Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 12:35, курсовая работа

Краткое описание

Психологиялық-педагогикалық әдебиетте экологиялық мәдениет қалыптастырудың педагогикалық технологиясына қатысты бірнеше жіктемелер ұшырасады. Мұндай жіктемелердің мейілінше әмбебап және жалпылама нұсқасы Г.К.Селевко жіктемесінде жүйеленген [1].
Г.К.Селевко жіктемесі бір топ қағидалар, атап айтқанда, жіктеменің қолданылу деңгейі мен оның философиялық негізі тұрғысынан, психологиялық дамудың жетекші факторы мен тұлғалық құрылымның бағыт-бағдары тұрғысынан, игерім концепциясы бойынша, мазмұн мен құрылым сипаты, жұмысты ұйымдастыру формасы, бұл орайдағы жетекші әдіс тұрғысынан, білуге талпыну әрекеттерін басқару, жасөспіріммен ортақ тіл таба білу, бұрыннан белгілі дәстүрлі сұлбаларды жетілдіру шараларын қолдану тұрғысынан және білім алушылардың категориялары бойынша жасақталған.

Содержание

КІРІСПЕ


1 әдеби шолу

1.1 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін тұрақты даму жағдайында қалыптастыру технологиясы

1.2 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттері экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
1.3 Cтуденттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі

2 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ


2.1 «Экология және тұрақты даму» оқу пәні бойынша дайындалған оқу бағдарламасының фрагменті
2.2 Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой Бекзат (2) (1).docx

— 92.08 Кб (Скачать файл)

МОН РК

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PHD ДОКТОРАНТУРА ИНСТИТУТЫ

                                 Кафедра ЕС

 

ӘӨЖ                   

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру

 

 

 

Орындаушы:

1 курс магистранты

 

___________

 

Батыров Б.Ж.

     

 

Ғылыми жетекші:

   

п.ғ.д., профессор

___________

      Бакирова К.Ш.

     
     
     
     
     
     
     
     

Қорғауға жіберілді:

   

Кафедра меңгерушісі,

п.ғ.д., профессор            

 

_______________

 

Шілдебаев Ж.Б.


 

 

 

Алматы, 2013

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ

 
   

1  әдеби шолу

 

1.1 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін тұрақты даму жағдайында қалыптастыру технологиясы

 

1.2  Педагогикалық жоғары оқу орны  студенттері экологиялық мәдениетін  қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық  моделі

1.3 Cтуденттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі

 

2 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 
   

 2.1 «Экология және тұрақты даму» оқу пәні бойынша дайындалған оқу бағдарламасының фрагменті

2.2  Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 
   
   
   
   

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін тұрақты даму жағдайында қалыптастыру технологиясы

 

Психологиялық-педагогикалық әдебиетте экологиялық мәдениет қалыптастырудың педагогикалық технологиясына қатысты бірнеше жіктемелер ұшырасады. Мұндай жіктемелердің мейілінше әмбебап және жалпылама нұсқасы Г.К.Селевко жіктемесінде жүйеленген [1].

 Г.К.Селевко  жіктемесі бір топ қағидалар, атап айтқанда, жіктеменің қолданылу  деңгейі мен оның философиялық  негізі тұрғысынан, психологиялық  дамудың жетекші факторы мен  тұлғалық құрылымның бағыт-бағдары  тұрғысынан, игерім концепциясы  бойынша, мазмұн мен құрылым сипаты, жұмысты ұйымдастыру формасы, бұл  орайдағы жетекші әдіс тұрғысынан, білуге талпыну әрекеттерін басқару, жасөспіріммен ортақ тіл таба  білу, бұрыннан белгілі дәстүрлі  сұлбаларды жетілдіру шараларын  қолдану тұрғысынан және білім  алушылардың категориялары бойынша  жасақталған.

Г.К.Селевеконың жоғарыда келтірілген жіктемесіне сүйене отырып, біздер педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін тұрақты даму жағдайында қалыптастырудың педагогикалық технологиясын жасақтадық.  Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қатысты оқыту үдерісінде өзіміз жиірек қолданған кейбір жіктемелік топтарға қысқаша тоқталып өтелік. Бұл орайда, бір атап өтетін мәселе бар, ол – қаралғалы отырған технологиялардың барлығы да, сайып келгенде, тұлғалық құрылымға, атап айтқанда, ақпараттық технологияларға (біліктілікті, икемділікті және машықты қалыптастыруға – БИМ), операциялық технологияларға (зерделік әрекет әдістерін қалыптастыруға – ЗӘӘҚ), сезімталдық-өнегелік технологияларға (әсемдік пен өнегелілікке талпындыруға – (ӘӨТ), тұлғаның өзін өзі жетілдіру технологияларына (тұлғаның өзін өзі басқару механизмдерін қалыптастыруға – ТӨӨБҚ), эвристикалық (шығармашылық қабілетті дамытуға) және қолданбалы технологияларға (іс-тәжрибені қалыптастыруға – ІТҚ)  бағытталған.

С.Д.Дерябо мен В.А.Ясвин экологиялық психопедагогикада экологиялық  сананың бір-біріне кереғар келетін екі  типін даралап, олардың өзіндік сипаттамаларын анықтап берді. Олардың біріншісі экологиялық сананың антропоцентрлік типі деп аталады. Бұл тип төмендегі 8 қағиданы біріктіреді, олар: ең жоғарғы құндылық – адам; әлемнің иерархиялық бейнесі; табиғатпен қарым-қатынас жасаудың мақсаты – белгілі бір прагматикалық қажеттілікті өтеу; «Прагматикалық императив» «адамға пайдалының бәрі де дұрыс» деген қағиданы атап көрсетеді; табиғат адамдар іс-әрекетінің өзіндік нысаны ретінде ғана қаралады; табиғат әлемімен қарым-қатынас жағдайында әдептік ережелер мен қағидалар ескерілмейді; табиғаттың дамуы адамдардың мақсат-мүдделерін қанағаттандыруға бағынышты үдеріс ретінде ғана қаралады; табиғатты қорғауға бағытталған іс-әрекеттер алыс перспективаға негізделген прагматизм жемісі ғана, яғни аталған шаралар табиғатты пайдалану мүмкіндігін болашақ ұрпақтар үшін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Экологиялық сананың екінші типі экоцентрлік тип деп аталады. Бұл типтің негізгі қағидалары мыналар: адамдар мен табиғаттың үндестік жағдайында дамуы – ең негізгі құндылық; әлемнің иерархиялық бейнесін мойындамау; адамдардың табиғатпен қарым-қатынасындағы басты мақсат – адамдардың да, бүкіл табиғи бірлестіктердің де өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету; «Экологиялық императив» «табиғатқа тән экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына жол бермейтін әрекеттер ғана дұрыс әрекеттер» екендігін атап көрсетеді; табиғат адамдармен қарым-қатынас жағдайындағы тең құқықты тұлға ретінде қаралады; әдептік ережелер мен қағидалар адамдардың өзара қарым-қатынасы жағдайында да, оның табиғатпен қатынасы жағдайында да қатаң сақталуы тиіс; табиғаттың дамуы адамдар үшін де аса пайдалы үдеріс ретінде қаралуы тиіс; табиғатты қорғау шаралары сол табиғаттың өзін және ондағы адамдарды қорғау ниетінен туындаған қажеттілік [2].

Жоғарыда келтірілген, әр түрлі ғалымдар тарапынан жүйеленген экологиялық сана типтерінің анықтамалары мен басты-басты белдгілері тұрғысынан бағдарлар болсақ, аталған сананың антропоцентрлік типі ауқымындағы басым постулаттар мыналар екендігін байқаймыз:

− табиғатты аса пайдалы ресурс ретінде қабылдау;

− адам «табиғаттың  патшасы», сондықтан ол бүкіл табиғат тағдырын шешуге және одан бүкіл өзіне қажеттіліктерін сарқа пайдалануға құқылы; 

− қоршаған ортаны қорғау шаралары болашақ ұрпақ қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында ғана жүргізіледі (ұзақ мерзімді прагматизм).

Экологиялық сананың экоцентрлік типі төмендегі ерекшеліктермен сипатталады:

− табиғат дербес құндылықтың иесі, сондықтан ол адамдардың қажеттіліктеріне ешбір байланыссыз, яғни табиғи тұрғыдан дамуға толықтай құқылы;

−  адам – биосфераның сәбиі және ажырамас бөлігі, сондықтан ол табиғатқа материалдық тұрғыдан да, өнегелік тұрғыдан да тәуелді;

− табиғаттың адамдарға деген маңызы оның утилитарлық мәнімен ғана шектелмейді, ол, сол сияқты, адамдарға талай-талай мәңгілік құндылықтар  сыйлай отырып, олардың ұдайы рахат-ләззаттарға кенеле беруіне де жағдай жасайды; мұндай құндылықтарға жататындар:  әдемілік, реттілік, мейірімділік, бірлік, үйлесімділік.

Біз, өзіміздің зерттеулеріміздің барысында С.Д.Дерябо мен В.А.Ясвиннің жоғарыда келтірілген жіктемесін экологиялық сананың биоцентрлік типі деп аталатын жаңа типімен толықтырдық. Экологиялық сана қалыптастырудың осылайша толықтырылған нұсқасы төмендегі 1-кестеде келтірілген.

 

1-кесте  –  Экологиялық мәдениет типтерінің сипаттамалары

 

Экологиялық сананың типтері

Антропоцентрлік

Биоцентрлік

Экоцентрлік

ең жоғарғы құндылық – адам

ең жоғарғы құндылық – тіршілік иелері, яки жан-жануарлар мен өсімдіктер

адамдар мен табиғаттың үндестік жағдайында дамуы – ең негізгі құндылық

әлемнің иерархиялық  бейнесі

әлемнің иерархиялық бейнесін мойындамау

әлемнің иерархиялық бейнесін мойындамау

табиғатпен қарым-қатынас жасаудың мақсаты – белгілі бір прагматикалық қажеттілікті өтеу

табиғатпен қарым-қатынаста бүкіл табиғи бірлестіктердің қажеттіліктерін ұтымды қанағаттандыру – басты мақсат

адамдардың табиғатпен қарым-қатынасындағы басты мақсат – адамдардың да, бүкіл табиғи бірлестіктердің де өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету

«Прагматикалық императив» «адамға пайдалының бәрі де дұрыс» деген қағиданы атап көрсетеді

«Экологиялық им-ператив» «табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті бұзбайтын әрекеттер ғана – дұрыс әрекеттер» екендігін атап көрсетеді

«Экологиялық императив» «адамға пайдалының бәрі де дұрыс» деген қағиданы атап көрсетеді

табиғат адамдар іс-әрекетінің өзіндік нысаны ретінде ғана қаралады

Табиғат бүкіл тірі организмдер тіршілігінің ең басты нысаны

табиғат адамдармен қарым-қатынас жағдайындағы тең құқықты тұлға ретінде қаралады

 

табиғат әлемімен қарым-қатынас жағдайында әдептік ережелер мен қағидалар ескерілмейді

әдептік ережелер мен қағидалар ең алдымен табиғатпен ортақ тіл табысу мәселесіне пайдаланылады

әдептік ережелер мен қағидалар адамдардың өзара қарым-қатынасы жағдайында да, оның табиғатпен қатынасы жағдайында да қатаң сақталуы тиіс

табиғаттың дамуы адамдардың мақсат-мүдделерін қанағаттандыруға бағынышты үдеріс ретінде ғана қаралады

табиғаттың дамуы сол табиғаттың өзіне қатысты мақсат-мүдделерді қамтамасыз ететін үдеріс ретінде қаралуы тиіс

табиғаттың дамуы адамдар үшін де аса пайдалы үдеріс ретінде қаралуы тиіс

табиғатты қорғауға бағытталған іс-әрекеттер алыс перспективаға негізделген прагматизм жемісі ғана, яғни аталған шаралар табиғатты пайдалану мүмкіндігін болашақ ұрпақтар үшін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі

табиғатты қорғау шаралары сол табиғаттың өзін сақтап қалу мақсатында жүргізілетін шаралар 

табиғатты қорғау шаралары сол табиғаттың өзін және ондағы адамдарды қорғау ниетінен туындаған қажеттілік


 

Экологиялық сананың жоғарыда келтірілген белгілері әрбір типтің құрылымдық компоненттері рөлін де атқарады, сөйтіп осы типтердің жалпылама хаттамалық сипатын анықтауға мұмкіндік береді.

Жоғарыда келтірілген постулаттарды ескере отырып, сол сияқты педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы теориялық және эксперименттік зерттеулерді  негізге ала отырып, біздер осы еңбек ауқымында экологиялық мәдениет қалыптастыру моделін ұсынып отырмыз. Біз болашақ мұғалімнің тұлғалық экологиялық мәдениетінің антропоцентрлік, биоцентрлік және экоцентрлік типтер тұрғысынан сипатталған және жіктемеленген бір топ  деңгейлерін белгілеуді ұсынамыз. Бұл орайда, мәдениеттің экоцентрлік типі негізгі тип ретінде қарала отырып, ол, өз кезегінде, бірнеше деңгейшелерге – әуел бастан тұрақсыз, жарым-жартылай тұрақты, экоцентрлікалды, нақты экоцентрлік деңгейшелерге – жіктелетін болады. Бұлайша жіктемелеу біздерге педагогикалық жоғары оқу орны студенттері экологиялық мәдениетін қалыптастыру ісінің құрылымдық-мазмұндық моделін құрастыруға мүмкіндік мберді (4-сурет).

Студенттерге экологиялық білім беру барысында олардың «экологиялық-педагогикалық мәдениетін» қалыптастыру дәрежесінің көрсеткіші ретінде біз «экологиялық сауаттылық» деген ұғымды негізге алуды дұрыс деп есептейміз. Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастырудың біздер ұсынып отырған  құрылымдық-мазмұндық моделіне сәйкес, экологиялық сауаттылық түсінігі қоғамның тұрақты дамуы жағдайында болашақ ұстаз-студенттер қапысыз игеруі тиіс бір топ құндылықтарды –  экологиялық білім мен икемділікті (экологиялық біліктілікті), қоршаған ортаға бәс жетпес құндылық ретінде үлкен құлшыныспен қарауды (экологиялық саналылықты), экология мазмұнындағы іс-әрекеттерге үнемді дайын болу қажеттілігін т.с.с. –   біріктіретін кешенді білім жүйесі болып табылады. Бұл моделде экологиялық мәдениеттің әр түрлі типтерінің даму динамикасы үш түрлі компноент ауқымында жүзеге асады, олар: 1) тар ауқымды ой-өрістің бірте-бірте кеңейе түсу компоненті; 2) жөнді қалыптаспаған құндылықтарға құрылған экологиялық бағдарлылықтан нақты құндылықтарға құрылған бағдарлылық пен мақсат-мүддеге ауысу компоненті; 3) экологиялық іс-шараларға салғырт қабақ танытудан немесе мұндай іс-шараларға мүлдем араласпаудан қоғамның тұрақты дамуы жағдайында қалыптасып үлгерген экологиялық мазмұндағы ой түю әрекетіне бет бұру, сөйтіп экологиялық іс-шараларға белсене аралсу компоненті.

Сонымен, экологиялық мәдениеттің құрылымдық-мазмұндық сипаты ретінде мынаны атауға болады: ұтымды экологиялық іс-әрекеттер жүргізуге мүмкіндік беретін, экологиялық біліктілік пен саналылықты толықтай меңгерген жеке тұлғаның бүкіл ой жүйесі мен болмыс-бьіңтімінің экологиялық тұрғыдан мейіліңнше  бағдарлы болуы.

Информация о работе Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру