Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 20:57, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүние жүзілік тенденция ретінде ұсынылады

Содержание

Кіріспе
1Муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен басқарудың мәні
1.1Муниципалды басқарудың даму тарихы
1.2Муниципалды шаруашылықты қалыптастырудың экономикалық мәні мен негіздерi
2Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері
2.1Жергілікті шаруашылықты басқарудың экономикалық механизмі
2.2Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары
2.3Аймақтық муниципалды шаруашылықтардың экономикалық реформаларын басқару үрдісi
2.4Мемлекет құрылым түрлеріндегі муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен жүргізу ерекшіліктер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері.docx

— 69.90 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

3

1

Муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен басқарудың мәні

5

1.1

Муниципалды басқарудың даму тарихы

5

1.2

Муниципалды шаруашылықты қалыптастырудың экономикалық мәні мен негіздері

8

2

Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық          негіздері

11

2.1

Жергілікті шаруашылықты басқарудың экономикалық           механизмі

11

2.2

Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін  көбейту жолдары

14

2.3

Аймақтық муниципалды шаруашылықтардың  экономикалық реформаларын басқару  үрдісі

21

2.4

Мемлекет құрылым түрлеріндегі муниципалды             шаруашылықты қалыптастыру мен жүргізу  ерекшіліктері

23

 

Қорытынды

29

 

Пайдаланған әдебиеттер

30


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Мемлекетті  экономикалық, әлеуметтік және саяси  жағынан одан әрі демократияландыруда  жергілікті шаруашылықты басқаруды  жетілдіруде әкімшілік - экономикалық механизмдердің алатын орны бөлек. Мемлекеттің негізгі қызметті ұлттық егемендікті, меншік құқын, заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай болып келсе, жергілікті шаруашылықты басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және т.б. кіреді.

"Қазақстан  - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.

Жергілікті  шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың ерекшелігін  оның әлеуметтік мәселелер бойынша  тиімді әрі уақытында шешім қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен қамтуда, оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару органдарының өкілеттігіне беріледі. Мәселен, олардың  келесі жылдан бастап шетелдік инвесторларға  мынадай шарт қоюға құқықтары  бар: Инвесторлар бір жыл ішінде жергілікті белгілі бір салалар бойынша даярлайды, белгіленген уақыт өткен соң халық еңбекпен қамтылып, шетелден келген жұмыс күші өз елдеріне қайтарылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу елдің экономикалық саясатымен байланысты және оны жүзеге асыруға бағытталады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында аймақтық экономикалық саясаттың алатын рөлі зор.

Мемлекеттік реттеудің экономикалық пен бірге  әкімшілік және институционалдық та механизмдері де бар. Әкімшілік тұтқалардың жиынтығы құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді реттеуді қамтитын болса, экономикалық  шараларға қаржы (бюджет, фискалды), ақша-несие (монетарлы) саясаты, бағдарламалау және болжау мәселелері жатқызылады. Жалпы алғанда, "қаржы саясаты" түсінігі - ауқымды категория. Ол екі жақты түсінік береді. Біріншіден, ол экономикалық саясат мақсатын, екіншіден, қаржылық шараларды жүзеге асыру механизмдерін білдіреді. Қаржыдан жергілікті басқаруда туындайтын бюджетаралық қатынастар мәселесі күн тәртібіне шындап қойылып отыр

Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың  арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай,  дүние жүзілік  тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді :

  • өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль   атқаруы;
  • аймақтардың өзара байланыстарының  едәуір ұлғаюы;
  • еңбек  ресурстары жылжымалығының  күшейе түсуі;
  • аймақтардың өндіріс құрылымы  мен инфрақұрылымының  күрделене түсуі;

Территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық  маңызының  артуы  үдейеді.

Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында  басқару функцияларын  қайта бөлу ,  қайта қарастыру ;

Екіншіден, мемлекеттік  территориялық  басқару  мен жергілікті өзін өзі  басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.

    Бұл жағдай  Қазақсанға да  тән, себебі мемлекттік тәуелсіздік құру экономикалық  дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфра- құрылымсыз мүмкін емес.

     Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы  мен іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы  алдында ғана экономикалық жауаптымын  деп есептеуі керек. Аймақтар  мен шаруашылық бірліктерінің өзін өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары  мыналар болып есептеледі: өзін өзі басқару , серіктестік қалаудағы бостандық,  өндіріс құрал жабдықтар рыногы валюталық қаражат және басқа элементер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың ерекшеліктерін барлық түрлерін  барынша қамтуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  Муниципалды шаруашылықтың теориялық  мәні

1.1. Муниципалды басқарудың даму  тарихы

 

 «Жергілікті  қоғамдастықтың жергілікті әлеуметтік-экономикалық  дамудың мәселелерін түсіндіруде  негіз болып табылады. Ол дамудың  бағытын таңдауда кім басты  субъект және дамуды бағалаудың  критериі не екенін анықтайды.  Аймақтық экономика өндіріспен  тығыз байланыста қаралған дәстүрлі  тәсіл дамудың критерилері мен  басымдығы туралы басқа түсініктер  қалыптастырады. Олар бағалаушы  өндірістік көрсеткіштермен байланысты. Ал жергілікті тұрғындардың өмірін  жақсартудың мақсаты - өндірістің  дамуына байланысты қажеттілікті  қамтамасыз ету. 

Жергілікті  қоғамдастықтың дамуы негізінде  ең алдымен экономикалық жағдайын «жергілікті  шаруашылық түсінігі арқылы сипатталады. «Жергілікті шаруашылық түсігіне қатысты  әртүрлі пікірлер бар. Мәселен, ол туралы сөз болғанда белгілі бір жерде, яғни, қалада, ауданда, ауылда орналасқан әртүрлі кәсіпорындардың жиынтығын  айтады. Бұл жерде жергілікті шаруашылық халық шаруашылығының бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр. Сондай-ақ жергілікті шаруашылық, коммуналдық  шаруашылық, яғни жергілікті қоғамдастықтың халқына қызмет көрсетуші кәсіпорындармен  теңестіріледі. Сонымен қатар көркейту талаптарын қанағаттандыруға бағытталған  жергілікті билік және жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының іс-әрекетін жергілікті шаруашылық ретінде қарастырады.

Әрбір жергілікті қоғамдастықтың өзінің жергілікті шаруашылығы  болады. Ал шаруашылық деп жеке және мемлекеттік меншік түрлері бар, нақты аумақта орналасқан, өзінің атқаратын қызметімен сипатталатын шаруашылық субъектілердің жиынтығын  айтамыз. Жергілікті шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығы, тұтыну кооперативтері, несиелік серіктестіктер, өндірістік бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарын жатқызады. Жергілікті шаруашылық құрамына сол аумақта  орналасқан жеке, коммуналды кәсіпорындар, қаржы-материалдық және еңбек ресурстарын  жатқызамыз.

Кейбір  пікірлерге қарағанда, «жергілікті  шаруашылықң қалада, ауданда орналасқан түрлі өнеркәсіптердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл жерде  «жергілікті шаруашылықң  халық  шаруашылығының бір бөлігі ретінде  саналады. Сонымен қатар, жергілікті шаруашылық халық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған жергілікті басқару  органдарының және жергілікті өзін-өзі  басқарудың өзара іс-әрекеті деп  қарастырылады./3/.

«Жергілікті шаруашылық түсінігі жергілікті халыққа  қызмет көрсетудің нақты көзі ретінде  түсіндіріледі. Зерттеліп отырған  тақырыптың объектісі 2 басты шартқа сай құрылуы тиіс:

  1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің көбірек бөлігінің нақты шешімі болуы тиіс;
  2. Құрылымдық-тұтастық және салыстырмалы дербес әлеуметтік-экономикалық жүйе болуы керек.      

 Муниципалды  менеджмент аймақтағы әлеуметтік-экономикалық  жүйені зерттейтін ғылыми тәртіп. Қазақстан Республикасының Конституциясында  «Қазақстан Республикасында жергілікті  маңызды мәселелерді тұрғынның  өзі шешуін қамтамасыз ететін  жергілікті өзін-өзі  басқаруды  мойындаладың деп айтылған. Қазақстан  Республикасының конституциясына  сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару  аймақтың тарихи, табиғи, экономикалық, демографиялық жағдайлары мен  ерекшеліктерін, сонымен бірге жергілікті  салт-дәстүрді есерке ала отырып, ауылдық қалалық қоғамдастықта  жергілікт өзін-өзі басқару органдарын  тағайындау жолымен тәуелсіз  тұрғындармен жүзеге асады. ТМД  мүше елдердің жергілікті өзін-өзі  басқару моделінің заңына сәйкес  муниципалды құрылым – бұл  ортақ аумақпен біріккен қалалық  немесе ауылдық тұрғынмекені. Оның  шегінде муниципалды өзін-өзі  басқару жүзеге асады, муниципалды  шаруашыықтағы жергілікті бюджетті  және жергілікті өзін-өзі басқаруға  тағайындалған сайланбалы органдары  болады.

Муниципалды қызмет – бұл жергілікті өзін-өзі  басқару органдарда жұмыс істейтін қызметтің тұрақты кәсіби іс-әрекеттері болып табылады. Муниципалды меншіктің  аумақтық экономикасы географиямен тікелей байланысты. Муниципалды  меншіктің бірінші кезекте менеджменттің  сосын маркетингтің әдістерін қолдана  отырып, экономикалық теорияны микро  және макро әдістерін, экономика  тарихын, статистика, әлеуметтік еңбек, социология, технология тағы басқа  ғылымның әдістемелік тәсілдерін қолданады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың муниципалды  басқару төмендегілерді қамтиды:

  1. Жан-жақты терең білімге қол жеткізу – аумағы, табиғи ресурстардың потенциялы, тарихи, ұлты, демографиялық ерекшеліктері, экономиканың даму деңгейін жан-жақты зерттеу;
  2. Міндеттілігі: мунципалды құрылымның ережелерін қабылдау, оны өңдеу, ереженің орындау барысын бақылау, муниципалды құрылымды экономикалық тұрғыдан қаржыландыру, табиғи ресурстарды пайдалануды бақылау, табиғатты қорғау, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру, халықты күнделікті тұтыну тауарлармен, мәдениетпен және бизнестің өркендеуін қамтамасыз ету, энергетика және тағы басқа ресурстармен қамтамасыз етуге міндеттейді.
  3. Муниципалды менеджменттің шешіп беру міндеттілігі:

-   халықты  жұмыспен қамту;

-   аумақ  ішіндегі және аумақтар арасындағы  экономикалық 

     қарым-қатынастарды нығайту барысында  қаржы және 

     экономикалық тәуелсіздікті шешіп  беруге; - Қазақстанның 

     тұтастығын сақтауды;

-   аумақтық  нарықтарды қалыптастыру мәселелерін  шешіп беру 

     тиіс.

2. Муниципалды  менеджмент келесідей әдістермен  зерттелінеді:

1. Нормативтік  әдіс.

2. Баланстық  әдіс.

3. Баланстық-есеп.

4. Жүйелік  талдау әдісі.

5. Жүйелік  талдау.

6. Экономикалық  және математикалық әдіс.

7. Статистикалық  әдіс.

- Нормативтік  әдіс арқылы қалалық және ауылдық  тұрғындардың жақын күндегі немесе  болашақтағы тауарлар мен қызметтеріне  деген сұраныстарын анықтайды.  Нормативтер өндірістік саланың  функционалды дамуын, жаңа техника  және Ғылыми технология пайдалану  есепке алады.

- Баланс  әдісі територияның құрылымындағы  салалар мен айлық ішіндегі  толықтырушы кешендер арасында  дұрыс үйлесімдікті таңдауға  мүмкіндік береді. Баланс аймақ  пен аймақтар арасындағы муниципалды  құрылым территориясындағы жеке  кәсіпорынның орналасуының экономикалық  негізін жасау қызметін атқарады. Баланс арқылы тауар мен ресурстардың  сұраныстары анықталады. Баланстық  есеп әр түрлі біліктілігі  бар жұмысшы күшіне деген сұранысты  анықтауға қажет. Баланс муниципалды  құрылым территориясындағы шаруалардың  жеке өндірістің қамтамасыз ету  дәрежесін, сонымен қатар өнімнің  кіріс пен шығыстың 0000 анықтауға  мүмкіндік береді;

Информация о работе Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері