Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 10:57, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың міндеттері:
экологиялық қылмыстардың түсінігін ашу;
экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздерін сипаттау;
заңсыз аңшылық қылмыстардың субъектісі мен субъективтік жағын ашу;
заңсыз аңшылық экологиялық қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын ашу.

Содержание

Кіріспе 3
1. Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері 4
1.1 Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі 4
1.2 Экологиялық қылмыстардың жекелеген түрлерінің қылмыс құрамдарын саралау 9
1.3 Экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздері 16
2 Заңсыз аңшылық қылмысының қылмыстық құқықтық сипаттамасы 23
2.1 Заңсыз аңшылық қылмысының субъектісі мен субъективтік жағы 23
2.2 Заңсыз аңшылық қылмысының обектісі мен обективтік жағы 25
2.3 Соттардың заңсыз аңшылық қылмыстары үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы негіздері 27
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер 33

Вложенные файлы: 1 файл

kurstyk_zhumys.docx

— 74.71 Кб (Скачать файл)

       Қоршаған ортаның  елеулі өзгерулерін, қалпына келтіру  ұзақ уақытты не елеулі материалдық  шығындарды қажет ететін табиғи  объектілердің жойылуын немесе  олардың жағдайының нашарлауын, сондай-ақ табиғи ресурстарды  пайдалануға кедергі келтіретін  жағдайдың туындауын, шаруашылық  және өзге де қызмет процесінде (ҚК-нің 277, 280, 294-баптары) қойылатын экологиялық  талаптардың бұзылуымен байланысты  өзге де жағдайларды ауыр салдар  деп түсінген жөн.

      Заң бұзушы келтірген  экологиялық зиян әдейі немесе  абайсызда жасалған әрекеттің (әрекетсіздіктің) нәтижесінде келтірілген зиян  екендігіне қарамастан, Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодексінің  нормаларына, «Қоршаған ортаны қорғау  туралы» Заңның 86-бабына, «Жануарлар  дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану  жөнінде заңнаманы бұзумен келтірілген  зиян мөлшерінің орнын толтыруды  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі  №1140  қаулысына және «Қоршаған  ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың  бұзылу нәтижесінде келтірілген  зиянның орнын толтырудың жеке  мәселелерін бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі №1186  қаулысына  сәйкес және зиян келтірілген  сәттегі қолданыстағы нормативтік  құқықтық актілерде көрсетілген  шығынның көлемін есептеу әдісі  мен такса негізінде, ал олар  болмаған жағдайда – келтірілген  зиян қоршаған ортаның бұзылған  жағдайын қалпына келтіруге жұмсалған  нақты шығын бойынша  есептеледі  және кінәлі адамның оның орнын  толық көлемде толтыруына жатады.

       Қоршаған ортаны  қорғау жөнінде заңнаманы бұзу  нәтижесінде  денсаулыққа немесе  мүлікке келтірілген зиян жәбірленушінің  еңбек қабілеттілігінің жойылу  дәрежесі, оның денсаулығын қалпына  келтіруге және емделуге жұмсалатын шығын, ауруды күту үшін жұмсалатын  шығын, өзге де шығыстар мен шығындар  ескеріле отырып толық көлемде өтелуге жатады. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау тиісті дәрігерлік комиссия (сараптама) қорытындысының негізінде жүргізіледі.

      Экологиялық қылмыстармен келтірілген шығынның орнын толтыру сомасы мемлекет кірісіне, ал зиян тікелей жеке не заңды тұлғаға келтірілген жағдайда – олардың пайдасына өндірілетінін соттардың назарда ұстауы қажет.

     Заңсыз олжаланған өнімдер (аңдар, құстар, балықтар, ағаштар, бағалы аң терілері және жануарлар дүниесінің басқа да өнімдері) алынуға жатады. Алып қою мүмкін болмаған жағдайда (құқық бұзушы пайдаланып қойған немесе сатып жіберген, жарамсыз болып қалған  және т.б.)  оның құны жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлем ставкалары бойынша жауапкерден өндірілуге тиіс. Экологиялық қылмыс жасау нәтижесінде олжаланған өнімді сатудан түскен сома шығынды өтеу есебіне жатқызылмайды, ол қылмыстық жолмен олжаланған мүлік ретінде құқық бұзушыдан өндіріледі не мемлекет кірісіне алынады.

       Заңсыз жолмен  дайындалған сүректер немесе  орман пайдалану өнімдерінің  басқа да түрлері (шайыр, сүрек  шырындары, екінші дәрежелі сүрек  ресурстары) алуға және мемлекеттік  мекеменің не тергеу орны немесе  соттың істі қарау орны бойынша  әрекет ететін заңды тұлғаның  мәртебесі бар ерекше қорғалатын  табиғат аумағы мекемесінің балансына  берілуге жатады.

      Аңдарды ату, балық  аулау, ағаштарды кесу және т.б. үшін қолданылған көлік құралдары, заттар мен қондырғылар, қарулар, көмекші құралдар, сондай-ақ осы  кезде пайдаланылған көлік және  жүзу құралдары заттай дәлелдемелер  ретінде танылуға тиіс және  қылмыс құралы ретінде ҚР ҚІЖК-нің 121-бабына сәйкес мемлекет кірісіне  тәркіленуге жатады немесе тиісті  мекемелердегі белгілі бір адамдарға  беріледі, ал олар жарамсыз болған  жағдайда – жойылуға жатады.

     Өзінің қызмет  бабын  пайдалана отырып қоршаған ортаны  қорғау жөніндегі заңнаманы бұзғаны  үшін сотталған адамдарға қатысты  істерді қарау кезінде оларды  белгілі бір қызметті атқару  немесе белгілі бір қызмет  түрімен айналысу құқығынан айыру  туралы мәселені ҚК-нің 41-бабына  сәйкес талқылауы қажет.

      Қылмыстық-жазаланатын  әрекеттерді әкімшілік теріс  қылықтан ажырату мақсатында  экологиялық құқық бұзушылық  құрамын сипаттайтын барлық мән-жайларды  анықтауға, атап айтқанда, оның жасалу  әдісіне, құқыққа қайшы жасалған  әрекеттің салдарларына, келтірілген  зиянның немесе шыққан шығынның  мөлшеріне, өзге де мән-жайларға, егер кінәлі адамның әрекеті  бір мезгілде қылмыстық, сондай-ақ  әкімшілік заңдардың күшін қолдануға  жататындығын ескере отырып Қазақстан  Республикасы ҚІЖК-нің 19-бабының  үшінші бөлігіне сәйкес қылмыс  ретінде қарастырыла алмайтынына  ерекше назар аударған жөн.

       Соттар қылмыстық  істерді қарау кезінде қоршаған  ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың  бұзылуына әсер ететін себептер  мен жағдайларына байланысты мән-жайларды мұқият зерттеп, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің қызметіндегі нақты кемшіліктер мен қателіктерді, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы бұзған жекелеген лауазымды тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерінің фактілерін анықтап, қажет болған жағдайларда жеке қаулы шығаруға тиіс.

 

 

Қорытынды

 

 

Айналадағы табиғи ортаны қорғау - ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау және қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді.

Курстық жұмысты қорыта келе, мынадай қорытынды жасауға болады, қылмыстың объектісі – жануарлар дүниесін қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты табиғи бостандық жағдайында мекендейтін жануарлар дүниесі болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан заңсыз аңшылық әрекетін жасау арқылы көрініс табады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады.

Қылмыс субъектісі 16-ға толған адам.

Заңсыз аңшылық, әрекет: механикалық көлiк құралын немесе әуе көлiгiн, жарылғыш заттарды, газдарды және жануарларды жаппай қырып-жоюдың өзге әдiстерiн қолданып,      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып әлденеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ірi зиян келтiрiп не ұйымдасқан топ жасаған әрекет – сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз есе асып түсетiн және одан да көп залал iрi көлемдегi залал деп танылады. Қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен елу мың есе асып түсетін және одан да көп залал аса ірі залал деп танылады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет

 

1. Кузнецова Н.Ф., Тяжкова  И.А.Уголовное право.Общая часть. Москва, 1998.

2. Ағыбаев Н.А. ҚР Қылмыстық  құқық Жалпы бөлім.Жеті Жарғы.2001

3. Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона преступления  и ее установление. Воронеж, 1974.100 б.

4.Таганцев Н.С. Русское  уголовное право. Лекции. Часть общая, 1994. С. 51б.

5. Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сотының қаулысы. 22.12.00. И 16

6. Вестник Қайнар 2002, И 1.

7. Молдабаев С.С. Проблемы  субъекта преступления в уголовном  праве Алматы, 1999. С. 28б.

8. Жевлаков Э.Н. Общие вопросы  квалификации преступлений в  области охраны окружающей среды. Москва, 1986. С. 71б.

9. Экологические преступления: квалификация и методика расследования. Харьков, 1994. С. 63б.

10. Тяжкова И. Экологические  преступления в новом УК РФ // Вестник МГУ.Сер.право 1998.46б. И 3

11. Эффективность юридической  ответственности в охране окружающей  среды. М.Наука, 1995.

12. Ерофеев Б.В.Экологические  преступления.Москва, 1999.

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері