Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 05:53, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Басқару қызметінің экономикалық мәні мен ерекшеліктерін ескере отырып, басқару қызметінің экономикалық тұрғыдағы стилін қарастыру болып табылады. Курстық жұмыстың міндеттері:
берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
басқару қызметіндегі стилдің ерекшеліктерін анықтау;
басқару қызметінің стратегиялық аспектілеріне тоқтам жасау;

Содержание

Кіріспе
І Қазақстандағы басқару қызметінің экономикалық сипаты
1.1. Басқару қызметінің негіздері мен оның қолданылуы
1.2. Басқару қызметіндегі жауапкершіліктің негіздері
ІІ Қазақстандағы басқару қызметінің қазіргі жағдайы
2.1. Басқару қызметі мен жауапкершіліктің бірлестігінің экономикалық көрсеткіштері
2.2. Басқару қызметіндегі құрылымның экономикалық тиімділігі
ІІІ Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымының аспектілері
3.1. Қазақстандағы басқару қызметінің ерекшеліктерін айқындау
3.2. Басқару қызметіндегі ерекшелікті жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

БАСКАРУдың қоғкамдағы рөлі.doc

— 142.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе

І Қазақстандағы басқару  қызметінің экономикалық  сипаты

1.1. Басқару қызметінің  негіздері мен оның қолданылуы

1.2. Басқару қызметіндегі  жауапкершіліктің негіздері

ІІ Қазақстандағы басқару қызметінің қазіргі жағдайы

2.1. Басқару қызметі   мен жауапкершіліктің бірлестігінің экономикалық көрсеткіштері

2.2. Басқару қызметіндегі құрылымның экономикалық тиімділігі

ІІІ Қазақстандағы басқару  қызметінің құрылымының аспектілері

3.1. Қазақстандағы басқару  қызметінің   ерекшеліктерін айқындау

3.2. Басқару қызметіндегі ерекшелікті жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданады, аз шығындармен  барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейтін болғандықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процесс  ретінде  жалпылама ортаға ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни табиғатта (өндірістік құралдар мен заттарын арттыруда) тірі табиғатта (биологиялық жүйелерде) және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде әлеуметтік – экономикалық жүйелерде объективті түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар менеджмент басқару процесіне объективті түрде қатыса отыырп, өзінің қалыптасуы мен барысында қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Орталық есебінде басқару әрекетінде әрбір территориялық ерекшелігін барынша ескеру, жергілікті экономикалық дамуы мен жасауын реттеуді қалыпты орынға қою талап етіледі.

Тақырыптың  өзектілігі: Ел мен аймақтарда басқаруға, парламент пен маслихаттарға кандидаттарды іріктеуші әр жалдаушы  халықтың өзі болып табылады. Осымен байланысты басқару қызметінің тиімділігі басшыға тікелей байланысты. Әр деңгейдегі басшы қызметінің тиімділігі оның жалдамалы жұмысшыны дұрыс таңдап алуына да байланысты. Жұмыстың нәтижесі жұмысшының қаншалықты тапсырылған істі мінсіз атқаруға сәйкес келетініне сөзсіз тәуелді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Басқару қызметінің экономикалық мәні мен ерекшеліктерін ескере отырып, басқару қызметінің экономикалық тұрғыдағы стилін қарастыру болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
  • басқару қызметіндегі стилдің ерекшеліктерін анықтау;
  • басқару қызметінің стратегиялық аспектілеріне тоқтам жасау;

Курстық жұмыс негізінен  кіріспе, ІІІ тараудан, қорытынды  мен қолдданылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

Курстық жұмыстың І тарауында  Қазақстандағы басқару қызметінің экономикалық сипаты ашылады. Онда басқару қызметінің негіздері мен жауапкершілік қызметінің элементтері қарастырылады.

ІІ тарауда Қазақстандағы  басқару қызметінің негізгі бағыттары  қарастырылады.

Курстық жұмыстың ІІІ  тарауында Қазақстандағы басқару  қызметінің ерекшеліктері айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Қазақстандағы  басқару қызметінің экономикалық  сипаты

1.1. Басқару  қызметінің негіздері мен оның  қолданылуы

Еліміз егемендік алған алғашқы  күннен бастап мемлекеттік басқару  мен мемлекеттік қызметтің қазіргі  заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы республикамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан  2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ.  Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті  50 елінің қатарына  кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор.

Мемлекеттік басқару  нысаны – атқарушы билік органдарының өзінің құдіреті шеңберінде жүзеге асырылған  және нарықтық реттеуші мен белгілі  бір сардарлар туғызатын қызметтің  сыртқы көрінісі. Сондықтан нарықты экономика механизмінде мемлекеттің экономикаға араласуынсыз экономиканың толық өзін - өзі реттеуі мүмкін емес. Осы орайда мемлекет салық, инвестиция, жеңілдіктер беру арқылы нарықтық экономиканы реттеп отырады. Ал, мемлекеттің арнайы қызметтері ретінде ғылыми – техникалық дамуды қамтамасыз ету, еңбек қатынастары мен қаржы жүйесін жүйесін мемлекеттік бақылау және реттеу қызметтерін қарастырсақ болады. Мемлекеттік басқаруды жүйелі түрде қарастыру үшін оның қағидаларын  бір – бірімен байланысқан субъектілердің даму заңдылығын анықтайды. Мемлекеттік басқаруда келесі  3-қағиданы атап көрсетсек болады:

  • Онтологиялық – мұнда элементтердің табиғатпен байланысын, оның даму заңдылығын және бір – бірімен байланысын қарастырады:
  • Гносологиялық – қағидалардың негізгі ерекшеліктерін талдау және оларға ғылыми түрде сипаттама беру;
  • Методологиялық – қағидалардың теориялық  және іс – тәжірибеде қолдану механизмін анықтайды;

Сонымен қатар мемлекеттік  басқаруда келесі қағидаларды қамтиды:

  1. Қоғамдық  - саяси - мемлекеттік басқарудың әлеуметтік табиғатын зерттеу арқылы олардың даму заңдылығын анықтау;
  2. Функционалдық - құрылымдық - мемлекеттік басқару органдарының құрылымының заңдылығын түсіндіреді;
  3. Ұйымдық – құрылымдық - мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының заңдылығы мен бір – бірімен байланысын түсіндіреді;
  4. Мемлекеттік басқару қызметі - мемлекеттік басқару органдарының басқару әдістерін қолдау заңдылығын түсіндіреді;

Мемлекеттік басқару  әдістеріне – басқару субъектісінің  басқару объектісіне ықпал ету тәсілі, амалы, ал басқарудың алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланады. Мемлекеттік басқару әдісінің мынандай белгілері бар:

  1. Мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты.
  2. Басқару қызметі субъектісін объектіге басқару ықпалын білдіреді.
  3. Басқару субъектісінің өз – құқық өкілеттілігін іске асырудың құралы.
  4. Тиісті объектіге арналған.
  5. Алға қойылған мақсатына нақты жағдайда қол жеткізудің қолайлы тәсілі.
  6. Белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады. [1. 12]

Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары: мемлекеттік  билік пен басқарудың біртұтастығы; заңдылық; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы; азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу теңдіктері; қоғамдық пікірді есептеу және мемлекетті басқарудағы жариялылық; аумақтық-салалық; мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және орталықсыздандырудағы үйлесімділік; халықаралық қауымдастық. Олардың сипаттамасы.

    Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары, олардың ерекшеліктері.      Мемлекеттік басқарудағы констиутциялық (негізгі) және салалық қағидалардың өзара байланыстары мен өзара әрекеттері. Мемлекеттік органдарды  ұйымдастырушылық-техникалық қағида бойынша құрастыру:  салалық; функциональдық; салалық-функциональдық. Олардың ерекшеліктері.

Сонымен мемлекеттік  басқару мәні келесі қағида бойынша  айқындалады. Мемлекеттік басқару  деп – мемлекеттің билік күшін  пайдалану арқылы белгілі бір  мақсаттарға жету үшін адамдардың қоғамдық  өміріне тәжірибелі, ұйымдасқан және реттеуші бағытта әсер етуі аталады. Мемлекеттік басқарудың мақсаттылығын, тиімділігін адамдардың қажеттігін орындау барысындағы әлеуметтік бағыттылығы анықтайды. Ендеше мемлекеттік басқару - ерекше субъектілер тобының экономикалық, әкімшілік, саяси және әлеуметтік, мәдениет аяларына басшылық жасау процесінде міндеттерімен қызметтерді іс жүзінде орындаудан тұратын заңға тәуелді заңдық біліктілік ұйымдастыру қызметі. Мемлекеттік басқару мыналармен сипатталады:

  • қоғамдық пайдалы қызметтің нақтылы түрімен;
  • бұл қызметтің атқару өкім ету сипатымен;
  • арнайы уәкілетті субъектілердің жүзеге асырумен;
  • күнделіктілігімен және үзіліссіздігімен;
  • заңға тәуелді сипатымен;
  • қызметтің әр түрлі нысандарымен;

Мемлекеттік басқару  принциптері – оның мән мағынасын білдіретін негізгі бастамалары, идеялары. Мемлекеттік басқару принциптері екі түрге бөлінеді:

  1. Жалпы мемлекеттік басқару;
  2. Ұйымдастырушылық мемлекеттік басқару;

Жалпы мемлекеттік басқарудың өзі бірнеше топқа бөлінеді:

  • жалпы демократиялық;
  • жалпы объективтілік;
  • жалпы ғылымдық;
  • жалпы нақтылық;
  • жалпы шапшаңдық;
  • жалпы тиімділік;
  • жалпы жариялылық;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Басқару  қызметіндегі жауапкершіліктің  негіздері

Өзінің бағытына сәйкес мемлекет әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады. Функцияның нақты мағынасы өзіне лайық нысанға ие болуға мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оның құрамына функцияны жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты, онымен құқықтық байланысты қызмет те кіреді. Мемлекет функциясының оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынадай компонентін бөліп көрсету керек, оның астарынан ара қатынасты. а) сенімді және мәжбүрлеуді, б) басқаруды орталықтандырудың және орталықсыздандырудың бастауын; в) авторитарлық пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлық варианттарын еркін таңдау принциптерін түсінуге болады.

Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде мағынасынан басқа, жүктелген міндеттерді шешудің  нысандары (ұйымдастыру, кадр және құқықтық) мен әдістері, сондай-ақ мемлекеттік  ықпал ету обьектілері (қоғамдық қатынастардың қандай да бір түрлері) жатады. Аталған компоненттерді тұтас қалпында анықтап лағанда ғана мемлекет функциялары туралы ұғым қалыптастыруға болады.

Мемлекет функциясын іске асырудың нысаны-оның функциясының көмегімен жүзеге асырылатын мемлекет органдарының біржақты әрекеттері болып табылады. Бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:

А) құқық шығармашылық-бұл  нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;

Ә) құқық қолданушы- бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты. Бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;

Б) құқық қорғаушы-бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және тағы басқаларға байланысты қызмет.

Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:

А) ұйымдастырушылық-реттеуші-бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен тағы басқа байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;

Ә) ұйымдастырушылық-шаралық-бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен тағы басқалармен байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;

Б) ұйымдастырушылық-идеологиялық-бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және тағы басқалармен байланысты мемлекеттің әр түрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.

Сыртқы функциялар халықаралық  қатынастар саласына қатысты және оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды. Ішкі функциямен салыстырғанда, олар әдетте басмыдық таныта алмайды: керісінше, ақыр соңында бірішісінен туындайды, олардың табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім тұрады.

Қазақстанның мемлекеттік құқықтық дамуы үшін өткеннің этатистік бұрмалауларын және одан туындайтын қоғам істеріне мемлекетік араласудың әлсіреуін жеңумен байланысты мемлекеттің кейбір ішкі функциялары тартылып, оларды жүзеге асырудың нысаны мен әдістері де демократияландырады.

Информация о работе Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі