Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 12:32, реферат

Краткое описание

Қазақстан - барынша аз еңбек және қаржы шығынымен шаруашылықтарға үлкен кіріс әкелетін малды ұстаудың жайылымдық нысандарын дамыту үшін табиғи мүмкіндікіері мен жергілікті халықтың тарихи қалыптасқан дағдылары мол маңызды мал шаруашылы аудандарының бірі.
Қазақстан өзінің ерекше табиғи жағдайларымен және жергілікті халықтың еңбек дағдыларымен ертеден бері ірі мал шаруашылығы аудандарының бірі болып саналады.

Вложенные файлы: 1 файл

Ізмұхан О..docx

— 351.33 Кб (Скачать файл)

Сиыр етімен сүт өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырумақсатындамал шаруашылығында субсидиялар бөлуді шаруашылық етуші субъектілердің республикада өсірілетін малдардың тұқымы мен өнімділігін жақсарту процесін жеделдету үшін  ірі қара малдың ең үздік генотиптерін пайдалана отырыпреспублика көлемінде бірыңғай толықтыру жүйесін қарастыратын кең ауқымды селекцияға қатысу міндеттілігімен  байланыстырды.

 

7-кесте –Мал санының өсуі, таза салмағы, генетикалық әлеуетін дамыту

Малдың саны

Годы

2015

2016

2017

Мың бас

Ауыл.құрылымдарының таза салмағы., %

Асыл тұқ. мал басының таза салмағы, %

Мың бас

Ауыл.құрылымдарының таза салмағы., %

Асыл тұқ. мал басының таза салмағы, %

Мың бас

Ауыл.құрылымдарының таза салмағы., %

Асыл тұқ. мал басының таза салмағы, %

ІҚМ

6 650

21

10

6 900

23

12

7 150

24

14

Қой мен ешкі

19 730

35

18

20 640

37

20

21 670

39

22

Шошқа

1 390

25

15

1 420

26

17

1 460

28

19

Жылқы

1 670

36

8

1 750

38

10

1 840

39

11

Құс

38 560

61

17

40 470

63

22

42 500

64

22


 

Ақпарат көзі: ҚР АШМ деректері

РА РФЦА пікірі бойынша  мемлекеттік бағдарламажеке қосалқы шаруашылықтарды топтамай-ақ мал шаруашылығы кешендерін дамытуды қарастырады және осылайша  мал басына байланысты жағдай  алдағы уақытта  тек ірі ауылшаруашылық құрылымдарында ғана жақсаратын болады.

 

Маркетинг стратегиясы

Сүт өнімдерінің баға саясатын нарық қалыптастуырады. Нарықтың шешуші  ойыншысы  шикізаттың негізгі сатып алушылары - қайта өңдеу саласының  кәсіпорындары болады.

Қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат ретінде сүтті сату бағасы - жыл бойы маусымдық ауысып отырады. Кәсіпорында  өндірістің аяқталған циклі ұйымдастырылған, яғни терең өңделген сүтті соңғы тұтынушыға шығара отырып сүт өндірісін ұйымастырғанжағдайда сүт өнімінің өзіндік құнын барынша  төмендету мүмкін болады, бұл ретте бағаны нарық реттейді.

Сүт-тауар фермасын ұйымдастыруға байланысты  қарастырылып отырған жағдайда  өндірістік цикл анықталды:  шикі сүт өндірісі. Бұл жағдайда  өткізу арналарның құрылымы қарапайым және қысқа арна ретінде сипатталады. Қазақстан Республикасында сүт өнімдерін өткізу арналарын талдау  және бағаларды әр түрлі арналар бойынша салыстыру  өнімнің көп бөлігін  шаруашылықтар қайта өңдеу кәсіпорындарына, көтерме сатып алу ұйымдарына, өз дүкендері  желілері арқылы сататынын көрсетті.

Тұтыну жиілігі. Тұтынудың жоғары жиілігі өнімнің үнемі болуын және оңай алынуынтиісінше өткізу арнасының күрделілігін талап етеді. Сүт өніміне қатысты тауардың бұл түрі   жиі тұтынылатын тауар тобына жататындығы фактісін  атап көрсету қажет.

Өткізуге ынталандыру кезеңдері:

- Өткізу  арналарының нысаналы буындарында  әлеуетті сатып алушылар тізімін  қалыптастыру;

- Имидждік  материалдарды дайындау;

- Бонустар  мен жеңілдіктер жүйесін әзірлеу;

- Нысаналы  соңғы тұтынушыға шығудың бастапқы  кезіндегі демпингтік саясат.

 

5. Инвестициялық жоспар

 

Осы жобаны іске асыру 2015 жылғы қарашадан  2016 жылғы  наурызға дейінгі кезеңді қамтиды деп болжануда.

10-кесте –Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

Іс-шаралар\Ай

2 015

2 016

11

12

1

2

3

Маркетингтік зерттеу жүргізу және ТЭН әзірлеу

         

Қаржыландыру  мәселесін шешу

         

Кредит алу

         

Ангар орнату

         

Жабдық үшін аванс төлеу

         

Құрамды іздестіру

         

Жабдықты жеткізу, құрастыру

         

Жарнама орналастыру

         

ІҚМ сатып алу

         

 

Жобаны іске асыру шығындары

Инвестициялық шығындар бағасы төмендегі кестеде келтірілген.

 

11-кесте - 2015 ж. Инвестициялық шығындар

Атауы

 

Сомасы, мың тг.

2 015

қаңтар

ақпан

наурыз

“СПАЙДЕР-В”жүйесіндегі жылы ғимарат (ксиыр қора)

20 254

9 701

14 552

-

Коммуникациялар

4 000

1 600

2 400

-

Copeland компрессорлар базасындағы тоңазытқыш қондырғысы

1 142

-

457

685

Булап сауу аппараты

310

-

124

186

Итого

25 706

11 301

17 533

871


 

Жабдықты жеткізу құны жабдықтың өзінің құнына қосылған.

Сиыр қораға арналған жылы ғимаратты жеткізуші -«Руукки Рус» ЖШҚ.

Тоңазытқыш қондырғысын жеткізуші - «GEC» компаниясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Жұмысшылар бойынша жоспар

 

Кәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды. Меңгеруші жүргізушінің, үй жинаушының, күзетшінің, слесарь мен шаруашылық меңгерушісінің жұмысын бақылайды. Зоотехник пен электрик инженерге бағынады..

Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады                        (7-сурет).

 

7-сурет - Ұйымдастыру құрылымы

Құрамды басқарудың келтірілген құрылымын жүйелікке жатқызуға болады. Ол директордың  кәсіпорын жұмысын жедел басқаруына және  жағдайдан хабардар болуына мүмкіндік береді..

Кәсіпорын мамандары – меңгеруші, бас бухгалтер, инженер.

 

7. Өндірістік жоспар

 

Малды сүт-тауарлы фермаларда ұстау жағдайлары шаруашылық және басқа нақты жағдайларға байланысты болады. Қазіргі уақытта  ірі қара мал фермаларында  мал басын ұстаудың үш тәсілі қолданылады:  байланатын, байланбайтын, құрамдастырылған.

Малды байлау тәсілімен ұстау сүт және ет-сүт фермаларында қолданылады. Ол  бойынша мал қыста байлаулы орындарда, ал жазда – жайылым алаңдарында немесе лагерлерде ұсталады. Осылайша ұстау тәсілі кезінде  әр малға байлау жабдығы, астауы,  автоматты азықтандыру орны және  қиын жинайтын құралдары бар белгілі орын бөлінеді. Бұл ретте сиырларды ұстау көп еңбек шығынан және ақша қаражатын талап етеді. Алайда, байлап ұстаған кезде  сиырларды нормалы түрде жеке және топтап азықтандыру, жемазық пен астына төсейтін мпатериалды үнемдеу,әр малды жеке  күту мүмкін болады.

Байламай ұстау тәсілі  мал орын-жайда байланбай  топталыпұсталады. Бұлайша ұстау кезінде  мал жемазық пен суды еркін  пайдаланады. Ұстаудың бұл тәсілі малды жайлау процесінжеңілдетуге, қажетті техникалар санын азайтуға, азайту есебінен амортизациялық аударымдар мен көліктік операциялар мен өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді.  Алайда,  бұлайша ұстау үшін жемшөп, өндірістік орын-жай мен астына төтейтін материал  мол болуы қажет.

Құрамдастырылған ұстау тәсілі кезінде  мал орын-жайда байлаулы, ал көктемгі, жазғы және күзгі жылы мерзімде -  адаңдарда бос жайылады. Бұлайша ұстау тәсілі  байлаулы және байлаусыз ұстау тәсілдері элементтерінен тұрады. Малды топтап нормалы түрде азықтандыру қажет, осылайша ұстау тәсілі кезінде жайылып азықтандырылатын алаңдардағы астауларда мал тамақтанған кезде оларды бекітетін жабдықтар орнатылуы тиіс.

Малды ұстаудың осы қарастырылған тәсілдерінің арасынан байлап ұстау тәсілі қолданылады, өйткені  шаруашылық сүт фермасын ұстауды жоспарлап отыр.  Малды осылайша ұстау тәсілі шаруашылықтың жемазық пен астына төсеу материалдарын үнемдеуге,  сиырларға дербес күітім жасауға и мүмкіндік береді.

 

Ғимараттар мен құрылыстар

Сиыр қора үшін  “СПАЙДЕР-В”  жүйесіндегі жылығимаратты сатып алу жоспарлануда.

Жалпы алаңы – 1 060 шаршы метр.

 

8-кесте – Сиыр қора аумағының есебі

max басы,бас

190

Соның ішінде ірі мал басы

84

Жас мал

107

1 баса арналған алаң нормасы(ересек), м2

7,0

1 баса арналған алаң нормасы(жас), м3

3,5

Сауу станогы орын-жайы, м2

40

Сүтті сақтайтын орын-жай, м2

30

Жемазық орны, м2

30

Сиыр қора үшін қажетті алаң, м2

1 060


 

Ғимаратты жеткізуші Ruukki Construction (РФ) компаниясы.

 

Жабдық және инвентарь (техника)

Copeland компрессорлар базасындағы тоңазытқыш қондырғысы.

Copeland компрессорлар базасындағы тоңазытқыш қондырғысы өнімді сақтауға, салқындатуға және мұздатуға арналған, әр түрлі тоңазытқыш камералар мен қоймалар үшін өнімділік және  құрамдауыштар диапазоны кең.

Тоңазытқыш камера жиналып-бұзылатын конструкция, ол  "сэндвич-панелдерден" жинақталады. Камера еден, төбе, қабырға, есік блоктар мен бұрыш тіректерінен тұрады.

Панельдер жылу ұстағыш құйылған қабаттардан (пенополиуретан) тұрады, екі жаны  металл қабатпен қапталған. Қабырға және төбе панельдері өндірісінде полимермен жабылған қалыңдығы 0,5 мм ытсықтай цинкталған болат  қабаттар  пайдаланылады. Еден панельдері үшін  қалыңдығы 1,2 мм ыстықтай цинкталған болат қабаттар  пайдаланылады. Сырланған металл қалыңдығы 70 мкм  қорғайтын полиэтилен пленкамен  жабылған. Бұл жабдықтың бағасы holodim.ru сайтынан алынды.

Булап сауу аппараты

Булап сауу аппараты сиырлар байланып ұсталатын,  сауу залдары бар  сүт-тауар фермаларында қолданылады. .

Сауу аппараты:

- аспалы  бөліктен;

- парлап  сауатын L80пульсатордан;

- қақпақты  сауу шелегінен;

- шеңберлермен  бекітілген  шлангтер комплектісінен  тұрады.

Аппараттың орнын ауыстарған кезде сауу аппаратының аспалы бөлігі сауу шелегі қақпағының тұтқасына  ілінеді.

Коллектор төрт стаканнан сүт жинауға,  сүттің сүт камерасынан сүт құбырына немесе  сүт шелекке жақсы өсуі үшін сүт камерасына ауа жіберуге және емшектің түбіндегі вакуумның деңгейін азайтуға арналған, бұл қысу тактісі кезінде демалыстың жақсы болуына; сүт беру аяқталған кезде стакандарды алу үшін сауу стакандарының емшекасты камераларын тұрақты вакуумға қосуға және айыруға; кем дегенде бір сауу стаканы ағытылып кеткен жағдайда тұрақты вакуумды сауу стакандарын емшекасты камераларынан автоматты түрде айыруға мүмкіндік береді, бұл сүттің ластануының алдын алады. Коллектор вакуумды немесе атмосфералы қысымды сауу стаканының әр түрлі камераларына беруді және аппараттың пульсаторымен бірге сауу кезінде тактыларды ауыстыруды  қамтамасыз етеді.Пульсатор тұрақты вакуумды ауыспалыға өзгертеді. Пульсатордың сенімді жұмыс жасауы нәтижесінде сауу жұмысы тиімді атқарылады, сондықтан да ол үнемі таза және қалыпты жағдайда болуы қажет.

Бұл жабдықтардың бағасы «Гомельагрокомпмлект» (Беларусь) ААҚ прайсының негізінде алынды.

Құрылатын фермалар үшін қажетті негізгі жабдықтардың арасында мыналар бар.

 

9-кесте –Ферма  үшін қажетті жабдықтар тізбесі

Атауы

Дана

1

Copeland компрессоры базасындағы тоңазытқыш  қондырғысы.

1

2

Булап сауу аппараты

8

Информация о работе Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет