Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 20:56, курсовая работа

Краткое описание

Бұл реттеуіштер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін. Курстық жұмыстың мақсаттары:
1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің сыныптамасы
2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
3. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе теңдікті ашып көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ
1.1 Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің ұғымы және сыныптамасы...........................................................................................................2
1.2 Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы...............................................5
2.1 Фискалдық саясаттың нұсқалары....................................................................7
2.2 Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері................................................10
3.1 Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе теңдік............................14
3.2 Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік..................................................................17
3.3 Іс жүзіндегі және жоспарланған шығындар Кейнс кресті өндірістің тепе-теңдік көлеміне жету механизмі..................................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................23
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................24

Вложенные файлы: 1 файл

Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы.doc

— 225.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1.1 Экономиканы мемлекеттік қаржылық  реттеудің ұғымы және сыныптамасы...........................................................................................................2

1.2 Макроэкономикалық тепе-теңдік  және қаржы...............................................5

 

2.1 Фискалдық саясаттың нұсқалары....................................................................7

2.2 Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың  әсері................................................10

 

3.1 Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе теңдік............................14

3.2 Тауар және игіліктер  нарығындағы тепе-теңдік..................................................................17

3.3 Іс жүзіндегі және  жоспарланған шығындар Кейнс  кресті өндірістің тепе-теңдік көлеміне жету механизмі..................................................................................................................21

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................23

 

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай ретгеуіштерді (әдістерді) жасады: салық салуда — салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлүмдамалау, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау, қаражатгардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударыла-тын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бұл реттеуіштер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін. Курстық жұмыстың мақсаттары:

  1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің сыныптамасы
  2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
  3. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе теңдікті ашып көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 ЭкЭкономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің ұғымы және сыныптамасы

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді ретгеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы ретгеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен мемлекетгік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан, қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекетгің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекетгік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық жөне т.т.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу — бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекетгің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатіы және дәйекгі қолдану процесі. Мұндай ретгеудің қажетгігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірісгің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

  1. Қоғам дамуының обьективті экономикалық заңдарының іс-әрекетін есепке алу.
  2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық багдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі қүрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді нысандарының шынайы теңцігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту

в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік қүқықтарының және т.т.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жүмыс істеу шарттарының сан алуандығы-мен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдалану-мен сипатгалады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекепік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.

Қаржылық реттеудің турлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.т.) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мьшадай нысандарьш атауға болады: мысалы, бюджетте — каржыландыру, (субвенциялар, субсидиялар, транс-ферттер), салықта — тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда — сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар — қаржылық ретгеудің негізгі нысандары.

Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.

Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай ретгеуіштерді (әдістерді) жасады: салық салуда — салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлүмдамалау, аванс төлемі және басқалары; бюджет-тен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау, қаражатгардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бұл реттеуіштер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

  1. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдцелерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.
  2. Шаруашылық қызметге қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолга қойылган заңнамалық жуйенің болуы.

Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінщ сүранымьша, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық қүрылымьша ықпал етеді.

Сонымен бірге қаржы түтқаларының көмегімен мьшадай негізгі мәселелер шешіледі:

  • материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының жалпы деңгейін реттеу;
  • өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
  • кәсіпорындардың, үйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың қүқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;

кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

кәсіпорындардың, ұйымдардьщ, фирмалардащ ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік арақатысын ретгеу ел, аймақ, сала, кәсіпорын, үйым, фирма көлемінде инвестицшшық және инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өңдірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудьщ негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.

Нәтижелілікке, яғни мемлекетгік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шартгарға мыналар жатады:

а)  экономиканы қурылымдық жағынан қайта қүру;

ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;

б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметгің, заңдағы ес- 
кертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік 
беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл кредит (қредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп мөлшерлемесі мен ұлпық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктегі ұлтгық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелі бағалардьщ деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіктің шекті деңгейі) реттеуіілтерімен толықтырылады.

Мемлекетгік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын берідді. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық салудағы әдістер арқылы қол жетеді.

Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.

Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражатгары мен бағалы қағаздардың бағалары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

Реттеудің ішкішаруашылық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың норматиетері және оларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге экономика мемлекетгік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетге, өлшеулі және экономиканы ретгеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.

1.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы

Экономиканы реттеу процестерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда (схемаларда) ғана болатынын есте сақтаған жөн.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңдестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным; тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамньщ әлеуметгік-экономикалық қажетгіліктері; мемлекетгік бюджетгің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында тепе-тендікгі тудыратыны анық.

Батыстың қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлпық өнім мөлшерімен өлшенегін өндіріске әсерін түсіндіру үшін "мулътипликатор " ұгымы пайдаланылады.

Мультипликатордың түжырымдамасы жалпы үлттық өнімнің (ЖҮӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шыгады:

  1. шыгыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатьш алуға қажетгі эқономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;
  2. кірістер (немесе бөліс) бойынша, яғни субъекгілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.

Тепе-тенді ұлттық өнім және шығыстардагы ұлгтық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың ара қатынасын шығыстардың мультипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-тенді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтьш өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды.

Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің (ОМР) құны мьша формула бойынша қалыптасады:

ЖҰӨ (СЖР) = С+І + 0+Хп

Мұндағы: С — үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі;

I - жалпы жекеше ішкі инвестициялар;

О - тауарлар мен қызметтерді мемлекетгік көтере сатьш алу (өндірісті арттыратын трансфертгік төлемдерді шығара отырып);

Хп - таза экспорт, яғни экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.

Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элемегатерді жиынтықтау арқылы жасалады:

  1. тұтынылған капиталдың көлемі (амортизация);
  2. бизнеске салынатын жанама салықтар;
  3. жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;
  4. ренталық төлемдер;
  5. пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай табысын төлеу);
  6. меншіктен (жеке жұмсалымдардан) түсетін кірістер;
  7. корпорациялардың пайдасы (бұл пайдаға салынатьш салық, дивиденттер, бөлінбеген пайда).

Информация о работе Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы