Монополиялық бәсекелестік және олигополия туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 16:58, курсовая работа

Краткое описание

Нарық құрылымы өте күрделi механизм болып табылады. Өйткенi нарықтың қызмет етуiнiң өзi осы нарық құрылымына байланысты.
Елiмiздiң нарықтық қатынасқа өтуiнен ұлттық экономикада жаңа ұғымдар пайда болды. Нарық құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет ету механизмi күрделене түстi. Нарық құрылымы негiзiнен келесi түрлерден тұрады:
Жетiлген бәсеке нарығы;
Монополия;
Монополиялық бәсеке;
Олигополия.

Вложенные файлы: 1 файл

Монополиялық бәсекелестік және олигополия.docx

— 115.99 Кб (Скачать файл)

Ұзақ мерзiмдегi тепе-теңдiк нүктесiнiң орташа шығынының ең төменгi нүктесiмен дәл түспеуi негiзгi себептiң шығуына алып келедi. Ұзақ мерзiмдегi монополиялық бәсеке нарығында тепе-теңдiк баға ұзақ мерзiмдегi бәсекелестiк бағадан жоғары болады. Басқаша айтқанда, монополиялық бәсеке нарығы тұтынушыларды тауар үшiн “артық” ақша төлеуiне мәжбүр етедi. Екiншiден, монополиялық бәсеке кезiнде өнiм көлемi ұтымды өнiм көлемiнен орташа шығындардың ең аз мәнiне сәйкес өндiрiледi.

Егер жетiлген бәсеке нарығындағы заңдылықтар монополиялық бәсекеге бекiтiлсе, онда өндiрiлген өнiмдi арзан бағаға сатуға болар едi.

Сонымен, ұзақ мерзiмдегi бәсекелi монополсит фирманың жағдайы жетiлген бәсекелес фирмалардың жағдайына ұқсап келедi.  

 

 

2.2 Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы.

 

Курно дуополиясы. Екі фирма (А және В) бірдей технологияны қолданады және біртектес өнім өндіреді делік. Бұл фирмалардың әрқайсысы шығарылатын өнім көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары қажет.

Курно дуополиясы моделінің негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі түрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан, Курно моделінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін тандау арқылы жүзеге асырылады.

Бір фирманың негізгі мақсатын көрсетейік (басқа фирма үшін де осыған ұқсас болады).

А   фирмасы белгілі сұраныс функциясы Р=P (Qа+Qв) және    В фирмасьтның өнім шығаруы (QВ) тұрақты болған кезде, өзінің пайдасын (ПА) барынша көбейтетін өндіріс көлемін (QА) таңдауы керек:

 

                                       ПА(QA,QB)→max;                                        (3)

 

                                 ПА=P(QA+QB)*QA-c(QA)                                 (4)

 

Мұнда, с(QА)-А фирмасының шығындар функциясы. Берілген есептің шешімі бірінші қатарлы ұтымдылық шартынан табылады:

   

                                   Р'*QА+Р-с'(QА)= 0.                                (5)

 

Бұл тендеу А фирмасының реакция қисығын бейнелейді немесе В фирмасыньтң өнім шығару көлемі өзгереді деп болжамдаған кезде А фирмасының өнімі қалай өзгеретінін көрсетеді. Осындай жолмен В фирмасы үшін де тендеу алуға болады:

 

P**QB + P-c¹(QB)=0 (6) 

 

Курно тепе-теңдігі. Екі фирма бір уақытта пайдасын жоғары деңгейге жеткізетін өнім көлемдерін 0*А, Q*В тандайды және бұл кезде жоғарыдағы (2), (3) тендеулердің шарттары орындалуы керек, яғни бір фирма екінші фирманың өнім шығару көлемі белгілі бір тұрақты шама деп болжайды. Курно тепе-тендігі нүктесінде фирманың ешқайсысы да өнім көлемін өзгертпейді, себебі оларды ынталандыратын ешқандай себептер жоқ.

Модельдің негізгі кемшілігі - әр фирманың өзімен бәсекелес фирма өнім көлемін өзгертпейді деп болжам жасауы. Ал күнделікті өмірде фирмалар бағаның өзгеруін, бақталастарының өнім шығару көлемін, өндірістік жағдайларын және т. б. ескеріп отырады.

Енді сызықтық сұраныс функциясы үшін Курно тепе-теңдігі қалай аньтқталатынын аналитикалық және графиктік түрде көрсетеміз (10.1-сурет).

Төмендегідей сүраныс және  шығын  функциялары берілсін  делік:

 

Р(Q)= К-QА-Qв; (7)

 

мұнда, Q = QА+Qв; К=сопst,

 

С(Q) = С*QB (8)

 

мүнда, С = соnst.

Онда ұтымдылықтың шартынан мынаны аламыз:

А фирмасы үшін: К - QВ - 2Qа=C

В фирмасы үшін: К-QА – 2QВ =С. (4)-тендеуден А  фирмасының реакция қисығы табылады:

Курно тепе-тендіп: Q*A=K-C|3

Е нүктесі — Курно тепе-тендігі (реакция қисықтарының қиылысуы). Ек, нүктесі – бәсекелес тепе-тендігі.

Фирмалар келісімге келгенде АВ сызығы немесе контракт қисығы - осы фирмалардың өнім шығаруының жиынтық көлемін көрсетеді және бұған жоғары деңгейдегі пайда сәйкес келуі керек. Егер фирмалар пайданы тең бөліп алатын болса, онда олар монополистер сияқты іс-әрекет жасайды, тепе-тендік Ем нүктесінде болады және Ем АВ сызығын тең екіге бөледі.

Суреттен көріп отырғанымыз, дуополия кезінде фирмалар жетілген бәсеке кезіндегіден өнім көлемін аз шығарады, ал монополиядан гөрі көп өндіреді. Сұраныс функциясын пайдалана отырып, дуополия кезіндегі баға жетілген бәсекедегіден жоғары, ал монополиялық бағадан төмен деп айта аламыз. Ал пайданы есептеген уақьпта, жетілген бәсекемен салыстырғанда Курно дуополиясы фирмаға пайданы көбірек әкеледі, бірақ ол келісім нәтижесіндей фирма үшін пайдалы емес деген шешімге келеміз.

Курно моделін зерттегеннен кейін төмендегідей экономикалық қорытынды жасауға болады.

- Олиғополиялық өнім көлемі монополиялық өнім көлемінен аз, бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда көп болады:

 

Qм <Qоliq <Qc. (9)

 

- Олигополиялық баға монополиялық бағадан төмен. бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда жоғары болады:

 

Pm >Poliq  < Рс. (10)

 

- Олигополиялық пайда монополиядан аз болады, бірақ оң экономикалық пайда алып отырады.

 

Пм > Пoliq > 0. (11)

 

Ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды, сондықтан олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бүл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталасының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да соның нәтижесінде өзі шешім қабылдайды.

Ойын теориясы баға белгілеу процесінде қалай қолданылатынын көрсетейік. Нарықта екі бәсекелес фирма (екі «ойыншы») іс-әрекет жасайды делік, олардың әрқайсысы өзінің пайдасын жоғары деңгейге жеткізуді көздейді. Фирмалардың екі балама бағалық стратегиясы бар: біріншісі - өнімнің бағасын төмендету, екіншісі — бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру. Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны тандаулары керек. Баға туралы шешім тек қана фирмалардың өздерінің шешімдеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар бәсекелестердің баға таңдауына да тәуелді. Сондықтан әрбір фирма екі түрлі стратегиядағы пайдаларын есептейді: бақталас бағаны төмендетпегендегі және бақталас бағаны төмендеткен жағдайдағы.

Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз. Ойындардың қалай өту тәсілдерін қарастырайық. Бірінші тәсіл: ойындардың кеңейтілген түрі «ағаш бүтақтары» түрінде кескінделеді және шешімдер қабылдағандағы ойын жүрістерін көрсетеді. А фирмасы бірінші больт стратегия таңдайды, ал одан кейін В фирмасы таңдауды жүзеге асырады деп үйғарайық. Ойынның нәтижесі ойыншылардың нақты стратегияны тандап алғандағы табатын пайдасы. А фирмасының  пайдасын - ПА деп,   ал В фирмасының пайдасын – ПВ деп белгілейміз.


                   

 

Бұнда фирмалардың стратегиялары 1 және 2 цифрларымен белгіленген. Егер екі фирмада 1-сгратегиянъі тандап алатын болса, онда ойынның нәтижесі (X; Ү) болады, ал А фирмасы бірінші стратегияны, В фирмасы екінші стратегиянъг тандаған кезде ойын нәтижесі (Z; W) болады.

Ойынды көрсетудің басқа тәсілі матрица түрі болады:

10.1-кесте

 

 

А фирмасының стратегиясы

 

В фирмасының стратегиясы

 

1

2

1

(X;Y)

(W;Z)

2

(W;Z)

(Y;X)


 

Фирмалардың әр түрлі стратегияны тандағандағы алатьга пайдалары сандар жүбымен көрсетілген: сандар жүбындағы бірінші элементі - А фирмасының пайдасы, ал екіншісі - В фирмасының пайдасы.

Сонымен, нәтижелер матрицасы белгілі, бірақ бақ-талас қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Сондықтан бүл жағдайда, ойыншылардың ең ықтимал шешімін іздеп табу керек. Ол үшін ойын теориясы қолданылады.

Келесі ойынды қарастырайық:

 

 

A ойыншының стратегиясы

 

В ойыншының стратегиясы

 

1

2

1

(2;2)

(1;0)

3

(0;1)

(0;0)


Егер А ойыншы бірінші стратегияны тандайтын болса, онда ол бақталастың кез келген шешімінде де жақсы жағдайда болады. В ойыншы да бірінші стратегияны таңдаса, онда осындай ұқсастықты көреміз. Сонымен, ойында 1-1 стратегиясы таңдап алынатын болса, онда нәтиже (2; 2) болуы ықтимал. Бұл стратегия басым стратегия деп аталады. Сонымен қатар өзінің шамасы жағынан да өте жақсы стратегия және ойынның тепе-теңдік шешімі болып есептеледі. Ойынды талдаудың проблемасы: олардың көбінің басым стратегиясының тепе-тендік жұбы жоқ. Мысалы, мына ойынды қарастьтрайық:

10.3-кесте

 

(2; 2)

(-1; 3)

(3; -1)

(0; 0)


 

Тепе-тендік стратегиясы 2—2, бірақ бүл ойын нәтижесі 1—1 стратегияны тандағанға қарағанда нашар.

2-стратегия әрбір ойыншы үшін  максимин стратегиясы болады. Бұл стратегия қарама-қарсы мақсаты бар бақталастьтң кез келген әрекетінде де ойыншыға ең нашар жағдайдың жақсы нәтижесін әкеледі. Біздің мысалымызда А ойыншы әр стратегияньтң нашар нәтижесін талдайды: 1-стратегияда оның ең төменгі нәтижесі -1-ге тең, ал 2-стратегияда - 0. Осы мүмкін болатын нашар нәтижелерден А фирмасы жақсысын таңдайды, ол 2-стратегия. Бақталас қандай әрекет жасаса да, бұл стратегия бойынша нәтиже 0-ден кем болмайды. Егер В ойыншының іс-әрекетін талдасақ, ол да осыған ұқсас болады. 2-2 стратегиясы Нэш тепе-теңдігі деп аталады, бұл кезде стратегияны басқа ойыншы тандайды деп ұйғарғанда әр ойыншының стратегиясьт ұтымды болады және ойынның тепе-тендік шешімі болады.

Баға белгілеу процесінде олигополиялық фирма максимин стратегиясына сүйенеді. Фирма және оның бақталасы бағаны әр түрлі деңгейде белгіледі деп ұйғарып, осы екі фирманың пайдасының матрицасын қарастырайық:

 

 

 

А фирмасының стратегиясы

 

В фирмасының стратегиясы

 

 

40 теңге

50 теңге

 

40 теңге

(3600 теңге; 3600 теңге)

(4500 теңге; 2400 теңге)

 

50 теңге

(2400 теңге; 4500 теңге)

(4000 теңге; 4000 теңге)


 

Фирмалардың максимин стратегиясы - тауардың багасын 40 теңгеге дейін төмендету больтп табылады. Екі фирма өзара келісіп, бағаны 50 теңге деп белгілесе, пайданы баға 40 теңге болғандағыдан гөрі көп алады. Бірақ бақталастық және бір-біріне деген сенімсіздік бағаны төмендетуге әкеліп соқтырады. Егер фирма бағаны бір қалпында ұстап тұрса, онда бақталас фирма бағаны төмендетіп, нарықтағы өз үлесін көбейтеді де, пайдасын жоғарылатуы мүмкін. Сондықтан максимин стратегиясының тиімділігі: пайданың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде деп айта аламыз және фирманың берілген стратегиясында оның пайдасы белгілі бір деңгейден кейін төмендемейді.

Егер фирмалар жоғары деңгейдегі бағаны ұстап тұруға келіссе, онда олар бақталас пен бәсекелестерден гөрі жоғары пайда алады. Картель құрған уақытта өндірушілердің белгілі бір тобы тауардың бағасы мен өнім өндіру көлемі туралы келісімге келеді, соның нәтижесінде пайдаларын жоғары деңгейге жеткізеді. Олигополиялық фирмалар бірігіп, бір

монополия сияқты әрекет жасайды: олар тауардың бағасын жоғарылатады, ал өнім көлемін шектеп, бір деңгейде ұстап отырады. Сондықтан картельдің әрбір мүшесіне белгілі бір квота тағайындалады. Картель кезінде пайданы неғүрлым жоғары деңгейге жеткізу мақсаты қалай орындалатынын график түрінде көрсетейік (10.3-сурет):

 

Әуелі барлық фирмалар жетілген бәсеке жағдайында әрекет жасайды деп үйғарамыз. Онда Рк, Qk - бәсеке бағасы және саладағы өнім шығару көлемі. Фирмалардың экономикалық пайдасы нөлге тең. Е нүктесі-бәсекелестік  кезіндегі  тепе-теқдік нүктесі.

Енді, фирмалар картель құрып, бірікті делік. Онда пайданы барынша көбейту есебі монополия жағдайындағыдай болып шешіледі. Рм және Qм - монополия бағасы және жалпы өнім шығару көлемі. Сондықтан өнім келемі, Qк-ден МК = МС болатын Qm деңгейіне дейін қысқарады. Енді, бұл өнім    шығару көлемі фирмалар арасында  өзара бөлінеді.  Мұндағы басты  мәселе  әр фирманың өнім көлемі квотасын белгілеп және оларды бақылау. Пайда қуған кейбір фирмалар өз пайдасын барынша көбейту үшін квотасын асырады. Егер салада көптеген фирмалар келісім шартын бұзса, онда ұсыныс (Q*-QК) көбейеді және баға Рк деңгейіне дейін төмендейді. Сондықтан картель бағасын ұстап түру үшін әрбір фирма өзінің квота мөлшерінен, яғни бөлінген өнім көлемін асырмауы керек. Іс жүзінде картельдер монополиялық баға жайлы келісу және квотаны енгізу мәселелерінде қиындыққа кездеседі.

 Олигополиялық фирмалар өзара  бірігіп, баға мен өнім шығару  көлемі туралы келісімге (ашық  немесе жасырын) келген уақытта  пайдаларын көбейтеді. Дегенмен, фирмалардың  бәрін қанағаттандыратын бір  деңгейдегі бағаны белгілеу қиын, әсіресе шығындар мен сұраныс  өзгеретін болса. Егер нарықта  бір басым фирма болып, ол баға  белгілеудегі лидер болса, онда  жоғарыда айтылған мәселелер  өте жеңіл шешіледі. Бұл басым  фирма баға белгілейді, ал қалған  фирмалар - ілеспелі фирмалар болады. Іс жүзінде бұндай көрініс  барлық олигополиялық нарықтарда  кездеседі.

Информация о работе Монополиялық бәсекелестік және олигополия туралы жалпы түсінік