Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:58, курсовая работа
Американың белгілі қоғам қайраткері Бенджамин Франклин былай деген екен: “Болашаққа көз таста, әйтпесе артта қалып қаласын”. Менің бұндағы айтайын дегенім жоспарлау туралы. Себебі, жоспарлау кез-келген кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізі болып табылады. Онсыз ешбір фирма нарық жағдайында өмір сүре алмайды.
Кіріспе......................................................................................................................3
I. БИЗНЕС –ЖОСПАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ.
1.1 Бизнес – жоспар құру мақсаттары және атқаратын қызметтері.................4
1.2 Бизнес – жоспар құрылымы...........................................................................8
II. «КРОН» ААҚ – Ң БИЗНЕС ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ
2.1 «КРОН» ААҚ – на жалпы сипаттама............................................................14
2.2 Өнім сипаттамасы, нарықты талдау мен бәсекелестер, өндірістік жоспар және инвестицияға деген қажеттілікті талдау......................................16
2.3 Персонал, меркетинг жоспары; потенциялды тәуекелдер және қаржылық жоспарын талдау ..............................................................................18
III. Кәсіпорынның бизнес – жоспарын жетілдіру жолдары...........................20
Қорытынды............................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................23
Қосымша.................................................................................................................24
Өткізу
стратегиясы мыналарды
Қызмет көрсету саясаты сатылымға дейінгі және сатылымнан кейінгі қызметті қарастырады.
Сатылымға дейінгі қызмет өнімді жетілдіру мақсатымен тұтынушылардың талаптарын зерттеуге, талдауға бағытталады.
Сатылымнан
кейінгі қызмет кепілдік
бойынша жұмыстардың
«КРОН» ААҚ-ның потенциялды тәуекелдерді – өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ойластырылмаған жағдайлармен байланысты тәуекелдер болып келеді. Бұл тәуекелдерге түсініктеме бизнес – жоспар құрылымы бөлімінде айтылған.
Қаржылық жоспарды құрудағы негізгі мақсат – ұсынылып отырған электірлік техникалардың өндірістік тиімділігін анықтау болып табылады. Кіріс пен шығыс және таза пайданы есептеу жоспары 10 кестеде көрсетілген.
Инвестиция басталған уақыттан бастап I тоқсан ішінде электрлік техника өндірісі шығынды болып келеді. II тоқсаннан бастап, сатылған өнім көлемінен 19 % түрінде пайда табу жоспарланған. Бұл есептеуде салық есептелген.
Жобаның өзін оқтау мерзімі инвестиция басталғаннан кейін несие ставкасы 11,7 % болғанда 5,5 айды құрайды.
III. Кәсіпорынның бизнес – жоспарын жетілдіру жолдары.
Инкубатор деп шағын кәсіпорынның бастапқы даму сатысындағы ұйымдастырушылық көмектің ең тиімді формасын айтады. Яғни, инкубаторлардың анықтамасының негізгі – кәсіпкерлікті жүзеге асырудағы көмек болып табылады. Шағын фирмаларды барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету идеясы «Инкубаторлық» бағдарламаларды ұйымдастыруда өз орнын тапты.
«Инкубаторлардың» негізгі мақсаты шағын кәсіпкерлікті бастапқы және бастапқыға дейінгі көмекпен қамтамасыз ету, сонымен қатар өз ісін ашқысы келетін, алайда мүмкіншілігі жоқ кәсіпкерлерге қол ұшын беру болып табылады.
Бизнес – инкубатор осындай көмектің бір формасы ретінде жаңа фирмалардың дамуын жеңілдетеді . Әр түрлі шетілдік әдебиеттерінде инкубатор түрліше атқа ие. Мәселен «инновациялық орталық» , «кәсіпкерлік орталық» , «технологиялық бизнес – орталық» . Алайда, бизнес – инкубаторлардың өзіне тән ерекшелігі – ол нақты тауарларды емес, тәуелсіз шаруашылық етуші субъектілерді дамытумен айналасыда.
Алғашқы инкубаторлар 70 жылдардың аяғы, 80 жылдардың басында пайда болды және екі стратегиялық бағытты ұстанды. Бірінші бағыт ескі немесе бос ғимараттарды қайта жөндеуден өткізіп, оларды жалға берді. Яғни, бұл бағыт қайта құрылып жатқан фирмаларды ғимаратпен қамтамасыз етті. Екінші бағыт та фирмаларды ғимаратпен қамтамасыз етті, алайда бұл бағыттың негізгі мақсаты фирмаларға әр түрлі қызмет түрлерін көрсету болып табылады. Дамыған капиталистік елдерде бизнес – инкубаторларды құруда және оның қызмет етуінде екінші стратегиялық бағытты қлданда. Олар жергілікті басқару органдарымен, өнеркәсіптік корпорациялармен, университеттермен, басқа да білім мекемелерімен ұйымдастырылады және қаржыландырылады. Яғни, қарап отырсақ, бизнес – инкубаторларды тек қаржысы мол құрылымдар ғана құра алады.
Бизнес – инкубаторлардың тқрт түрін бөліп көрсетуге болады:
Олар қаржыландыру көздері бойынша және құрылу мақсаты бойынша бір – бірінен ерекшеленеді. Бұл жағдай 11 кестеде көрсетілген.
Клиент
фирмалардың бизнес –
Бірінші этап – жаңа клиентті үміткерлер ішінен таңдау болып табылады. Таңдау критериі – идеяның жаңышылдығы мен оны жүзеге асырудағы нақтылық. Егер үміткер преспективті болса, ғимаратты жалға беру туралы келісімшартқа қол қойылады. Бұл келісімшарт екі жақтың ай сайынғы куәландыруын қажет етеді және кез-келген уақытта екі жақтың бірімен бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда клиент бір ай ішінде жалға алған ғимаратын босатуы қажет.
Екінші этап – клиенттің технопарк жағдайында бір жыл жұмыс істеуі. Клиент қаржылық, техникалық және басқа да көмектерді жеңілдетілген түрде алады. Технопарктік құрылымдар шағын фирмалардың іс–әрекеттерінің ұйымдастырушылық – экономикалық аспектілері бойынша, яғни бухгалтерлік есепті жүргізу, салық, заңмен байланысты мәселелер, мүмкін болатын үкіметтік бағдарламаларды қолдану жөнінде жоғары дәрежелі кеңестер береді. Қазіргі кезде инкубаторлардың ұсынатын қызмет түрлерінің аясы кеңейді. Әсіресе, ақпараттық және коммуникативтік қызмет саласында (ақпараттық желілерді қолдану, байланыстың спутникті және басқа түрлерін қолдану көрініс тапты)
Үшінші этап (2-3 жыл) – фирманың фирманың аяғына нық тұрып дамуы, қызметкерлер санының артуы. Яғни, фирма өз жұмысын бастағанда оның құрамында бір-екі адам ғана болады, ал фирма табысты іс-әрекет етсе, қызметкерлер саны беске дейін, тіпті он-жиырмаға дейін артады. Клиент неғұрлым аяғына нық тұрса, соғұрлым технопарк өз көмегін азайтады. Яғни, ғимараттарды жалға беру сол региондағы баға деңгейіне жетеді, қызмет көрсетулерде өсе бастайды. Сол арқылы клиенттің ендігі іс–әрекеті нақты өмірге аяқ басады.
Төртінші этап – фирмалардың бизнес – инкубаторлардан шығуы. Бизнес–инкубатор әкімшілігі «жетілген» клиентке жаңа ғимарат іздеуге көмектеседі.
Бизнес –инкубаторлар іс–
Инкубатордың коммерциялық кәсіпорын ретінде табатын пайдасының үш негізгі көзі бар:
– клиенттердің ғимаратты жалға алғандығы үшін төлейтін ақшасы;
– әр түрлі қызмет түрлерін сату (ғимаратты тазалаудан кеңес беруге дейін);
– инкубаторға кірген фирмалардың табысына қатысуы;
Бірінші екеуі негізгі пайда көзі болып табылмайды. Себебі, ғимарат пен қызметтер жеңілдік жағдайында ұсынылады.
Бизнес – инкубаторды құруды ұйымдастыруда және оның іс-әрекетін қаржыландыруда жергілікті басқару органдары елеулі роль атқаруы керек. АҚШ-та жергілікті басқару органдары регионалды Венчурлік қорларын деңгейінде қаржыны шоғырландырады. Олардың кейбірі шағын инновациялық бизнесті қаржыландырса, басқалары – инкубаторлық бағдарламаларды ұйымдастыруға субсидиялар береді.
Инновациялық – бизнес инкубаторлардың құрылуы және тек олардың ұйымдастырушылық – құқықтық және қаржылық – экономикалық демеу жүйесі бар болғанда ғана жүзеге асады. Инновациялық институтардың кез-клген түріне мемлекет, арнайы қоғамдық қорлар және белгілі–бір өндіріс саласында көшбасшы қатарында жүретін ірі корпорациялар қол ұшын береді.
Яғни, жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды – бизнес инкубаторлар кәсіпкерліктің аяғына нық тұрып, дамуын қамтамасыз етеді. Ал бизнес инкубаторларға кіру үшін фирманың болашағы бар екендігін дәлелдейтін бизнес – жоспар қажет. Бизнес – жоспардың тиімділігін бағалау бизнес – инкубаторлар үлесіне тиеді. Ал бизнес – инкубаторлардың тұрақты түрде жұмыс істеуі – оның қаржыландыру көздеріне байланысты.
Бизнес – жоспардың мәнін, нарықтағы қажеттілігін және атқаратын қызметтерін талдап шығып, оның фирма ішілік жоспарлаудағы маңызды құжат екеніне, басқарудың тиімді құралы болып табылатындығына, ағымдағы жағдайды бақылауға және керекті инвестицияларды тартуға өз септігін тигізетініне көз жеткізуге болады.
Нарықтағы болып тұратын өзгерістер кез келген фирма, кәсіпорын үшін өміршеңдігін дәлелдейтін сәт болып табылады. Сол өзгерістерге оңай бейімделуде, фирманың бәсекеге қабілетті екендігін дәлелдеуде бизнес – жоспар өте маңызды болып келеді. Сондықтан бизнес – жоспарды терең түсініп, оны дұрыс құра білу нарық жағдайында кез келген кәсіпорындар, бизнеспен айналысатын ұйымдар үшін шаруашылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырудың негізі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Алексеева М.М.
Фирманың іс-әрекетін жоспарлау:
Оқу-әдістемелік құрал. – М.
2. Іскерлік жоспарлау (Әдістер. Ұйым. Қазіргі заманғы практика): Оқу құралы / В. М. Попова редакциясы бойынша, Москва. Қаржы және статистика, 1997жыл , 368 бет.
3.Любанова Т.П., Мясоедова Л.В., Грамотенка Т.А., Олейнекова Ю.А. Бизнес – жоспар, Оқу-практикалық құрал. Москва «Приор» баспасы, 1998 ж. 96 бет.
4. Стратегиялық жоспарлау / Уткин Э.А. редакциясы бойынша. Москва «Тандем» авторлар мен басып шығарушылар ассоцияциясы. «Экмос» баспасы, 1998 ж 440 бет.
5. Уткин Э.А. Кочетова А.И. Бизнес – жоспар. Өз ісіңді қалай ашуға болады. Москва. «Акалис» 1996ж 175 бет.
6. Э.А. Уткин «Менеджер – мамандығы», Москва. «Экономика», 1992ж, 181 бет.
7. Фатхутдинов Р.А. Өндірістік менеджмент. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Москва. Банктер және биржалар, ЮНИТА, 1997 ж. 447бет.
8. Қаржылық менеджмент:
Жоғарғы оқу орындарына
9. В.А. Трубицын «Табыс және бизнес-жоспар», Ставрополь, 1997ж. 175 бет.
Қосымша
Нарық және бәсекелестік.
Өнім атауы |
Нарық сегменті |
Бәсекелес |
Нарық көлемі |
Нарық сыйымдылығы |
Бәсекеге қабілеттілік факторлар |
Нарықтың қызықтырушылық деңгейі |
Төлем қабілеті бар сұраныс |
Өндірістік кооперация |
Нарық болжамы | ||
Өнім бойынша |
Тұтынушылар бойынша |
Мың дана |
Үлес % |
Нарық сегменті бойынша сатылымдар көлемінің болжамы.
Тұтынушылар бойынша нарық сегменті |
Өлшем бірлігі |
200...ж |
200...ж |
200...ж | ||||
I тоқсан |
II тоқсан |
III тоқсан |
IV тоқсан |
I тоқсан |
II тоқсан | |||
А өнімі |
||||||||
тұтынушы x |
||||||||
Тұтынушы y |
||||||||
т.с.с. |
||||||||
Барлығы |
||||||||
В өнімі |
||||||||
Тұтынушы z |
||||||||
т.с.с. |
||||||||
Барлығы |
||||||||
т.с.с. |
Информация о работе Бизнес-жоспардың мәні және нарықтағы қажеттілігі