Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 12:35, курсовая работа

Краткое описание

Психологиялық-педагогикалық әдебиетте экологиялық мәдениет қалыптастырудың педагогикалық технологиясына қатысты бірнеше жіктемелер ұшырасады. Мұндай жіктемелердің мейілінше әмбебап және жалпылама нұсқасы Г.К.Селевко жіктемесінде жүйеленген [1].
Г.К.Селевко жіктемесі бір топ қағидалар, атап айтқанда, жіктеменің қолданылу деңгейі мен оның философиялық негізі тұрғысынан, психологиялық дамудың жетекші факторы мен тұлғалық құрылымның бағыт-бағдары тұрғысынан, игерім концепциясы бойынша, мазмұн мен құрылым сипаты, жұмысты ұйымдастыру формасы, бұл орайдағы жетекші әдіс тұрғысынан, білуге талпыну әрекеттерін басқару, жасөспіріммен ортақ тіл таба білу, бұрыннан белгілі дәстүрлі сұлбаларды жетілдіру шараларын қолдану тұрғысынан және білім алушылардың категориялары бойынша жасақталған.

Содержание

КІРІСПЕ


1 әдеби шолу

1.1 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін тұрақты даму жағдайында қалыптастыру технологиясы

1.2 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттері экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
1.3 Cтуденттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі

2 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ


2.1 «Экология және тұрақты даму» оқу пәні бойынша дайындалған оқу бағдарламасының фрагменті
2.2 Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой Бекзат (2) (1).docx

— 92.08 Кб (Скачать файл)

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың қарыштай дамуы, экологиялық заңнамалардың ұдайы жетілдіріліп отыруы, сол сияқты қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған бүкіл іс-шаралар жиынтығының жүзеге асырылуы сияқты ұланғайыр әрекеттер экологиялық проблемаларды біржақты шешуге мүлдем жеткіліксіз екендігі, ол үшін бүкіл мамандықтарға қатысты педагогтардың іс-қимылдарын түбегейлі түрде «экологияландыру» қажеттілігі белгілі болып отыр. Қазіргі таңда белгілі болып отырғанындай, экологиялық дағдарыстың жаппай етек алуына және техносфера мен қоршаған табиғи орта арасындағы теңдестіктің оңалмастай тоқырауына бірден бір себепші болып отырған жайт – бүгінгі қоғам мүшелері экологиялық мәдениетінің төмендігі. Бұл келеңсіз жайтты жөнге келтірудің бірден бір жолы – білім беру ісін имандылық пен адамгершілікке негіздеуге мүмкіндік беретін білім саясатындағы оң өзгерістер екендігі даусыз. Ал бұл бағыт құндылықтар жүйесін қайтадан қарастыруды, адамдардың ой өрісін ауқымдандыруды, адам санасын оның мәдениетін экоцентрлік бағытта көтеру арқылы қайтадан қалыптастыруды  қажет етеді.

Қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогресс дамуының ең басты парадоксының бірі – бұрынғы іс-әрекеттер нәтижесін жою мақсатында жаңа іс-әрекеттер ұйымдастыру болып отыр. Сондықтан да ғалымдар экологиялық мәмілеге келу мәселесіне ұдайы қайтып оралуға мәжбүр болып отыр. Мұндай мәміле болмысы «табиғатқа араласпау» мен «табиғатты бағындыру» арасындағы творчестволық мәміле болуы тиістілігін академик Н.Н.Моисеев атап көрсетті [3].

 


 

4-сурет − Педагогикалық жоғары оқу орны студенттері экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі

 

1.2 Педагогикалық жоғары оқу  орны студенттері экологиялық  мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық  моделі

 

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді іс-тәжрибеге енгізу шаралары жоғары оқу орнында білім берудің барлық сатыларында және онда оқылатын бүкіл оқу пәндері ауқымында экологиялық мазмұндағы тарауларды оқыту мәселесін жаппай енгізуді қажет етеді. Және де, болашақ мұғалімдерде экологиялық мәдениет қалыптастыру ісінде бүкіл оқу орнындарында берілетін экологиялық білім тек қана экоцентрлік мазмұнды иеленуі тиіс.

Адамзат баласы мәдениет дағдыларын табиғатты жаңғырту, осылайша өзіндік «жасанды орта» қалыптастыру нәтижесінде ғана иеленген жоқ. Өркениет дамуының бүкі тарихы барысында адамзат баласы өзі тіршілік еткен ортаны игеріп қана қоймай, одан үнемі ғибрат алып отырды. Бұл пікір нақ бүгінгі күнге де қатысты, себебі адамзат баласына табиғи ортаны жете түсіну негізінде, оның құндылығын талассыз ұғыну нәтижесінде, табиғатты сол адамзат ұрпағы өмірінің одан әрі жалғасуын қамтамасыз ететін бірден-бір орта ретінде бағалау негізінде мәдениеттің әлеуметтік және табиғи бастауларын нақты тұжырымдап алатын уақыт әлдеқашан жетті. Алайда экология мәселесімен айналысатын арнаулы Орталық зерттеулерінің нәтижесі көрсеткеніндей (жетекшісі – С.Н.Глазычев), адамдардың табиғатқа деген «сұранысы» еселеп артуы жағдайында бүкіл «табиғи іс-шаралар» жиынтығы мүлдем дәрменсіз немесе  жөнді нәтиже бермейтін болып шықты. Олай болса, жинақталған білім мен тәжрибені, қалыптасып қалған көзқарастарды, ережелерді, іс-шараларды ұйымдастыру жолдарын түгелімен сыни тұрғыдан қайтадан ой елегінен өткізу қажеттілігі – бүгінгі таңның кезек күттірмейтін міндеттер болып табылады.

Жоғарыда аталған Орталық жасақтаған тұжырымдарға сәйкес, экологиялық залалдардың туындауы кез келген адамның, әрбір сала маманының өз іс-әркетін экологиялық тұрғыдан жаңсақ ұйымдастыруының нақты нәтижесі ғана көрінеді. Іс-әркетінің мейілінше нәтижелі болуын ғана көксеген кәсіби бірлестіктер сондай нәтижеге қол жеткізу мақсатында уақыт өткен сайын күрделі нысандармен, табиғат бөлікшелерімен, ғаламат ірі қондырғылармен істес болуға мәжбүр болды. Жылдар өткен сайын күрделілік дәрежесі арта түскен өндірістік қатынастар барысында кәсіпкерлер талай-талай маңызды экологиялық мәселелерге үстірт қарау тәжрибесін жалғастырды, сөйтіп қолданыстағы технологиялар мен жабдықтардың сипатына, бастапқы бұйымдарды түрлендіру ерекшеліктеріне, жасалып жатқан жұмыстардың табиғатқа және адамдардың өздеріне тигізер жағымсыз әсерін жан-жақты саралау ісіне жете көңіл аудармады. Өнім алуға ғана бағдарланған іс-әркет үдерістік әрекеттердің маңызына көңіл бөлуге, өз жұмысының болмыс-бітімін жан-жақты бағдарлап отыруға мұрша бермеді. Басты мақсат – өнімді көбірек өндіру, сол өнімді сатудан материалдық пайда табу деп есептелді, осы мақсатқа қол жеткізу барысында істелетін іс-шаралардың бәрі де дұрыс деген мазмұндағы сенім қалыптасты. Бір сөзбен айтқанда, шешім қабылдау өнімнің құндылығын арттыруға ғана, жоғары өндірістік нәтижелерге қол жеткізу мақсатына ғана бағытталды. Өндірістік мақсат, тапсырысты бағалау және оны орындау шаралары сол өндірістік нәтижеге қол жеткізу міндетін ғана көздеді, тапсырысты орындау барысында жүргізілетін жұмыстың келеңсіз тұстары да болу мүмкіндігіне жөнді мән берілмеді.

Бұл айтылған мәселелерден шығатын қорытынды біреу: мәселеге «қалай болса солай келу», яғни ғылыми және мәдени тұрғыдан сарапталмаған іс-шараларды жүзеге асыру кез келген проблеманы дұрыс шешіп беруге дәрменсіз. Кез келген проблеманы күн тәртібіне қою үшін және оны тиімді түрде шешу үшін нақтылы ғылым ауқымындағы зерделік әдістер мен тәсілдер, бірінші кезекте нақты әдістемелер міндетті түрде қолданылуы тиіс. Мәселені жете ұғыну қашан да философиялық-әдістемелік қаражаттарды дұрыс пайдалана білген жағдайда ғана жағымды нәтиже береді. Бұл заңдылық жеке тұлғаның, атап айтқанда жекелеген педагогтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру ісінде де аса маңызды [4].

Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін  қалыптастыру моделін тұрғызу бізге осы мәселенің жүйелік ерекшелігін анықтауға мүмкіндік берді. Біліктілікті қамтамасыз ету ісін ұйымдастыру және басқару типі тұрғысынан алғанда  біздің жүйемізде оқытудың топтық және жіктемелі тәсілдері көбірек көрініс береді. Мұндай тәсілдерді қолдану барысында педагог қажетті ақпаратты бүкіл оқу тобына жеткізуге де, репетитор немесе кеңесші ретінде жекелеген студентпен жұмыс істеуге де мүмкіндік алады.

Оқытудың жекелей бағдарланған технологияларын қолдану барысында біздер, бірінші кезекте, жекелеген адамгерпшілік технологиясына баса назар аудардық, себебі мұндай технология  имандылыққа негізделе отырып, студенттің шығармашылық мүмкіндігіне үлкен сеніммен қарау арқылы оның психологиялық-терапевтік болмысын жетілдіруге бағытталғаны белгілі. Келесі аса тиімді технологиялардың бірі – ынтымақтастық технологиясы екендігі даусыз, себебі бұл технологияға сәйкес педагог пен студент бір-біріне серіктес дәрежесіне көтеріле отырып, оқудың мақсаттары мен міндеттерін, сабақтардың мазмұнын бірге анықтау мүмкіндігін иеленеді, бүкіл оқу үдерісінің қыр-сырын ынтымақтастық пен шығармашылық бірлестік ауқымында бірге талқылдайтын болады.

Өзінің мазмұны мен құрылымы жағынан біз сөз етіп отырған оқыту жүйесі жан-жақты жүйе болып табылады, ол оқыту және тәрбиелеу шараларын, жалпылама және кәсіби білім беру мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді. Ол көпфакторлы және кешенді жүйе болып табылады, себебі ол мәселеге бірнеше тұрғыдан келуге, бірнеше әдістер мен функцияларды, алуан түрлі принциптерді қолдануға мүмкіндік береді. Солай бола тұрса да, бұл жүйе тұрақты даму тұжырымдамасына негізделген ең басым да жетекші идеяға құрылған, оның жетекші принципі де – тұрақтылық принципі. Студенттердің экологиялық мәдениетін жетілдірудің ұйымдастыру құрылымы негізінен «Экология және тұрақты даму» курсы арқылы жүзеге асады, сондықтан да бұл жүйе «Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін тұрақты даму жағдайында қалыптастыру технологиясы» деген атауды иеленді. Осы тұрғыдан алғанда, сөз болып отырған жүйені «көптехнологиялы жүйе» деп атауға болады; екінші жағынан, бұл жүйенің жекелеген элементтері өзге де технологиялар ауқымында көрініс табатын болғандықтан және сол технологиялардың негізгі катализаторы рөлін атқаратын болғандықтан, біз ұсынып отырған жүйені «кірікпелі технология» деп те атауға болатын сияқты.

Студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастырудың біздер ұсынып отырған жүйесіне сәйкес, оның негізгі мақсат-мүдделері мыналар болып табылады: 1) экологиялық біліктілікті, яғни қоршаған орта мен оның құрамдас бөлігі болып табылатын адам жөніндегі білім кешенін қамтамасыз ету; 2) экологиялық саналылыққа, яғни зердеге негізделген экологиялық құндылықтарға құлшындыру әрекетіне бағыт-бағдар беру; 3) экологиялық іс-әрекетке, яғни қоршаған ортаны зерттеу және қорғау бағытындағы  нақтылы тәжрибе жинақтауға жұмылдыру (5-сурет).

Экологиялық мәдениет қалыптастыру жүйесін жасақтау шаралары біз жоғарыда сөз еткен, өткен ғасырдың 80-ші жылдарында алғаш ұсынылған әдістемелік принциптерге негізделді. Бұл орайда С.Н.Глазычев, А.Н.Захлебный, И.Д.Зверев, Е.С.Сластенина, И.Т.Суравегина сияқты ғалымдар еңбегін айырықша атауға болады. Бұлар, сол сияқты, экологиялық мәдениет қалыптастырудың кейбір арнаулы принциптерін де ұсынды, ондай принциптерге жэататындар: танып білу-мазасыздану-әрекет жасау тұтастығының принципі; үздіксіздік принципі; экологиялық проблемаларды және оларды шешу жолдарын талдаудың жаһандық, ұлттық және аймақтық мәселелерінің өзара байланыс принципі; дидактикада мейілінше жиі қолданылатын өзге де принциптермен бірге экологиялық білім беруде көбірек қолданылатын пәнаралық принцип.

Экологиялық мәдениеттің дамып жетілуі жалпылама адамзат мәдениетінің жетілуі арнасында жүзеге аса отырып, көзқарастардың, ережелер мен сенім-нанымның адамгершілік жүйесімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан да экологиялық мәдениетті қалыптастыру барысында төмендегі принциптерді қатаң сақтау маңызды рөл атқарады: гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша берілетін білімді тығыз ұштастыру принципі; табиғат пен адам арасындағы ажырамас байланыс пен тұтастық принципі; интегративтік бағытта даму ортасын қамтамасыз ету принципі; табиғатты тұлғаландыру принципі; табиғатты сезімталдықпен тұшыну ісінің басымдылық принципі; оқыту барысында студенттердің жас шамасын және олардың психологиялық деңгейін ескеру принципі. Бұл принциптердің адамгершілік тұрғысынан алғандағы мазмұны талап қоя білу мен сенім артуды, адамдарға деген сүйіспеншілік пен сыйластықты ұштастыра білумен, әрбір жекелеген тұлғаны кемсіту мысалдарына ешқашан да жол бермеу ұстанымымен анықталады. Осы принциптер сақталған жағдайда ғана Әлемді тұтастай игеруді жолға қоюға, табиғатты қоғамның тұрақты дамуын қамтамсыз ететін дүниетанымды қалыптастыру жолындағы бірден бір басымдылық ретінде ұғынуға мүмкіндік туады. Бұл орайда бір ескеретін мәселе – біз ұсынып отырған зерттеу нәтижелері мен  солардан туындаған технологияны жасақтау шаралары қоғамның тұрақты даму принципін негізге алғандықта, яғни адамзаттың бүгінгі ұрпақтарының ғана емес, оның болашақ ұрпақтардың да мүдделерін ескергендігінде  болып табылады.

Жоғарыда аталған арнаулы принциптердің біріншісі табиғаттың болмыс-бітімін студенттерге ұғындыру және ондағы адам баласының алатын өзіндік орнын жете түсіндіру мақсатында педагогтар сол студенттерді табиғатпен табыстыруы, олардың сана-сезіміне искуствоның көркем образдары арқылы әсер етуі қажеттілігін негізгі  шарт ретінде қарастырады. И.Д.Зверевтің пікіріне сәйкес, осы принципке жөнді мән бермеу жәй ғана зерделілікті жетілдіруге, нақтылы мазмұнға құрылмаған алдамшы арманшылдыққа жетелеуге, немесе жеке қара бастың мүддесін ғана күйттеуге негізделген нағыз пендешілікке алып келетін болады. Ал үздіксіздік принципі болса, ол төменгі, ортаңғы және жоғарғы сынып оқушыларының арнаулы сыныптарда және сыныптан тыс сабақтарында, сол сияқты қоғам үшін пайдалы еңбектің бүкіл түрлерін ұйымдастыру барысында  қоршаған ортаға деген жағымды көзқарас ұйымдастырудың педагогикалық шарты ретінде қаралады [5].

Білімнің тұтастығын қамтамасыз ету ауқымында білімді экологияландырудың басты принципі әлеуметтік мәдениет қалыптастыруда табиғатпен ортақтық принципін жүзеге асыру шараларымен орайласады. Өзара қарым-қатынасты тиімді ету принципі де өте маңызды, себебі ол білім беру ісін әлеуметтік-табиғи экологиялық жүйе құруға бағдарлап береді, ал мұның өзі өзара қарым-қатынас ауқымын айтарлықтай кеңейтеді, әлеуметтік мәдениетті қалыптастыру үдерісінің жасампаздық шарттарының өзара байланыстарын жетілдіруге,  табиғатпен ортақтық үдерісінде ешқандай да қайшылық туғызбайтын әлеуметтік-табиғи бейімделуіне және өз мүмкіндігін жүзеге асыру дағдыларының біржақты орнығуына бірден бір жағдай жасайды.

Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін  қалыптастырудың негізгі мақсаттары мен міндеттері біздер ұсынып отырған жұмысшы түжырыммен тығыз байланысты және онымен бір арнада тоғысады. Бұл тұжырымды былайша өрнектеуге болады: «Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру – жеке тұлғаның  экологиялық мәдениетін оның қоршаған ортамен тығыз байланыста тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында қалыптастыру болып табылады, бұл үдеріс жеке тұлғаның табиғат жөніндегі білімімен өзара ұштастырылуы және экологиялық қауіпсіздіктің (тұрақты экологиялық біліктіліктің) қамтамсыз етілуі, оған деген құндылықтардың (тұрақты экологиялық саналылықтың) құлшындырыла түсуі және онымен өзара қарым-қатынас жасауға деген икемділіктің, дағдылар мен қажеттіліктердің (тұрақты экологиялық іс-әрекеттің) жетілдірілуі жағдайында жүзеге асуы тиіс. Бұлардың бәрі де педагогикалық жоғары оқу орнында түрлі-түрлі мамандықтар алуға талпынып жатқан студенттерге қазіргі ұрпақтың және болашақ ұрпақтардың өмір сапасы жоғары деңгейде болуына жағдай жасай отырып, қоршаған ортаның тұрақты сақталуына бағытталған экологиялық шектеулерді ескере отырып берілуі тиіс.

Табиғат туралы білім мен өзге де түсініктер, адамның оған сезімталдықпен қарай білуі және табиғатты  құндылықтар ретінде қабылдай білуі сол адамның ішкі мәдениетін анықтайтын болса, оның жалпылама мәдениеті сол табиғатпене қарым-қатынас жасау барысындағы аталған тұлғаның икемділігімен, дағдысымен және өзара қарым-қатынасқа деген көзқарасымен, яғни оның «табиғат–адам» деп аталатын ауқымды жүйеге деген дүниетанымымен анықталады. Осыған байланысты, біздер ұсынып отырған технологияда сәйкес міндеттер төмендегі ретпен жүзеге асырылуы тиіс: 1 – қоршаған орта жөнінде және оның құрамдас бөлігі болып табылатын адам жөнінде білім жүйесін қалыптастыру (ішкі мәдениет); 2 – ақыл-еске құрылған экологиялық бағдарлар мен ұстанымдар жүйесін құндылықтарға құлшыну аясында жетілдіру (ішкі мәдениет); 3 – қоршаған ортаны зерттеу және қорғау бағытында жинақталған іс-әрекеттер тәжрибесінің болуы (жалпылама мәдениет).

 

1.3 Cтуденттердің экологиялық мәдениетін  қалыптастыру жүйесі

 

Cтуденттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі төмендегі негізгі функцияларды атқарады.

1. Білім беру функциясы: жаратылыстану ғылымдары мен адамтану ғылымдарының теориялық негіздері мен өзара байланыс тәсілдері жайлы ілім-білім, дәстүр және тәжрибе жүйелерін қамтиды; жалпылама білім беру үдерісі рефлекциясы тәсілдерін игереді, оның мақсат-мүдделері мен болмыс-бітімін анықтайды; экологиялық білім беру теориясы және технологиясы негіздерімен таныстырады; экологиялық компоненті тереңдетілген оқу пәнін игеруге дайындайды, сөйтіп экологиялық білім сапасының жоғарлауына септігін тигізеді.

Информация о работе Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру