Партияның негізгі функциялары мен қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 11:07, курсовая работа

Краткое описание

Мен, IV курс студенті Айсин Ануарбек Мейрамбекұлы “Нұр Отан” ХДП Астана қаласы Алматы ауданы “Нұр” филиалында көмекші ретінде 7.01-15.03.2013 аралығында өндірістік тәжірибеден өттім.
Тәжірибе кезінде партияға жаңа кірген адамдардың есебін жүргізу, тізімдеу, партиялық билеттерді үлестіру, жиналыстар ұйымдастыру жұмыстарын атқардым.

Тәжірибе өту кезінде:
- Партия жарғысымен;
- Филиалдың атқаратын қызмет түрлерімен;
- Жұмыс кестесімен;
- Жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарымен;

Содержание

КІРІСПЕ 3

I. Нұр Отан партиясының тарихы мен құрылымы.
1.1. Нұр Отан партиясының қалыптасуы мен дамуы
1.2. «Нұр отан» ХДП Астана қалалық филиалы атқарушы органының
құрылымы. “Нұр” филиалы
1.3. «Нұр отан» ХДП жарғысы

II. Партияның негізгі функциялары мен қызметтері.
2.1. Партияға өту
2.2. Сыбайлас жемқорлықпен күрес
2.3. «Нұр отан» ХДП халықтық тұғырнамасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

Есеп беру.docx

— 237.35 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ                                  3

 

I. Нұр Отан партиясының тарихы мен құрылымы.    

1.1. Нұр Отан партиясының қалыптасуы мен дамуы

1.2. «Нұр отан» ХДП Астана қалалық филиалы атқарушы органының   

        құрылымы. “Нұр” филиалы

1.3. «Нұр отан» ХДП жарғысы

 

II. Партияның негізгі функциялары мен қызметтері.

2.1. Партияға өту

2.2. Сыбайлас жемқорлықпен күрес

2.3. «Нұр отан» ХДП  халықтық тұғырнамасы

 

ҚОРЫТЫНДЫ   

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                               

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 Мен, IV курс студенті Айсин Ануарбек Мейрамбекұлы “Нұр Отан” ХДП Астана қаласы Алматы ауданы “Нұр” филиалында көмекші ретінде 7.01-15.03.2013 аралығында өндірістік тәжірибеден өттім. 

 Тәжірибе кезінде партияға  жаңа кірген адамдардың есебін жүргізу, тізімдеу,  партиялық билеттерді үлестіру, жиналыстар ұйымдастыру жұмыстарын атқардым.

 

 Тәжірибе өту кезінде:

- Партия жарғысымен;

 - Филиалдың атқаратын қызмет түрлерімен;

- Жұмыс кестесімен;

- Жұмыскерлердің лауазымдық  нұсқаулықтарымен;

- Партияның даму тарихымен  таныстым.

 

 - Сұхбаттасуға

- Ағымдық жұмысқа

- Құжаттарды рәсімдеуге

- Жиналыстарға 

- Бірінші орынбасарға  қажет ақпаратты іздеп табуға  қатыстым.

 

 “Нұр” филиалының жаңа, бұрын болмаған электрондық базасын құрастыруға атсалыстым. Бұл филиал негізінен Алматы ауданында орналасқан Еуразия Ұлттық университетін қамтиды (барлық ҚР азаматтығы бар өз еркімен партияға кірген профессорлық-оқытушы құрам мен студенттері).

 Тәжірибе өту кезімде Астана қалалық филиалының төрағасы ауысып, қала әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовтың қатысуымен өткен жаңа басшымен танысу жиналысына қатыстым.

I. НҰР ОТАН ПАРТИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

  

 1.1 НҰР ОТАН ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

 

  Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.

 Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.

«Нұр Отан» партиясының  бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар.

  Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие.

2007 жылы өткен Мәжіліс  сайлауының қорытындылары бойынша  «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп,  Парламенттің төменгі палатасына  партиядан 98 депутат сайланды.

 

 Маңызды оқиғалар:

  • Алғашқы съезд: Алматы қ, 1 наурыз 1999 жыл. Делегаттар бір дауыспен Нұрсұлтан Назарбаевты партия төрағасы етіп сайлады.диногласно избрали Нурсултана Назарбаева первым председателем партии.
  • II кезектен тыс съезд: Алматы қ, 18 тамыз 1999 жыл.
  • III съезд Алматы қ, 20 сәуір, 2001 жыл.
  • IV кезектен тыс съезд: Алматы қ, 9 қараша 2002 жыл.
  • V кезектен тыс съезд: Алматы қ, 12 шілде 2003 жыл.
  • 2003 жылы барлық деңгейдегі маслихаттарға 2240 партия мүшелері сайланып, барлық депутаттық корпустың 70 % ын құрады.
  • VI кезектен тыс съезд: Астана қ, 12 мамыр 2004 жыл.
  • VII кезетен тыс съезд: Астана қ, 15 маусым 2004 жыл (алғашқы отырыс).
  • VII кезектен тыс съезд: Астана қ, 18 шілде 2004 года (екінші отырыс).
  • VIII кезектен тыс съезд: Алматы қ, 9 қыркүйек 2005 жыл.
  • IX кезектен тыс съезд: Астана қ, 4 шілде 2006 жыл — “Отан” мен “Асар Республикалық партиясының” қосылуы.
  • Х кезектен тыс съезд: 22 желтоқсан 2006 жыл — “Қазақстанның Азаматтық партиясы” мен “Аграрлық партия” “Отан” партиясының құрамына қосылды.
  • XI кезектен тыс съезд: 4 шілде 2007 жыл — «Нур Отан» жалпыхалықтық күш ретінде жарияланды.7]
  • XII съезд: 15 мамыр 2009 ж.

 2011 жылдың жазында мұнайшылардың жаппай партиядан шығуы орын алды.

 

 

 

1.2. ҚҰРЫЛЫМЫ

«НҰР ОТАН»  ХДП АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

«НҰР ОТАН» ХДП АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

“НҰР” ФИЛИАЛЫ

 

«Нұр Отан» ХДП филиалы Астана қаласындағы «Нұр» филиалы елорданың  ең жас филиалы болып табылады және құрамында 4000-нан астам партия мүшелері бар.   

«Нұр Отан» ХДП Астана қаласындағы  «Нұр» филиалының төрағасы - Нұрманбетова Жәмила Нүсіпжанқызы. Төрағаның бірінші орынбасары – Қалыбаев Асқар Қапалбекович.    

«Нұр Отан» ХДП «Нұр» филиалының құрамына Саяси кеңес, Саяси кеңес  Бюросы, Бақылау-тексеру комиссиясы кіреді.

«Нұр» филиалы, «Нұр Отан» ХДП Жарғысы  мен Бағдарламасының негізгі  ережелерін, Елбасының жыл сайынғы  Жолдауларын, «Нұр Отан» ХДП Съездерінің  шешімдерін, Қазақстан Республикасы Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының  тапсырмаларын, Мемлекеттік бағдарламаларды  жүзеге асыру мақсатында патриотизм, салауатты өмір салтын қалыптастыру, партия белсенділерін оқыту, партия мүшелерін елорданың қоғамдық-саяси  өміріне араластыру жөнінде әртүрлі  форматта іс-шаралар өткізеді.

«Нұр» филиалы қайырымдылық акциялар өткізуге көп назар аударады. Жыл сайын «Біздікілерді біл», «Балаларды мектепке дайындайық», Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтау, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсету сияқты іс-шаралар ұйымдастырады. Желілік кестеге сәйкес еңбек ұжымдарында кездесулер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, форумдар, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өткізіледі.   

 

ФИЛИАЛ БАСШЫЛЫҒЫ

Нұрманбетова Жәмила Нүсіпжанқызы

 Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бірінші проректоры - оқу жұмысы жөніндегі проректор, философия ғылымдарының докторы, профессор. 

1981-1986 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Философия-экономикалық факультетін үздік дипломмен бітірген. Біліктілігі- «Философ. Философия пәнінің оқытушысы». 

1986-1989 жылдарыКСРО ҒАФилософия  институтының жанындағы күндізгі  аспирантурасын оқыған.

1990 жылы КСРО ҒА Философия  институтында философия ғылымдарының  кандидаты ғылыми атағын алу  үшін диссертация қорғаған.

1996-1999 жылдары ҚР ҒжЖБМ  философия және саясаттану институтының  докторантурасын оқыған.  

1.3 «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің жарғысы

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1 «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – партия)  1999 жылғы 19 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабы» қоғамдық бірлестігін (республикалық мәртебе) қайта құру жолымен құрылды.

1.2. Партияның толық атауы:

мемлекеттік тілде:

 «Нұр Отан» Халықтық  Демократиялық партиясы» қоғамдық  бірлестігі;

орыс тілінде:

Общественное объединение  «Народно – Демократическая партия «Нур Отан»;

Партияның қысқартылған атауы:

мемлекеттік тілде: «Нұр Отан»  ХДП;

орыс тілінде: НДП «Нур Отан».

1.3. Партия деп мемлекеттік  биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың  өкілді және атқарушы органдарында  азаматтардың, түрлі әлеуметтік  топтардың мүддесін білдіру және  оларды қалыптастыруға қатысу  мақсатында олардың саяси еркін  білдіретін Қазақстан Республикасы  азаматтарының ерікті бірлестігі  танылады.

Партия Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес құрылады.

1.4. Партияның және оның  құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының)  басшы органдары Қазақстан Республикасының  аумағында болады.

1.5. Партия өз қызметін  Қазақстан Республикасының Конституциясына,  «Саяси партиялар туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына және  Қазақстан Республикасының өзге  де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ партияның Жарғысы мен  Бағдарламасына сәйкес жүзеге  асырады.

1.6. Партия заңды тұлға  болып табылады, меншік құқығында  оқшауланған мүлкі болады, өз  міндеттемелері бойынша осы мүлікпен  жауап береді, өз атынан мүліктік  және жеке мүліктік емес құқықтар  мен міндеттерді ала және жүзеге  асыра алады, сотта талапкер  және жауапкер бола алады.

Партияның құқықтық қабілеті оның мемлекеттік тіркеуден өткен  сәтінен басталып және оны тарату аяқталған сәтте тоқтатылады.

1.7. Партияның дербес балансы,  банктерде есеп айырысу және  басқа да шоттары, өз атауы  мемлекеттік және орыс тілдерінде  жазылған  мөрі болады.

1.8. Партия орталық аппаратының  орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1.

 

 

 

2. ПАРТИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

2.1. Партияға өту

 

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық  партиясының мүшесі болу үшін мыналарды  жүзеге асыру қажет:
 

  • Партияның Жарғысымен және Бағдарламалық құжаттарымен танысу;
  • Партия мүшелігіне қабылдау туралы өтінішті және партия мүшелігіне өтетін тұлға туралы мәліметтерді толтыру;
  • Партияның екі мүшесінің ұсынымын алу;
  • Тұрғын (немесе жұмыс) орны бойынша бастауыш партия ұйымына өтініш беру.

Партия мүшелігіне қабылдау дербес, ерікті, тіркеуге алу түрінде  жүргізіледі.
 
Партия Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарының талаптарын орындайтын, партия алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізуге, міндеттерді жүзеге асыруға белсенді араласатын, мүшелік жарналарды уақтылы төлейтін, заңнамалық актілерде айқындалған тұлғаларды қоспағанда, жасы 18-ге толған Қазақстан Республикасының азаматы партияға мүше бола алады.

Партияға мүшелік басқа партияға мүшелікпен үйлеспейді.

Партияға мүшелік тиісті партия құжатымен расталады.

Партияға қабылдауды партияның екі мүшесінің ұсынымы қоса беріле отырып, азаматтың жазбаша өтініші негізінде бастауыш партия ұйымының жиналысы шешеді.
Партияға қабылдауды партияның және оның филиалдарының Саяси кеңестерінің Бюролары, сондай-ақ бастауыш партия ұйымының Бюросы жүзеге асыра алады.

Партияға қабылданушы  тұлға БПҰ жиналысында (Бюро) немесе партияның және оның филиалдарының  Саяси кеңестер Бюросында тиiстi шешiм қабылданған сәттен бастап партия мүшелiгiне қабылданды деп танылады.

 

2.2. Сыбайлас жемқорлықпен күрес

 

  «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының аймақтық және аумақтық филиалдарының жанындағы Жемқорлыққа қарсы тиімді әрекеттер, оны тудырушы себептер мен жағдайларды жою мәселелері бойынша партия аймақтық және аумақтық филиалының жанынан құрылған консультативтік-кеңес органы болып табылады.

Кеңес өз қызметінде Қазақстан  Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас  жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан  Республикасының Заңын, Қазақстан  Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ партия Жарғысы мен Бағдарламасын, партия Саяси кеңесінің қаулыларын және осы Ережені басшылыққа алады. 

Кеңес өз құзіретіндегі мәселелерді  шешу үшін партияның Орталық аппаратымен, Жемқорлыққа қарсы Форумымен  және қоғамдық қабылдау бөлмелерімен, заңды тұлғалармен, Парламент және мәслихаттар депутаттарымен, мемлекеттік  органдармен, бұқаралық ақпарат  құралдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктермен  және кәсіпкерлік субъектілерімен  өзара қатынас жасайды. 

Кеңестің міндеттері:

1) Жемқорлықпен күрес жөніндегі партия бағдарламасының іске асырылуын және орындалу монитрингісін қамтамасыз ету;

2) Жемқорлық сипатындағы фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу;

3) жемқорлыққа қарсы қызмет мәселелері бойынша азаматтық қоғамның ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;

4) жемқорлыққа қарсы әрекеттердің түрлі формалары мен әдіс-тәсілдерін қолдану;

Информация о работе Партияның негізгі функциялары мен қызметтері