Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 06:48, реферат

Краткое описание

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.

Вложенные файлы: 1 файл

Мадени мура.docx

— 56.83 Кб (Скачать файл)

Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы

 

«Мәдени мұра» Мемлекеттік  бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы  Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен  мәдени мұрасын, мемлекеттік  тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет  пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі  жылға есептелген. Кейін тағы екі  кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға  дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік  бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік  қозғалысын анықтаған рухани және білім  беру істерінің даму саласындағы  негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен  жобаны іске асыруды ТМД елдерінің  ішінде алғаш бастаған Қазақстан.

«Мәдени мұраның» мақсаты  – елдің тарихи-мәдени мұрасын  зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын  үгіттеу.

Программа реализуется по нескольким направлениям:

- ұлттық мәдениетке ерекше  маңызы бар тарихи-мәдени және  сәулет ескерткіштерін қалпына  келтіру;

- археологиялық зерттеулер;

- қазақ халқының мәдени  мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;

- ұлттық әдебиет пен  жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс  қатарларын құру.

2004 жылдан – бағдарламаны  жүзеге асыра бастаған кезден  – бастап тарих пен мәдениеттің  78 ескерткішінде реставрациялық  жұмыстар бітірілген, олардың 28-і  (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.

Біздің түп-тұқияндарымыз  туралы көптеген мәлімет беретін  ғылымды мыңдаған артефактылармен  байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық  зерттеу  жүргізілген. Шығыс Қазақстан  облысындағы Шілікті мен Берел  қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір  аң стиліне» немесе өнерге жататын  табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).

Тәуелсіз Қазақстан тарихында  алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің  масштабты инвентаризациясы өткізілді  және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар  тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.

Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Апмения, сонымен  қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті  құжаттар, қолжазбалар мен баспа  шығарылымдары алынды.

Қазақстанда тәуелсіздік  алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени  мұра» бағдарламасы аясында қазақ  тіліндегі толымды гуманитарлы  білім беру қоры құру басталды. 537 кітап  бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық  сөздіктерге байланысты қайталанбас  сериялар кездеседі.

Орта ғасырлардағы әуендерді  терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер. Қазақтың  дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен  қайталанбастығы бойынша ұлттық мәдениетт тарихындағы қазақ халық әндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек.

 

Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.

«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі  фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер.

«Мәдени мұра» бағдарламасында  саяхаттық кластерді дамытатын  бағыттағы шаралар іске асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады.

Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұрамызды  дәріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады.

Жобаның масштабтылығын мұндағы  қазіргі Қазақстанның бүкіл интелектуалды  потенциалы қатысқаны көрсетеді: әдебиет  пен өнет, философия, тарих пен  этнография, тіл білу және т.б. академиялық  институттар, Ұлттық кітапхана, еліміздің  жоғарғы оқу орындары.

«Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз  гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ  халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.

Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасының мақсаты  мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты мен  міндеттері (2004-2006 жж.)

Мақсаты Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету

Бағдарламаның мiндеттерi 

елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта  жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде  қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем және ғылыми толық дестелерiн  шығару арқылы ұлттық әдебиет пен  жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн  қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің  негiзiнде гуманитарлық білім берудiң  мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын  құру; eлдің қорларында, мұрағаттары  мен қоймаларында сақталған аса  көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен  қазiргi заманғы аудиотаспаларға  көшiру.

 

Бағдарламаның мақсаты мен  міндеттері (2007-2009 жж.)

 

 Мақсаты Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және қалпына келтіру

 

Бағдарламаның мiндеттерi 

Тарих және мәдениет ескерткіштерін, соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру. Археологиялық зерттеулер жүргізу. Қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды одан әрі жалғастыру. Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениеті  бойынша басылым дестелерін шығаруды жалғастыру.

 

 

 

Бағдарламаның мақсаты мен  міндеттері (2009-2011 жж.)

 

 Мақсаты рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу.

 

Бағдарламаның мiндеттерi

тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау; мемлекеттік және салалық  бағдарламалар іс-шаралар жоспарын іске асырудың тиімді тетіктері мен  құралдарын әзірлеу; Қазақстанның бай  тарихи және мәдени мұрасын халықаралық  деңгейде насихаттау; мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыру  барысында жинақталған жаңа және жүйеленген білімді ғылыми айналымға  енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; тарихи-мәдени мұраны туризмді дамыту үшін белсенді пайдалану, тарих және мәдениет ескерткіштерін туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру; тарихи-мәдени мұраны халыққа кеңінен  тарату мақсатында қоғамдық білім және бұқаралық ақпарат салаларына аудару жолдарын іздестіру; Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштерді, Есік пен  Берел қорғандары және басқа да тарихи-мәдени кешендерді заман талабына сай қайта  қалпына келтіру жөнінде шаралар  әзірлеу, олардың мемлекет тарихындағы, елді біріктіруші құндылықтар ретінде  алатын орнын айшықтайтын жүйелі іс-шаралар жүргізу; еуразиялық кеңістіктегі көшпелі мәдениет мұрагері ретінде  қазақ мәдениетінің ұлттық брэндін  қалыптастыру және оны халықаралық  деңгейде насихаттау; шетелдік ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе  отырып ұлттық мұраларды кешенді  түрде жан-жақты зерттеу, олардың  ғылыми айналымға түсуін қамтамасыз ету.

2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра"

мемлекеттiк бағдарламасы туралы

 

 

Астана, 2003 жыл

 

Бағдарламаның паспорты

 

 

Атауы               Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға

                     арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк  бағдарламасы

 

Әзiрлеу үшiн        Қазақстан Республикасы Президентiнің "Iшкi және

 негiз               сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған  негiзгi

                     бағыттары" Қазақстан халқына  Жолдауы, Қазақстан

                     Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы  5

                     қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген

                     Қазақстан Республикасы Үкiметiнің  2004-2006

                     жылдарға арналған Бағдарламасын  iске асыру

                     жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының 6.5.2-тармағы

 

Негiзгі             Қазақстан Республикасының

 әзірлеуші           Мәдениет министрлiгi

 

Мақсаты             Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің

                     мәдени мұрасының сақталуы мен  тиiмдi

                     пайдаланылуын қамтамасыз ету

 

Мiндеттерi          Бағдарламаның мiндеттерi:

                       елдiң маңызды тарихи-мәдени және  сәулет

                     ескерткiштерiн қайта жаңғырту;

                       мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы

                     ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн,  дәстүрлер мен

                     әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай  жүйесiн

                     құру;

                       көркем және ғылыми толық дестелерiн  шығару                

 

                    арқылы ұлттық әдебиет пен  жазудың сан ғасырлық

                     тәжiрибесiн қорыту;

                       әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет  пен

                     әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің  негiзiнде

                     гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк  тiлдегi

                     толыққанды қорын құру;

                       eлдің қорларында, мұрағаттары мен  қоймаларында

                     сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде

                     орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын  қалпына

                     келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға

                     көшiру.

 

Қажеттi                 Бағдарламаны қаржыландыру республикалық

 ресурстар және      бюджеттің есебiнен жүзеге асырылатын  болады.

 қаржыландыру        Қаржыландырудың жалпы көлемі -1933,6 млн.

 көздерi                  теңге, оның iшiнде: 2004 жылы - 641,65 млн.;

                     2005 жылы - 631,7 млн, 2006 жылы - 660,2 млн.

                     теңге.

                       Бағдарламаны қаржыландырудың көлемi

                     2005-2006 жылдары тиiстi қаржы жылына  арналған

                     республикалық бюджеттiң болжамды

                     көрсеткіштерінің аясында нақтыланатын  болады.

 

Күтілетiн             Тарих пен мәдениеттің 30-дан астам  маңызды

 нәтижелерi          ескерткiштерi қайта жаңғыртылатын  болады;

                       32 ежелгi және орта ғасырлық  археологиялық

                     кенттер мен қоныстарды ғылыми  зерттеу, тұмшалау,

                     абаттандыру және туристiк мақсатта  пайдалану

                     жөнiнде жұмыстар жүргiзiлетiн  болады;

                       мәдени инфрақұрылым кеңейтiліп,  тарихи-мәдени

                     құндылықтарды насихаттау мен  кеңiнен таныстыру

                     жөнiндегi жұмыс жанданатын болады;

                       мәдени мұраны зерделеудiң тұтастай  жүйесiн

                     құру жөніндегi шаралар iске асырылатын  болады;

                       Республикалық ұлттық кiтапхана  жанында ұлттық

                     кiтап жәдiгерлерiн табу, сатып  алу, кiтаптар

                     мен ежелгi қолжазбаларды қалпына  келтiру

                     орталығы, Қазақстан Республикасының  Орталық

                     мемлекеттiк мұрағаты жанында  қазiргі заманғы

                     құрал-жабдықпен жарақталған Мұрағат

                     құжаттарының сақтандыру көшiрмесiн  жасау және

                     қалпына келтiру орталығы, Президенттік  мәдени

                     орталықтың базасында ұлттық  тарих үшiн айрықша

                     мәнi бар Мұражай қорын түзу  мен қалпына келтiру

                     орталығы құрылатын болады;

                       16 бағыт бойынша түрлi кiтаптар  дестелерi

                     шығарылатын болады;

                       Қазақстанның мемлекеттiк тұтастығы  мен

                     халықтары бiрлiгінің нышаны - мүсiнтас

                     тұрғызылатын болады;

                       деректер базасы жасалып, ЮНЕСКО-ның  күнiлгерi

                     тiзiмiне енгiзiлген мәдени және  аралас мұра

                     объектілерiн күзету аумағы мен  өңiрлерінің

                     шекарасы белгiленетiн болады;

                       елдiң қорларында, мұрағаттары мен  қоймаларында

                     сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде

                     орындаушы-музыканттардың фоножазбалары  қалпына

                     келтiрiлiп, қазiргi заманғы аудиотаспаларға

                     көшiрілетін болады.

 

Iске асыру          2004-2006 жылдар

Информация о работе Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы