Еңбек нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 13:59, реферат

Краткое описание

Еңбек нарығының пайда болуы жұмыскердің еркіндігімен, өз еңбегін пайдалануда өндірушіге берілген еркіндікпен анықталады. Феодалдық крепостнойлық қоғамда еңбек нарығы жалдамалы жұмыскерлердің саны көп болмағандықтан тек қана негізі қаланған. Дегенмен, «еңбек» түсінігі игілік көзі ретінде Ульям Петидің (1623-1686) еңбектеріне орай он жетінші ғасырда танымал болған. Ол өз еңбегінде «еңбек бұл байлықтың әкесі мен белсенді принциптері, ал жер - оның шешесі» деп атап кеткен. «Физиократизм» деп аталып кеткен еңбек теориясын дамыта отырып, Франсуа Кене және бірқатар зерттеушілер байлықтың көзі тек қана еңбек емес, осы еңбекті өнімге айналдыру процессінде өндірілген өнімнің тұтынылған өнімнен басымдығын қамтамасыз ететін өнімді еңбек екендігін айқындаған.

Содержание

1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету еркешеліктері
1.2 Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара әрекетті
1.3 Еңбек нарығының қазіргі түрлері, үлгілері және ұйымдастырудың
шетелдік тәжірибесі

Вложенные файлы: 1 файл

енбек нарыгы.docx

— 62.43 Кб (Скачать файл)

Экономикада тұрақты түрде  үнемі экономикалық өсім бола бермейді. Кейде экономикалық тұрақсыздық, яғни жумыссыздық, инфляция, өндіріс деңгейінің төмендеуі, бағаның өсуі орын алады. Еңбек нарығында жұмыссыздық  айқын білінеді.

Жұмыссыздық - қоғамдағы  аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Егер жұмыс күшінің ұсынысы  сұраныстан көп болса, онда жұмыссыздық  көбейеді деген ұғым бар. Жұмыссыздық  нарықтық экономикаға тән құбылыс  болып табылады. Бірақ оның әр елдің  ішкі жағдайына байланысты белгілі  бір шамасы болады. Егер жұмыссыздар  сол шамадан асып кетсе, онда нарықтық экономикаға зардабын тигізеді, ал кажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Нарық экономикасы сөзсіз жұмыссыздыққа алып келеді. Себебі нарық экономикасына жұмысқа  қабілеті бар қызметкерлер ғана қажет.

Халықты жұмыспен қамту өте  өткір проблеманың бірі болып  отыр. Оның түп негізі елімізде жаңа жұмыс орындарын кұрудың экономикалық және құқықтық тетіктері әлі толыққанды жазылып, жасалмағанында жатыр. Өйткені  жұмыспен қамту туралы заң өкіметті қанағаттандырмайды. Сондықтан жаңа заң кабылдау күн тәртібінде тұруға тиісті.

Қазақстанда еңбек нарығы енді қалыптасып келеді, сондай-ақ онда көптеген құрамдасы жоқ. Ол өзіне  жұмыс күші қозғалысын бақылау қызметін жүктейді. Халықтың жұмыспен қамтуды  өсірудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру  қажет.

Дамыған елдерде соңғы 20-25 ж. ішінде жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай  өсіп отыр (8-12%), бұл өз кезегінде  біліктілігі жоқ жұмысшылардың  жұмысқа орналасу мүмкіндігін  төмендетеді  және біліктілігі жоқ мамандар арасындағы төлемақының көлемі төмендейді.

Көптеген дамушы және дамыған  елдердегі тәжірибе кейнсиандық  теорияның нәтижесін мойындатады, яғни теория бойынша капитализм тұсында  толық жұмыспен қамтуға кепілдік беретін тетігі жоқ екенін дәлелдейді. Бірақ жұмыс орынның аса көп  болуына ұмтылу кез-келген елдің  жұмысбастылықты реттеудің негізгі  саясаты болып табылады. Мысалға: Швеция үкіметі жұмыссыздық мәселесін  шешу үшін басым секторларды несиелендіру туралы  белсенді өнеркәсіптік саясатын жургізеді. Ал, Корей Республикасы, Гонконг және Тайвань тәжірибелері үздіксіз өсу нәтижесінде жұмысбастылықты (2-6%) артыруға, жылына жұмыссыздықты (2,5%-ға дейін) төмендету, еңбек өнімділігін  артыру мен еңбекақыны өсіруге болатындығын көрсетеді. Мұндай өсу шағын шаруашылық өнеркәсібіне негізделіп, ол экспортқа  бағытталады.

Бұрынғы өндірісті реттеу жүйесінен бас тарту жұмысбастылықтың құрылымын қайта құруына жол  береді. Егер жиырмасыншы ғасырдың  90-шы жылдың басына дейін республикадағы жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі ірі өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдарға шоғырланса, одан кейін  мемлекеттік меншіктің азаюына және жеке кәсіпорынлардың пайда болуына байланысты еңбек нарығындағы  жағдай күрт өзгерді.

Қазақстандағы еңбек нарығының  басты мәселесінің бірі және әлеуметтік мәнге ие болатын мәселе жасырын  жұмыссыздық немесе толық емес жұмысбастылық. Ол өндірістегі еңбек өнімділігінің  төмендігіне, әр түрлі экономикалық және қаржылық жағдайлармен байланысты болып отыр. Еске түсіретін болсақ 1998 жылы Қазақстандағы жасырын жұмыссыздық  деңгейі 3,2% болды. Ресми емес жұмысбастылық  әлеуметтік амортизатор рөлін атқарып, халықтың өмір сүру деңгейін  төмен  көрсетуге себеп болып отыр. Сонымен  қатар ол әлеуметтік және құқықтық қорғау шеңберін кеңейтіп, қылмысты құбылыстардың  орын алуына жағдай жасап отыр. Осыған байланысты қарсылық және құқықтық саясат көптеген кәсіпорындардың екі жақты  бухгалтерия жүргізуіне институттық  орта құрумен жағдай күрделене түсу нәтижесінде жалпы еңбек қатынастарының жүйесі еңбек туралы заңға бағынбайтындай және өзіндік жеке мөлшерлермен реттеліп, ол көп жагдайда қылымысты жағдайлармен сипатталады. Бұл жұмыстың жағдайын айтарлықтай нашарлатып отыр және еңбек  нарығын қылмысты топтардың басқаруына  жол ашып отыр. Бұл жағдай көптеген өндірістердің уақытша тоқтап, ондағы жұмыскерлердің мәжбүрлі түрде демалысқа  шығуымен және еңбекпен қамтамасыз етілмегендіктен  елден мәжбүрлі миграциясын тудырып  отыр. Осылайша, жұмыс күшін біртіндеп  босату, артық жұмыс орындарын  сақтау, оның екінші реті, бейресми түрлерін азайту Қазақстандағы еңбек нарығының  қалыптасу үлгісін сипаттайды. Ол экономика және қоғамның  реакциясы  ретінде және өтпелі кезеңде әлеуметтік және экономикалық тиімділік арасындағы байланысты тұрақтандыруға, экономиканың қайта құрылуы мен адам әлеуетін сақтаудың қажеттілігін қамтамасыз ететін институттардың жоқтығымен сипатталады.

Егер жұмысты жоғалту  өндірістің циклдық төмендеуінің нәтижесінде  орын алған болса, онда жұмыссыздық  бойынша жәрдемақы тиімді деп  саналар еді. Бірақ жеткілікті жұмыс  орынның болмауы жүйелі трансформациямен байланысты болса, оған жаңа тиімді шаралар  қолдану керек болады.

      Тұрғындар  жұмысбастылығы дегеніміз - азаматтардың  ҚР конституциясына, заңдары мен  өзге де нормативтік құқықтық  актілерге қайшы келмейтін жеке  қажеттіліктерін қанағаттандыруға  байланысты және оларға табыс  немесе кіріс әкелетін қызметі  - деп, ҚР жұмыспен қамту туралы  заңында атап көрсетілген.

Жұмысбастылық саясатының сұрактарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономиакалық тұрғыдағы  мәнін анықтап алу керек.

Экономикалық тұрғыдан  жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте - жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.

Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынадай түрлері бар: жалпы білім  беретін және арнайы оқу орындарында  оқу, әскер қатарындағы қкызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып - күту, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.

Еңбек нарығы бойынша қызметтердің ерекшеліктерінің екінші тобы тауар  болатын жұмыс күшінің ерекшеліктеріне  байланысты. Олардың арасынан келесілерді  атап айтуға болады:

- тауар түріндегі жұмыс  күшінің иесінен ажыраспауы. Еңбек  нарығында сатып алушы белгілі  бір уақыт арасында жұмыс күшін  пайдалануға құқық алады. Алайда  сатып алушы жұмыскердің құқығын  бұзбауы тиіс. Оларды бұзғаны  үшін жұмыс беруші заң бойынша  жауап беруі мүмкін. Онымен бірге,  жұмыскердің кәсіпорынға деген  ниеті түзу болуға тиісті, оның  жоғалуынан кәсіпорын экономикалық  зардап шегуі мүмкін. Жұмыскер  ереже бойынша жұмыс атқара  отырып, қайтарымы әртүрлі жұмыс  істеуі мүмкін.

-кәсіподақ, жұмыс берушілер  бірлестігі, тармақтанған заңнама  жүйелері, әлеуметтік – экономикалық  бағдарламалар сияқты әртүрлі  институттық құрылымдардың көптігімен  байланысты, жұмыс беруші мен  жұмыскер арасындағы қатынастарды  белгілеу тәртібінің қажеттілігі;

-ұжымдық келісім шарттан  жеке келісім-шартқа өту жүйесіне  байланысты, жұмыс күшінің әртүрлі  кәсіпкерлік – мамандық деңгейінің  айырмашылығымен, еңбекті ұйымдастырудың, әртүрлі технологияларды ендіруге  байланысты жеке адамның мәмілесін  көрсететін денгейдің өте жоғары  болуы;

-мәміленің ақшалық емес  жағын көрсететін аспектілердің  атқаратын рөлінің маңыздылығы  (еңбек жағдайы, жұмыс орнын  сақтау кепілдігі, кәсіптік өсу  болашағы).

 

 

1.2 Еңбек нарығының  негізгі құрамдастары және олардың  өзара 

             әрекетті 

 

Еңбек нарығының кез келген жүйе секілді өз құрылымы болады. Ол әртүрлі елдерде біртекті элементтерге ие болса да, сонымен бірге біршама  өзгешеліктері болуы мүмкін. Нарық  құрылымын талдаудың мақсаттарына байланысты оны әртүрлі көрсеткіштер бойынша жүргізуге болады. Алайда, ең алдымен, қай елге қатысы болмасын және басқа да ерекшіліктеріне байланыссыз  еңбек нарығының құрылымын анықтау  қажет. Оны қазіргі өркениетті еңбек  нарығының қызметі үшін қажетті  маңызды құрамдастар бойынша  жасауға болады:

    • нарық субъектілері;
    • заң мөлшерлері, экономикалық бағдарламалар, үш жақты келісімдер және ұжымдық келісімдер;
    • нарық тетіктері (жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік);
    • жұмыссыздық және соған байланысты әлеуметтік төлемдер;
    • еңбек нарығының инфрақұрылымы;
    • қызметтің балама басқа түрлері.

Еңбек нарығының субъектілері. Еңбек нарығының субъектілеріне жалдамалы қызметкерлер, жұмыс берушілер және мемлекет жатады.

Жалдамалы жұмыскерлер –  еңбек нарығының ең көп тараған  субъектілер бөлігі. Олардың өндіріс  құралдары жоқ, өздерінің жұмысқа  қабілеттілігін басқаға сату арқылы өмір сүретін адамдарды жатқызамыз. Олардың әл-ауқаты өзінің жұмыс күшін  қаншалықты ұтымды сата алатындығына байланысты – келісім – шарт жасасу, жұмыс алуға байланысты болады. Жұмыс беруші мен жұмыскердің  экономикалық теңсіздік жағдайында, жалдамалы жұмыскерлер өздерінің  құқықтарын қорғайтын кәсіби ұйым құру арқылы ғана біршама әділ еңбекақыға қол жеткізе алады .Батыс елдерінде  өз құқықтары үшін күресте жалдамалы  жұмыскерлер жұмыс берушілер  мен мемлекет тарапынан біршама  жеңілдіктерге қол жеткізді, ең алдымен  еңбекақыны жоғарылату және жұмыс күні ұзақтығын қысқарту, жұмыс жағдайын жақсатру және т.б. қол жеткізді.  Алайда ХХ ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде  бірқатар елдерде, әсіресе АҚШ-та кәсіподақтардың  дәрежесі мен олардың қызметі  біршама әлсіреді.

 Қазақстанда кәсіподақтар  әлсіз, олар ең маңызды мәселелер  – еңбекақыны жоғарылату, инфляцияға  байланысты оны индексациялау,  өз уақытында төлеу сияқты  мәселелерді шешуде мардымсыз  рөл атқарады.

Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлер  өз құқықтарын жұмыс беруші және мемлекет алдында дәлелдеп беруді толық білмейді.

Жұмыс берушілер. Оларға жеке жұмыс жасайтын және тұрақты түрде бір немесе бірнеше адамдарды жалдайтын адамдарды айтамыз. Жұмыс істеп жүрген халықтың құрамында жұмыс берушілердің үлесі аз, 10 % пайыздан аспайды, статистика жұмыспен қамтылғандар ішінді бұл топтың ңақты көлемін бермей отыр. Жұмыс берушілерге өндіріс құралдарының иелері, кәсіпорын иелері, ірі акционерлік қоғамы мен мемлекеттік кәсіпорындардағы жалдамалы басқарушылыр жатады. Олардың біліміне, кәсіпкерлік қабілетіне, кәсіпорынның тиімді қызметі, елдің экономикалық өмірі, стагнация немесе экономикалық өсу, инновациялық негізде өндірістік өсуіне байланысты.

Мемлекет және жергілікті басқару органдары нарықтық қатынастардың  субъектілері ретінде әртүрлі қызмет атқарады. Әлеуметтік-еңбектік қызметтер  өрісіне төмендегіні жатқызуға  болады:

  • нарықтық қатынастарды дамыту үшін жағдайлар жасау, экономиканың барлық секторларында жаңа жұмыс орындарын жасау арқылы толық жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету, жұмыс күшін дамыту;
  • заңдар, заңдық мөлшерлер мен ережелерді жасау;
  • еңбек нарығының барлық субъектілерін қорғау;
  • еңбек нарығын реттеу;
  • мемлекеттік және жергілікті кәсіпорындардағы жұмыс беруші қызметі.

Мемлекет қазіргі нарықтық экономикада оның дамуына жағдай жасай отырып, белсенді рөл атқарады. Қазақстан мемлекеті осы бағытта  барлық жағдайларды қолға алуы тиіс.

Екінші құрамдасы –  заң мөлшерлері мен экономикалық бағдарламалар. Оларды жасау және жетілдіру  нарықтық экономика елдерінің барлығымен жүзеге асады. Заңдарды орындамау Қазақстан  мемлекетінің әлсіз жақтарының бірі болып табылады. Бақылау функциясын және заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті  жоғарылату - орындаушы биліктің маңызды  мәселесі болып табылады.

Еңбек нарығының жұмысы үшін халықты жұмыспен қамтудың республикалық  және аймақтық бағдарламалар мен  олардың негізінде жасалған мемлекеттік  жұмыспен қамтудың жеке бағыттары бойынша  бағдарламалар маңызды мәнге  ие болатыны сөзсіз екені белгілі.

Үшінші құрамдасы –  нарықтық тетігі. Бұл еңбек нарығының  маңызды құрамдасы, сондықтан оған кеңірек тоқталған жөн.

Еңбек нарығының тетігі еңбек  бағасының өзгеруі түрінде алынатын ақпарат негізінде жұмыс істеуге  дайын, еңбекке жарамды халық  пен жұмыс берушілердің әртүрлі  қызығушылықтарының келісімінен тұрады. Ол келесіден тұратын, белгілі-бір  құрылымға ие: еңбекке сұраныс, еңбек  ұсынысы, бәсекелестік.  Аталған  элементтердің өзара әсерлесуі  сұраныс пен ұсыныс тетігі немесе бағалық тетігі атауына ие болды. Еңбекке сұраныс жұмыс берушілердің тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қажетті жұмыскерлерге қажеттілігін көрсетеді. Жұмыс күшінің ұсынысы  белгілі бір біліктілігі мен  мамандығы бар жалдамалы жұмыскерлердің белгілі бір санын сипаттайды.

Еңбек нарығына жұмыс күшін  сатушының монополиясы да әсер етеді. Аталған мысалда монополист рөлінде  қандайда бір күшті кәсіподақ  болуы мүмкін. Ол еңбек бағасын  тепе-теңдіктен жоғары белгілеп, оның осы қалыпта ұстап тұруға мүмкіндігі болады. Еңбекақынының жоғарылауы кезінде  жұмыс беруші кәсіподақ арқылы жұмыскерлердің бір бөлігін жұмыстан шығару немесе оларды жұмысқа орналастыруға мәжбүр болады. Мұндай кәсіподақтар кейбір елдерде  жеке кәсіпорындарда құрылады және жабық  болып табылады, мысалы АҚШ-та тас  қалаушылар, суқұбыршылар кәсіподақтары  бар.

Алайда жұмыс беруші мен  кәсіподақтың кұштері тең болған жағдайлар да кездеседі, мұндайда сұраныс  пен ұсыныс әрекеті бәсекелестік нарыққа жақын үлгі бойынша жүзеге асады.

Төртінші құрамдасы –  жұмыссыздық және онымен байланысты әлеуметтік төлемдер қазіргі заманғы  өркениетті еңбек нарығының міндетті бөлігі болып табылады. Нарық шаруашылығының заңдар әсері кәсіпорында жұмыскер күшін тұрақты қабылдау мен босатумен  қатар жүреді. Дегенмен жұмысқа қабылданғандар саны жұмыстан шыққандардың санын толық  жаппайды. Нәтижесінде жұмыссыздық пайда болып, тұрақты деңгейде ұсталып тұрады.

Информация о работе Еңбек нарығы