10

20

30

40

50

Формулалар

10

20

30

40

50


 

 Ғалымдар тоғысында:

 

1. Атом-молекулалық теория  негізін салушы (М.В. Ломоносов)

2. Электролиттік диссоциациялану  теориясын ұсынған ғалым (С.Аррениус)

3. Химиялық элементтердің  периодтық жүйесін ұсынған ғалым (Д.И.Менделеев)

4. «Туған жердің қара  тасын мақтан ете алмаған адам  бөгде жердің алтын тасын да  мақтап жарытпақ емес». Бұл қай  ғалымның сөзі?  (Қ.Сатпаев)

5. «Табиғатта болатын  күллі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша кемісе, басқасына  соншама қосылады, яғни бір жерде  біраз материал азайса, басқа  жерде ол сонша көбейеді» деген  тұжырымдаманы айтқан ғалым кім? Ол заң қалай аталатын еді? ( М.В.Ломоносов. Зат массасының сақталу  заңы)

 

Химиялық жұмбақтар:

 

1.Табылса бұрын там - тұмнан

Қазір көп әрбір өлкеде,

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде. (Алюминий)

 

2.Алтын менен күмісті  кім білмейді.

 Қолда барда қуанып  кім күлмейді,

 Химиктерге жақпайтын  не сыры бар 

 Әрқашан «жаман металл»  құрғыр дейді. (Активсіз металл)

 

3.Қымбат деп айтатындай  емес алтын,

 Сонда да тапты игілік  одан халқым.

 Апарып Айға елімнің  туын тікті 

 Жемісін ақыл - ойдың  елдің салтын. (Темір)

 

4.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

 Буланбас, қайнатсаң да  отынды үйіп.

 Көрсететін суықты, жылуды  анық 

 Қандай зат: құрал жасар  соны құйып? (Сынап)

 

5. Бірінші бөлігі көп  емес, екінші бөлігі «тілсіз жау»  деген мағынада , өзі химиялық  элемент. Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Азот)

 

6. Қыздырып соқсаң иленеді

   Балға мен төстен  именеді.  (Темір)

 

Химия және денсаулық:

 

1. Адам ағзасында 4 г темір  болады. Оның 65 пайызы қайда болады? (қанның гемоглобинде)

2. Бұл затты тамақпен  уланған жағдайда таблетка түрінде  қолданады. Оны қайыңды ауасыз  жерде қыздыру арқылы алып, одан  әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? (белсенділінген  көмір)

3.Бұл заттың 0,9% - дық ертіндісі  физиологиялық ерітінді деп аталады  да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан  жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста  тағам дайындауға қолданады. Бұл  заттың химиялық атауы қандай?

4.Аммиак суда жақсы  еритін өткір иісті газ . Оны  суда әртүрлі мөлшерде ерітуге  болады. Құрамында 3-10 пайыз аммиак  бар ерітінді халық арасында  қалай аталады?( мүсәтір спирті)

5.Бұл элементке кейбір  омыртқасыздар- былқылдақденелілер  мен буынаяқтылар бай болады. XIX ғасырдың өзінде ұлулардың  көгілдір қанын зерттегенде, ғалымдар  қанның көгілдір болуы осы  элементке байланысты екенін  дәлелдеді. Ол қай элемент деп  ойлайсыздар? (мыс)

 

Химиялық формулалар:

 

1. Әктас, бор, мәрмәр, маржан  тас - формулалары?

2. Еріген заттын массалық  үлесін есептейтін формула?

3. Сілтілік металдардың  сумен әрекеттесу реакциясы?

4.Авогадро тұрақтысы?

5.Ортофосфор қышқылының  диссоциациялануының теңдеуі.

 

 

Химияның тарихынан:

1.Менделеевтің аты құрмет тақтасына ойып жазылған. Осы тақтада Менделеевпен бірге Эвклид, Архимед, Коперник, Лавуазье сияқты ұлы адамдардың аттары жазылған. Бұл тақта қай жерде орналасқан?

 А) Америкада Бриджпорт  қаласындағы университетте;

 В) Ресейде Ломоносов  ат. МГУ;

 С) Англияда Кембридж  университетінде.

2. 1943 жылы дат химигі  Ногбель сыйлығының лауреаты  Нильс Бор Гитлер армиясы жаулап  алған Копенгагенде құпия түрде  тастауға мәжбүр болды. Бірақ, Нильс  Борда екі Нобель сыйлығының  лауреатының – неміс физиктері - антифашисттердің Джеймс Франк  және Макс фон Лауэның алтын  медальдары сақталған екен. Осы  медальдарды өзімен бірге алып  кетуге тәуекел ете алмады. Бірақ, алып кету мақсатында ол бір  құпия әдіске жүгінді.

 А)медальдарды алюмин  бояуымен бояған;

 В) «патша шарабына»  еріткен;

 С) шоколадпен қаптаған.

3.  Бұл ғалым өзінің  ешқандай арнайы мамандығы болмасада, жоғары дәрежедегі қабілетінің  арқасында химия, физика, техникалық  ғылымдарды жеңіл игерген. Сонымен  қатар оған медицина, тарих, философия,әдебиет  ғылымдары да таныс болды. Ол  алты Европа елдерінің тілінде  сөйлей білген және 93 заводты  меңгерген. Өз өмірінде бұл кісі 350 ашылулардың, патентінің иегері  болған. Бұл кім?

 А) М.В.Ломоносов;

 В) Альфред Нобель;

 С) Ян Батист ван  Гельмонт  

4. Казань университетінің  профессоры Клаус 1884 жылы жаңа  элемент ашып, оған Отаны Ресейдің  атын берген. Бірақ, Менделеевтің  кестесінде бұл элемент латын  атымен орналастырылған. Бұл қай  элемент?

 А) Рутений 

 В)Родий 

 С) Рений 

 

 «Қара жәшік» 

Мына қара жәшікте жатқан затты тұнғыш рет 19 жасар Шарль Сорма ашқан. Бірақ,патенттік бағасы жоғары болғандықтан, ол өз ашылуына патент ала алмаған. Ал, 1832 жылы неміс мұғалімі Комерер бұл затты алатын әдіс ашып, патент алған. Бірақ, бұл заттың бір кемшілігі болған: өте улы және қауіпті. Пайдалануға ыңғайлы және қауіпсіз затты 1848 жылы швед химигі Бетгер алған. Бұл затпен пайдаланған кезде бірқатар химиялық өзгерістер жұреді. Құрамындағы бір заттың аллотропиялық түрі өзгереді, жану және айрылу реакциялары жүреді. Егерде бұл затты пайдаланған кезде қауіпсіздік ережесін сақтамасаңдар, бұл зат өмірге қауіпті.

Қорытындылау. Марапаттау.                          

 

3.2. «Мен - элемент» ойыны

 

Оқушыларға элементтің аты жазылған қағаз көрсетіледі. Олар формуласын жазып, мысалы, фтор берілген болса, оның тіс шайғыштың құрамында, тістің кіреукесін  сақтауға әсер ететінін  жарнамалайды. Вольфрамның жазуын көреді де формуласын жазып, оның металдардың ішіндегі балқу температурасының жоғары екендігін, сондықтан одан электр шамдарының жіңішке  сымдарын жасайтынын айтады. Ойын ары қарай күрделі заттар бойынша жалғасады.

Мұғалім «Мен - сумын» дейді. Оқушылар формуласын жазып, су туралы мақал-мәтел айтады. «Сулы жер – нулы жер», «Су бар жерде өмір бар», «Су  - дүниенің басы» және т.б.

Тұздың аты жазылған сөзге сол тұздың  формуласын, мысалы, NaCl – оның ас тұзы екенін айтып, тұз туралы  мақал – мәтелдер келтіреді. «Еңбегі еш – тұзы сор», «Қызды сөкпе – тұзды төкпе», «Нан мен тұз айтсын» және т.б.

Қышқылдар туралы айтылғанда өздері білетін қышқылдарды баяндайды. Мысалы: қымызда  қышқыл болатынын, қымыз жастық пен денсаулық кепілі, адам бойына  тіршілік күшін беретінін дене жасушаларын жаңартуға көмектесетінін, шипаның емдік қасиеті мол екенін айтады.

Ашытылған капустаның қышқылы болатынын, оның ас қорытуға, шіріткіш микроорганизмдерді құртуға көмегі көп екенін өздері айтып береді.

Оқушылардың жинаған ұпайлары балмен есептеліп, қазылар алқасы жеңген топ жетекшісін анықтады. Соңында үздік химиктер анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Қорытынды

 

Ойын еңбекпен, біліммен қатар адамның болмысының негізгі түрлерінің бірі, ойын бұл ынтамен өзін – өзі басқару қаланып, жетілетін қоғамдық тәжірибені жандандыруға және меңгеруге бағытталған жағдайлар шартындағы қарекет түрі. Оқытылатын жүйені, құбылыстар мен үрдістерді ұқсатып модельдеу бойынша белсенді оқытуда дидактикалық ойындардың болашақта оқушының  кәсіби мамандығын таңдауында да септігі мол екенін айтуға болады.

Егер химия сабағында: ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса, берілген уақытты дұрыс пайдаланса, тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе сабақта тұрақты белсенділік орнап, қызығушылық артады. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете білді, оның іс әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. Ойын арқылы бір – бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір – бірінен ептілікті сергектікті үйренеді. Оқушылардың химия пәніне қабілеттіліктері айқындалады.

Қорыта келе жалпы оқушыларды химия сабағында әртүрлі, соның ішінде дидактикалық ойындар, химиялық ойындар, танымдық ойындарды пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынта-жігерін арттырып, осы химия сабағына деген белсенділігін арттыру мақсатында көптеген жетістіктерге жетеді деп ойлаймын.

Химия сабақтарында оқушыларды пәнге қызықтыру үшін дидактикалық ойындарды қолдануда оларлы жіктеудің қажеттілігі туындайды.

Олай болса, ойын уақыт өткізу үшін емес, білімге деген құштарлықты арттыруға негізделген деуге болады. Ойын адамды көп білуге, білімге баулиды, білгенді қайталап, оны берік сақтауға мүмкіндік туғызады. Ойынға ерекше баға беру арқылы, оны өмірді түсіне білудің негізгі құралы ретінде қарап, ойын білімге меңзейді деген қорытынды туады. Демек, шығыс халқының «күнделікті толықтырылмаған білім тартылған судай құриды» деген нақыл сөзін ойда берік сақтап, ойынның маңызына мән беруіміз керек. Оқушылардың құштарлығын дамытатын ойындар өз кезеңінде анықталынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Мырзабаев А. «Сыныптан тыс химия». Алматы «Таймас баспа үйі», 2007. – 128 б.
  2. М.С.Пак, Дидактика химии. - Москва «Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС», 2004. – 315с.
  3. Под редакцией Э.Г.Злотникова, Урок окончен – занятия продолжаются. - Москва «Просвещение», 1992. - 160с.
  4. А.Х.Гусаков, А.А.Лазеренко, Учителю химии о внеклассной работе. -Москва «Просвещение», 1978. – 160 с.
  5. Оралбаева Қ. Танымдық ойындар//,Химия мектепте: ғылыми-педагогикалық журнал, №6, қараша  - желтоқсан, 2004ж, 37 – 39 бет;
  6. Бейсекова А. Дидактикалық материалды пайдалану әдістемесі //,Химия мектепте: ғылыми-педагогикалық журнал, №3, мамыр - маусым, 2013ж.;18 – 19 бет;
  7. Әшімова Б. Ойыннан ой белсенділігіне//,Химия мектепте: ғылыми - педагогикалық журнал, №3,мамыр - маусым , 2013ж.; 63 – 64 бет;
  8. Жақсығалиева Ж. Жұлдызды сағат//,Химия мектепте: ғылыми-педагогикалық журнал, №4, шілде – тамыз, 2004ж.; 65 – 66 бет;
  9. Солтанбекова Б. Басқатырғылар//,Химия мектепте: ғылыми педагогикалық журнал №2, 2007ж.; 42 - бет
  10. Тенелова Р. Интерактивті марафон//,Химия мектепте: ғылыми – педагогикалық  журнал, №1, қаңтар – ақпан, 2008ж; 42 – 45 бет;
  11. Ертуғанова Г. Өзара оқыту//,Химия мектепте: ғылыми-педагогикалық журнал, №2, наурыз – сәуір, 2008ж.; 49 – 51 бет.
  12. Викториналық сұрақтар//,Химия мектепте: ғылыми – педагогикалық  журнал, №2, наурыз - сәуір, 2008ж; 20 бет;
  13. Аманғалиева А. Танымдық ойындар//,Химия мектепте: ғылыми – педагогикалық  журнал, №5, қыркүйек - қазан, 2008ж; 25 - 29 бет;
  14. Есенғалиева Р. Ғажайып жетілік//,Химия мектепте: ғылыми – педагогикалық  журнал, №5, қыркүйек - қазан, 2008ж; 56 - 57 бет;
  15. Тілепова Н. Ойын элементтері//,Химия мектепте: ғылыми - педагогикалық журнал, №2, наурыз – сәуір, 2009ж.; 33 – 35 бет;
  16. Домбаева К. Танымдық ойындар//,Химия мектепте: ғылыми - педагогикалық журнал, №4, шілде – тамыз, 2009ж.; 13 – 16 бет;
  17. Қауыпбаева А. Химиялық сайыс//,Химия мектепте: ғылыми - педагогикалық журнал, №5,қыркүйек – қазан, 2010ж.; 52 – 53 бет;
  18. Төлегенова Ш. Білімді мыңды жығар/,/Химия мектепте:ғылыми – педагогикалық  журнал, №1, қаңтар - ақпан, 2010ж; 47 - 49 бет;
  19. Кенжебекова А. Химиялық танымдық ойындар мен сөзжұмбақтар//,Химия мектепте: ғылыми – педагогикалық  журнал, №5, қыркүйек - қазан, 2011ж; 52 – 53 бет;
  20. Асан Г. Іскерлік ойын//,Химия мектепте: ғылыми – педагогикалық  журнал, №5, қыркүйек - қазан, 2012ж; 32 – 34 бет;
  21. Мырзахметова Н. Іскерлік ойын сабағы//,Химия мектепте: ғылыми-педагогикалық журнал,№3, мамыр – маусым, 2012ж.; 24 – 26 бет;
  22. Сәдуақасқызы К.//Ойын сабақ//,Химия мектепте: ғылыми-педагогикалық журнал, №2, наурыз – сәуір, 2013ж.; 55 – 58 бт;
  23. Унгалиева С. Химия пәні бойынша интеллектуалдық ойын//,Химия мектепте: ғылыми – педагогикалық  журнал, №3, мамыр - маусым, 2013ж; 25 - 29 бет;
  24. Ермаханова Э. Деңгейлік ойындар//,Химия мектепте: ғылыми – педагогикалық  журнал, №1, қаңтар - ақпан, 2014ж; 55 – 57 бет;
  25. Тұрсынбекова А. Ойын технологиясын химия пәнін оқытуда қолдану//,Химик анықтамалығы: ғылыми – педагогикалық  журнал, №5, қыркүйек - қазан, 2013ж; 14 - 18 бет;
  26. Карсылиева Х. Оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру//,Химик анықтамалығы: ғылыми – педагогикалық  журнал, №6, қараша - желтоқсан, 2012ж; 21 - 22 бет;

Информация о работе Дидактикалық ойындар