Лизинг түсінігі және оның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2015 в 19:44, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жұмыстың мақсаты – лизинг пен оның жеке түрлерінің экономикалық мәнін және лизинг шарттарының құқықтық регламен-тациясын, лизингті ұйымдастыру негіздерін, осы операциялармен айналысатын әртүрлі коммерциялық құрылымдардың жұмыс істеу принциптерін ашу, лизинг операцияларын жүзеге асырудың кезеңдері мен тәртібін суреттеу. Шетел тәжірибесін зерттеу негізінде біз кәсіпкерлерге еліміздегі ли¬зинг бизнесін дамытудың мүмкіншіліктері мен перспективаларын түсіндіруге тырысамыз.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. ЛИЗИНГ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
1.2 Лизинг түсінігі және оның дамуы....................................................................8
1.3 Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері............................................9
II. ЛИЗИНГ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі..........15
2.2 Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан айырмашылығы..........18
III. ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ МӘМЕЛЕСІН ЖАСАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.2 Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер…………………………….27
3.3Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның тиімділігін талдау….....28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................33
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................. 35

Вложенные файлы: 1 файл

kursovoy_lizing.doc

— 249.00 Кб (Скачать файл)

2. Лизинг алушының міндеттері:

  1. лизинг мүлкін лизинг шартының тәртібі бойынша қабылдауға міндетті;
  2. лизинг төлемдерін өз уақытында төлеуге міндетті;
  3. мүлікті лизинг шартына сәйкес пайдалануға міндетті;
  4. шартта қарастырылғандай, мүліктің ескіруі мен өзгеруі ескеріліп, лизинг беруші өткізген мүлікті сол күйде сақтауға міндетті;
  5. өз қаржысы есебінен лизинг мүлкін тәртіппен ұстауға, соның ішінде лизинг мүлкіне байланысты коммуналдық төлемдерді уақытында жузеге асыруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті;

лизинг берушіге лизинг мүлкінің жайын біліп тұруға бөгет жасамауға міндетті. [2]

Мүлікті сатушы лизинг алушының алдында сатып алу-сату шарты жөнінде, соның ішінде лизинг мүлкінің сапасы мен жинақталғаны жөнінде, онымен қамтамасыз ету жөнінде жауапты. Ал лизинг алушы Азаматтық кодекстегі сатып алушы үшін қарастырылған құқықтарын пайдалануға және міндеттерін орындауға тиісті. Лизинг алушы сатып алу-сату шартына қатыспағандықтан, пайдалануға алған лизинг мүлкін сатып алуға мідетті емес. Егер сатушы лизинг алушының талаптарына келісім берсе, онда лизинг мүлкін лизинг берушіге өткізу кезіндегі өзгерістерді (мүлік жинақтығы, қамтамасыз ету мерзімі ж. т. б.) лизинг берушімен келісіп шешуге міндетті.

Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны лизинг алушы таңдамаған болса, лизинг берушінің алдында сатушы міндеттерінің орындалуына жауап бермейді. Мұндай жағдайда лизинг шарты бойынша лизинг алушы лизинг берушіге де, сатушыға да, егер олардың жауаптылықтары ортақ болса, өз бетінше талаптар қоюға құқы бар.

Егер лизинг беруші мүлікті лизингке өткізу жөнінде сатушыға ескертпесе, онда ол лизинг алушының алдында сатушының міндеттерін орындауға жауапты. [13]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. ЛИЗИНГ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ  ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасында  лизинг шартын құқықтық реттеу

 

Өзара байланысты субьектілердің мүдделерін ескере отырып, оларды құқықпен қамтамасыз ету – лизингтік механизм тиімділігінің ең маңызды шарттарының бірі.

Қазақстандағы лизинг құқықтық орта құруда және шаруашылық операциялардың белгілі бір формасы ретінде қалыптасудың үш кезеңін өтті.

Бірінші кезеңде лизинг туралы заңның болмауы кәсіпкерліктің осы түрінің дамымағандығымен байланыстырылады.

Екінші кезеңде лизинг қызметі арнайы нормативті және заң актілерінсіз арендаға сәйкес жүзеге асырылды. Мұндай белгісіздік лизинг процесіне қатысушылардың қызметіндегі қауіп деңгейін ұлғайтты және кәсіпкерлік инициативаға бөгет жасап, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін машықта қолдануға шек қойды.

Үшінші кезеңде лизинг шарттарының арнайы базасы жедел қалыптаса бастады.

Қазақстанда “лизинг” термині бірінші рет азаматтық заңдарда емес, банк операцияларын басқаратын заңдарда қолданыла бастады. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 6-желтоқсандағы қаулысымен бекітілген “Қазақ ССР экономикасын тұрақтандыру және нарыққа өту” бағдарламасындағы “Қаржылық-несиелік саясат” бөлімінде банктердің қызметіне “лизинг-факторинг” операциялары кірді.

Қазіргі таңда лизинг 1999 жылғы 1-шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде (ерекше бөлім) заңды түрде бекітілді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде тек қана мүлікті жалдау тұжырымы бар, ал лизинг туралы тұжырым жоқ, соған сәйкес ол лизингтің құқықтық шеңберін анықтай алмайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне терең өзгерістер енгізілгенімен, ол 1963 жылғы 28-желтоқсанда қабылданған түрінде әрекет істеуде. Бірақ Жаңа Азаматтық кодексте (ерекше бөлім) лизинг тұжырымы баяндалған және оған “лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне алып, оны лизинг алушыға ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді” деген анықтама берілген.

Сонымен қатар, лизинг қызметі салықты есепке алу мақсатында салық туралы заңда да көрсетілген.

“ Біздің республикамызда ұзақ уақыт бойы нормативтік базаның болмағандығына қарамай, лизинг қаржы арендасы ретінде кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің машығында қолданылып жүргенін жоққа шығаруға болмайды. “Банктер мен банк қызметі” туралы 1995 жылғы 31-тамызда қабылданған заңның күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында көрсетілгендей, банк туралы заңдар екінші дәрежедегі банктердің лизинг операцияларымен айналысу мүмкіндігін қарастырады.

Тек Ұлттық Банктің лицензиясы бар банктер ғана лизинг операцияларын жүзеге асыра алады. [13]

Бұл кепілдік 30-баптың 3-тармағының астында бекітілген.

Осы уақытқа дейін лизинг қызметінің жұмыс тәртібін белгілейтін басқа да нормативтік актілер, Үкімет пен мемлекеттік басқа органдардың қаулылары қолданылып келді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Азияттық Банкті дамытудың бағдарламалық займын ауылшаруашылық секторлар үшін жүзеге асыру туралы” 1996 жылғы 15-шілдедегі Қаулысы лизинг негізінде қаржыландыруды ең алғаш рет ұсынған болатын.

Сонымен қатар лизинг қызметіне “Инвестициялар туралы” Қазақстан Республикасының заңы, дәлірек айтқанда “Инвестициялар туралы” 2003 жылғы 8-қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңы және де лизинг бизнесінің экономикалық қызметіне байланысты басқа да заңдар қарастырған инвестициялық құқықты жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық режимі кіреді.

Қазақстан Республикасының кедендік заңы бекіткен шетелге шығару және шетелден әкелу режимі қолданылатын лизинг нысаналарының тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

Сонымен қатар лизинг қызметі көп жақты және екі жақты халықаралық келісім-шарттармен басқарылады. Осы халықаралық құжаттардың нормалары мемлекет ішіндегі заңдардың нормаларынан басым келеді. [12]

2000 жылғы 5-шілдеде “Қаржы  лизингі туралы” №78-ІІ негізгі  заң қабылданды. Осы заң қаржы лизингі процесінде пайда болатын қатынастарды реттейді және бұл заң инвестицияларды лизинг қызметі негізінде жұмылдандыруға бағытталған.

Біз өткен тарауда кейбір жалпы ережелерді, лизинг қатынастарының құқықтық негіздерін, “Қаржы лизингі” туралы Заңның негізгі түсініктерін қарастырдық. Лизинг шарты лизинг қатынастарының негізі болғандықтан, біз шарт жасаудың талаптары мен шарттарын анықтағымыз келді.

“Қаржы лизингі туралы” заңның 15-бабында былай делінген:

1. Лизинг шарты бойынша лизинг  беруші лизинг алушы көрсеткен  мүлікті сатушыдан меншігіне  сатып алуға және лизинг алушыға  осы мүлікті ақы төлеп уақытша  иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.

2. Лизинг шартында мынадай маңызды талаптар болуға тиіс:

1) лизинг мүлкі

2) мүлікті сатушының және мүлікті  таңдаушының атауы;

3) лизинг алушыға мүлікті беруінің талаптары мен мерзімі;

4) төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі;

5) лизинг мүлкінің құны;

6) шарттың мерзімі;

7) егер шартта лизинг алушының  меншігіне мүліктің көшуі көзделсе, осындай көшудің талаптары;

8) лизинг мүлкін сипаттау;

9) лизинг мүлкін күтіп ұстау  және жөндеу тәртіптері;

10) мүлікті сақтандыру;

11) мүлікті лизинг берушінің  атына мемлекеттік тіркеуден  өткізу міндеттерін шарт жасасушы  жақтардың біріне жүктеу;

12) лизинг шарты бойынша лизинг  алушының міндеттерін орындауын  лизинг берушімен бақылау тәртібі;

13) шарт жасасушылардың жауаптылығы;

Осы шарттар мен талаптардың біреуі орындалмаса лизинг шарты жасалмаған болып табылады. [8]

3. Шарт жасасушы жақтардың келісімі  бойынша лизинг шартына басқа  да талаптар кіруі мүмкін.

4. Лизинг шарты жазбаша түрде  жасалмаса, ол өз күшіне енбейді.Лизинг алушыны немесе лизинг берушіні ауыстыру былай шешілген:

Егер Заң және лизинг шарты, Қазақстан Республикасының заң актілері өзгеше көздемесе, лизинг беруші мен лизинг алушы лизинг шарты бойынша өз құқықтарын еекі жақты келісім бойынша басқа бір үшінші тұлғаға өткізе алады.

Лизинг мүлкі мына төмендегі ережелер бойынша беріледі :

1. Лизинг мүлкін сатушы лизинг  алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе  немесе міндеттеме мәнінен өзгеше  туындамаса, лизинг алушы орналасқан  жерде тікелей береді.

2. Лизинг мүлкі лизинг алушыға барлық өзінің керек-жарақтары-мен және соған қатысты құжаттарымен (мүліктің жиынтықтылығын, қауіпсіздігін, сапасын, пайдалану, жөндеу, монтаж тәртібін куәландыратын құжаттарымен) бірге өткізеді.

3. Егер лизинг алушыға осы  керек-жарақтар мен құжаттар өткізілмесе және соның салдарынан лизинг алушы мүлікті пайдалана алмаса, осының барлығын лизинг берушіден талап етуге немесе лизинг беруші есебінен өзіне мүлікті қайтарып беруге құқы бар.

4. Егер лизинг беруші лизинг  алушыны мүлікпен өз уақытында қамтамасыз етпесе, лизинг алушы мүлікті талап етуге немесе шартты бұзуға құқы бар. Мұндай жағдайларда шығындарды лизинг беруші өтейді.

Лизинг шарты лизинг алушының немесе лизинг берушінің лизинг мүлкін сақтандыру міндеттерін қарастыруы мүмкін. Егер мүлікті сақтандыруға міндетті жақ мүлікті сақтандырмаса, онда екінші жақ мүлікті сақтандырып, кеткен шығынды сақтандыруға міндетті жақтан сақтандыру төлемдері ретінде өтеп алуға құқы бар. [9]

Лизинг шартының мерзімі кезінде төленетін шарт шарт жасасқан кездегі баға бойынша құнының барлық немесе елеулі бөлігінің аммортизациясы жүзеге асырылатын төлемдердің ішіне:

  1. лизинг мүлкімен қамтамасыз етуге, оны пайдалану үшін жұмыс қалпына келтіруге жұмсаған лизинг берушінің шығындарын өтеу кіреді.

Салықтың, бухгалтерлік есеп берудің, экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырудың жалпы мәселелерін белгілі бір тәртіпке бағындыратын көптеген заңды және нормативті құжаттардың ережелері лизинг компанияларының қызметіне жанама түрде қарайды. Сондықтан лизингтік есеп беру бухгалтерлік есеп жөніндегі заңдылықтардың талабына сәйкес жүзеге асырылады .

Лизинг нысанасы мына төмендегі тармақтардың ережелері бойынша лизинг берушіге қайтарылады:

1. Егер лизинг шарты мерзімінен  бұрын сот тәртібімен күшін  жоймаған болса және лизинг  шарты бойынша лизинг мүлкін лизинг алушының иелігіне өткізу немесе сатып алу құқықтары алдын-ала қарастырылмаса, онда лизинг алушы лизинг мүлкін лизинг шарты бойынша қайтаруға міндетті.

2 Лизинг алушы лизинг мүлкінің  тозуын ескере отырып, оны алған  кездегі күйінде қайтаруға міндетті.

3. Егер қайтарылған мүліктің  жағдайы №2-тармаққа сәйкес келмесе  лизинг алушы лизинг берушіге  келтірген шығындарды өтеуге  міндетті.

4. Егер дұрыс пайдаланбау нәтижесінде  лизинг мүлкі өз мерзімі-нен  бұрын бұзылса, онда лизинг алушы мүлікті қайтарып, келтірген шығындарды өтеуге міндетті.

5. Егер лизинг алушы лизинг  мүлкін қайтаруға тиісті болып, оны қайтармаса, онда өтіп кеткен  мерзім үшін лизинг берушінің  төлемдерді талап етуге құқы  бар. Егер лизинг төлемдерінің  көлемі лизинг берушіге келтірген шығындарды өтей алмаса, онда осы шығындарды өтеуді талап етуге құқы бар.

Қаржы лизингі төңірегіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарастырып көрейік. Біздің ойымызша, осы мәселелерді шешу үшін, қазіргі заңға қосымшалар мен өзгерістер енгізу керек сияқты.

 

2.2 Лизинг түрлерін  дәрежелеу, лизингтің арендадан  айырмашылығы

Лизингті іс жүзінде мақсатты пайдалануды ұйымдастыру үшін оның түрлерін, формаларын және жүзеге асыру тәсілдерін дұрыс анықтаудың маңызы зор.

Лизинг қатынастарының түрлері мәмілені ұйымдастыру формаларына, олардың мерзіміне, екі жақ міндеттерінің көлеміне, лизинг обьектісі ерекшкліктері мен оларды аммортизациялау шартына, лизинг төлемдерінің көлеміне, салық салудың жеңілдіктеріне, нарық секторларына байланысты бөлінеді (2.1.кестесі) ( Қосымша С)

Мүліктің екі негізгі - қаржылық және жедел (оперативтік) түрі бар. Қаржылық лизингте (fіnance lease, оны кейде толық аммортизациялық деп те атайды) мүлік шарт бойынша нормасы қызмет мерзіміне тең немесе одан біршама кем мерзімге, яғни аммортизациялық бөлектеудің нормасы есебіне салынған мерзімге беріледі.1 Егер шарт жасаушы жақтар қызметтің нормативті мерзімінен  кем мерзім белгілесе, мүліктің қалған құны шарт мерзімі біту уақытына белгіленеді. Қаржы лизингі кезінде мүлікті және сатушыны таңдау құқы лизинг алушыға беріледі. Шартта лизинг алушының келісімі мен тапсырмасы бойынша сатушының мүлкін таңдауды лизинг беруші жүзеге асырады. Барлық жағдайларда, лизинг беруші мүлік алу кезінде, сатушыны мүліктің лизингке өткізілетіні жөнінде ескертуі тиіс.

Информация о работе Лизинг түсінігі және оның дамуы