Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2014 в 19:04, курсовая работа
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет құрылған соң олардың арасындағы бұрын көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық қатынастар үзілгені белгілі. Ал Қазақстан сияқты алдымен шикізат өндіретін өндіріске маманданған және қорғаныс өнеркәсібіне жеке бөлшектер ғана өндіретін кәсіпорындары ғана бар республикаға бұл үлкен соққы еді.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ...................6
1.1.Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі...................................................6
1.2.Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері.......................................................................................................................8
1.3.Жұмыссыздық деңгейі.Оукен заңы...................................................................12
II МЕМЛЕКЕТ ПЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ҚАРСЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ..................................................................16
2.1.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау, статистикасын анықтау............................................................................................ 16
2.2.Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау..........................................................................................................................19
2.3.Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау...............22
III ЕЛІМІЗДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АНЫҚТАУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ..............................................................25
3.1. Қазақстан республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары....................................................................................................25
3.2.Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау….......................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
Жұмыс күші ұсынысын қалыптастыру саясатының бірінші және негізгі бағыты – кәсіптік – квалификациялық тұрғысынан оның сапасын жақсарту, дамыту және жетілдіру. Басты назар кәсіпкерлер, менеджерлер, маркетинг бойынша мамандар және басқа да нарықтық инфрақұрылым қызметкерлерінің дайындығына және біліктілігін жоғарлатуға аударылады.
Екінші бағыт - өзіндік жұмысбастылықты дамыту. Бұл бағыттың негізгі мүмкіндіктері тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерін дайындау бойынша жеке еңбек әрекетімен байланысты. Бұл жағдай жеке кәсіпкерлік ретінде саналады, бұл жерде кәсіпкер мен жұмысшы бір тұлға болады.
Үшінші бағыт – жұмыс уақыт ұзақтығын реттеу. Әлемде құрылған жұмыс уақыты ұзақтығын қысқарту тенденциясын жұмысшының қосымша жұмыс істеуге уақыты болатынының куәсі болып табылады.
Төртінші бағыт – жұмысшылар мен жұмыс берушілердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін максималды үлестіру мақсатында миграциялық үрдістерді реттеу.
Сонымен қатар, кез келген жағдайда жұмыссыздық төмендегідей зардаптар әкелуі мүмкін.
Жұмыссыздықтың зардаптары:
-Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс
мүмкіншілігін толық
халықтың сатып алу қабілеті төмендейді;
-қазына – қор қысқарады;
-инвестицияға сұраныс
-өндіріс құлдырайды;
-ұзақ мерзімде болатын
-жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы 1998 жылы 12 желтоқсандағы заңына сәйкес жұмыс беруші халықты жұмыспен қамтуға белсенді қатысуы керек. Заң бойынша жұмыс берушілер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыруға:
-еңбек туралы заңдарға сәйкес жеке еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
-қызметкерлерді кәсіби даярлау және өндіріс ішінде оқыту жүйесін дамыту;
-құрылымдық өзгерістер барысында білікті кызметкерлердің кадрлық әлеуметін сақтау және ұтымды пайдалану;
-қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге жәрдемдесу;
-өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
-жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдарды ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарыны сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау.
Жұмыс беруші:
-ұйымның таратылуына, адам санының немесе қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын уәкілетті органға толық көлемде ақпарат беруге;
-бос жұмыс орындары пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы уәкілетті органға мәлімет жіберуге;
-уәкілетті орган берген жалдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде хабарлауға;
-мүгедектер үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындауға;
-уәкілетті органға алған мамандығы мен біліктілігін көрсете отырып, кәсіптік даярлықтан қайта даярлықтан және өндірісшілік оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәліметтер беруге міндетті[8].
Қазақстан жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда шағын кәсіпорындар маңызды рөль атқарады. Қазақстан Республикасының Статистика бойынша агентігінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпорындар қызметкерлерлінің саны 2009 жылы – 748785 адам, 2010 жылы – 768640 адам, ал 2011 жылы олардың саны 1361 адамға өскен, яғни былтырғы жылы олардың саны 770001 адамға жетті. Бұл кәсіпорындар ішінде көп үлесті өнеркәсіп – 15.2%, өңдеу – 12.6%, құрылыс – 19.1%, және сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды жеке пайдаланатын заттарды жөндеу – 26.3% салалары алады.
2.3 Жұмыссыздыққа қарсы
Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді. Заң бойынша жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдауға бірдей мүмкіндіктерді, әділ де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың мынадай түрлерін көрсетеді:
-жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
-жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
-қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздықтардыңеңбегіне ақы төлеу;
-табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
Жұмыс тапқысы келетін адамдар тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтініш жасай алады. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз деп тану және оны тіркеу туралы шешімді уәкілетті орган арнайы құжаттарды ұсынған кезде қабылдайды. Осыған байланысты жұмыссыздар уәкілетті орган қойған талап – тәртіптерін орындауға және сақтауға міндетті.
Әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері болады:
-нысаналы топтарға әдейі арналады;
-жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Жұмыссыздарда қажетті кәсіби біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда, уәкілетті орган оларды кәсіби даярлықтан өтуге, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жібереді. Жұмыссыздарды кәсіби даялау, олардың біліктілігін арттыруға қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен еңбек рыногінің қажеттілігі ескеріле отырып, бюджет қаражаты есебінен уәкілетті органның жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында не білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда жүргізіледі. Кәсіби даярлықтан, біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздар кәсіби даярлықтан, біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан басым тәртіппен өту құқығына ие болады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және жұмыс берушінің өтінімі бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кірген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысу құқығы бар. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар уәкілетті органда қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жіберілуі мүмкін. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшеліктері болады:
-жұмыссыздарға әдейі арналған;
-жұмыс орындарының саны іс жүзінде шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;
-жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі болады;
-аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдасы болады;
-арнаулы білімі жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Қазақстанда жұмыссыздықпен күрес және тиімді жұмыспен қамту саясатының басты жолы бағдарлама құру болып табылады.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2011 – 2012 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.
Екінші тарауды қорытындылай кететін болсақ, бұл тарауда статистикалық мәліметтерді кеңінен талдап, жұмыссыз және жұмыспен қамтылған халық мөлшерін толықтай анықтадық. Мемлекет пен кәсіпорынның осыған жасап отырған саясатына көңіл бөле отырып, шетелдік кейбір мемлекетпен салыстыра кеттік. Жұмысбастылықты жақсарту және жұмыссыздықты төмендету саясатын да басты назарда ұстадық. Міне, осы басты мәліметтерді қолдана отырып, екінші тараудың мәселелерін толықтай аша алдым деген сенімдемін.
III ЕЛІМІЗДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АНЫҚТАУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары.
Қазіргі кезде Қазақстанда кедейлікті төмендету бағдарламасы әрекет етуде. Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың бағдарламасы жұмыссыздықтың өсуінің алдын алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және өнеркәсіптік өндірістің иновациялық дамуының, аграрлық саланың жоғары білікті кадрларға қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай – ақ заңды сектордағы халықтың жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс күші сапасының артуы, жұмыс күші ұсынысыны мен жұмыс орындары санының теңгерімділігі, ұлттық еңбек нарығын қорғау жолымен өнімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында әзірленді. Бағдарламаның негізгі мақсаты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін азайту болып табылады.
Бағдарламаның халықты жұмыспен қамту деңгейінің өсуін ынталандыратын шараларда жаңа жұмыс орындарын құруға жататындар:
-инвестициялық жобаларды, мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларды іске асыру (902,1 мың жұмыс орны);
-нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
-қоғамдық жұмыстарда жұмыспен уақытша қамтуды дамыту жолымен қамтамасыз етілетін болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы заңнамаларын, бос жұмыс орындарын жасыру және нысаналы топтарды қоса алғанда, азаматтардың еңбек құқықтары бөлігінде бұзушылықтарды анықтау жөніндегі жұмыс жандандырылады.
Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі болуы үшін кәсіптік даярлауды еңбек нарығындағы қажеттіліктерге сәйкес жетілдіру, еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс мониторингі қажет.
Бұл ретте мыналар:
-еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың және білім беру қызметтері нарығындағы мамандар даярлаудың көлемін, бейіндері мен болжамдарын болжау;
-жұмыс берушілердің таяудағы 3 жылда жұмыс күшіне деген қажеттілігін айқындау және кадрлар даярлау жүйесін экономика қажеттіліктерімен сәйкес келтіру мақсатында жұмыс күшіне сұраныс мониторингін жүзеге асыру;
-жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау есебінен еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілетін арттыру;
-бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім берудің кәсіптер жіктемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
-кәсіпорындардың әрбір есепті жылдың аяғында жыныстық жасы, кәсіптік және біліктілік белгілері бойынша кадрлар құрамын көрсететін статистикалық есептемесіне өзгерістер енгізу;
-оқушылары кәсіптік бағдарлауды дамыту, еңбек нарығында талап ететін кәсіптер, мамандықтар бойынша олардың еңбек қызметіне уәждемесін арттыру көзделеді.
Халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру. Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру:
-әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
-кәсіптік даярлауға біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға әрі қоғамдық жұмыстарға жіберу кезінде басымдықты құқық;
-шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жұмысқа орналастыру;
-кәсіптік бағдарлау, хабардар ету, консультациялар беру;
-екі – үш аралас кәсіптерге оқыту жолымен бәсекелестік қабілетін арттыру;
-мүгедектерді жергілікті еңбек нарықтарында қалыптасқан ахуалды ескере отырып, әкелу кестесін, қоныстану аудандарын, кәсіптер бөлінісінде еңбекке қабілетті адамдардың санын көрсете отырып орналастыру;
-нысаналы топтарды жұмыспен қамту мониторингін жүргізу;
-бос жұмыс орындары туралы мәліметтер жариялау;
-жұмыспен қамту және қылмыстық түзеу жүйесі органдардың өзара әрекет етуі;