Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2014 в 19:04, курсовая работа
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет құрылған соң олардың арасындағы бұрын көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық қатынастар үзілгені белгілі. Ал Қазақстан сияқты алдымен шикізат өндіретін өндіріске маманданған және қорғаныс өнеркәсібіне жеке бөлшектер ғана өндіретін кәсіпорындары ғана бар республикаға бұл үлкен соққы еді.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ...................6
1.1.Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі...................................................6
1.2.Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері.......................................................................................................................8
1.3.Жұмыссыздық деңгейі.Оукен заңы...................................................................12
II МЕМЛЕКЕТ ПЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ҚАРСЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ..................................................................16
2.1.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау, статистикасын анықтау............................................................................................ 16
2.2.Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау..........................................................................................................................19
2.3.Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау...............22
III ЕЛІМІЗДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АНЫҚТАУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ..............................................................25
3.1. Қазақстан республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары....................................................................................................25
3.2.Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау….......................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
-жазасын өтеп жүрген адамдарды оқытуды ұйымдастыру мақсатында, еңбек рыногында сұраныс бар кәсіптердің, мамандықтардың тізбелері қылмыстық – түзеу жүйесі органдарға беру есебінен қамтамасыз етіледі.
Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту:
-жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ұйымдастыру және қызметтердің жекеменшік салаларын дамыту;
-дәстүрлі ұлттық кәсіпшіліктің, әсіресе, оңтүстік өңірлерде, ауылдық жерлерде және шағын қалалардағы тамақ шикізатын қайта өңдеуге арналған үйде істейтін және кәсіпшілік өндірістерінің жаңғыруына жәрдемдесу;
-жұмыссыздарға материалдық көмек беру жолымен олардың жеке ісін ұйымдастыруына жәрдемдесу;
-одан әрі өзін өзі жұмыспен қамту мақсатында жұмыссызды оқуға жіберу есебінен жүзеге асырылатын болады.
Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін құру еңбек нарығындағы жұмыссыздардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолымен жүргізілетін болады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетілдіру қоғамдық жұмыстардың басым дамуына байланысты жол құрылысы мен оларды жөндеуге, ағаш отырғызуға, елді мекендер мен өңірлердің санитарлық – эпидемиологиялық жай күйін жақсартуға, өңірлердің инфрақұрылымын, көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған қоғамдық жұмыстарды кеңейту мен қайта бағдарлау және әлеуметтік қызметтер көрсету көзделеді.
Жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлінен арттыру жөніндегі шаралар. Жергілікті атқарушы органдар:
-бос орындар туралы ақпарат жинау жөніндегі жұмысты жандандыру;
-халықты және жұмыс берушілерді еңбек нарығындағы ахуал туралы хабарлау , буклеттер, жадынашылар, плокаттар тарату арқылы жұмыс іздеуге жәрдемдесу, сондай – ақ бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жариялау;
-жұмыс іздеуде қиындық көретін азаматтарға консультациялар беру;
-лайықты жұмыс таңдауға, оның ішінде бос орындар жәрмеңкелерін, жұмыс іздеу клубтарының қызметін ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға жіберу жолымен жәрдемдесу;
-еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілеттілікті арттыру мақсатында жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға жіберу;
-еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұрыныс пен ұсыныс мониторингін жүргізу;
-жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жаңа жұмыс орындарын құру жолымен іске асыру, нысаналы топтарды қоса алғанда, еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып жұмыссыздарды кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудық сапасын жақсарту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, және дамыту, қоғамдық жұмыстардың түрлерін кеңейту және қайта бағдарлау;
-жұмыс күшін аумақ аралық, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес алмасуды дамыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек нарығы мәселелерінде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ықпалдастыру. Ол:
-жұмыспен қамту органдарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен және жұмысқа орналастыру жәрдемдесу саласындағы үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс - әрекеттерімен кеңейту;
-ұйым қызметкерлерімен өндірістік оқыту, сондай-ақ босатылуға жататын қызметкерлерді, олардың еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілеті мен кәсіптік ұтқырлығын арттырудың маңызды құралы ретінде, ілгерілеп кәсіптік оқыту жүйесін дамыту;
-жұмыспен қамту мәселелерін жөніндегі органдар, білім беру органдары мен жұмыс берушілер конфедерациясы арасында білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы келісім жасасу арқылы білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру жәрдемдесу мәселесі бойынша өзара әрекет ету жолымен жүзеге асырылады;
Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Бұған:
-жоғары оқу орнының шәкірті мен жұмыс берушінің арасында жұмысқа орналасуға шарт жасасу;
-кәсіптік білім беру орындарын бітіргеннен кейін одан әрі жұмысқа орналастыру перспективасымен жұмыспен қамту органдары арқылы жоспар практикасын ұйымдастыру;
-мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда жұмыс орнын беру ықпал ететін болады.
Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингі орталықтағы сияқты өңірлік деңгейлерде де жүзеге асырылатын болады[14].
Қазақстан Республикасының президнеті Н.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлемдегі бәсеке барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты жолдауында халықтың неғұрлым “әлжуаз” топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат құру керек дейді. Оның ойынша, нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты, болып келеді және болып қала берді. Мемлекет қоғамның шын мәнінде осындай көмекке зәру мүшелеріне ғана қолдау көрсету жөніндегі толық жауапкершілікті өз мойнына алуға міндетті деп санайды елбасымыз. Сонымен қатар бізге республикамыздан тұрақты негізде жұмыс істей алатын жоғары білікті және кәсіпқой жұмысшыларды тартудың тетіктерін әзірлеу керек. Бұл ретте біз өзіміздің отандық жұмысшыларды тәрбиелеп, олардың біліктілігі мен кәсіпқойлығы арттыруды естен шығармауға тиіспіз. Осыған байланысты елбасымыз үкіметке халықты әлеуметтік қорғаудың жоғарыда аталған мәселелерін шешу үшін келесі талаптар қойды:
«Кәсіби – техникалық және жоғары білім беру мекемелері жүйесі арқылы білікті ұлттық кадрларды жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту және кәсіби жағынан даярлау жөніндегі бағдарлама әзірленсін. Бағдарламада кәсіби – техникалық білім беру жүйесіне қатысуы үшін ынталандыру және оның тетіктерін жасау арқылы Қазақстанда жұмыс істейтін ұлттық компаниялар мен жеке бизнестің әлеуеті іске қосылуы қажет»[14].
Н.Назарбаевтің айтуы бойынша мемлекет, бұрынғысынша, халықтың әлеуметтік жағынан “әлжуаз” топтарына колдау көрсету үшін қаражат аямайтын болады.
3.2 Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау
2001 жылдан бастап тоқсан сайынғы негізде Қазақстанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу жүргізіліп келеді. Зерттеу Республиканың барлық өңірінде жүргізіледі. Тоқсан сайын 21 мың үй шаруашылығы (бас жиынтықтан 0,5 % ) зерттеледі, бұл іріктеменің репрезентативтілігін өңірлік деңгейде қамтамасыз етеді. Байқау бірліктері үй шаруашылығы және онда тұратын 15 және одан жоғары жастағы адамдар болып табылады.
Халық пікірлері үй шаруашылығындағы әрбір мүшені сипаттайтын ақпараттан тұратын, халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме зерттеу сауалнамасының көмегімен жыл бойы тоқсан сайын жүргізіледі. Сауалнама сұрақтардың логикалық тізбектілік принципі бойынша құрылған, соның негізінде жұмыспен қамтылғандар экономикалық тұргыдан белсенді немесе жұмыссыздар экономикалық тұрғыдан енжар денгейлері бойынша жіктеледі. Барлық жауаптар респонденттердің сөздерінен жазылады.
Белгілі адамды жұмыспен қамтылған халыққа жатқызу үшін, әр респондентке сұрақ қойылады: «Сіз заттай не ақшалай табыс табу үшін өткен аптада ең кемі 1 сағат болса да, белгілі бір жұмыс атқардыңыз ба немесе нендей бір кәсіппен (түрлі қызмет көрсетуді қоса) шұғылдандыңыз ба?».
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтылу жағдайы бойынша (ЕХӘҚМ) бөлу, мына сұраққа берілген жауапқа сүйене отырып жүргізіледі: «Сіздің негізгі қызметіңіздің (жұмысыңыздың) мәртебесін төмендегі санаттардың қайсысы дұрыс сипаттай алады?»:
-жұмыс беруші;
-өз бетінше жұмыспен қамтылу (өз есебінен жұмыс істейтіндер);
-отбасы қәсіпорнының қөмекші (ақы төленбейтін) жұмысшысы;
-кооперативтің мүшесі;
-жеке ауладағы жұмыс.
Жұмыспен қамтылғандардың осы санаттағы негізгі үлесін «өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер» құрайды. Бұл оларға ақшалай немесе заттай нысанда табыс әкелетін, жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар. Ауылдық халық үшін бұл жұмыспен қамтуға жеке ауласындағы (қосалқы шаруашылық) кәсібі тән.
Жеке негізде өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың санын анықтау үшін сауалнамада келесі арнайы сауалдар көзделген: «Сіз тауарларды өткізу мен қызмет көрсетуге (көлік, білім, медициналық, өзге де) байланысты қандай да бір жұмыс атқардыңыз ба, ең болмағанда аптасына 1 сағат?», сонымен бірге – «Сіздің кездейсоқ немесе уақытша табыстарыңыз болды ма (жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысты қосқанда)?».
Жеке ауласында өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың санын анықтау үшін барлық респондентерге арнайы сұрақтар: «Сіз жеке аулаңызда (үй іргесіндегі саяжай телімінде), ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге байланысты әйтеуір бір жұмыс атқардыңыз ба, ең болмағанда аптасына 1 сағат?», «Сіз жеке аулаңызда қанша уақыт жұмыс істедіңіз?» қойылады.
Бізге белгілі, жеке ауладан алынған өнімдер тек өзінің тұтынуына ғана емес, сонымен қатар қосымша отбасылық кіріс алу үшін өткізіледі. Сондықтан жеке ауласында жұмыспен қамтылғандарға қосымша мынадай сұрақ қойылады: «Жеке ауладан (үй іргесіндегі учаскеде, саяжайда) тікелей немесе қайта өңдеу арқылы алынған өнім пайдаланылды ма?»:
а) тек меншікті тұтыну үшін;
б) жартылай тұтыну үшін, сондай-ақ айырбастау (сату) үшін.
Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық жөніндегі ақпарат жұмыспен қамтылу мәртебесі, білім деңгейі, жас тобы, экономикалық қызмет түрлері, тұрғылықты жері, жұмыс түрлері және өңірлер бөлінісінде қалыптастырылады.
Жұмыссыздық жөніндегі деректерді қалыптастыру үшін Зерттеу сауалнамасында мынадай сұрақтар берілген:
-Сіз заттай не ақшалай табыс алу үшін аптасына ең кемі 1 сағат болса да, қандай да жұмыс атқардыңыз ба немесе бір кәсіппен (түрлі қызмет көрсетуді қоса) шұғылдандыңыз ба?
-Соңғы төрт апта ішінде жұмыс іздедіңіз бе?
-Егер қазір жұмыс тапқан болсаңыз, жақын арадағы 2 апта ішінде жұмысқа кірісуге дайынсыз ба?
Яғни, егер де қаралып отырған кезеңде респондент жұмыссыз болғандығын, және оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын екендігі туралы жауап берген жағдайда онда ол жұмыссыздарға жатады.
Жұмыссыздық бойынша статистикалық деректер жынысы, жасы, білім деңгейі, тұрғылықты жері, жұмыс болмау уақытының ұзақтығы мен себебін, және де басқа белгілері бойынша қалыптастырылады.
Қазіргі таңда жалпы жұмыссыздық деңгейінен басқа «жастар жұмыссыздығының деңгейі» және «ұзақ мерзімді жұмыссыздық» есептеледі. Барлық көрсеткіштер тұтастай ел бойынша және өңірлер бөлісінде жарияланады[13].
Сонымен, үшінші тарауға қорытынды жасай кететін болсақ, еліміздегі жұмыссыздық көбейсе кедейшілік деңгейі де белең алады. Осы мәселені болдырмау мақсатында, осыған қарсы бағдарламаны жетілдіру жолдары қарастырылады. Сондай-ақ, жұмыссыздар санын анықтау жолдары, халық арасында оның дұрыс таралуы тереңінен талданады.
Қорытынды
Берілген курстық жұмысты қорытындыласақ, мынадай тұжырымға келуге болады: жұмыссыздық – әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Яғни жұмыссыздар – бұл тұрақты жалақысы жоқ, еңбекке жарамды адамдар саны. Экономикада жұмыссыздықтың бірнеше түрлерін ажыратуға болады: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдік, технологиялық, жасырын және коверсиондық. Сонымен қатар нақты және жалған жұмыссыздық та болады. Жұмыссыздықтық негізгі көрсеткіштерінің бірі – жұмыссыдық деңгейі. Жұмыссыздық деңгейі бұл – жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі сақталады. Ол циклдік жұмыссыздық нольге тең болғанда, яғни құрылымдық пен фрикциондық жұмыссыздықтың қосындысына тең болады. Жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасында кері байланыс болады.
Қазақстандағы жұмыссыздық жағдайына тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының статистика бойынша агентігінің мәліметтеріне сүйене отырып, еңбек нарығында жыл сайын жұмыссыздық деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады деуге болады. Талдау нәтижелеріне сүйенсек 2012 жылы жұмыссыздық деңгейі алдыңғы жылға қарағанда 0,1% - ға төмендеген, яғни оның деңгейі 2012 жылы 5,3% болды. Еңбек нарығында бәсеке қабілеті төмен адамдар бұрынғысынша әйелдер мен жастар болып отыр. Жұмыссыздық деңгейі жастар арасында бұл көрсеткіш – 4,6% - ды құрады. Сонымен қатар жұмыспен қамту проблемасы шағын қалалар мен ауылдық өңірлерде аса өткір болып отыр.
Осыған байланысты жұмысбастылықты төмендетудің негізгі бағыттары жұмыс күші ұсынысы мен сұранысына әсер ету жолымен жүзеге асырылады деген тұжырымға келдім. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңына сәйкес жұмыс беруші, кәсіпорын халықты жұмыспен қамтуға белсенді қатысуы керек. Заң бойынша жұмыс берушілер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыруға:
-жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
-қызметкерлерді кәсіби даярлау және оларды оқыту жүйесін дамыту;
-қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге жәрдемдесу;
-қызметкерлерді сақтандыру және тағы сол сияқты әрекеттер жүргізу арқылы қатысады.
Ал мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау арқылы қалыптасуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осыған орай мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың мынандай түрлерін көрсетеді:
-жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
-жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
-қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбегіне ақы төлеу;
-табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру үшін жұмыспен қамту бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі бағыттары:
-экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру;
-жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі жөніндегі шаралар жүргізу;
-халықты әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
-қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту;
-жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдардың ролін атқару жөніндегі шаралар қабылдау;
-білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және т.б.