Негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 14:28, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен рөл атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық жағдай туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайда бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы күшейе түсті.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………..............…………..……3
1. БУХГАЛТЕРЛІК ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҚСАТТАРЫ………………………………………………………..…............5
1.1. Құжаттар сипаты және жіктелуі.....................................................................5
1.2. Құжаттар деректемелері................................................................................12
1.3. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар.............................................13
1.4. Құжаттарды тексеру және бухгалтерлік өңдеу...........................................17
1.5. Құжат айналымы және оны сақтау...............................................................19
2. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ – ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА ТҮГЕНДЕУ ЖҮРГІЗУ................................................................................................................23
2.1. Түгендеудің түрлері және жүргізілу тәртібі................................................23
2.2. Түгендеу нәтижесін анықтау және оларды реттеу......................................31
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...…............34
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………...…............37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………….....................…..41

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой.doc

— 287.00 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………..............…………..……3

 

1. БУХГАЛТЕРЛІК ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҚСАТТАРЫ………………………………………………………..…............5

1.1. Құжаттар сипаты және  жіктелуі.....................................................................5

1.2. Құжаттар деректемелері................................................................................12

1.3. Құжаттарды  рәсімдеуге қойылатын талаптар.............................................13

1.4. Құжаттарды тексеру  және бухгалтерлік өңдеу...........................................17

1.5. Құжат айналымы  және оны сақтау...............................................................19

2. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ – ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА ТҮГЕНДЕУ ЖҮРГІЗУ................................................................................................................23

2.1. Түгендеудің  түрлері және жүргізілу тәртібі................................................23

2.2. Түгендеу  нәтижесін анықтау және оларды  реттеу......................................31

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...…............34

ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………...…............37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………….....................…..41

    

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды  басқаруда үлкен рөл атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық жағдай туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайда бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы күшейе түсті.

Қазіргі уақытта есептің көрсеткіштерін салық және қаржы органдары, банктер  пайдаланады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім шарт бойынша тексеру кезінде – аудиторлық фирмалар, кеңесшілер, заңгерлер, әсіресе жетекшілік пен басқарудың әр түрлі деңгейлерінде қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін қорғауы қажет болған уақыттарда қолданылады.

Сондықтан да ақпарат заң нормасына сәйкес болуы тиіс. Ол үшін кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және материалдық құралдар мен ақша қаражаттарға сақтаушы тұлғалар жауапты болады.

Шаруашылық жүргізудің бүгінгі  жағдайында бухгалтерия субъектінің  қаржы стратегиясын анықтайтын және оның шаруашылық қызметінің дамуына әсер ететін маңызды бөлімшелердің біріне айналып отыр. Бухгалтерия қызметкерлері еңбегінің жемісі - ол қаржылық, есеп айырысу, ақша құжаттары, бастапқы, есептік-статистикалық, ұйымдық-өкімгерлік және басқа да құжаттарын, сонымен қатар негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, ақша қаражаттарын есеп мәліметтерімен салыстыру яғни түгендеуді дұрыс жүргізүінен  шаруашылық жүргізуші субъектінің өміршеңдігі және қызмет ету мүмкіндіктері көрінеді.

Бухгалтерлік есепте құжаттар әрбір шаруашылық операцияның орындалғанын дәлелдейді, оның бухгалтерлік жазуын заңдастырады.

Кәсіпорынның бухгалтері құжаттардың дұрыс толтырылуына және мүлтіксіз сақталуына ерекше көңіл  бөлүі қажет.

Материалды жауапты тұлғалар өздеріне бекітілген материалдық құндылықтардың табиғи түріне жауапты болады. Ол жағдай табиғи өлшегіштерге (дана, кг, км, және т.б.)көлемі бойынша есеп жүргізүді болжамдайды. Мезгілді түрде бухгалтерлік есептің мәліметтері материалды жауапты тұлғалардың есептерінің мәліметтерімен  салыстырылады. Ол үшін құндылықтардың сақталу орындарында түгендеу үрдісі жүргізіледі. Түгендеу есептегі қателерді айқындау мен материалды жауапты тұлғалардың есебіндегі материалдық құндылықтардың түгелдігін тексеру үшін қажет.

Осы жұмыстың тақырыбын ала отырып, алға қойылған негізгі мақсат кәсіпорын бухгалтериясында құжаттармен жұмысты ұйымдастыру және шаруашылық құралдарына түгендеу жүргізу тәртібімен таныстыру болып табылады.

Курстық жұмыста шешім табуға тиісті міндеттер:

  • Құжаттар сипаты және жіктелуі;
  • Оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен деректемелер;
  • Бухгалтерлік тексеру мен өңдеу;
  • Құжат айналымы мен оны сақтау;
  • Түгендеудің түрлері және оның жүргізілу тәртібі;
  • Түгендеу нәтижесін анықтау және оларды реттеу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. БУХГАЛТЕРЛІК ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҚСАТТАРЫ

 

          1. Құжаттардың сипаты және жіктелуі

 

Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық әрекеттер растаушы құжаттармен рәсімделуі керек. Бұл  құжаттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізілетін алғашқы  есеп ақпараты қызметін атқарады, сондықтан құжаттандыру бухгалтерлік есеп әдісінің ең негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Бухгалтерлік құжат (лат. – дәлелдеу, куәлік) дегеніміз –  шаруашылық әрекеттерді орындау  фактісін, оларды орындауға құқықты  растайтын немесе жұмысшылардың оларға сеніп берілген құндылықтарға материалдық жауапкершілігін бекітетін жазбаша куәлік.

Кәсіпорынның қаржы  – шаруашылық қызметі сан алуан  және әр түрлі шаруашылық әрекеттерін  орындаумен бірге жүреді. Өз кезегінде  әрбір шаруашылық әрекеті міндетті түрде  орындалған шаруашылық әрекеттері немесе оларды орындауға құқық туралы алғашқы мәліметтері бар есеп құжаттарымен рәсімделеді. Өндіріс және сату процестері, сонымен қатар кәсіпорынның өз ішіндегі және одан тыс жеке бөлімшелері мен әр түрлі қаржылық, шарушылық, есеп айырысу қатынастары есеп құжаттарының объектілері болып табылады.

Кәсіпорындардың шаруашылық және есеп жұмыстарындағы құжаттардың маңыздылығы:

1)Құжаттар есеп жазбаларын негіздеу құралы қызметін атқарады. Құжаттардың сапасына айтарлықтай шамада дерлік бугалтерлік есептің де сапасы байланысты болады. Дұрыс бухгалтерлік есеп ақпараттарын қажетті кезде тек кәсіпорынның барлық шаруашылық әрекеттерін уақытында және нақты рәсімдеу жағдайында ғана алуға болады. Құжаттар есеп деректерінің дұрыстылығы мен шынайылығын растайды және бухгалтерлік жазбалардағы мүмкін болатын қателерді анықтауға көмек береді.

2) Бухгалтерлік құжаттардың  зор оперативті мағынасы бар.Олар үкімдерді беруге, сонымен қатар шаруашылық әрекеттердің дұрыстығын растауға қызмет етеді, яғни кәсіпорынды оралымды басқаруға қолданылады.

3) Бухгалтерлік құжаттар бақылау – талдау қызметін атқарады. Құжаттардың көмегімен орындалған әрекеттердің дұрыстығы бақыланады, жүргізілген жұмыстың ағымдағы талдауы жасалады, яғни кәсіпорынды алдын ала, ағымдағы және кезекті басқару үшін пайдаланылады.

Алдын ала бақылау  кәсіпорын басшысының құжаттарға қол  қоюы кезінде жүзеге асырылады, өйткені  олар орындалған әрекеттер үшін құжаттарды толтырған жұмысшының жеке жауапкершілігіне ие болады.

Ағымдағы бақылау алғашқы құжаттардың мәліметтері бойынша қаржы – шаруашылық қызметі есебі мен талдауы процесінде жүргізіледі.

Кезекті бақылау көбінесе құжаттың тексеру, аудит нысанында жүргізіледі, сонымен қатар есеп қызметкерлері бухгалтерлік есепте шаруашылық әрекеттерін бейнелеу кезінде құжаттарды тексеру жолымен жүзеге асырады.

4) Құжаттардың кәсіпорынның меншігін сақтауын қамтамасыз етудегі рөлі ерекше. Олардың көмегімен материалды жауапты тұлғалардың әрекеттері қадағаланады, құндылықтардың алу мен берудің негізділігі тексеріледі. Олар кәсіпорынның меншігін ұрлау және қасақана әрекеттер жасау жағдайларын ашуға, сонымен қатар олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

5) Құжаттардың құқықтық маңыздылығы бар, олар кәсіпорындармен және басқа субъектілермен немесе жеке тұлғалармен арада туындайтын дауларды шешуде пайдаланылады. Төрелік сот пен сот инстанцияларында осындай дауларды дұрыс және уақытында құрылған жазбаша куәліктің заңды күші бар құжаттары арқылы шешеді.

Бухгалтерлік құжаттармен  құжаттандыру, бір ізге салу, стандарттау және құжат айналымы сияқты ұғымдар тығыз байланысты.

Құжаттандыру – шаруашылық құралдарын, міндеттемелер мен шаруашылық әрекеттерін бухгалтерлік құжаттармен рәсімдеу әдісі. Әрекет есепте оны растайтын тиісті құжаттарсыз көрсетілуі мүмкін емес. Сондықтан барлық шаруашылық әрекеттерін дұрыс және уақытында рәсімдеу бухгалтерлік есептің алғашқы кезеңі болып табылады.

Құжаттарды бір ізге салу – бұл меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығынан байланыссыз әр түрлі кәсіпорындарда ұқсас әрекеттерді рәсімдеу кезінде пайдалану үшін құжаттардың үлгі нысандарын дайындау. Бір ізге салу құжаттарды ықшамдайды және қысқартады сонымен қатар оларды автоматты өңдеуге дайындайды бір реттік құжаттарды жинақтау құжаттарымен алмастыру, құжаттарда бар артық көрсеткіштерді жою, бірнеше жеке құжаттарды біріктіру және т.б.

Құжаттарды стандарттау – бұл құжаттарды басу кезінде қағазды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бір типтік құжаттар бланкілерінің бірдей (стандартты) мөлшерлерін жасау. Сонымен стандарттау құжаттардың бухгалтерлік өңделуін және олардың мұрағатта сақталуын жеңілдетеді.

Құжат айналымы – құжаттардың  құрылуынан немесе басқа кәсіпорыннан алынуынан бастап олардың бухгалтерлік жазбалар үшін қолданылуына және мұрағатқа  тапсырылуына дейінгі жолы.

Құжаттарды неғұрлым тереңірек игеру және пайдалану үшін құжаттар бухгалтерлік есепте құжаттардың мақсатын сипаттайтын айтарлықтай мәнді белгілері бойынша былай жіктеледі:

  • Мақсаты бойынша;
  • Құрылу тәртібі бойынша;
  • Шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша;
  • Әрекеттерді бейнелеу әдісі бойынша;
  • Толтыру орны бойынша;
  • Толтыру әдісі бойынша.

 

 

Құжаттар мақсаты бойынша  үкімдік, атқарушы  (растаушы),

бухгалтерлік жолмен толтырылған және  аралас болып бөлінеді.

Өкімдік – шаруашылық әрекеттерді орындауға арналған бұйрық, өкімдерден тұратын құжаттар болып табылады. Олар әрекет жүргізуге рұқсат береді, бірақ олардың орындалуын растамайды. Мысалы, бұйрықтар, сенімхаттар, жұмыс нарядтары, есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын алуға чектер, жабдықтаушыға есеп айырысу шотынан ақша сомаларын аударуға төлем тапсырмасы және т.б. Өкімдік құжаттарда көрсетілген әрекеттерді орындауға жарлық беруге құқықтары бар кәсіпорын қызметкерлері қол қояды.

Атқарушы (растаушы) құжаттар тек әрекеттердің орындалу фактісін растайды, бухгалтерлік жазбаларды қуаттайды, материалдық және ақша қаражатын алу, беру және шағындау туралы әрекеттерді куәландырады. Мысалы, орындалған шығындарды, материалдық жауапты тұлғалардың есебін, сатылған өнімдерге шотфактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлерін растайтын негізгі құралдарды қабылдау – беру актілері, түбіртектер, шоттар және т.б.

Бухгалтерлік жолмен толтырылған құжаттарды шарушылық әрекеттерін жазуға басқа құжаттар болмаған жағдайда немесе бухгалтерлік есепте үкімдік және растаушы құжаттарды дайындау мақсатында қызметкерлер жасайды.  Мысалы, жалпы өндірістік және шарушылық шығындарды тарату ведомостары, амортизациялық аударымдарды есептеу және тарату ведомостары, жинақтау ведомостары, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы, нормативті өзіндік құннан ауытқуларды есептеу, бухгалтерия жасайтын әр түрлі анықтамалар мен есеп айырысу түрлері және т.б.

Аралас құжаттар бір мезгілде өкімдік және растаушы, өкімдік және бухгалтерлік жолмен толтырылған құжаттар қызметтерін атқарады. Мысалы, шығыс кассалық ордерінің бірінші бөлігінде ақшаны беру туралы өкім бар, ал екінші бөлігінде ақшаны алушы мен кассирдің қолдарымен расталған ақшаны беру рәсімделеді, материалдық босату өкімінен, сонымен қатар нақты бергендігін рәсімдеуден тұрады және т.б.

Құрылу тәртібі бойынша  құжаттар алғашқы және біріктірілген болып бөлінеді.

Алғашқы құжаттар әрбір жеке әрекетке олар орындалған сәтте құрылады. Мысалы, кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері, материалдарды бостауға талап, төлем тапсырмасы, негізгі құралдарды беру – тапсыру актісі негізгі құралдарды істен шығару актісі және т.б.

Біріктірілген құжаттар құрылған алғашқы құжаттардың негізінде рәсімделеді. Оларды пайдалану біртекті әрекеттерге бақылау жасауды жеңілдетеді. Олар растаушы, бухгалтерлік толтырылған және аралас болуы мүмкін. Мысалы, аванстық есептер, шоттардан банк көшірмелері, топтастырылған және жинақтау ведомостары. Оның ішінде, аванстық есептер аралас болып табылады. Олар растаушы және бухгалтерлік толтырылған құжаттардың қызметтерін атқарады. Онда есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысудың толық сипаттамасы беріледі: өткен аванстың қалдығы немесе асып кетуі, аванс мөлшері, шығындалған сома, оның қалдығы мен кассаға кірістелуі немесе асып кетуі және оны кәсіпорынға қайтару күні. Сонымен қатар аванстық есепте өндіріс шығындарын тексеруден және бекіткеннен кейін шоттар бойынша бөлу қарастырылған. Есептің артында жеке шығындардың тізімі мен растаушы құжаттары беріледі.

Шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша құжаттар материалдық, ақшалай және есеп айырысу құжаттары  болып табылады.

Материалдық құжаттар еңбек құралдары мен заттарының бар болуы мен қозғалысын көрсетеді. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді салымдар, өндіріс қорлары мен шығындары жатады. Мысалы, негізгі құралдарды қабылдау – беру актілері. Материалдық құндылықтарды кірістеу және босату құжаттары, өндіріс шығындары шоттары бойынша есеп тіркегіштерін толтыруға қажетті кестелер, анықтамалар мен есеп айырысулар және ведомостар, шотфактуралар, іліспе құжаттар және т.б.

Информация о работе Негізгі құралдар