Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 15:31, курсовая работа

Краткое описание

Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда кедейшілік шегі кез-келген мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін басты белгі болып табылады.

Содержание

кіріспе………………………..........……………………………………………….

1 экономикалық жүйедегі орнықты даму мен Кедейшілік мәселелері

1.1 Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің қажеттілігі мен алғышарттары..............................................................................................................5
1. 2 Өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері..............................................................................................8


2 Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейшіліктің қазіргі кездегі жағдайы

2.1 Қазақстанда өмір сүру сапасын арттыру өлшемдерін талдау және болжау.12
2.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшіліктің көрсеткіштерін талдау.........15
2.3 ОҚО кедейліктің және әлеуметтік қамтамасыздықтың негізгі көрсеткіштері.............................................................................................................26


3 Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу бағыттары...................................................................................................................33
3.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшілік деңгейін төмендету жолдары.36


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................41

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................44

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ЖҮЙЕДЕГІ-ОРНЫҚТЫ-ДАМУ-МЕН-КЕДЕЙШІЛІК-МӘСЕЛЕЛЕРІ.doc

— 581.50 Кб (Скачать файл)

Республика бойынша жұмыссыздық деңгейі 7,8 %-ды құрады (2005 жылы – 8,1 %).

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша елімізде 2006 жылы 259 мың жұмыс орны, оның ішінде ауылдық жерлерде – 118,5 мың жұмыс орны құрылған (2005 жылы 242,8 мың жұмыс орны, оның ішінде ауылдық жерлерде – 119,3 мың жұмыс орны). (7-слайд)

Жұмыссыздарды оқыту және қайта даярлау, олар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді шешу қамтамасыз етілді. Шетелдік жұмыс күшін тарту Ішкі еңбек рыногын қорғау жөнінде шаралар қабылданды. Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартатын 1,7 мың кәсіпорын бар, оларда 2006 жылы 277,7 мың қызметкер еңбек етсе, олардың 12 % шетелдіктер де 88 % қазақстандық азаматтар (244,5 мың адам). (8-слайд) Еңбекақы төлеу және еңбекті нормалау мәселелері Халық табысының одан әрі өсуін қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. Бір қызметкердің 2006 жылғы қаңтар-қазан айларындағы атаулы жалақысы 39312 теңгені құрады және өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20,7 %-ға өсті. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы 9200 теңге мөлшерінде белгіленді.

Тұтастай алғанда, Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауы мен Үкіметтің 2006 жылға көзделген Бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар толық көлемінде орындалды.

Өткен жылы әлеуметтік және еңбек нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдарды, халықаралық институттарды, ғылым өкілдері мен депутаттарды тарта отырып 20-дан астам конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілді.

Сонымен қатар шешімін күтіп тұрған проблемаларға да тоқталғым келеді.  

Балалы отбасыларын қолдау саласында: *«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленеді. Аталған заңның аясында атаулы әлеуметтік көмекті оған іс жүзінде мұқтаж азаматтарға ғана көрсету жағдайлары нақтыланады.

Мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау саласында:

«Әлеуметтік қызмет түрлері туралы» заң жобасы әзірленеді. Ол көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтуге, бұл қызмет түрлерінің қол жетімді болуын қамтамасыз етуге және олардың сапасын арттыруға, кепілді және қосымша әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету тәртібін анықтауға, сондай-ақ әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетуге жеке сектор субъектілерін тартуға бағытталатын болады.

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердің және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін лицензиялауды енгізу жоспарлануда.  

Жұмыспен қамту саласында:

Бизнестің жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына арналған жұмыс орындарын құруға қатысуын кеңейту, сондай-ақ мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету қажет.

Жұмыссыз жастармен және әйелдермен, сондай-ақ өзін өзі жұмыспен қамтыған халықпен жұмыс жүргізудің тәсілдері мен нысандарын қайта қарау қажет.

Еңбек рыногын қорғауға және республикаға негізінен жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға бағытталған механизмдерді қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.

Еңбек қатынастары саласында:

  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде еңбек қатынастарын реттеудің жаңа үлгілеріне көшуді жүзеге асыру қажет.
  • Халықаралық еңбек ұйымымен және Қазақстан Республикасының әлеуметтік әріптестерімен бірлесіп қабылдаған 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы лайықты еңбек Ұлттық бағдарламасын іске асыру, оның басты міндеті – лайықты еңбекке заңды қолдау көрсету мен Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.
  • еңбек және еңбекті қорғаудың көкейкесті проблемалары жөнінде, оның ішінде бірінші кезекте кәсіптік қатер деңгейі жоғары өнеркәсіп салаларында – көмір және тау-кен өнеркәсібінде, құрылыста және агроөнеркәсіп кешенінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
  • республика ұйымдарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатымен еңбекті қорғауды басқару жүйесі жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары жалғасатын болады.
  • Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасады.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

   Зерделенген материалдар, жүргiзiлген  талдау мен зерттеу нәтижесiнде  келесiдей қорытындылар жасауға  болады:

     2006 – 2008 жылдары кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат еңбек рыногында белсенді саясатты жүзеге асыру арқылы кедейшілікті азайту және тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс күшінің сапасын арттыру болып табылады.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы    № 68 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру 902,1 мың жаңа жұмыс орнын құру, 403,1 мың адамды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, 333,5 мың адам үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру,  70,8 мың жұмыссызды кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберу есебінен еңбек рыногындағы шиеленiсті төмендетуге мүмкiндiк бередi.

     Бағдарламада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін өсіруді ынталандыруға, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, халықтың жұмыспен қамтылуы саясатын ақпараттық қолдауға, жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру көзделеді.  

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы         № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемдері жетілдіріледі, әлеуметтік көмектің әрқилы түрлерін (тұрғын үй көмегін, атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейiнгі балалар жәрдемақысын) алуға үміткер тұлғалар үшін жиынтық кірісті есептеудің бірыңғай әдістемесі әзірленеді.

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2006 жылғы 1 шілдеден бастап бір жасқа дейінгі сәбиді күту жөніндегі мемлекеттiк жәрдемақылар енгiзіледі.

      2006 жылғы 1 қаңтардан бастап аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейiнгi балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төленеді, төрт және одан да көп бiрге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" белгiлерiмен марапатталған немесе бұрын I және II дәрежелi "Ана даңқы" атағын алған аналарға берілетін арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар мөлшерi көбейтiледі.   

 Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың орта мерзімді кезеңге арналған негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы      30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) айқындалған.

Бағдарлама шеңберінде мынадай міндеттерді шешу:      

республикалық бюджет қаражатынан (жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты) төленетін жәрдемақылар мөлшерін есептеу әдістемесін біртіндеп өзгерту жолымен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің базалық деңгейін қалыптастыру;       

ең төменгі күнкөріске қатысты базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін айқындау;      

 тұтыну бағаларының өсуін ескере отырып, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар мөлшерін одан әрі жоғарылату;        

 негiзгi әлеуметтiк тәуекелдердi (қарттықтың басталуы, еңбек қабілетінен  айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан  айырылу) әлеуметтiк сақтандыруды  дамыту;        

 жинақтаушы зейнетақы жүйесінің  төлемдерін оңтайландыру (Зейнетақы  төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық арқылы) көзделуде.        

 Мемлекеттік базалық зейнетақы  төлемін біртіндеп ұлғайту көзделіп  отыр. Перспективада базалық зейнетақы  мөлшерін ең төменгі күнкөрістің 75 %-ын құрайтын деңгейге дейін ұлғайту жоспарлануда.

      2006 жылы барлық санаттағы мүгедектерге және жасына байланысты жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік арнаулы жардемақы алушыларға төленетін мемлекеттік арнаулы жардемақылар ұлғайтылатын болады.         

Ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру саласындағы мақсат орта мерзiмдi перспективада халықтың табысын одан әрi арттыру болып табылады. 
      Кiрiстердi арттыру 2007 - 2009 жылдары жалақының ең төменгi мөлшерiн арттыру саясатын сақтауға ықпал етедi. Оның деңгейi қызметкерге тұтыну бюджетiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз етiп және экономиканың формалды секторында жұмыспен қамтылуын ынталандыра отырып, ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң, ең төменгi зейнетақы мөлшерiнiң өсуiн басып озатын болады.

 Қарапайым бiлiксiз еңбекпен  айналысатын жұмыскерлер үшiн  жалақының ең төменгi мөлшерi белгiленетiн  болады.

2007 жылы Қазақстан Республикасы  Президентiнiң Жолдауына сәйкес  бюджет саласы қызметкерлерiнiң  жалақысы орта есеппен 30 %-ға сараланған  ұлғайтылатын болады.

 Жалақыны оңтайлы сараландыру  және қызметкерлер бiлiктiлiгiнiң  өсуiн ынталандыру мақсатында  Лауазымдар тiзiлiмi мен бюджеттен  қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерiне  еңбекақы төлеу коэффициенттерi торын жетiлдiру алда тұр.

Бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеу жүйесi өнiмдi еңбек пен жұмыс сапасы өлшемдерiне негiзделуi тиiс. Шығармашылық пен инновациялық ұстанымдар, әрбiр қызметкердiң ұйым жұмысының тиiмдiлiгiне қосатын үлесi көтермеленетiн болады.

Өнiмдiлiгi жоғары еңбекке деген ынтаны арттыру ең алдымен, еңбектi нормалауды ұйымдастыруын жетiлдiрудi талап етедi. Техникалық (ғылыми) негiзделген еңбек нормаларын әзiрлеу және енгiзу, оларды техниканың, технологиялардың, ұйымдарда еңбек өндiрiсiн ұйымдастыруға қол жеткiзiлген деңгейiне сәйкес ауыстыру және қайта қарау жалақы деңгейiнiң еңбек сипаты мен оның нәтижелерiне тiкелей байланыстылығын белгiлеу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы «22» қарашадағы № 257-Ө бұйрығына қосымша
  2. Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңы (2006.05.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  3. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жыләы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 9 маусым N 836
  4. Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
  5. Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналѓан баѓдарламаны бекіту туралы
  6. Ќазаќстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналѓан бағдарламаны бекіту туралы
  7. Есентугелов А. Трансформация экономики Казахстана: рыночная экономика, реформы, экономическая политика. Алматы РГП «Институт экономических исследований», Минэкономики и торговли РК, Т2, 438с.
  8. Экономика регионов Казахстана в условиях формирования рыночных отношений: проблемы и пути решения. Исаева М.Г., Нурланова Н.К. Алматы, 1994.
  9. Социально-экономическое     развитие     Южно-Казахстанской     области     за     2005-2006    годы.
  10. ОҚО Статистикалық анықтамалығы, Шымкент, 2007 ж.
  11. Реалии социально-экономичсского развития Казахстана. Сборник научных трудов. Под ред. О.А. Яновская. А., 2007 ж.
  12. Оңтүстік Қазақстан облысының 2003-2007 ж.ж. арналған даму бағдарламасы
  13. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің  2003-2007 ж.ж. арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралары
  14. Оңтүстік Қазақстан облысының  2003-2007 ж.ж. арналған өнеркәсіп бағдарламасы
  15. ж арналған бюджеттік бағдарламалар
  16. 2003-2007 ж.ж. арналған энергитикалық кешенді дамытудың аймақтық бағдарламасы
  17. .Социально-экономическое     рачвитие     Южно-Казахстанской   области     за    2005-2006   годы. Статистический сборник ЮКО, Шымкент,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары