Лизинг түсінігі және оның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2015 в 19:44, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жұмыстың мақсаты – лизинг пен оның жеке түрлерінің экономикалық мәнін және лизинг шарттарының құқықтық регламен-тациясын, лизингті ұйымдастыру негіздерін, осы операциялармен айналысатын әртүрлі коммерциялық құрылымдардың жұмыс істеу принциптерін ашу, лизинг операцияларын жүзеге асырудың кезеңдері мен тәртібін суреттеу. Шетел тәжірибесін зерттеу негізінде біз кәсіпкерлерге еліміздегі ли¬зинг бизнесін дамытудың мүмкіншіліктері мен перспективаларын түсіндіруге тырысамыз.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. ЛИЗИНГ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
1.2 Лизинг түсінігі және оның дамуы....................................................................8
1.3 Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері............................................9
II. ЛИЗИНГ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі..........15
2.2 Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан айырмашылығы..........18
III. ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ МӘМЕЛЕСІН ЖАСАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.2 Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер…………………………….27
3.3Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның тиімділігін талдау….....28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................33
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................. 35

Вложенные файлы: 1 файл

kursovoy_lizing.doc

— 249.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I. ЛИЗИНГ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ  ТҮСІНІКТЕР

1.2 Лизинг түсінігі және оның дамуы....................................................................8

1.3 Лизинг шартының обьектілері  мен субьектілері............................................9

 

II. ЛИЗИНГ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасында лизинг  шартының құқықтық реттелуі..........15

2.2 Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан айырмашылығы..........18

 

III. ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ  ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ  МӘМЕЛЕСІН ЖАСАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

3.2 Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер…………………………….27

3.3Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның тиімділігін талдау….....28

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................33

ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................. 35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойып отыр. Соның ішінде өсіп бара жатқан бәсекелестіктің қазіргі ерекше жағдайларына бейімделу, өндірілген өнім бағасының жоғарылауына байланысты өтім нарқын қысқарту және төлемеушілік мәселелері, шикізатпен, материалдармен қамтамасыз етушілерді іздеудің қиындығы және қаржы ресурстарының шек телуі. Сол себепті қазіргі кәсіпорындар өз орнын сақтап қалу үшін икемділік және ассортиментін тез өзгерту қабілетін игере білулері қажет.

Сыртқы нарық жергілікті өндірушілердің алдын-ала мақтап шығарған өнімін, сонымен қатар көлемі мен сапасын да қабылдауға дайын емес еді. Экономикалық динамикада белгілі бір әсер ету Түркия мен Корея республикаларының экономикасына тікелей еліктеу концепцияларымен тікелей байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, индустриялық елдердің қаржы деректері мен технологиялары жөнінде хабардар болу ин-директивтік жолдар жүйесі бойынша жүзеге асырылған.

Соның нәтижесінде, бірінші жағынан, тендерлік жобалардың бәсекестілігі аса қымбат жобалардың (мұнай, газ өндіру, автокөлік құрылысы саласында), екінші жағынан, ерекше шағын шетелдік қор инвестициясы саласында орын алды.

Республика экономикасының басты бағыттарын дамытуда орта және кіші кәсіпкерлікке аса көңіл аударылады. Батыс елдерде кеңінен қолданылатын кәсіпкерлікті жүзеге асыру, біздің ойымызша, индустриялық елдердің қаржы көздері мен технологияларына жол ашуды ұйымдастыру тәсілдерінің бірі бола алады және ол жаңа инвестициялардың маңызды көзі ретінде қызмет атқара алады.

Тұтынушылары аз, сол сияқты нақты қойылған шарттарды орындауға бейімделмеген өндіріс орындары банкротқа душар болулары әбден мүмкін. Технологияның күрделенгені соншалықты, еңбекті ұйымдастыру мен бөлуге, бақылаудың жаңа түрлерін ұйымдастыруға тура келеді. Қаржы айналымын тездетуге, артылған тауарлар санын қысқартуға, өнімнің өтуін тездетуге көңіл аудару қажет болады.

Реформаларды дамыту және Қазақстан экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы нарықты (рынокты) жоғары технологиялы және бәсекелестікке жарамды өніммен қамтамасыз ететін, әлеуметтік дұрыс бағыттағы тиімді экономика құруды алдын-ала қарастырады.

Кәсіпкерлік қызметті инвестициялаудың ерекше түрі ретінде саналатын осы механизмнің маңызына сүйене отырып, Қазақстан Үкіметі лизинг қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын бірқатар қаулылар қабылдады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентінің және жергілікті атқарушы органдардың лизингті дамыту жөніндегі қолданған шаралары оны қолдану мүмкіншіліктерін анағұрлым кеңейтуге себін тигізеді. Лизинг қызметі нарқында көптеген лизингтік компаниялар жұмыс істейді. Олар көптеген кәсіпорындардың өндіріс техникасын жаңалай отырып, қаржы ресурстарының тапшылығы кезінде көмек береді. Яғни дағдарыстан шығудың және болашақта экономиканың көтерілу негізін қалайды.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда лизинг өндірістік кәсіпорындарға инвестицияларды жұмылдырудың жалғыз ғана перспективалық түрі болып саналуда. Шаруашылықта қолданудың нәтижесінде жетістіктерге жеткен лизинг шартының тиімділігі инвестициялық процестерді активтендіруден, лизинг алушы кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартудан, кіші және орта бизнестің бәсекелестік қабілетін арттырудан байқалады.

Лизинг қатынастарының экономикалық-құқықтық қамсыздан-дырудың жоғарғы деңгейі жағдайында ғана табысты болатындығын лизингті ендірудің алғашқы кезеңі көрсетіп отыр.

Бұл жұмыстың мақсаты – лизинг пен оның жеке түрлерінің экономикалық мәнін және лизинг шарттарының құқықтық регламен-тациясын, лизингті ұйымдастыру негіздерін, осы операциялармен айналысатын әртүрлі коммерциялық құрылымдардың жұмыс істеу принциптерін ашу, лизинг операцияларын жүзеге асырудың кезеңдері мен тәртібін суреттеу. Шетел тәжірибесін зерттеу негізінде біз кәсіпкерлерге еліміздегі лизинг бизнесін дамытудың мүмкіншіліктері мен перспективаларын түсіндіруге тырысамыз.

Курстық жұмыс кіріспеден,екі бөлімнен,корытындыдан және қосымшалардан,пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. ЛИЗИНГ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ  ТҮСІНІКТЕР

1.1 Лизинг түсінігі және оның дамуы

 

Лизинг идеясы біз үшін жаңалық емес, бірақ “лизинг” термині бүрын бізде қолданылмаған. Лизинг шартының мәнін ашу Аристотель заманына (б. д. д. ІVғ.) келіп тіреледі. Байлық меншікті иелену құқынан емес, сол меншікті пайдалана білу құқынан тұрады. Бұл – Аристотельдің сөзі. Сонымен мүліктің иесі оны иемденіп қана қоймай, сол мүлікті пайдалану нәтижесінде табыс табуы қажет.

Лизинг (to lease, lease) ағылшын тілінен аударғанда “аренда, арендовать” – “жал, жалға беру” деген мағына білдіреді. Лизинг түсінігі отанымыздың және шетелдердің кәсіпкерлік қызметінде кеңінен қолданады. Лизингке байланысты қатынастардың күрделенуі лизингтің мәні жөнінде әртүрлі көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.[3]

Лизингтің қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Лизинг терминінің дәл қай уақытта пайда болғаны анықталмаған. Австриялық зерттеуші В. Хойер “Еуропада бизнесті қалай жасау керек” кітабында “лизинг” терминінің қолданылуын XІX ғасырдың соңғы ширегіне жатқызады. Мұны 1887 жылы “Белл” телефон компаниясы өз телефон аппараттарын сатпай, оларды арендаға беру туралы шешім қабылдаған оқиғамен байланыстырады. Оның пікірі бойынша, 1952 жылы Сан-Францискода “Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн” атты бірінші лизинг қоғамының құрылуы лизингтің дамуына күшті себеп болды.

Орыс тілінде “лизинг” терминінің тура аналогы жоқ. Көбіне лизингті өндірісте қолданылатын машиналардың, жабдықтардың, көлік құралдары мен құрылыстардың ұзақ уақыттық арендасы деп түсінеді. Францияның, Бельгия мен Италияның лизинг туралы заң актілерінде credіt-taіl (несие – аренда) locatіon fіnancement (аренданы қаржыландыру) operazіon dі locazіone fіnansіatіvo - қаржылық арендасы жөніндегі операциялар деген терминдер қолданылады. Бірақ біздің ойымызша, бұлардың барлығы лизингтің мәнін толық айтпайды.

Лизингтің экономикалық тура мағынасы мүлікті уақытша пайда-лануға берумен байланысты пайда болған мүліктік қатынастардың кешені ретінде түсіндірілуді. Бұл кешен лизинг шартынан бөлек басқа да шарттарды енгізеді, соның ішінде сатып  алу – сату шарты мен несие шарттары (займ) кіреді. Лизингке осы шарттардың күрделі үйлесімділігі тән.

Мүлікті уақытша пайдалануға өткізу кезіндегі қатынастар лизингте өзекті және негізгі қатынастар болып саналады. Мүлікті сатып алу – сату жөніндегі қатынастар көмекші роль атқарады. Бұл қатынастар шарттың басында ғана роль атқарып қоймай, лизинг шарты біткен соң пайдаланушы мүлікті өз меншігіне алу кезінде лизинг қатынастарының толық кешенін аяқтай алады.

Сонымен лизингті мүлікті меншікке сатушыдан сатып алумен және ақыға уақытша пайдалануға берумен байланысты пайда болған қоғамдық қатынастардың кешені деп қарау керек. [3]

Осындай түсіндірме ретінде лизинг шетелдер мен отанымыздың теориясы мен машығында қолданылып келеді.

Лизингтің қарама-қайшы екі жақты мәні бар. Экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, біріншіден лизингті қаржыларды негізгі капиталға қайтару мақсатымен жұмсау деп түсінуге болады. Яғни меншік иесі (лизинг беруші) бекітілген уақытта қайтарып алатын қаржыны белгілі бір мерзімге береді. Лизинг беруші өзінің атқарған қызметі үшін қаржылай марапатталады. Осыған қарай өзінің мазмұны бойынша лизинг несиелік қатынастарға сәйкес келеді және несиелік шарттардың мәнін сақтайды. Екінші жағынан, несие беруші мен несие алушы капиталмен ақша түрінде емес, тауар түрінде іс жүргізетіндіктен лизинг инвестициялауға ұқсас келеді. Лизингті тауарлық несие деп те айтуға болады.

Сондықтан қаржы шарты, нақтылап айтқанда несие операциясы, лизинг шарттарының өзегі болып табылады. Мүліктің иесі пайдаланушыға, яғни лизинг беруші лизинг алушыға қаржылай қызмет көрсетеді: лизинг беруші мүлікті өз меншігіне толық бағасына сатушыдан сатып алып, лизинг алушының аммортизациялық төлемдері есебінен мүліктің бағасын өтеп алады.

Сонымен, егер лизингті мүлікті уақытша ақы төлетіп пайдалануға беру ретінде қарастырсақ, онда оған негізгі қорлардағы тауарлық несие ретінде баға беруге болады. [3]

Несие қатынастарының субьектілеріне қарыз беруші ретінде лизинг беруші, қарыз алушы ретінде лизинг алушы жатады. Лизинг беруші (лизинг компаниялары, банктер, кәсіпорындар және т. б.) лизинг шарты бойынша мүлікті лизинг алушыға (заңды тұлға бола алатын кез-келген мемлекеттік акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі қоғамдар және т. б.) жалға береді. Ал несие обьектілеріне машиналар, жабдықтар, көлік құралдары және т. б. жатады. Қарыз (несие) құнын ұйымдастыру түрі бойынша лизинг коммерциялық кредитке ұқсас болғанмен, олардың арасында айырмашылық та бар.

Ең алдымен бұл коммерциялық несие мен лизингтегі мүлікті иелену қатынастарын қамтиды. Коммерциялық несие беру кезінде уақытша пайдалануға алынған шарт обьектісі несие алушының меншігінде қалады.

Лизинг беру кезінде лизинг алушының мүлікті пайдалануға құқы болғанымен, оны меншіктенуге құқы жоқ. Яғни мүлікті иелену құқы лизинг берушіде қалады да, оны пайдалану құқы лизинг алушыға өтеді. Лизинг алушы осы құқықты иемдену үшін лизинг берушіге лизинг төлемдерін жүзеге асырады. Лизинг мерзімі аяқталған соң, обьект (пайдалануға берілген мүлік) лизинг берушінің меншігінде қалады. Бірқатар лизинг шарттарында, шарт мерзімі біткен соң, лизинг алушының лизинг обьектісін сатып алу құқы қарастырылады. Мұндай жағдайда лизинг берушіге обьект құны толық төленген соң, обьект лизинг алушының меншігіне өтеді.

Коммерциялық несие де, лизинг те сауда және несие шарттарының өзара байланысын болжайды. Коммерциялық несие кезінде несие шарты сатып алу – сату актісімен келісіледі, сауда шарты күшін жоймай, несие шарты да күшін жоймайды.

Лизингтің сатып алу – сатумен тығыз байланысы жоқ. Мүлік лизинг компаниясының меншігінде болады және лизинг компаниясы лизинг алушыға мүлікті сатумен айналыспайды. Сатып алу – сату лизингте сирек кездеседі. [2]

Коммерциялық несие тауар түрінде беріліп, ақша түрінде өтеледі. Лизингте несие тауар түрінде беріледі. Лизингтік төлемдер, өзінің экономикалық тұрғысынан қарағанда, несиені пайдаланғаны үшін, мүлік түрінде төленеді. Келісім-шарт аяқталған соң, шарт обьектісі лизинг берушіге сол зат түрінде қайтарылады.

Лизинг шартының өтемақылық өзгешелігі бар, онда төлем жалға алынған жабдықтардың шығарған өнімі арқылы немесе үстеме қызмет арқылы (встречные услуги) жүзеге асырылады.

Коммерциялық несие қысқа мерзімге беріледі. Классикалық лизинг мүлікті жалға ұзақ мерзімге береді, сонымен қатар орта және қысқа мерзімге де шарт жасасуға болады. Біздің елімізде лизинг дамуының осы кезеңі бірнеше айға жасалған лизинг шарттарының көптігімен ерекшеленеді.

Сондықтан жоғарыда айтылған тұжырымдарға сүйене отырып, лизингтің экономикалық ролі мен мазмұны теорияда және машықта әртүрлі болып талқыланатынын айта кету керек. Біреулер лизингті кәсіпкерлік істі несиелендіру тәсілі деп түсінсе, енді біреулер оны қаржылық арендамен теңестіреді (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің 540-бабы), үшінші біреулер лизинг өндіріс құралдарын сатып алу – сатудың бүркемеленген (жасырын) тәсілі десе, төртіншілер лизингті сенім берушінің мүлкін пайдалану деп түсінеді.

Бірақ қазіргі таңда классикалық принциптерге сүйене отырып лизингке мүлік иеленуші және пайдаланушы деген түсініктер беруге болады. Лизингті кәсіпкерліктің ерекше бір түріне жатқыза отырып, мүлікті екі маңызды құқықтық шекке бөлуге болады:

1. мүлікті пайдалану құқы (пайда, табыс табу мақсатымен пайдалану);

2. мүлікті меншіктену құқы (меншік  обьектісін иелену).

Басқа сөзбен айтқанда лизинг – байлықтың көзі.

Егер сатушы мен лизинг беруші немесе сатушы мен лизинг алушы бір ғана тұлға болатын болса, онда шарт жасаушылардың құрамы екі адамнан ғана тұрады. [2]

Қымбат жобаны жүзеге асыру кезінде тұлғалардың саны көбейе түседі. Бұл лизинг берушінің шартқа басқа қаржы көздерін (банктерді, сақтандыру компанияларын, инвестициялық қорларды және т. б.) қатыстыруымен байланысты. Енді біз мына суретте  (1.1-сүреті) лизинг шарты мен қаржы ағымдарының жалпы желісін (үлгісін) көрсеткіміз келіп отыр.

Информация о работе Лизинг түсінігі және оның дамуы