Лизинг түсінігі және оның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2015 в 19:44, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жұмыстың мақсаты – лизинг пен оның жеке түрлерінің экономикалық мәнін және лизинг шарттарының құқықтық регламен-тациясын, лизингті ұйымдастыру негіздерін, осы операциялармен айналысатын әртүрлі коммерциялық құрылымдардың жұмыс істеу принциптерін ашу, лизинг операцияларын жүзеге асырудың кезеңдері мен тәртібін суреттеу. Шетел тәжірибесін зерттеу негізінде біз кәсіпкерлерге еліміздегі ли¬зинг бизнесін дамытудың мүмкіншіліктері мен перспективаларын түсіндіруге тырысамыз.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. ЛИЗИНГ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
1.2 Лизинг түсінігі және оның дамуы....................................................................8
1.3 Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері............................................9
II. ЛИЗИНГ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі..........15
2.2 Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан айырмашылығы..........18
III. ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ МӘМЕЛЕСІН ЖАСАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.2 Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер…………………………….27
3.3Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның тиімділігін талдау….....28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................33
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................. 35

Вложенные файлы: 1 файл

kursovoy_lizing.doc

— 249.00 Кб (Скачать файл)

Қаржы лизингі кейбір ерекшеліктерімен сипатталады. .(Қосымша Д)

Қаржы лизингі барысында қаржыны қосымша жұмылдыру арқылы лизинг мүлкін табу процедурасы сияқты, кепіл берудің, кепілдікке қоюдың, сақтандыру жүйелерінің де маңызы зор. [15]

Лизинг мүлкін алу процедурасы үш варианттан тұрады: бірінші вариант бойынша лизинг алушы шартқа ақы төлеу арқылы мүлік пен оның сатушысын өз бетінше таңдайды және шарт бойынша мүлікпен пайдалану құқы лизинг алушыға өтеді; екінші вариант бойынша лизинг беруші сатушыны таңдайды және мүлікпен қамтамасыз ету жөнінде лизинг алушының алдында жауапты; үшінші вариант бойынша лизинг беруші лизинг алушыны сатушымен жасалатын операциялар жөнінде агент болуға уәкіл етеді.

Қаржы лизингі мүліктің ең кең тараған түрі. Ол мүлікті лизингке ұзақ мерзімге өткізуді және оны пайдаланған мерзімі үшін құнын толық өтеуді қарастырады.

Оперативті лизинг шарты бойынша (operatіng lease, оны толық емес аммортизациялық лизинг деп те атайды) лизинг алушыға мүлік оның нормативті жұмыс мерзімінен кем мерзімге беріледі, бұл мүлікті лизинг алушыға бірнеше рет өткізуге мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты лизинг төлемдері бір келісім-шарт ішінде мүліктің толық құнын өтемейді. Лизинг беруші мүлікті уақытша пайдалануға бірнеше рет беруге мәжбүр болады және егер лизинг обьектісіне сұраным болмаса, оның қалған құнын өтеу жөніндегі қауіп лизинг беруші үшін есейе түсуі мүмкін. Оперативті лизинг шартының мерзімі шарт жасаушы жақтармен 1 сөтке мен үш жыл шегінде бекітіледі. Сондықтан көбіне лизинг алушыға қажетті қысқа мерзімді, бір жолғы маусымдық жұмыстарды орындайтын мүліктер (автокөліктер, ұшақтар және техниканың басқа да түрлері) және моральдық жағынан тез ескіретін техника лизинг шартының обьектісі бола алады. Оперативті лизинг кезінде мүлікті лизинг алушы таңдайды, бірақ таңдау мүмкіндігі лизинг беруші қоймасында бар мүлікпен шектеледі.

Оперативті лизинг мынадай белгілермен сипатталады:

-лизинг шартының мерзімі мүлік  қызметінің нормативті мерзімінен  әлдеқайда қысқа, соған орай лизинг  беруші мүлік құнының бір келісім-шарт  есебінен өтелуінен үміттенбейді;

-мүлік лизингке бірнеше рет  өткізіледі;

-лизингке лизинг алушының тапсырысы бойынша арнайы алынатын мүлік емес, лизинг компаниясында бар мүлік өткізіледі. Басқа сөзбен айтқанда лизинг компаниясы, мүлікті иелігіне ала отырып, оның нақты пайдаланушысын алдын-ала білмейді. Сондықтан оперативті лизинг бойынша мамандандырылған лизинг компаниялары жаңа және бұрын қолданылған лизинг мүлкі нарқының коньюктурасын жетік білулері тиіс;

-мүлік мәмілесі екі жақты  сипатталады (лизинг беруші-лизинг  алушы);

-техникалық қызмет көрсету, сақтандыру  жөніндегі міндеттер лизинг компанияларына жүктеледі;

-егер лизингке алынған мүлік  белгісіз жағдайлармен пайдалануға  жарамсыз болып табылса, онда  лизинг алушының шартты бұзуға  құқы бар;

-лизинг мүлкінің кездейсоқ бұзылу, жойылу қаупі лизинг берушінің  мойнында болады;

-оперативті лизинг кезіндегі лизинг төлемдері қаржы лизингі кезіндегі төлемдерден жоғары болады, өйткені лизинг беруші мүлікті қайта беру үшін клиенттердің болмай қалу қаупін және мүліктің бұзылу қаупін ескеруге тиіс;

-егер лизинг алушыда қаржы  болмай қалған жағдайда, оның  мүліктің ақысын бөліп төлеу арқылы қолдануға құқы бар. Бұл оперативті лизингтің қаржы лизингісінен айырмашылығы;

-лизинг мүлкін қайтару кезінде  лизинг алушы мүлік құнының  айырмашылығын (мүліктің құнының  қалдығы мен мүлік құнын жабудағы  айырманы) келісім-шартта белгіленген мерзімде өтейді;

-шарт мерзімі аяқталған кезде  мүлік лизинг алушыға қайтарылады. Лизинг алушының тілегі бойынша  лизинг шарты мерзімі жаңа  шарттар бойынша ұзартылуы мүмкін, және оның мүлікті өз меншігіне  алуға да құқы бар. [17]

Сонымен, біздің ойымызша, оперативті лизинг баршаға таныс аренда болып табылады.

Қазақстанда лизингті оперативті және қаржы лизингтеріне бөлу шарт обьектісінің өтелу деңгейі бойынша жүзеге асырылады. Заң актілерінде және нормативті құжаттарда бұлар жүйелі анықталған.

Бухгалтерлік есепте “қаржы лизингі” мен “оперативті лизинг” терминдері тек қана лизинг мәмілелерінде есепке алумен байланысты, мұнда қаржы лизингі лизинг берушімен мүлікті және оны иемденуге байланысты түсетін пайдалар мен қауіптерді қоса лизинг алушыға өткізілетін және лизинг мерзімінің соңында мүлік те лизинг алушыға өтетін мәміле ретінде анықталады. Осыған сәйкес, лизинг алушы қаржы есептерінде лизинг мүлкінің құнын және лизинг берушінің алдында лизинг төлемдері бойынша міндеттеріне байланысты бар сомасын көрсетуі тиіс.

Толық аммортизацияланған лизинг қаржылық лизингтің параметрлеріне сәйкес келеді: шарттың ұзақтығы мүлікті аммортизациялаудың нормативті мерзіміне тең келеді, лизингке мүлік бір рет алынған кездің өзінде, оның құны толық өтеледі.

Ресей Федерациясының заңына сәйкес қаржылық лизингте шарт жасаушы жақтардың келісімі бойынша салық салу органдарын ескерту арқылы қарастырылатын лизинг мүлкінің жеделдетілген аммортизациясы (3-коэффициентімен) қарастырылған. Мұнда жеделдетілген аммортизация механизмін қолданатын жоғары технологиялық салалар мен мүліктің белгілі бір түрлерінің тізімін атқарушы өкіметтің федералдық органдары бекітеді.

Мүлік құнын жарым-жартылай өтеуге жол беретін толық емес аммортизациялық лизинг мазмұны бойынша оперативті лизинг параметрлеріне сәйкес келеді.

Лизинг мәмілесінің негізгі қатысушыларының қайсібір елде орналасуына байланысты лизинг ішкі және халықаралық болып екіге бөлінеді. Ішкі лизинг кезінде лизинг шартына қатысушылардың барлығы бір елдің заңды тұлғалары (азаматтары) болулары керек. Егер лизинг беруші мен лизинг алушы әртүрлі елдерде орналасқан болса, онда лизинг халықаралық болып саналады. Егер мүлік шетелден алынатын болса, лизинг алушы орналасқан ел үшін халықаралық лизинг импорттық  деп аталады.

Егер мүлік лизинг  беруші орналасқан елден алынатын болса, онда лизинг экспорттық боп саналады. Импорттық лизинг кезінде сатушы шетелде орналасады, ал экспорттық лизингте-лизинг алушы шетелдік серіктес (партнер) болып табылады. [14]

Бұдан басқа тағы да тура халықаралық лизинг бар. Мұндай мәміледе барлық операциялар екі елдің каммерциялық ұйымдары арасында жасалады. Бұл жағдай лизинг алушыға экспорттық несиені өзі тұрып жатқан елінен алуға және осы арқылы өз мүлкінің өтім қарқын кеңейтуге мүмкіндік, берілді; лизинг беруші осы мүлікті пайдалануда толық қарастыруды және кәсіпорын өндірісін шұғыл түрде жабдықтандыруды қамтамасыз етеді. Шетел машығында халықаралық лизингтің тағы бір түрін қолданады. Бұл-транзиттің (өткінші) лизинг. Бұл лизингте шартқа қатысушының барлығы әртүрлі елде орналасады: бір елде орналасқан лизинг беруші басқа елден несие немесе қажетті мүлікті  алып, үшінші елде орналасқан лизинг алушыға өткізеді.

Операциялар жүргізудің формаларына, ұйымдастырушысына, техникасына қарай лизинг-тура лизинг, жанама лизинг, қайтарымды және “леведж-лизинг” болып бөлінеді.

Тура лизингте - лизинг беруші мен өндірушінің функцияларын бір тұлға орындайды

Жанама лизинг - лизингке мүлікті делдал арқылы өткізуді қарастырады. Көптеген лизинг мәселелері мүлікті жарым-жартылай сатуға ұқсас келетін жанама лизинг процедурасы негізінде жасалады. Өзі лизинг беруші болып табылатын делдал өндірушінің мүлкін қаржыландырып, лизинг алушыға береді, сонан соң одан лизинг төлемдерін алады.  Қайтарымды лизингте лизинг беруші мен қамтамасыз етуші (сатушы) өз жабдықтарын немесе кәсіпорын толығымен лизинг алушыға сатады және сол мүлікті иемдену және пайдалану құқын сақтай отырып, оны лизингке алады. Сатылған мүліктің ақшасын лизинг беруші кез-келген өндірістік және  инвестициялық мақсатта қолдана алады, ал лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерін әдеттегі тәртіпте жүзеге асырады.Қайтарымды лизинг айналымды жеткілікті қаржысы жоқ кәсіпорындарды қызықтырады, өйткені лизинг беруші мүлік кепілдігіне несие бергендей болады.

“Леведж-лизингке” бір немесе екі лизинг беруші мен (лизинг компаниялармен) өз көлемінде инвестициялана алмайтын және инвестициялануға 5-7 немесе одан көп лизинг берушілерді (лизинг компанияларын) жұмылдыратын лизинг беруші (лизинг компаниясы) мүлік құнының бір бөлігі ғана төлейді, ал мүлікті алуға қажетті қалған сомманы басқа лизинг берушілер төлейді. Мұндай жағдайда лизинг берушінің меншігінде болады,бірақ ол лизинг төлемдерін алу құқын өзінің қарыз берушілеріне ( басқа лизинг берушіге) беру мүмкін.

Лизинг төлемдері бойынша лизинг ақшалай лизинг, өтемақы лизингі, аралас лизинг болып бөлінеді.

Егер барлық төлемдер ақша түрінде жүзеге асырылса, ақшалай лизинг қолданылады. Өтем ақы лизинг төлемдерді лизинг объектісіне өндірілген өнім арқылы өтеу түрінде немесе жауапты қызмет көрсету түрінде қарастырылады, аралас лизинг бартерлік мәміле элементтерінен тұратын ақшалай және өтемақы төлемдерінің байланысу негізінде жүзеге асырылады.

Салық және амортизациялық жеңілдік белгілері бойынша лизинг нағыз және жалған лизинг болып екіге бөлінеді.

Нағыз лизинг қазіргі заңға және кәсіпкерлік қызметтің лизингтік түрінің экономикалық мазмұнына сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекісіне, “Лизинг туралы”  Қазақстан Республикасының заңына және басқа да нормативті құжаттарға сүйене келе, нағыз лизингтің мына төмендегі белгілерін атап өтуге болады:

Лизинг беруші шартың аяғына дейін мүліктің иесі болып табылады, ал экономикалық иесі лизинг алушы болып табылады, лизингке берілген мүлік тек ғана кәсіпкерлік мақсатты пайдаланылады; жалпы ереже бойынша лизинг беруші мүліктің бұзылу қаупіне жауап береді; белгіленген жеңілдіктермен пайдаланады, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүліктің бастапқы құнын жарым-жартылай немесе толығымен төлейді; лизинг шарты ұзартылған жағдайда, мүліктің нарықтық құны мәмілені пролонгациялау кезінде есепке алынады; [15]

Лизинг алушы мүліктің тек нарықтық бағамен сатып алады және ол лизинг берушімен мүлікті сатып алудағы қаржыландыруға қатыса алмайды; лизинг алушыға көрсетілетін қосымша қызметтің құны (сақтандыру, жөндеу және тағы басқа жұмыстар) лизинг төлемдеріне кіреді; салық қызметіне декларация жасау кезінде, лизинг алушыға түскен т䐰бKстан лизинг төлемдерін шегеріп тастауға мүмкіндік бవріледі.

Жалған лизингке саудагерлік сипаттама беріледі. Ол елімізде қазіргі салық және басқа жеңілдіктері есебінен пайда түсіру арқылы жүзеге асырылады. Егер жалған лизингте белгілі бір шарт бойынша лизинг алушыға мүлікті сату кезінде толық амортизациялау және мүлікті келісілген уақыт ішінде алдын-ала сынау арқылы ұзақ уақыт пайдалану шарттары қарастырылған болса, онда лизинг төлемдерінің орнына бөліп-бөліп төлеу арқылы сауда саттық операциялары жүзеге асырылады.

“Қаржы лизинг туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында банктік лизингі қарастырылған. Мұнда банк лизинг беруші болып табылады.

Мәмілелеудің көлемі бойынша лизинг майда лизинг, стандартты лизинг (орта) және ірі лизинг болып үшке бөлінеді.

Майда лизинг (Ресей Федерациясының 100-200 мың руб. дейін) көптеген елдерде кеңінен қолданылады. Бұл мәміледе өндірістік емес мүліктер қолданылады (компьютерлер, телефон стансалары, қауіпсіздік жүйелері және тағы басқа)

Орташа лизинг Р. Ф. 200мың-2,5млн. руб. дианазонында жүзеге асырылады. Стандартты лизингте кеңінен қолданылатын мүлік түрлері (кішігірім зауыттар, технологиялық жабдықтар және тағы басқа) пайдаланылады.

Ірі лизинг шарттарында (20,0млн. руб аса ұшақтар, кемелер, энергетикалық жабдықтар және тағы басқа қолданылады. Бұл нарық секторындағы жұмыс үлкен қаржы ресурстарын және жеке тапсырыс берушілерге арнайы қаржы жобаларын жасап бере алатын лизинг алушы мамандарды (лизинг компанияларын) дайындауды талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ  ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ  МӘМЕЛЕСІН ЖАСАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

3.1 Қазақстан Республикасындағы  лизинг

 

Лизинг, лизинг операциялары бірінші рет 1990 жылы “Прокат және лизинг-1991” бағдарламасы жасалған кезде еске салынды. Бұл бағдарламаның мәні – аймақтың қамтамасыз ету органдарында техникалық құралдарды несиеге беру көлемін 1990 жылы 24 млн. рубльден 1995 жылы – 50 млн. рубльге дейін, ал лизинг мәмілеллерінің көлемін 5 млн. 55 млн. рубльге дейін өсіру. Осы жүйе ұйымдастырылғаннан кейін бірінші материалдық ресурстар министрлігінде, онан соң “Казконтракт” корпорациясына жүзеге асыруды бақылау жойылған болатын.

1992 жылы республикада 120 коммерциялық  банктер, 20 лизинг фирмалары, соның ішінде “КРАМДС-лизинг” ортақ кәсіпорын және басқалар жұмыс істеді.

1994 жылға қарай Қазақстанда ұшақтар  лизингісіне қатысты және ауыл  шаруашылық техникасы нарығында  қатысты шетел партнерларымен  қызметтесу жүзеге асырыла бастады.

1994-1998 жылы арасындағы Үкімет  Қаулыларында, мемлекеттік лизинг  компаниясын құру, лизинг бойынша  қамтамасаыз етуді ұйымдастыру  жөніндегі Үкіметтің кейбір қаулыларында, Қазақстан Республикасы ұлттық  Банкі 1991 жылы қабылдаған ережелерінде  және де лизинг қоры мен лизинг Департаментін құру жөніндегі Министрлер кабинетінің Қаулыларында көрсетілген заңды жоба жұмыстарын қарастыру кезінде лизинг қатынастарын құқықтық реттеу туралы сұрақтар пайда болады.

Информация о работе Лизинг түсінігі және оның дамуы