Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 12:35, курсовая работа

Краткое описание

Психологиялық-педагогикалық әдебиетте экологиялық мәдениет қалыптастырудың педагогикалық технологиясына қатысты бірнеше жіктемелер ұшырасады. Мұндай жіктемелердің мейілінше әмбебап және жалпылама нұсқасы Г.К.Селевко жіктемесінде жүйеленген [1].
Г.К.Селевко жіктемесі бір топ қағидалар, атап айтқанда, жіктеменің қолданылу деңгейі мен оның философиялық негізі тұрғысынан, психологиялық дамудың жетекші факторы мен тұлғалық құрылымның бағыт-бағдары тұрғысынан, игерім концепциясы бойынша, мазмұн мен құрылым сипаты, жұмысты ұйымдастыру формасы, бұл орайдағы жетекші әдіс тұрғысынан, білуге талпыну әрекеттерін басқару, жасөспіріммен ортақ тіл таба білу, бұрыннан белгілі дәстүрлі сұлбаларды жетілдіру шараларын қолдану тұрғысынан және білім алушылардың категориялары бойынша жасақталған.

Содержание

КІРІСПЕ


1 әдеби шолу

1.1 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін тұрақты даму жағдайында қалыптастыру технологиясы

1.2 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттері экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
1.3 Cтуденттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі

2 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ


2.1 «Экология және тұрақты даму» оқу пәні бойынша дайындалған оқу бағдарламасының фрагменті
2.2 Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой Бекзат (2) (1).docx

— 92.08 Кб (Скачать файл)

2. Бағдарлау функциясы: экологиялық білім беру тұжырымдамсын тәжрибеге енгізу бағыттары мен әдістері жайлы мағұлмат береді; экологиялық білім беру ауқымындағы педагогикалық түсініктерді нақтылайды; экологиялық білім беру бағытындағы оқу әдебиетіне салыстырмалы түрде талдау жүргізеді.

3. Конструкциялық функция: табиғатпен ортақтық негізіндегі іс-қимылдарды ұйымдастыруға кешенді түрде келуді қамтамасыз етеді; жекелеген тұлғаның экологиялық іс-әрекетіне деген жобалық қатынасты қалыптастырады; экологиялық білім берудің мазмұнын және оған қажетті технологияны таңдап алу принциптері мен тәсілдерінің өзіндік жүйесін нақтылайды;  экологиялық білім беру технологиясы ауқымында оқыту және тәрбиелеу формаларын жасақтауға мүмкіндік жасайды; экологиялық білім беруді жүзеге асыруға қажетті материалдық-техникалық базаны жасақтауға негіз қалайды.

4. Коммуникативтік функция: оқыту жұмысы мен оқудан тыс жұмыстарды ұйымдастырудағы ынтымақтастық және дағдылық принциптерді анықтайды; экологиялық білім беру аясындағы ынтымақтастық принципі негізінде инновациялық үдерістерді ұйымдастыру ісін жолға қояды; педагогикаға экологиялық-мәдениеттанымдық тұрғыдан келу, экологиялық білім беру ісіне шығармашылық үдеріс ретінде қарау мәселелерін жүзеге асырады; экологиялық білім беру үдерісі барысында жеке тұлғалардың шығармашылықпен бірлесе айналысуына және әрбір тұлғаның өзін өзі жетілдіруіне жағдай жасауына мүмкіндік береді.

5. Жұмылдырушылық функция: экологиялық білім берудің әдістемесін және технологиясын жасақтайды; педагогикалық шеберлік техникасын меңгертеді; экологиялық білім беру технологиясы ауқымында білім беру, тәрнбиелеу және жетілдіру міндеттерін жүзеге асырады;  экологиялық білім беру технологиясы ауқымында нақтылы оқыту және өзге де педагогикалық жайттарды талдайды, осы талдау қорытындылары негізінде нақтылы педагогикалық міндеттерді анықтайды.

6. Ұйымдапстырушылық функция: басқару әдістемелерін анықтайды; экологиялық тәрбие беру ортасын қалыптастырады; әдіскер-педагог ретінде, қосымша білім беруді ұйымдастырушы ретінде экологиялық білім беру үдерісін ұйымдастыру шараларын дайындайды.

7. Зерттеушілік функция: экологиялық білім беру нәтижелері бойынша мониторинг ұйымдастыру әдістемесін игереді; психорлогиялық-педагогикалық әдістер кешенін пайдалана отырып оқушылардың экологиялық тәрбие алу деңгейін анықтайды; экологиялық білім беру ауқымында жұмыс істейтін мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, қосымша білім беру педагогтарының жұмыс тәжрибесін жинақтайды және хаттайджы; өз жұмысының нәтижелерін анықтай біледі және оларды талдай отырып, қорытындылай және бағалай біледі [6].

Жорғарыда атап көрсеткеніміздей,  экологиялық мәдениетті жетілдірудің негізгі ұйымдастырушылық құрылымы сол мәдениетті қалыптастырудың алғашқы сатысында  «Экология және тұрақты даму» деп аталатын жалпылама білім беру пәні ауқымында жүзеге асырылады, бұл пәннің көлемі 2 кредитке дей ін арттырылған (бұрын көлемі бір-ақ кредитпен шенктелетін «Экология» пәні ғана оқытылатын). Аталған пәннің Мемлекеттік стандартқа енгізілуі экологиялық білім беру ісінің тұрақты даму идеялары мен принциптері тұрғысынан айтарлықтай рөлге ие болып отырғандығын және бұл мәселенің көкуейтестілігі айырықша артып отырғандығын көрсетеді (бұл мәселенің жай-күйіне біздер келесі параграфтардың бірінде толығырақ тоқталатын боламыз). Мұғалімдер мен студенттер үшін бұл орайдағы басты қиыншылық білім беру кезінде ғылыми-педагогикалық материалдарды тұрақты даму тенденциясын ескере отырып тьаңдап алу мәселесімен байланысты туындайды. Аталған мәселеге ылғи да қызығушылық таныту, тұрақты даму мәселесіне арналған жарияланымдарға үнемі көңіл аудару, әр түрлі басылымдарда жарияланған Халықаралық конференция материалдарын [7-10]  ұдайы талқылап отыру нәтижелері ғана біздерге тәжрибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізуге, сөйтіп педагогикалық жоғары оқу орнына қойылатын дидактикалық талаптарды толықтай ескеретін оқу бағдарламасын жасақтауға мүмкіндік берді.

Бұған қосымша, біздер «Тұрақты даму тұжырымдамасы» атаулы арнаулы пән бойынша эколог-магистранттар үшін нақты бағдарлама дайындадық, бұл бағдарлама болашақ зерттеулерге де бағыт-бағдар сілтейтін болады. Төменде келтірілген «А қосымшасында» «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша дайындалған Оқу-әдістемелік кешеннің 1-ші бөлігі келтірілген. Мұнда студенттерге экологиялық білім берудің жалпылама мәселері емес, олардың тұрақты дамуы жағдайында экологиялық мәдениет қалыптастырудың жай-жапсары ғана қарастырылған.

 

«Экология және тұрақты даму» оқу пәні бойынша дайындалған оқу бағдарламасының фрагменті

 

2. Пәннің мазмұны

2.1.Дәрістік курс

Тақырып номері

Дәрістің тақырыбы

Дәрістің мазмұны

Көлемі (сағат)

1-ші тарау

1-ші тақырып

Кіріспе. «Экология және тұрақты даму» жеке ғылым ретігнде

Экология және тұрақты даму түсініктері қалыптасуының алғышарттары. Экология және тұрақты даму түсініктерінің даму тарнихы

2

2-ші тақырып

Экологияның бүгінгі құрылымы

Аутэкология, синэкология. Экологияның Реймерс жасақтаған құрылымы

2

2-ші тарау

3-ші тақырып

Биосфераның тұрақты дамуы

Табиғи жүйелердің шекаралары, құрамы және қасиеттері. Олардың тұрақтылығы

2

4-ші тақырып

Тірі зат

Тірі заттардың қасиеттері мен функциялары

2

5-ші тақырып

Заттардың табиғаттағы тұрақты айналымы

Геологиялық, биологиялық және антропогендік айналымдар

2

3-ші тарау

6-шы тақырып

Экологиялық терминдер

Экологиялық факторлар (абиотикалық, биотикалық, антропогендік), популяция, экологиялық даму

2

7-ші тақырып

Икемделу. Биоценоз, биотоп, биогеоценоз

Термин анықтамалары, олардың авторлары; биоценоздың, биотоптың және биогеоценоздың құрылымдары

2

8-ші тақырып

Экожүйе және оның тұрақтылығы

Экожүйенің құрылымы, түрлері, трофикалық деңгейлері

1

   

Барлығы

15


2.2. Семинарлық сабақтар

1-ші тақырып

ҚР-ның экологиялық заңнамалары

Экологиялық кодекс, 2007. ҚР-ның басты заңындағы тұрақты даму принциптері

2

2-ші тақырып

Тұрақты даму ауқымындағы Халықаралық экологиялық құқық

Монреаль (1987), Киота (1997) хаттамалары. ҚР бекіткен конвенциялар мен келісім-шарттар

2

3-ші тақырып

Атмосфераның жаһандық экологиялық проблемалары

Климаттың жылынуы. Озон тесіктері. Атмосферның тұрақты даму факторлшары

2

4-ші тақырып

Гидросфераның жаһандық экологиялық проблемалар

Тұщы су жетімсіздігі. Әлемдік мұхитты мұнаймен ластау. Сулық экологиялық жүйенің тұрақты даму факторлары

2

5-ші тақырып

Топырақтың жаһандық экологиялық проблемалар

Топырақтың шөлденуі. Топырақ эрозиясы. Топырақтық экологиялық жүйенің тұрақты даму факторлары

1

6-шы тақырып

Тұрақты дамудың экологиялық құқығы және саясаты

ҚР-ның экологиялық заңнамасы. ҚР-ның экологиялық саясаты. Тұрақты даму тұжырымдамасы.

2

7-ші тақырып

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА)

ҚР-ның қорықтары, олардың тұрақты джамуы. Еуропалық экономикалық комиссияның (БҰҰ-ның ҚОҚ бағытындағы ЕЭК-ның) қоршаған ортаны қорғау бағытындағы стратегиясы

2

8-ші тақырып

Қоршаған ортаны қорғау ауқымындағы жаһандық басымдылықтар

ЕЭК-сы ауқымында және Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша қоршаған ортаны қорғау бағытындағы стратегияны жүзеге асыру ауқымындағы Орталық Азия аймақтық орталығының іс-әрекеттері

2

   

Барлығы

15


 

2.3. Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін өзіндік жұмыстары (ОБСӨЖ)

 

Тақырып номері

ОБСӨЖ үшін дайындалған тақырып атаулары және олардың мазмұны

Өткізу формасы

Сағат саны

1

Қазақстан республикасының 2007-2014 жылдар аралығында тұрақты дамуға өту тұжырымдамасы. Астана, 2006.

Тұсау кесер

2

2

Қоршаған ортаны қорғауға арналған 1-ші және 2-ші Халықаралық конференциялар (Стокгольм, Рио-де-Жанейро)

Шағын топтармен жұмыс істеу

2

3

Еуропалық экономикалық комиссия (БҰҰ ЕЭК) стратегиясы

Сұлба

2

4

Қышқыл жауындар

Шағын тест

2

5

Фотохимиялық .....................

Тұсау кесер

 

6

Азия-Тынық мұхит аймағындағы (АТмА) үдерістер

Дөңгелек стол

2

7

Қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы

Хабарлама

2

8

Ноосфера, техносфера

Тест

2

9

Атмосфераның ластануы

Стенд

2

10

Гидросфераның ластануы. Арал проблемасы

Суреттер

2

11

Топырақтың ластануы

Эссе

2

12

ҚР-ның ұлттық саябақтары

Баяндама

2

13

ҚР-ның экологиялық апат заңы

Буклет

2

14

Каспий мен Балқаштың ластануы

Эссе

2

15

ҚР-ның қорықтары

Сұлба, буклет

2

   

Барлығы

30


 

2.4. Студенттердің өздігінен жұмысы (СӨЖ)

 

Рет саны

СӨЖ үшін дайындалған тақырып атаулары және олардың мазмұны

Бақылау формасы

Сағат саны

1

Еуропалық жоғары білім беру белдемі

Реферат

4

2

Болонский процесс

Реферат

4

3

ҚР-ның экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы. ҚР-ның Қызыл кітабы

Эссе

4

4

Тұрақты даму жайлы білім беру декадасы

Тұсау кесер

4

5

Семей полигонының проблемалары

Реферат

4

6

Тұрақты даму мақсатында  білім беру ауқымындағы субаймақтық үдерістер

Эссе

6

7

Антропогендік факторлар. Таза  және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тұрақты технологиялар

Буклет

4

   

Барлығы

30


  

 

«Экология және тұрақты даму» оқу пәнінің жоғарыда келтірілген мазмұнынан байқалғанындай, дәрістік және практикалық сабақтардың, сол сияқты студенттердің өздігінен жұмысының барлық тараулары да тұрақты даму идеясымен қаныққан. Мәселен, кіріспе дәрістен бастап-ақ біздер «экология» терминінің де, «тұрақты даму» терминінің де даму тарихын бір-бірімен тығыз және динамикалық  байланыста қарастыра бастаймыз. Пәннің екінші тарауында экологияның ең басты функциялық бірлігі болып табылатын «биосфера» түсінігі заттардың табиғаттағы тұрақты айналымын қамтамасыз ететін тұрақты тепе-теңдіктің сақталуы тұрғысынан қарастырылады.. Пәннің үшінші таауында негізгі экологиялық терминдермен қатар соңғы кездері өте жиі қолданыла бастаған жаңа термин болып табылатын «экологиялық даму» терминінің анықтамасы беріледі.

Семинарлық сабақтарда біздер халықаралық және қазақстандық экологиялық заңнамаларға айырықша көңіл бөлетіндігімізді атап көрсетуге тиістіміз. Бұл заңнамалар қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланысты реттеп отырады, сөйтіп тұрақты даму үдерісіне бірден бір жағдай жасайды. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің негізгі қағидаларымен және басымдылықтарымен қатар ҚР-ның тұрақты дамуының негізгі принциптері де жан-жақты қаралады. Әлемнің жаһандық және Қазақстан Республикасының аймақтық экологиялық проблемаларының қазіргі жағдайы, себептері, болмыс-бітімі мен механизмдері осы проблемаларды табысты шешуге бағытталған тұрақты альтернативтік және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз да таза технологиялар іздестіру арнасында қаралады.

Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін өзіндік жұмыстарының тақырыбы экологиялық мазмұндағы және тұрақты даму мәселесіне қатысты материалдармен танысуға негізделген. Мәселен, алғашқы үш тақырып негізгі тақырыптар болып табылады, себебі олар бүкіл әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге арналған экологиялық білім беру мәселесіне тікелей қатысты тақырыптар. Бұларда көрсетілген құжаттармен, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдар аралығында тұрақты дамуға өту тұжырымдамасымен», Еуропалық экономикалық комиссия (БҰҰ ЕЭК) стратегиясымен», сол сияқты «Қоршаған ортаны қорғауға арналған Бүкіләлемдік 1-ші және 2-ші конференция» (Стокгольм, Рио-де-Жанейро) материалдарымен танысу студенттерге тұрақты даму идеяларымен және принциптерімен жақынырақ танысуға, осы құжаттарға сәйкес  дұрыс шешімдер қабылдауға машықтануға мүмкіндік берді.

Ал студнттердің өздігінен жұмысына жоспарланған тақырыптар тізімі аудиториялық сабақтарға қосымша түрде беріле тұрса да, олар өздерінің маңыздылығы мен көкейтестілігі тұрғысынан аудиториялық сабақтардан тіпті де кем түспейді. Болон үдерісінің материалдарымен, Тұрақты дамуға қажетті білім беру мәселесіне қатысты декада материалдарымен, Тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ауқымыдағы субаймақтық үдерістермен, таза және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз де тұрақты технологиялармен танысу – міне, бұлардың барлығы да Әлемде, оның ішінде Азия-Тынық мұхит аймағында және Орталық Азияда тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен кеңінен танысу жолдары болып табылады.

Сонымен, біздің түсінігімізше, өзіміз дайындаған бағдарлама педагогикалық жоғары оқу орындары студенттеріне білім беру, оларды тәрбиелеу және жетілдіру бағытындағы міндеттерді мінсіз орындауға мүмкіндік береді, оларды қоршаған әлемге жанашырлықпен қарауға машықтандырады, сана-сезімдерінің құндылықтарға құрылуына септігін тигізеді, экологиялық іс-әрекеттерді бағдарлы түрде жүргізуге құлшындырады. Ұсынылып отырған бағдардаманың басты жаңалығы – оның ауқымында педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру ісі тұрақты даму үдерісімен ұштастырыла жүргізілетіндігінде. Бұл үдеріс бір сәттік қана іс-шара емес, ол үздіксіз жүргізуді (өзге курстарда өзге де арнаулы оқу пәндерін енгізу), білім беруді тұрақты дамыту жағдайындағы талап-тілектерге қол жеткізу існде мейілінше сергек болуды қажет етеді. Жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен жетілдіру шаралары арнаулы білім беру жүйесін құруды,  бұл жүйенің жаңа да прогрестік экоадамгершілік парадигма ауқымында жүзеге асырылуын қажет етеді. Аталған парадигма жалпылама және кәсіби білім берудің адамгершілік және әлеуметтік-табиғи компоненттері ұштастырыла берілген экологиялық білімге үлкен басымдылыұ беру идеясын дәріптейді (5-ші сурет).

Информация о работе Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру